Білім беру ұйымының атауы) Қысқа мерзімді (сабақ)


Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары-8



бет11/59
Дата19.09.2023
өлшемі5,63 Mb.
#181564
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   59
Байланысты:
мысал кмж
10 сынып информатика
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары-8


Бөлім:

Азаматтық және патриотизм

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:
Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ертеңгі жастар қандай болмақ?

Сабақтың мақсаты

Оқушыларды еліміздің жарқын болашағына, гүлденуіне үлес қосуға, өмірлік қағидаттарды нық ұстануға дағдыландыру

Құндылықтарды дарыту

Оқушылардыбір-бірінедегенқұрметкөрсетуіне, ынтымақтастыққа баулу


Сабақтың барысы

Сабақтыңкезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Мен сенемін жастарға.
Алаш атын аспанға
Шығарар олар бір таңда,
Мен жастарға сенемін!
М.Жұмабаев

Қазақтың дарынды ақиық ақыны, педагогы М.Жұмабаев ағамыз «Мен жастарға сенемін!» деп келешек ұрпаққа үлкен сенім артқан еді. Мағжанның жыры қазақ жастарына жігерлі рух, қайраттылық берді. «Мен жастарға сенемін» өлеңі жай оқып, жаба салатын өлең емес, өлеңнің тәрбиелік мәні зор. Ақиық ақынның бұл өлеңінде нағыз қазақ қандай болу керек екендігін, түп-тұлғасын айқын суреттеген.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

Оқушы өз ойларын ортаға салады.
Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу
Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді

ҚБ «Мадақтау сэндвичі»



Тақырыптық суреттер
сілтемеде
суреттер

Сабақтың ортасы

Мәтінмен жұмыс.Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді көтерген кезеңде қолға алар ісіміздің бірі – ұрпақ тәрбиесі болды. Халқымыздың болашағы – бүгінгі ұрпағы. Бүгінгі таңда мемлекетіміз өз тәуелсіздігін алып, өзінің дербес мемлекеттілігін қалыптастыруда. Болашақ мемлекетіміз ұрпаққа деген сабақтастықтан туындайтын дүние болғандықтан, әр халықтың болашағы жастарына тәуелді екені даусыз мәселе. Егер бүгін жастар өз халқының рухымен тәрбиеленіп өспесе, онда елдің келешегі бұлыңғыр болмақ. Өйткені, ұлттың барша мұрасы жастарға аманат етіледі. Ал, жастар оны сақтамаса және өзінен кейінгілерге тапсырып кетпесе, біртіндеп ұлттың атауы да өшіп жоғалмақ.

Қай ғасырда болсын ұлт өмірін өркендетуші саналы да салауатты, ұлтжанды, рухы биік парасатты ұрпақты тәрбиелеу – қоғам алдындағы басты міндеттердің бірі. "Ел боламын десең, бесігіңді түзе",-дегендей, еңсесін енді ғана көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды, білімді, жігерлі ұрпақтардың орны бөлек. Расында, бүгінгі жас – ертеңгі елдің тірегі, келешектін келбет емес пе? Сол себепті олардың білімді, алғыр, бәсекеге қабілетті болып өсуі ел дамуындағы аса маңызды фактор.


Кластер әдісі. Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де білгір жастардың қолында. Елдің ертеңгі сенімі де жастардың мойнында. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар.
Биопоэма әдісі.
Үкілі үміт таймасын халқым басыңнан,
Мол бақыт күтем жас ұрпақ сеннен жасырман.
Басқаны қайдан ұлылық күтем өз басым,
Басталған мынау бәйтерек жаңа ғасырдан
«Біз күш-қайратымызды, жастық жігерімізді тәуелсіз Қазақстанның дамуына жұмсаймыз.Ұлттық мүдде қағидасын сақтау мен ұлттық экономиканы – көтеру басты мақсатымыз»
Заманның заңғар тұлғаларының бірі - Мыржақып Дулатов: «Алыстан алаш десе, аттанамын, қазақты қазақ десе мақтанамын», - деп айтқанындай арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты жастарымыз жаңа идеяларды жүзеге асырып, өміршең істердің бастауында тұрғанда бүгінгі жас ұрпақпен әрқашанда мақтанамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет