Білім беру ҧйымдарында


Ы. Алтынсарин атындағы Ҧлттық білім академиясы республикада қашықтан оқыту бойынша зерттеу жҥргізді. Зерттеу қорытындысын талдау мынаны кӛрсетті



бет27/216
Дата06.02.2022
өлшемі1,52 Mb.
#79248
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   216
Байланысты:
ӘДН 2020-2021 оку жылы

Ы. Алтынсарин атындағы Ҧлттық білім академиясы республикада қашықтан оқыту бойынша зерттеу жҥргізді. Зерттеу қорытындысын талдау мынаны кӛрсетті.
1. Білім алушылардың қашықтықтан оқытудың әртҥрлі қҧралдарын пайдалануы:

  • орыс тілінде оқытатын мектептердің мұғалімдері сандық оқу материалдарын кӛбірек пайдаланды;

  • Респонденттердің 22,2%-ы ӛз мұғалімінің сабағы арқылы

видеобайланыс, телеабақтар режимінде қашықтан оқитындарын айтқан;

  • оқушылардың 49% - дан астамы қашықтан оқыту кезінде дербес оқуға тӛселді.

2. Зерттеу қорытындысы бойынша қашықтан оқыту тҥрінің артықшылықтары:

  • тҧрғылықты жеріне қарамастан қол жетімді, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытуға мүмкіндік береді;

  • жеке білім беру траекторияларын қҧруға мҥмкіндік береді. Мысалы, үлгерімі нашар оқушылар, педагогтердің пікірінше, оқу тапсырмаларын орындауға қызығушылықпен және жауапкершілікпен қарады;

  • білім алушыларды ӛзіндік жҧмысқа ынталандырады;

  • елдің географиялық ерекшеліктерін және ауыл мектептері үшін қашықтан оқытудың қолжетімділігін ескере отырып, оқытудың осындай нысанын қолдану ӛзекті болып табылады.

2. Зерттеу қорытындысы бойынша қашықтан оқыту нысанының қиындықтары:

  • жаңартылған бағдарламалар бойынша педагогтердің пәндік білімдері мен жұмыс дағдыларының жеткіліксіздігі;

  • мұғалімдердің қашықтан жұмыс істеуге дайын болмауы. Білім беру платформаларында жұмыс тәжірибесінің, желіде жұмыс істеу дағдыларының болмауы;

  • жүйелі түрде интернет пен сандық платформалармен қиындықтар туындады.

Дәстүрлі емес жағдайларда оқытудың жаңа және ӛзекті ақпараттықкоммуникациялық технологияларын белсенді меңгерген, ӛзінің кәсіби қызметі үшін жағдайларды түбегейлі ӛзгертуге дайын болған педагогтердің басым кӛпшілігінің жақсы бейімделу қабілеті қалыптасқаны байқалды.
Субъективті және объективті сипаттағы қиындықтар қашықтан оқыту технологиясына техникалық және әдістемелік қолдауды күшейту; қашықтан білім беру процесін ұйымдастыру бойынша педагогтердің жүйелі курстық дайындығын қамтамасыз ету қажеттілігіне себепші болды.
Оқу бағдарламасы мазмұнының кӛлемін оңтайландыру, тақырыпты барынша ашу үшін тапсырмалар түрлерін таңдау, ақпараттықкоммуникациялық технологиялар контекстінде қолда бар электрондық цифрлық ресурстарды бағалау мен қолдануды ұйымдастыру мәселелері біліктілікті арттыру курстарының мазмұнында ӛз орнын табуы тиіс.
Қиындықтар мен проблемаларға қарамастан, қашықтан оқыту оқытудың үздіксіздігін қамтамасыз ете отырып және білім беру мазмұнының тұтастығын сақтай отырып, жалпы білім беретін мектептерде білім беру процесін жалғастыруға мүмкіндік берді.
2020-2021 оқу жылының бірінші тоқсанында қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы оқуға кӛшуге байланысты «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ҧйымдарында оқу процесін іске асыру жӛніндегі әдістемелік ҧсынымдар» әзірленді (ҚР БҒМ 13.08.20ж №345 бҧйрығымен бекітілген)
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

  • Жалпы орта білім беретін мектептердің мектепалды даярлық, 1-4 сынып оқушыларына әр сыныпқа 15 балаға дейін кезекшілік сыныптар ашуға рұқсат етіледі. Мектептерде тиісті жағдайлар болған жағдайда, ата-аналардың немесе балалардың заңды ӛкілдерінің ӛтініші бойынша білім алушылар қабылданады.

  • 5-тен 180 адамға дейін контингенті бар шалғайдағы ауыл мектептерінде, санитариялық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтай отырып, сыныптарда балалар саны 15 адамға дейін штаттық режимде оқыту жүзеге асырылады. Егер ата-ана/заңды ӛкіл баланың оқуын қашықтықтан жалғастырғысы келсе, бұл жағдайда білім беру ұйымы қашықтықтан оқыту үшін жағдай жасайды.

  • Халықтың сырқаттанушылық деңгейінің тұрақты тӛмендеуіне байланысты санитарлық талаптарды сақтай отырып, мектептердің аралас және штаттық оқыту форматтарына біртіндеп кӛшуі жүзеге асырылады.

  • Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттарда (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға) ата-аналардың ӛтініштері негізінде, тиісті жағдайлар болған жағдайда, қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, барлық сыртқы байланыстарды шектей отырып, жабық режимде жұмыс ұйымдастырылатын болады.

  • Мектеп қашықтан оқытудан штаттық режимге ауысқан кезде білім алушылар ата-аналарының қалауы бойынша қашықтан оқытуды жалғастыруы мүмкін. Ол үшін ата-аналар 1-қосымшада ұсынылған үлгі бойынша ӛтініш беруі керек.

  • 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін мектептерде мәдени-бұқаралық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар толығымен тоқтатылады.

Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру жӛніндегі әдістемелік ұсынымдар мынадай тарауларды қамтиды:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   216




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет