Білім беру ұйымының атауы) Қысқа мерзімді (сабақ)


Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары-27



бет38/38
Дата02.12.2022
өлшемі5,35 Mb.
#160942
түріСабақ
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Байланысты:
7 сынып Жаһандық құзыреттіліктер

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары-27



Бөлім:

Экологиялық мәдениет

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:
Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Табиғатты қалай сақтауға болады

Сабақтың мақсаты

тақырыптың негізін түсіне отырып, жаңа сөздер үйрену, ол сөздерді өмірде қолдануға дағдыландыру.

Құндылықтарды дарыту

Еңбек және шығармашылық, тарихи тәжірибе мен оның сабақтарын
ұғыну


Сабақтың барысы

Сабақтыңкезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ой қозғау

1.Суреттерде не көріп отырсыздар?
2.Не ерекше болды?
3.Тақырыпты болжап көріңіз....
Болжамдарын негіздейді
Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Оқушы өз ойларын ортаға салады.
Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу
Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді

ҚБ «Мадақтау сэндвичі»



Тақырыптық суреттер
сілтемеде
суреттер

Сабақтың ортасы

Мәтінмен жұмыс
ХХ ғасырдың екінші жартысында адамзат алдында ғаламдық мәселелер тұрады. Адамзат пайда болған жағдайдан шығу ізденісін әр түрлі жолымен қарастыруды бастайды. Ғылыми-техникалық революциясының теріс зардаптарын болдырмау, адамзаттың болашақ дамуының сұрақтарының шешілуі, экологиялық мәселелерге айналды.
«File» әдісі Тұрақты даму тұжырымдамасының мақсаттарымен, басты қағидаларына талдау жасаңыз

«F» - негізгі фактіні анықтаңыз




«І»- негізгі ндсясын айқындаңыз




«L» - көтерілген негізгі анықтаныз




«Е» - Көтерілген мәселелерді өзіндік көзқарасыңызбен талданыз




«Попс формуласы»: Қоршаған ортаны сақтау үшін өндіріс орындарында жоғары сапалы тазартқыш қондырғылар орнату
1-қадам: «Менің ойымша...»
2-қадам: «Себебі мен оны былай түсіндіремін...»
3-қадам: «Оны мен мынадай фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын...»
4-қадам: «Осыған байланысты мен мынадай қорытындыға келдім...»
ЕБҚ оқушыларына (есту, көру, қабылдау деңгейі төмен)қосымша қолдау көрсету мақсатында үлестірме материал беріледі.

Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды
Оқушы өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады.



ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады
ҚБ «Мадақтау сэндвичі»
ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады
ҚБ «Өзін-өзі бағалау»



Ақпараттық мәтін
Үлестірмелі қағаздар


Суреттер
https://www.google.kz/imgres?imgurl=https%3A%2F%2Fbugin.kz%2Fmedia%2F2021%2F02%2F25%2Feko.jpg&imgrefurl=https%3A%2F%2Fbugin.kz%2F18258-
Тірек-сызбал
Кесте


ҚБ парағы



Сабақ
тың соңы



Сабақты қорытындылау
Кері байланыс
«Жақсы сұрақ» әдісі арқылы кері байланыс жасайды.

  1. Неліктен...?

  2. Егер... болса қалай?

Сіз қалай ...?
Үйге тапсырма
«Бізді қоршаған орта» Эссе

Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады



Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды

А4, конспект






Қосымша №1
Қоршаған ортаны қалпына келтіру немесе сақтап қалу өзекті әрі ауқымды мәселе. Өйткені, ұзақ жылдар бойына адамзат табиғатты барынша пайдаланудың нәтижесінде, климатта айтарлықтай өзгерістер орын алды. Қоршаған орта – аты-ақ айтып тұрғандай, бізді қоршаған әлем.

Сұраққа жауап бермес бұрын, мына бір сөзді жазайын. «Өзің қандай болсаң, айналаң да сондай» Сондықтан, заң шығару, реформа жүргізу, қылмысқа тарту, жазалау сынды әрекеттерге бармас бұрын, әр азамат өзінен бастап тәрбиелеуі керек.

Нұсқаулық:

1. Кішкентай ғана олқылықтың арты, үлкен мәселе тудыруы мүмкін екендігін ұмытпаңыз. Мәселен, қарапайым бөлменің жарығын айтайын. Ерініп қшірмей кетіп жатамыз. Енді, ойланып қараңыз, сіздің бір шамды өшірмеуіңізден басқа бір жерлдегі шамдар күйіп жатады, немесе қаншама артық энергия көзін сіз босқа жіберіп жүрсіз. Тым құрымағанда жарықсыз өмір сүріп жатқан халықты бір ойлаңыз. Шешім: бүгіннен бастап жарықты үнемді пайдалану; Тек жарыққа ғана емес, суға да, газға да қатысы бар.

 2. Қоқыс мәселесі. Бір ғана Алматының өзінде сыртқы жағында қоқыс тастайтын үлкен жерді есіңізге түсіріңіз. Қосымша, сол қоқыстың қаншалықты улы газ тазартып, ластап жатқандығын ескеріңіз. Шешім: үйден қоқысты шығарарда оны іріктеп барып тастаңыз. Яғни, шыныларды бөлек, қағаздар бөлек т.б.

 3. Жұмыс барысында парақты үнемді, ретті пайдаланыңыз. Макулатураның бар екенін білесіз. Парақты қоқысқа тастамай сонда өткізсеңіз болады.

4. Полиэтиленді пакеттерді қолданудан бас тартыңыз. Оның орнына майлық пакеттерді,қағаз пакеттерді қолданыңыз.

5. Бір рет қолдануға арналған пластикалық ыдысты қолданысыңыздан алып тастаңыз. Соның арқасында, жұмысшыларды утилизация процессі қиын жүретін қоқыстардан арылтасыз. Пластик заттарды қайта өңдеу барысында ауаға зиянды заттар қатты бөлінеді.

Қорытындыласақ: Әдетке айналдырыңыз! Жоғарыда айтқанымдай кішкентай әрекеттердің өзі дұрыс болмаса үлкен қиындық тудырады. Сондай-ақ, кішкентайдан бастап, дұрыс әрекет жасасаңыз, үлкен мәселелердің алдын аласыз. Қоршаған ортаны қорғауда экологиялық мәдениетті қалыптастырған жөн. Нұсқаулықтардың барлығын орындап жүрсеңіз экологиялық мәдениетті азамат болғаныңыз. Қоршаған ортаны қорғауды өзіңізден бастаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет