«Білім беру жүйесіндегі кеңестік үкімет реформаларының қарама-қайшылықтары: қазақ тілінің араб таңбасынан кириллицаға ауысуы және А. Байтұрсынов бастаған топ реформаларына қарсылық көрсетуі»


Ахмет Байтұрсынұлы және латын алфавиті



бет4/5
Дата07.02.2022
өлшемі34,58 Kb.
#92351
1   2   3   4   5
Байланысты:
СӨЖ (1)

Ахмет Байтұрсынұлы және латын алфавиті
Қазақ тілінің дыбыс жүйесі мен оны таңбалайтын әріптер туралы пікірлерін ол 1912 жылдан бастап «Айқап» жұрналы мен «Қазақ» газетінің беттеріне білдіре бастайды. Қазақ жазуына, тіліне ыңғайлысы ол «Арап» әріптері еді. А.Байтұрсын араб жазуын қазақ тіліне икемдеген нұсқасын қазақ жұртшылығы, әсіресе мұғалімдер қауымы ешбір талассыз қабылдады, себебі А. Байтұрсыновтын реформасы қазақ тілінің табиғатына сүйеніп, ғылыми негізде жасалған болатын. Сонымен қатар оның 1912 жылдардан бастап ұсынған, осы альфабитті негізге алған жаңа жазуы ( ол «Жаңа емле» деп аталады) іс жүзінде қолданыла басталды. 1915 жылдың бір өзінде осы емлемен (жазумен) 15-тей қазақ кітабы басылып шығыпты және бұл жазуды («Жаңа емлені») 1912 жылдардан бастап мұсылман медреселері мен қазақ – орыс мектептері де қолдана бастапты. 1924 жылы Орынборда маусымның 15 – сіндегі мәжілісінде А. Байтұрсын «Әліпби тақырыпты» деген баяндама жасайды. Ол түркі халықтарының қолданып келе жатқан жазуы бар екендігін, оны тастап, басқа графикаға көшу оңай емес деген пікірін осы съезде дәлелдейді. Әліпби (графика) қандай қасиеттерге ие болу керек деп, қазақ халқы қолданып отырған, икемделіп, өңделген (реформаланған) араб алфавитінің он сипаттарын (қасиеттерін) көрсетеді де, латынға көшкенде, латын алфавитін қолданушы Еуропа халықтары тіліне түркі жұрттарының қатысы жоқ дей келіп, «латын әліпбиін тұтынған (еуропалық) жұрттар орыстың орнында болып, аузына қарап… Онда алуға мағына бар дер едік» деп ойын орнықтыра түседі.



  • А.Байтұрсыновты жау етіп тануға күш салғандардың оған тағатын айыптарының бірі – « Байтұрсынов термин жасауда пуристік бағыт ұстады, яғни қазақ тіліне орыс сөздері мен интернационалдық терминдерді жолатпауға тырысты» деген пікір болатын. Сөйтіп, ұлы ағартушы, педагог 1929 жылы осындай айыппен ұсталып кеткені байқалады



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет