Білім беру саласы: Таным Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Математика



бет5/5
Дата25.11.2019
өлшемі243,99 Kb.
#52441
1   2   3   4   5
Байланысты:
00006594-e8937c2c


Күтілетін нәтиже:

Біледі: Жұмбақ шешіп білуі.

Игереді: Күн, су, ауаның адамдар мен жануарларға және өсімдіктерге қаншалықты қажеттілігін

білуі


Меңгереді: Дәрігер Салауаттың кеңестерін есте сақтай білуі.
Тексерілді: ________________ Б/б әдіскері С.Э.Бопылова

08.04.2016ж.

№ 12 «Гүлдер» МАД тобында ұйымдастырылған іс – әрекеттің технологиялық

картасы

Білім беру саласы: Таным. Әлеуметтік орта.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Құрастыру

Тақырыбы: Сым темірден қуыршақ жасау.

Мақсаты: Білімділік: балаларды сым темірдің сапасымен, түрлерімен салыстыру; сымтемірді

таяқшаға орап, шиыршық дайындауды, бөлшектерді біріктіруді, ойыншық жасауды үйрету.

Дамытушылық: ; балалардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Керекті құралдар мен материалдар: ұзындығы әртүрлі сырты қапталған сым темірлер, темірден жасалған ойыншық үлгілері, түрлі түсті қағаз, қайшы, желім, әлліппе-дәптер.



Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотива-циялық - қозғаушы

Шаттық шеңберін құру.
Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын елге ашқан.

Тілегіміз бейбіт күн,

Ашық болсын көк аспан.





Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.


Ұйымдас-тырушылық - ізденушілік

Сабақтың барысы:

«Балалар, бүгінгі сабақта бұрын өздерің қолданып көрмеген заттармен жұмыс жасаймыз. Міне, мынадай сымтемірлер»деп, педагог сырты қапталған темірді көрсетеді. Балалардың қолдарына бермес бұрын оның сапасы жайында айтып береді. Жұмсақ, иілгіш, сырты қапталған, ішінде жұмсақ темір, тегіс, жылтыр, т.б. Бұл сым темірді орауға, бүктеуге, қайшымен қиюға болады. Әліппе-дәптердегі үлгінің жасалу реті талданады.

Бұдан кейін педагог сымтемірден жасалған ойыншықтар суретін пайдаланып, балалардың қызығушылығын арттырады (аңдар, құстар, қуыршақтар бейнесі). Үлгі ойыншықтарды көрсетіп, талдау жасайды. Бұлардың бәрінің дене бөліктері шиыршықталған сым темірлерден жасалған, ал басы түрлі түсті қатырмақағаздан қиып алынған.

Сым темірмен қауіпсіз жұмыс істеу ережесін түсіндіру:

-Сым темірді ауызға салуға болмайды;

-Сым темірді қолыңды жарақаттап алмай, ұқыпты пайдалан;

-Жұмыс аяқталған соң, сым темірді орнына қой.

Педагог:

-Бүгін сым темірден қуыршақ жасаймыз. Ол үшін алдымен сым темірді шиыршықтап бұрауды үйренеміз. Қолымызға қарындашты алып, сым темірді қарындашқа айналдырып ораймыз. Қарындашты сол қолға ұстап, сым темірдің бір ұшын сұқ саусақпен басып ұстап тұрамыз, оң қолмен сым темірді қарындашқа айналдыра ораймыз.

Педагог сым темірді шиыршықтау тәсілін көрсетеді. Балалардың сым темірді дұрыс ұстауын қадағалау керек. Сымды қарындашқа біркелкі, тегіс ораған дұрыс. Содан соң сымды қарындаштан жайлап шығарып алып, шиыршықты созады. Шиыршықтан қолы мен аяғын ұзындау, ал денесін қысқа етіп қайшымен қиып алады. Қайшымен ұқыпты жұмыс істеу ескертіледі.

Кейбір балаларға сым темірді бұрау, біріктіріп бекітуде көмек көрсетіледі. Іс-әрекеттің шығармашылық сипат алуына бағыт беріледі.

Қуыршақтың денесі дайын болғаннан кейін, оны толықтыру жұмысы жүргізіледі. Басы екі дөңгелек қатырмақағаздан жасалады. Дайындалған қуыршақтарға құрастыру материалдарынан үй құрастырып, сабақ ойын іс-әрекетіне жалғасыды.



Балалар ережені жаттап алады.

Балалар мұқият тыңдай отырып, педагогқа бірге ілесіп жасайды

Қиылған дене бөліктерін бір-біріне бұрап біріктіруді педагогтың көрсетуімен орындайды.

Аяқ-қолдарын жоғары көтеріп немесе төмен түсіріп тұрғанын балалар қалауы бойынша бейнелейді.

Бет-әлпетінің суретін фломастермен салып, желім жағып, сым темірдің ұшын желім жағылған екі дөңгелектің ортасына қойып, бөлшектерді жақсылап қысып жапсырады.




Рефлексті – коррекция-лаушы

Балалардан қандай сабақ болғанын, не жасағандарын сұрау, сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:Сымтемірдің түрлерін атап білуі.

Игереді: Сымтемірден қуыршақ жасаудың әдіс-тәсілдерін

Қолданады: Сымтемірден қуыршақ дайындап білуі.


Тексерілді_________________балабақша әдіскері С.Э.Бопылова

08.04.2016 жыл

№ 12 «Гүлдер»МАД тобында ұйымдастырылған іс – әрекеттің технологиялық

картасы

Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік сала.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: «Байқоңыр ғарыш айлағы»

Мақсаты:

Білімділік: Байқоңыр жайлы түсіндіру.

Дамытушылық: «Ғарыш әткеншегі» ойынын ойнату арқылы күн жүйесіндегі ғаламшар туралы мағлұмат беру.

Тәрбиелік: Балалардың ғылымға деген ынталарын ояту, білімпаз болуға баулу.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрак – жауап, мадақтау, қорытындылау.



Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотива-циялық - қозғаушы

Шаттық шеңберіне тұрғызып, «Ғарыш әткеншегі» ойынын ойнату.

Шарты: ортада бір бала күн болып тұрады. Қалған балалар Күн жүйесіндегі ғаламшарлар, мысалы: Жер, Сатурн,, Уран, Меркурий, т.б. болады. Көңілді әуен жетегімен балалар күнді айналып жүреді.




Балалар ойын барысында ғаламшар туралы білетіндерін айтады.

Мысалы: Мен Жермін. Жерде тіршілік бар. Өйткекні біздің ғаламшарда ауа бар. Күннен жылу мен жарық аламыз.


Ұйымдас-тырушылық - ізденушілік

-Байқоңыр – ғарыш алаңы Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында орналасқан. Байқоңырдан 1961ж. 12 сәуірде адамзат тарихында тұңғыш рет Ю.А.Гагарин «Восток» ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. Айды, Марсты және Шолпанды зерттеуге арналған ғарыш аппараттары бар зымырандар да Байқоңырдан аттандырылады.

1991ж. 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Т.Әубәкіров ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілді. Ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша қазақ ғарышкері Т. Мұсабаев ғарышта 2 рет (1994, 1998 ж.ж.) болып, зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Сөздік жұмыстарын жүргізу.

Айлақ- ғарышқа ұшуға арналған қолайлы алаң.

Ғарыш –аспан әлемі.

Ғаламшар – Күнді айналатын, Күннен жарық пен жылу алатын үлкен аспан денелері.

Күн-әлемге жарық, қызу беріп тұратын жұлдыз. Оның жүйесінде Жер, Марс, Меркурий сияқты ғаламшарлар бар.

Пікірталас өткізуге арналған сұрақтар

-Ғарышкер болу үшін қандай болу керек?

Дәптерлеріне зымыранның суретін салғызу.



Педагогты тыңдайды. Сұрақтар қояды, сұрақтарға жауап береді.

Тыңдайды.

Берілген сөздердің мағынасын қайталап айтады.

Пікірлерін ортаға салады.

Зымыранның суретін салады.


Рефлексті – коррекция-лаушы

Сабақта алған білімдерін сұрақ-жауап әдістері арқылы пысықтайды.

Сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже: ғарыш айлағы және оның келтіретін пайдасы жөнінде ұғым қалыптастыру.

Білуі тиіс: Байқоңырдан зымырандар ғарыш әлемін зерттеуге ұшырылатынын білу.

Түсінігі: Білімді, денсаулығы мықты адам ғана ғарышкер болатындығын білу.

Көрсете білуіғарыш әлемі туралы ойын тиянақты жеткізе білу.:


Тексерілді: ________________ Б/б әдіскері С.Э.Бопылова

01 .04.2016 жыл


№ 4 «Күншуақ» ересек тобында ұйымдастырылған іс – әрекеттің технологиялық

картасы

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Жыл басына таласқан хайуанаттар» (ертегі)

Мақсаты:

Білімділік: ертегі мазмұнын рольге бөліп ойнату арқылы байланыстырып сөйлеуге жаттықтыру.

Дамытушылық: ертегі кейіпкерлеріне байланысты білетін жұмбақ, өлеңдерін айтқызу.

Тәрбиелік: жануарларға қамқор болуға тәрбиелеу.

Керекті құралдар: ертегі мазмұнына сай суреттер.

Әдіс-тәсілдер: тыңдау әдісі,дұрыс сөйлеу, сөйлем құрау әдісі.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотива-циялық - қозғаушы

Шаттық шеңберін құру.



Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді


Ұйымдас-тырушылық - ізденушілік

Сабақтың барысы: -Балалар, бүгін «Жыл басына таласқан хайуанаттар» атты ертегі туралы әңгімелейміз. Ертегінің бұлай аталуы жылдардың аттары хайуанның атына ұқсас. Мысалы: тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз.

- Кіп-кішкентай болып жыл басы тышқан қалай болды екен?

-Осы хайуанаттардың ішінде үй жануарлары бар ма?

-Біз төрт түлік малмен жақсы таныспыз. «Күн-түн» ойыны арқылы әңгіме құрастырайық. Шарты: балаларға бір жануардың атын атап, «Түн» деген белгі береміз, балалар ұйқыға кетіп, сол жануар туралы әңгіме ойлайды. Біраз уақыт өткен соң, «Күн» деген белгі беріледі. Балалар оянып, кезекпен әркім ойлаған әңгімесін әңгімелейді. Ойын бірнеше рет қайталанады.

Осы аталған төрт түлік малдар түрлері шөп жиді екен. Бұлардың жеген шөбінің өзінің емдік қасиеті бар. Түйенің жейтін жантағы іш ауруына, жусанды жүйке ауруына, мия шөбінің шырынын аяқ қол сырқырағанда тартып қояды. Сөйтіп барлық хайуанаттар әрқайсысы өз пайдасын айтып тұрғанда тышқан қулық ойлап табады. «Бұл таласқанмен ешнәрсе өнбес, күнді қарап тұралық та, күнді кім бұрын көрсе, сол жыл басы болсын»,-дейді.

Осы сөйлемді балаларға 2-3 рет қайталату.

-Өзгелері қарап тұрғанда, түйе өзінің биіктігіне сеніп, менен бұрын кім көреді дейсің деп ойланып тұрғанда тышқан түйенің үстіне жорғалап шығып, өркешінің басына отырып, күнді бәрінен бұрын көреді. Содан бері тышқан жыл басы болған екен. «Түйе бойына сеніп құр қалды» деген осыдан қалған екен.


Балалар педагогты мұқият тыңдайды.

Балалар тышқанның қалай жыл басы болғандығын айтып береді.

-Сиыр, қой, жылқы, түйе, ешкі.

Балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды.

Балалар педагогты мұқият тыңдайды.

Балалар осы сөйлемді 2-3 рет қайталап айтады.

Түйе бойына сеніп жыл басынан құр қалғанын, тышқанның айлакерлікпен жыл басы болғанын түсінеді.


Рефлексті – коррекция-лаушы

-Ертегі қалай аталады?

-Тышқан не деп ақыл айтты?

-Тышқан қалай жыл басы болды?


Балалар қойылған сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: ертегі мазмұнын әңгімелеп білу.

Игереді: жыл басына таласқан хайуанаттардың аттарын дұрыс атауды.

Меңгереді: ойын ойнау, тапсырмаларды орындауды.

Тексерілді: ________________ Б/б әдіскері С.К.Аймағанбетова.

25.03.2016ж.

4.03.2016 жыл

№ 12 «Гүлдер»МАД тобында ұйымдастырылған іс – әрекеттің технологиялық

картасы

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Сауат ашу

Тақырыбы: «Сөздерге дыбыстық талдау жасау»

Мақсаты: сөздерге дыбыстық талдау жасауды тиянақтау.

Білімділік: дауысты, дауыссыз дыбыс туралы түсініктерін бекіту, қызыл, көк, текшелерді сөздегі дыбыстардың орнына қоя білу.

Дамытушылық: сүттен жасалатын тағамдардың аттарын айтқызу арқылы сөздік қорын байыту.

Тәрбиелік: қол жаттықтыру жұмысын жүргізу.

Керекті құралдар: үй жануарларының төлдері, сүттен жасалған тағамдар.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрак – жауап, әңгімелеу, мадақтау, қорытындылау.



Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотива-циялық - қозғаушы

Шаттық шеңберін құру.

Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын елге ашқан.

Тілегіміз бейбіт күн,

Ашық болсын көк аспан.

Балалар шеңбер құрып тұрады да, өлең жолдарын бірге қайталайды.




Ұйымдас-тырушылық - ізденушілік

Сабақтың барысы:

1.Ынталандыру ұйымдастыру кезеңі:

-Қандай үй жануарларын білесіңдер?

-Бұл жануарларды төрт түлік деп атайды.


-Енді осы жануарлардың төлдерін атаңдар.

Дыбыстық талдау жасаймыз.

Дауысты дыбысты қандай түспен белгілейміз?

Дауыссыз дыбысты қандай түспен белгілейміз?

Мына тор көздерге сөйлем құрайық.
2.Іс-әрекет кезеңі:

Дәптердегі тапсырмалар орындалады.

-Мына суреттерге зер салайық. Аттарын атап, дыбыстық талдау жасаймыз.

-Осы сөйлемдерді қатыстырып, сөйлем құрайық.

Сергіту: Әжем жиі сауады,

Боз биені баяғы.

Сүті неткен көп еді,

Суалмай-ақ келеді.

Тіл ұстарту тапсырмалары.


-Қой, жылқы, түйе, ешкі, сиыр.

-Түйенің төлі-бота, сиырдың төлі-бұзау, жылқының төлі-құлын, қойдың төлі-қозы, ешкінің төлі-лақ.

-Дауысты дыбысты қызыл түспен белгілейміз.

-Дауыссыз дыбысты көк түспен белгілейміз.

- Бала атты суарды. Үсен шөп берді.

- Қаймақ, шұбат, айран, қымыз.

-Айран іштім. Шұбат-түйенің сүті. Қымыздың дәмі қышқыл болады.

Балалар қимылмен көрсетеді.



Рефлексті – коррекция-лаушы

«Төрт түлік» әнін айтып, сабақ аяқталады.




Күтілетін нәтиже:

Біледі: Дауысты және дауыссыз әріптері салыстырып білуі.

Игереді: Сөзерге дыбыстық талдау жасап білуі.

Меңгереді: көк және қыз текшелерді сөздегі дыбыстың орнына қоя білуі.


Тексерілді: ________________ Б/б әдіскері С.Э.Бопылова

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет