«Технология және ӛнер» білім саласының мазмұнына «Кӛркем еңбек» және «Музыка» пәндері енгізіледі.
«Музыка» оқу пәні «Музыка» пәнін оқытудың мақсаты – білім алушылардың музыка бойынша негізгі білімі мен біліктерін, музыкалық іс-әрекеттерде шығармашылықпен ӛз ойын жеткізу және қарым-қатынас жасау тәсілдерін меңгеру, ұлттық және жалпыадамзаттық мәдениеттің адамгершілік-эстетикалық құндылықтары туралы түсініктерін қалыптастыру, музыкалық және шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады.
«Музыка» пәні бойынша оқу жҥктемесінің кӛлемі: 1-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 33 сағат; 2-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат; 3-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат,
4-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды.