Білім беру саласы: Шығармашылық Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Музыка Тақырыбы: «Ән күй,шежіре»



Дата26.06.2018
өлшемі17,99 Kb.
#44725
№43 «Арман» балабақшасы

Білім беру саласы: Шығармашылық
Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Музыка
Тақырыбы: «Ән.күй,шежіре»
(Мектепалды даярлық №2 тобы)

Өткізген: Шарипова Ажар Төребекқызы


ІІ-санатты саз жетекшісі

Атырау қаласы


2013-2014оқу жылы

Білім беру саласы: Шығармашылық,қатынас
Ашық ұйымдастырылған оқу іс әрекеті: Музыка
Тақырыбы: «Ән,күй,шежіре»
Мақсаты:
білімділігі: Музыканың мәнерлеу құралдарын қабылдап,ажырата білуге
үйрету.Ән,әнші,күй,күйші,сазгер,ақын сөздерінің мағынасын
түсіндіру,меңгерту.
дамытушылығы: Түрліше сипаттағы музыканы сүйсіне тыңдап,тани білу
ге ынтасын дамыту,дауысын жетілдіру.
тәрбиелілігі: Ән тыңдау арқылы,ән айту арқылы музыканы сүюге тәр
биелеу
Методикалық әдіс тәсілі:
Ән тыңдау: Жаяу Мұса «Ақ сиса» әні,Д Нұрпейісова «Бұлбұл» күйі
Ән айту: Б Ғизатов «Біздің ән»
Әуенді қимылды би: «Домбыра» биі
Музыкалық дидактикалық ойын: «Даңғыраға тез жет» ойыны
Музыкалық аспапта ойнау:Даңғыра аспабы
Көрнекілік құралдары: Әнші,ақын,сазгерлер,күйшілер туралы дайындалған слайд.Күй үнтаспасы,ойын атритуттары.даңғыра аспабы.

Әрекет
кезеңдері

Саз жетекшісінің іс әрекеті

Балалардың іс әрекеті

Баланы тапсырманы орындауға қызықтыру, талпындыру

Саз жетекшісі балаларды көңілді әуен ырғағымен қарсы алады.
Амандасады.
Сәлеметсіңдер ме,балалар!
Шаттық шеңберіне шақырады.

Балалар,орнымызға отырмас бұ рын қазақтың қасиетті домбыра сымен әдемі би билеп алайық.


Әуенді қимылды би: «Домбыра» биі.

Балалар музыка залына көңілді келіп,әдемі шең бер құрады.
Сәлеметсіз бе!
Біз қандаймыз,қандаймыз
Шұғылалы таңдаймыз
Күлімдеген күндейміз
Ренжуді білмейміз
Қуанамын мен де
Қуанасың сен де
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге!
Балалар саз жетекшісінің көрсеткен би қимылын қайталап,музыка ырғағы мен билейді.
Көңілді балалар орында рына отырады.

Балаларды із денушілікке ұйымдастыру

Балалар, үнтаспаға құлақ сала йық.
Ән тыңдау: Жаяу Мұса«Ақ сиса» әні
(Манарбек Ержановтың орында уында Ж Мұсаның әні «Ақ сиса»)
Балалар,сендер не тыңдадыңдар?
Әннің аты «Ақ сиса». «Ақ сиса» әнінің авторы,яғни бұл әнді шы
ғарған әнші, сазгер ЖаяуМұса аталарың. Жаяу Мұса туралы білгілерің келеді ме?
Ендеше экранға назар аударайық.
(Саз жетекшісі Жаяу Мұса туралы дайындаған слайдын көр сетеді. )
Жаяу Мұса Байжанұлы қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы Ақшоқы деген жерде 1835 жылы кедей малшы
ның отбасында туған.
Жас кезі
нен өзі қатарлы балалардың ара
сында өнер-білімге құштарлығы мен, ән-күйге әуестігімен көзге түседі. Ол домбырамен ән салып, қиссалар айтып,ел назарын өзіне аударады.Мұса өнерге, музыкаға жақын болды.Оқу орындарының жанында хор,драма,музыка үйір
мелеріне қатысты.
«Ақ сиса»әнін орындаған әнші термеші Манарбек Ержанов.
Ән дегеніміз,балалар,сөзі бар,мә тіні бар музыкалық шығарма.
Әннің сөзін кім жазады?
Әннің музыкасын кім жазады?
Әнді орындайтын адамды әнші дейміз.
Балалар,тағы үнтаспаға құлақ салайық.
Күй тыңдау: Д Нұрпейісова «Бұлбұл» күйі
Балалар,не тыңдадыңдар?
Біз,күй анасы Дина Нұрпейсова ның «Бұлбұл» күйін тыңдадық.
Тағы экранға назар аударайық.
Дина Нұрпейсова 1861 ж Орал облысы,Жаңақала ауданы, Бекет айқұм ауылында дүниеге келген.
1870ж Құрманғазы Сағырбайұлы Динаны көріп,күйлерін тыңдай ды.Сөйтіп,Дина әжейҚұрманғазы атадан күй өнерін үйренеді.
Күй атасы Құрманғазы,күй анасы Дина деп айтамыз.
Күй дегеніміз сөзі жоқ,яғни, мәті ні жоқ,әртүрлі тақырыпта шыға рылатын музыкалық шығарма. Күйді жазатын, орындайтын адамды күйші деп атаймыз.
Ал,шежіре деген ата бабалары мыздан бізге аманат етіп қалды рылған әндер,күйлер,аңыздар.
Балалар жаңа ән үйренейік.Жаңа әнді әдемі таза айту үшін,дауы сымызға жаттығу жасайық.
Балалар экраннан көріп отырған, сазгер Бисенғали Ғизатовтың «Біздің ән» әнін үйренейік.
Ән айту: Б Ғизатов «Біздің ән»
Балалар,менде әдемі ғажайып қорап бар оның ішінде не бар екен.Ойлап көріңдерші.
(саз жетекшісі қорап ішінен музы калық аспаптар шығарады)
Музыкалық аспаптардың атта рын атайық.
Балалар біз бүгін даңғыра аспабымен танысамыз.Экранға назар аударайық.
Музыкалық аспаппен танысу:
Даңғыра -қатты дыбысты музы калық аспап.Бұл - бір жағы тері мен қапталғаң ішкі жағынан темір алқалар,сақиналар мен сылдырмақтар ілінген дөңгелек пішінді музыкалық аспап.Қане, балалар,аспаптың атын қайта лап айтайықшы.
Балалар,ғажайып қораптан шыққан музыкалық аспаптардан ансамбль құрайықшы. Музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен
Б Ғизатовтың «Біз өмірдің гүлі міз»әнін орындайық.
Балалар,ортаға ә
демі шеңбер құ райық,көңілді ойын ойнайық.
Музыкалық дидактикалық ойын: «Даңғыраға тез жет»
Балалар,кім санамақ айтады?
Ойынның шарты: Даңғыра ұс тап тұрған баланың екі жағында ғы бала қарама қарсы шеңбер сыртымен айналып,жүгіріп тез даңғыраға жетуі тиіс.Даңғыраға тез жеткен бала ортада билейді.

Балалар зейін қойып,қы зығушылықпен тыңдай ды.

Ән тыңдадық.


Ақын жазады.


Сазгер жазады.

Балалар зейін қойып тың дайды.


Күй тыңдадық

Балалар экранға қызығу шылықпен қарайды.

Да де ди да ду
ма ме ми ма му

Балалар әннің сөзін тез қа былдап жаттап алады.


Балалар таңырқап қызыға қарайды.

Балалар білетін музыка лық аспаптарды атайды.

Балалар таңырқап,қызығу шылықпен қарайды.


Даң ғы ра


Балалар музыкалық аспап тарда ырғақты сезініп ән шырқайды.

Бір бала санамақ арқылы ойынға досын шығарады.





Рефлексия (орындаған тапсырмалар негізінде қо рытынды шы ғарып,кемші ліктерді жою)

Балалар,сендердің орындықта рыңның артында қызықты бір нәрсе жапсырып қойдым.Қараң даршы,не бар екен?!
Балалар,осы жүрекшелерді бүгін не үйренгендеріңді айтып тұрып, менің үлкен сиқырлы жүрегіме салыңдар.Сендердің кішкентай жүрекшелерің тәтті жүрекке айна лады.
Балалар,рахмет сендерге.Сау болыңдар!

Балалар қызығушылық пен орындықтың артынан жүрекше алып шығады.

Балалар бүгін не үйрен


гендерін айтып,сыйлық қа тәттілер алады.

Күтілетін нәтиже:
Білуі керек:
Балалар ән,әнші,күй,күйші,сазгер,ақын сөздерінің мағынасын бі
луі керек.Ән мен күйді ажырата білуі керек.
Меңгерді:
Балалар музыкалық аспаптарда ырғақпен ойнауды меңгерді
Жасай алады:
Балалар би қимылдарын,дауысқа жаттығуды жасай ала
ды.Ойын шартын түсініп ойнай алады.Балалар саз жетекшісі
нің қойған сұрақтарына толық жауап бере алады.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет