(Ұ) «Ол – мен және менің достарым!» ойыны.
– Мен сендерге сұрақтар қоямын, онда айтылғанды істейтін болсаңдар, «Ол – мен және менің достарым!» деп айтыңдар. Егер ереженің қайсыбірі нормаға сәйкес келмесе, онда үндемейсіңдер.
– Кім көше ортасындағы жолмен
Үйге қайтады мектептен?
– Жолаушы өткелімен
Жолдан өтетін кім?
– Кім желдей заулап жүгіретін,
Бағдаршамды көрмейтін?
– Ережені кім біледі –
Жасыл шамға жолдан өтетін?
– Сары шамға қарайтын –
Назар салып, тоқтайтын?
– Трамвайға ілініп жүретін кім?
– Қызыл шам жанса болды,
Қазықтай тоқтайды кім?
(Ж) Оқулықтағы суреттермен жұмыс
– Көліктен шыққаннан кейін жолдан қалай дұрыс өту керектігі жөнінде айтыңдар.
(Т) Қойылым.
– Аялдамадағы мінез-құлық туралы қойылым қойыңдар.
Әлия автобустан шыға салып, бірден көшенің екінші жағына жүгіре жөнелді.
– Әлия дұрыс істеді ме? Көліктен шыққаннан кейін көшеден қай жерден және қалай өту керек?
– Сендер көше мен жолдағы мінез-құлықтың негізгі ережелерін білесіңдер. Бірақ кейде басқа адамдардың жол қозғалысы ережесін бұзғанын көресіңдер. Қате мінез-құлықтың салдарынан жол-көлік оқиғалары орын алады. Адамдар әртүрлі, кейде ауыр жарақаттар алады. Осының себебі – ереженің бұзылуы.
Қорытынды:
Жолдың жанында барынша мұқият және зейінді бол.
Ересектермен бірге жол қозғалысы ережесін зерделе.
Қалыптастырушы бағалау.
Тапсырма
Суретке мұқият қараңыз. Қоғамдық көлікте өзін дұрыс ұстай алмай тұрған балаларды анықтап, сәйкес нөмірін бояңыз.
Олардың жасаған іс- әрекеттері басқаларға қандай жағымсыз, қауіпті жағдайлар туғызуы мүмкін?
Топтық жұмыс.
Қоғамдық көліктегі өзін-өзі ұстау ережелері туралы постер жасаңыз және таныстырыңыз.
Дескриптор: Білім алушы
− қоғамдық көлікте ереже сақталмаған балаларды анықтайды; − балалардың жасаған әрекеттері туралы ойын айтады;
− қоғамдық көлікте өзін-өзі ұстау ережесін құрастырады;
− шығармашылық жұмысты таныстыруға қатысады.
|
Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды
Оқушы өз жұмыстары
ның қорытындыларын сынып алдында қорғайды.
Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады.
Оқушыларға екі түрлі жағдаяттық тапсырма ұсынылады.
Әр
жағдаяттың шешімін талқылайды; өзгерістерін жіктейді
|