«Қазақ тілі» пәні (қоғамдық-гуманитарлық бағыт) бойынша жиынтық бағалау саны
Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бӛлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімінің нақты санын және әр тоқсан сайын 1 рет тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) ӛткізу қарастырылған. Тӛменде оқу пәнінен бӛлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны кӛрсетілген.
66-кесте. Бӛлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдері және тоқсандық жиынтық бағалаудың (ТЖБ) балл сандары туралы ақпарат,
2020-2021 оқу жылы
|
Пәні
|
Сыны бы
|
Барлық БЖБ
|
ТЖБ балдары
|
|
1тоқса н
|
2тоқса н
|
3тоқса н
|
4тоқса н
|
1-тоқсан
|
2тоқс ан
|
3-
тоқсан четверть
|
|
4тоқс ан
|
|
|
|
10-сынып
Қоғамдық-гуманитарлық бағыт
|
|
1
|
Қазақ
тілі
|
10
|
2
|
2
|
2
|
2
|
30
|
30
|
30
|
|
30
|
|
|
|
Жаратылыстану-математикалық бағыт 10-сынып
|
|
2
|
Қазақ
тілі
|
10
|
-
|
2
|
2
|
2
|
-
|
-
|
-
|
|
-
|
|
|
|
11-сынып
Қоғамдық-гуманитарлық бағыт
|
|
3
|
Қазақ
тілі
|
11
|
2
|
2
|
2
|
2
|
30
|
30
|
30
|
|
30
|
|
|
|
11-сынып
Жаратылыстану-математикалық бағыт
|
|
4
|
Қазақ
тілі
|
11
|
-
|
2
|
2
|
2
|
-
|
-
|
-
|
-
|
Ескертпе: Тілдік пәндерде бӛлім бойынша жиынтық бағалауда сӛйлеу қызметінің екі түрі біріктіріледі (мысалы, тыңдалым және айтылым; оқылым және жазылым)
«Қазақ тілі» пәні бойынша карантиндік және шектеу іс-шаралары болған жағдайда барлық мектептерде (штаттық режимде, дистанциялық форматта, кезекші сыныптарда) 1 БЖБ, 1 ТЖБ ӛткізіледі)
«Қазақ әдебиеті» оқу пәні (оқыту қазақ тілінде)
2020-2021 оқу жылында 11-сынып «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламаларымен оқитын болады.
Жалпы орта білім беру деңгейінің жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламалары Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының сайтында орналастырылған (https://www.nao.kz/Білім беруді оқу-әдістемелік қамтамасыз ету/ Оқу бағдарламалары/ Жалпы орта білім беру деңгейінің жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары. Қазақ әдебиеті). Білім мазмҧнын ҧйымдастырудағы ерекшеліктер:
10-11-сыныпта оқу процесі «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына ӛзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 352 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламаларымен жүзеге асырылады:
жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы;
жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы.
Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына ӛзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 352 бұйрығына ӛзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 7 наурыздағы №105 бұйрығының
(Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 12 наурызда № 18382 болып тіркелді) 1-тармағында Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ұзақ мерзімді жоспарының 2-тармақшасындағы:
«Зобалаң заман шындығы» бӛлімінің атауы «Заман шындығы» және сол бӛлімде оқытылатын Лира Қоныстың «Тиын» әңгімесі Ерболат Әбікеннің «Пәтер іздеп жҥр едік» әңгімесімен ауыстырылды.
Аталған бұйрықтың 1-тармағында Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ұзақ мерзімді жоспардың 1) тармақшасындағы:
«Аңызбен ӛрілген кӛркем сӛз» бӛліміндегі Ш.Айтматовтың «Боранды бекет» романының орнына Ш.Айтматовтың «Алғашқы ҧстаз» повесі енгізілді.
Ұзақ мерзімді жоспар оқу бағдарламасының құрамына енгізілді және ұзақ мерзімді жоспарда әр сынып бойынша оқылатын шығармалар, тілдік дағдылар бойынша күтілетін нәтижелер оқу мақсаттары түрінде нақты кӛрсетілді.
Қазақ әдебиеті бағдарламасының мақсаты – білім алушыларды креативті ойлауға бағыттау. Олардың ойларын ауызша еркін жеткізуіне және жаза білуіне қолдау кӛрсету, дәлелдер келтіру, салыстыру және анализ жасау, бағалау дағдыларын қалыптастыру. Білім алушылар әдеби жанрларға эксперимент жасау арқылы драмалық шығарманы проза тілімен, прозаны поэзия тілімен жазу тәсілдерін меңгере алады.
«Қазақ әдебиеті» оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері:
«Қазақ әдебиеті» бағдарламасы білім алушылардың сауаттылығын, олардың әдеби және эстетикалық талғамдары мен сезімдерін дамыту, ойлау қабілеттері мен танымдық және коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру бағытында құрастырылған;
қазақ әдебиетінің құндылық ретіндегі болмысын, ұлттық мәдениеттегі маңызды орнын құрметтейді және бағалайды;
қазақ әдебиетінің мәдениетаралық қарым-қатынастағы рӛлін, қазақ халқының қалыптасқан тарихын, алға қойған міндеттерін, мәселелерін, қарамақайшылық пен қиындықтарын анықтайды және түсінеді;
түрлі жағдайларға бейімделе білу және ӛздігінен шешім қабылдау дағдыларын қалыптастырады;
заманауи, ғылыми және қоғамдық дамуға сәйкес дүниетанымын дамытады.
«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті кӛлемі:
- жаратылыстану-математикалық бағытта:
1) 10-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты; 2) 11-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты құрайды.
- қоғамдық-гуманитарлық бағытта:
10-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында 102 сағатты;
11-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында 102 сағатты құрайды.
«Қазақ әдебиеті» пәндік білімнің мазмұны бӛлімдерге бӛлінген: түсіну және жауап беру, анализ және интерпретация, бағалау және салыстырмалы анализ. Сонымен қатар, дағдыларды қалыптастыратын бӛлімшелерден тұрады. Бағдарламаның бұл бӛлімшелері пән бойынша оқу мақсаттарынан тұрады.
түсіну және жауап беру: әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсіну, әдеби шығармадағы кӛтерілген мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан ашу, кӛркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау, кӛркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы мәселелермен байланыстыру, шығармадағы ұлттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін ашу;
анализ және интерпретация: әдеби шығарманың композициясын уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау, шығармадағы авторлық идеяның ӛмір шындығымен байланысы, шығармадағы автор стилі мен кӛркемдегіш құралдардың қызметін ашу, кӛркем шығармадағы кӛтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы ӛзіндік пікірін қосып, шығармашылық жұмыс жазу, әлем және қазақ әдебиетіндегі құндылықтардың үндесуін талдап, ӛзіндік ой қорыту;
бағалау және салыстыру: шығарманы мазмұндас туындылардың үлгілерімен салыстырып, тарихи және кӛркемдік құндылығын бағалау, кӛркем шығармадағы кӛтерілген мәселелердің жаңашылдығына сыни тұрғыдан баға беру, шығарманың идеясын жалпыадамзаттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу, шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жазу.
«Қазақ әдебиеті» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасында Блумның толық меңгерту теориясы басшылыққа алынып, кӛркем шығарманы толық оқыту қағидаты сақталғандықтан кӛркем шығарма аз берілген. ХХІ ғасырдың жаңа адамының талғамын қанағаттандырып, толғандырар сұрақтарына жауап бере алатын толыққанды әдеби шығармалар енгізілген. Бұл ерекшеліктер оқушылардың шығармадағы автордың идеясын толық түсінуге, оны жан-жақты талдай алу қабілетін дамытуға және оқырмандық қабілетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Тоқсан ішінде кӛркем шығармаларды оқытуға бӛлінетін сағат сандарын шығарманың кӛлеміне, оқу мақсаттарының жеңіл, күрделілігіне қарай мұғалім ӛзі анықтайды.
Назар аударыңыз!
Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық
бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасында:
11-сыныптың «Әдебиеттегі сын-сарын» бӛліміндегі М. Райымбекұлы «Кӛшбасшы» поэмасының орнына Т.Әсемқұловтың «Бекторының қазынасы» әңгімесі енгізілді.
«Қазақ әдебиеті» пәні (жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар) бойынша жиынтық бағалау саны
Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бӛлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімінің нақты санын және әр тоқсан сайын 1 рет тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) ӛткізу қарастырылған. Тӛменде оқу пәнінен бӛлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны кӛрсетілген.
67-кесте. Бӛлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны
Сынып
|
Бӛлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны
|
1-тоқсан
|
2-тоқсан
|
3-тоқсан
|
4-тоқсан
|
10-сынып
|
2
|
2
|
2
|
2
|
11-сынып
|
2
|
2
|
2
|
2
|
«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша карантиндік және шектеу іс-шаралары болған жағдайда барлық мектептерде (штаттық режимде, дистанциялық форматта, кезекші сыныптарда) 1 БЖБ, 1 ТЖБ ӛткізіледі).
Қазақ әдебиеті пәнін оқу арқылы оқушылар:
қазақ әдебиетінің құндылық ретіндегі болмысын, ұлттық мәдениеттегі маңызды орнын құрметтейді және бағалайды;
қазақ әдебиетінің мәдениетаралық қарым-қатынастағы рӛлін, қазақ халқының қалыптасқан тарихын, алға қойған міндеттерін, жеңістерін, мәселелерін, қарама-қайшылық пен қиындықтарын анықтайды және түсінеді;
түрлі жағдайларға бейімделе білу және ӛздігінен шешім қабылдау дағдыларын қалыптастырады;
заманауи, ғылыми және қоғамдық дамуға сәйкес дүниетанымын дамытады.
Әдістемелік бірлестік отырыстарында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін жетілдіру үшін (әдістемелік бірлестік, жас мамандар мектебі, педагогикалық шеберлігін жетілдіру мектебі, шығармашылық топ және т.б.) пәнді оқыту әдістемесі мен теориясының келесі мәселелерін қарау ұсынылады:
Жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде сабақты жоспарлау мен критериалды бағалау;
Тиімді сабақ. Жоспарлау. Бақылау.
Рефлексия – мұғалімнің кәсіби дамуының негізі;
Оқу мақсаттарынан сабақ мақсаттарына шығу жолдары;
Қалыптастырушы бағалау – бағалаудың тиімді тәсілі;
Тыңдалым дағдысын қалыптастыруда кездесетін қиындықтар және оны шешу жолдары;
Тыңдалым дағдысын қалыптастыратын белсенді әдістер;
ҚМЖ құрудың тиімділігі мен артықшылығы;
Lesson Study жүргізу жолдары және күтілетін нәтижелер;
Тыңдалым материалдарын пайдаланудың тиімді жолдары;
Грамматикалық тақырыптарды лексикалық тақырыптармен
сабақтастырудағы шеберлік;
Сабақта саралап оқытуды жүзеге асыру;
«Эссе жазу стратегиясы туралы»;
Білім беруде қолданылатын сандық технологиялардың тиімділігі.
Негізгі білім беру деңгейіне арналған «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары бойынша құрылған жаңа білім мазмұны мұғалімді де, оқушыны да оқу әрекетіне белсенді қатысуға, ӛз пікірін айтуға, ӛзінің сӛйлеген сӛзіне дәлел келтіруге, кейіпкерлер арқылы ӛмірлік ситуацияларды шешу жолдарын ізденуге, ең бастысы жаңаша ойлайтын тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік береді.
«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстар мен тәрбиелік іс-шараларды жоспарлау және ұйымдастыру кезінде 2020-2021 оқу жылында аталып ӛтілетін мерейтойлық күнтізбелік күндерге назар аударуды ұсынамыз:
2019 жылғы 9 шілде – қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі, жазушы, публицист, драматург Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 130 жыл
(1889 - 1931);
15 қазан – қазақ балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 95 жыл (1924-1991);
15 қазан – қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, ақын, жазушы, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125 жыл (1894-
1939);
22 қазан – Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері, қазақ әдебиетіне зор үлес қосқан тұлға Әбдіжәміл Нұрпейісовтің туғанына 95 жыл (1924);
15 қараша – қазақтың кӛрнекті жазушысы, драматург Бейімбет
Майлиннің туғанына – 125 жыл (1894-1938)
25 желтоқсан – халық жазушысы, қазақ ақыны, журналист, Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты Фариза Оңғарсынованың дүниеге келгеніне 80 жыл (1939 - 2014);
2020 жылғы 10 тамыз – қазақтың ұлы ақыны, ағартушы, ойшыл, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл (1845 1904).
Мектепте сыныптан тыс жұмыстар тӛмендегі шаралар арқылы жүзеге асады:
базалық кәсіпорындарда, табиғат аясында, мәдени мекемелерде, мұражайларда;
таңдауы бойынша еркін сабақтар, оқу пәндері бойынша сайыстар мен олимпиадалар жүргізу;
оқу бағдарламаларына сай қосымша арнаулы сабақтар ӛткізу; - кіріктірілген және пәнаралық оқу сабақтарын жүргізу және т.б.
Сыныптан тыс жұмыстар білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, алған білімдерін тереңдетіп, ӛздігінен іздене білуге үйретеді. Сонымен қатар теориялық білімін кеңейтіп толықтырады және білім алушылардың жеке қабілетін дамыта түседі.
«Қазақ әдебиеті» пәнінен оқушылардың оқырмандық қабілетін, сӛйлеу тілін дамыту мақсатында оқу бағдарламасына қосымша жазғы демалыс кезінде оқитын кӛркем шығармалардың тізімі ҧсынылды.
Кӛркем шығармалардың тізімі оқушылардың жас ерекшелігі мен келесі сыныпта оқылатын және оқулықта үзіндісі ғана берілетін шығармалар ескеріліп жасалды. Жаңа оқу жылының басында жазда оқыған шығармалары бойынша «Оқушы күнделігі», «Мен оқыған кітап» және т.б. тақырыптарда кӛрме ӛткізуге болады. Кӛрмеге әр оқушы ӛзі оқыған туынды бойынша шығармашылық жұмысын ұсынады. Жұмыс фотоколлаж, эссе, жарнама, сурет т.с.с. түрде жасалуы мүмкін. Оқушылардың жұмысын арнайы сарапшылар талдап, қорытындысын шығарады.
«Оқырман күнделігі» тақырыбындағы іс-шарада оқушы оқыған шығарманың мазмұнын:
сұрақ қою;
тірек сӛздерді жазу;
оқиғаның түйінін жазу;
оқиғаны суретке түсіру түрінде дәптерге түсіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |