Пайдаланушының ЖСН тіркеу ҥшін міндетті алаң болып табылмайды. Ата-анаға тіркелу үшін тегін, атын, әкесінің атын, туған күнін және жынысын хабарлау қажет. Басқа деректер міндетті емес. Ата-аналарды тіркеу қажет, ӛйткені үлгерімі туралы ақпараттан басқа, ата-ана оқушыларға әрдайым арналмаған мұғалімдер мен мектеп әкімшілігінен жеке хабарламалар ала алады.
Осылайша, ата-аналар мен педагогтер арасында тікелей онлайн байланыс құрылады. Сондай-ақ болашақта ата-аналарға арналған ақпараттық бӛлімдер пайда болады, мысалы, ата-аналар кеңесі және басқалар.
2020-2021 оқу жылында Қазақстанның білім беру ұйымдарында жаңартылған білім беру мазмұнына толық кӛшу жүзеге асырылуда. Критериалды бағалау журналы электронды журналдар жүйесі («Kҥнделік», «Білімал», «Мектеп.edu.kz»). қолдау кӛрсететін 1-11 сыныптар аралығында қолданылады. Оқу жылының басында сынып параметрлерінде журнал түрін таңдау қажет – «критериалды бағалау журналы».
Критериалды бағалау журналында оқу бағдарламасының бӛлімдері үшін жиынтық баллдардың ең жоғары ықтимал санын қою кӛзделген және ең жоғары балл кӛрсетілген баған бар. Егер оқу бағдарламасының бӛлімдері аз болса (мысалы, 2 бірлік), онда 2 қосымша жиынтық жұмыс үшін максималды балл қоюдың қажеті жоқ.
Жиынтық бағалау журналына:
оқу кезеңіндегі жиынтық жұмыс үшін балл (ТЖБ) – спецификацияға сәйкес жиналған балдардың сомасы;
жылдық баға-шкалаға сәйкес барлық оқу кезеңдерінде жинаған баллдардың максималды мүмкін болатын балға пайыздық қатынасы қойылады.
Пайыздарды шығару үшін балдарды енгізгенде браузер бетін жаңарту қажет: бетте «Ctrl+F5» пернелер комбинациясын басу.
Егер балды түзету немесе жою қажет болса, онда курсорды қажетті балға қойып, түзету немесе жою керек, содан кейін пернетақтада «Enter» пернесін басу керек. Егер қате бӛлім толтырылмаса, онда алдымен балдарды алып тастау керек, содан кейін ең жоғары баллды жоюға болады.
Жиынтық бағалауды қою үшін ең алдымен «Макс.балл» қою, содан кейін БЖБ мен ТЖБ қою қажет. 2020-2021 оқу жылында бірінші сыныптарда бағалау жҥргізілмейді. Мҧғалімнің кері байланысы орындалған тапсырмалар бойынша тҥсініктемелер, рубрика, ҧсыныстар беру арқылы жҥзеге асырылады. Жаңа оқу жылында электрондық журналға үй тапсырмасы және айдарлармен жұмыс істеу кезінде Күнделік жүйесінің функционалын пайдалану бойынша педагогтерге ұсыныстар, сондай-ақ электрондық журнал жүргізу және үйде оқитын балалар үшін сабақ кестесін құру бойынша педагогтерге кері байланыстың ауызша түсініктеме беру құралдарын пайдалану бойынша ұсыныстар енгізілді.
Жаңа білім беру ұйымдарының жүйесіне қосылуын ескере отырып және түсіндіру жұмыстары мақсатында мұғалімдер, ата-аналар мен оқушылардан жиі кездесетін сұрақтар іріктеліп алынды.
Қалай тіркелуге болады? Жҥйеге қалай кіруге болады? Оқушылар мен олардың ата-аналарына тіркелу, логин мен пароль алу үшін жүйеге мәліметтерді толтыру бойынша жауапты тұлға болып табылатын қызметкерге, яғни әкімшіге мектепке жүгіну қажет. Егер әкімші туралы ақпарат болмаса, деректерді алу үшін сынып жетекшісіне хабарласыңыз.
Неліктен профиль параметрлерінде ӛз аты-жӛнін ӛзгертуге болмайды және қажет болған жағдайда оларды қалай ӛзгертуге болады? ААЖ жүйесінің кӛмегімен «Kundelik.kz» оқушылар, ата-аналар және мұғалімдер туралы статистиканы автоматты түрде жинауды жүзеге асырады, сондықтан пайдаланушылардың аты-жӛнін, туған күнін және жынысын редакциялауға болмайды. Бұл білім беру саласындағы электрондық құжат айналымының мәні болып табылады. Ұсынылатын ақпараттың шынайылығын қамтамасыз ету үшін жеке деректерді редакциялау құқығы тек қана мектеп әкімшісіне беріледі:
o басшылық; o сынып жетекшісі.