Білім беру саласы
«Таным», «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі.
Шығармашылық .Жапсыру
Тақырыбы: Көгершін.
Мақсаты: Балалардың құстар туралы түсінігін кеңейту,сөздік қорын молайту,байланыстырып сөйлеуге үйрету.Құстарға деген сезімін ояту,адамгершілікке тәрбиелеу.
Ұйымдастыру кезені:
Шаттық шеңбері
Арайланып таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жайнай түссін даламыз
Қайырлы таң балалар!-деп амандасумен бастаймын.
Балалар,мен сендерді өте жақсы көремін,сендер өте ақылды,білімді балаларсыңдар,барлығымыз келген қонақтармен амандасайық. Барлығымыз орнымыздан табылайық.
Іздену ұйымдастырушы
Қазір қандай мезгіл?
Көктемде қандай өзгерістер болады ?
Балалар,құстар неше бөлінеді?
Слайд : Бейнемультик көреді.
Дала құстары және ұй құстары болып екіге бөлінеді.
Торғай,қарға,сауысқан,көрершін,қарлығаш.
Ауа, су, күн, жәндік.
Себебі олар далада өмір сүреді.
Дала дәнмен,жәндіктермен,зиянкес құрттармен қоректенеді. Салқынға,суыққа төзе алмайды.
Мына суретте қандай құстарды көріп тұрсыңдар?
Неліктен біз оларды үй құстары дейміз?
Үй құстары қалай қоректенеді?
Үй құстары, тауық, әтеш, қаз, үйрек.
Олар үй шаруасында күтіліп өсіріледі.
Үй құстарына жем,су,бидай.тары береміз
Сендер үй құстары жайлы көп біледі екенсіңдер.
Барлығымыз қосылып дала құстарын атап көрейік.
Неліктен дала құстары дейміз?
Зиянкестермен күреседі, еті, жұмыртқасы, мамығы ,құрт - құмырсқамен қоректенеді.Жұп құрып, ұя салып, жұмыртқадан балапан өргізіл, көбейеді.
Біз бүгін табиғаттың көркі,сәні,бақшаның әні болған құстар туралы әңгімелесеміз.
Құстар табиғаттың бір бөлігі,құстарға ұя жасап,қамқорлық көрсетуіміз керек,құстар өсімдіктерді зиянды жәндіктерден қорғайды.Құстардың жылы жаққа кетуінің себебі жемінің азаюы,күн салқындағанда құрт-құмырсқа тығылып қалады, сол кезде құстар топтала ұшып лег-легімен жылы жаққа бет алады. Көктемде қанатты достарымыз қайта оралады.Бұл құстар суыққа,аязға,салқынға төзе біледі,сондықтанда қыстап қалатын құстар деп атаймыз.Қыста құстар ағаштардың бұтақтарын паналап күнелтеді,қарны ашып жаураған құстар адамдарға жақын келіп,көмек күтеді. Осы құстарға қарай отырып ата - бабаларымыз ауа - райын болжаған.
- көңілдене сайраса - келер күн ашық; - үндері тынса, күн күркірейді;
- жыл құстары топтанып қайтса — келер қыс қатты;
- жыл құстары топ - тобымен бір мезгілде оралса, көктем тез кіреді;
- жер бауырлап ұшса, ауа райы бұзылады;
- күзде ұясын күн түсетін жаққа салса - қыс суық, көлеңке бетке салса, жылы болмақ;
- қыста үй төңіректей жиналып қиқуласа, қарды қазса, күн суытады.
- Қарылғаш бірде төмендеп, бірде биіктеп ұшса, дауыл соғады;
- Қарылғаш биіктей ұшса, ауа райы жақсарады, төмен қалықтаса, бұзылмақ. т.б.
Балалар мен сендерге сурет жасырамын , егер суретті құрастырп тапсандар, бүгінгі Жапсыру оқу –іс әрекетіміздің тақырыбы сол болады.
Үш топқа бөлінген тәрбиеленушілер /кептер/ көгершін суретін құрастырды.
слайд: бейне фильм көрініс.
КЕПТЕР – басы кішкентай, тұмсығы түзу, сирағы қысқа құс. Кептердің қолға үйретілген түрін халық арасында “көгершін” деп атайды. Өсімдік тұқымымен, астық тұқымдарының дәнімен қоректенеді.
- Бұл құстардың көбі суықтан қорықпайды. Суықтан олардың қалың мамықтары сақтайды. Қыс кезінде құс үшін қауіпті жағдай жемнің табылмайтындығы. Қыстап қалатын құстардың түрі, түсі, дене пішіні, жемдерін қар астынан тауып жеуге икемделген.
Құстар шайнай алмайды. Себебі олардың тістері жоқ. Сондай - ақ бұлардың тұмсықтары да бұл үшін бейімделмеген. Тамақтары қорытылу үшін олар майда тастарды және ірі қиыршықтарды жұтады. Тастар ірі азықтарды майдалап, тістің рөлін атқарады.
Көгершін туралы бейнефильм көрініс.
Ал енді құстар әңгімесіне көңіл аударайық...
Құстар –адамға дос,құстарға ұя жасап,қамқорлық көрсетуіміз керек. Құсқа тас лақтырма.Құстың ұясынды бұзба,обал болады.Аққуды атпа, досыңды сатпа.Құстардың жұмыртқасын жарма.Құстар - табиғат сәні.
Тосын сәт:
Балалар қараңдаршы мына көгершінді торға қамап қойыпты. Оған тордан шығаруға көмек керек. Ой, балалар оған біздің көмектесуіміз қиып болып тұр. Көгершінді тас қамалға қамап қойыпты. Алдымызда тас қақпа тұр, тас қақпаны ашу үшін сендерге Мыстан кемпір тапсырма беріпті .
1 тапсырма: Құстар туралы тақпақ айту. Құстары туралы кім маған тақпақ айтып береді?
Шыр-шыр еткен торғайды,
Қорғамасақ болмайды.
Кіп-кішкентай торғайлар,
Ағаштарды қорғайды.
Құстар біздің досымыз,
Қуанамыз қолдаймыз.
Ұя жасап ұқыптап,
Біз оларды қорғаймыз.
Жылы жаққа ұшпайтын,
Біздің жақта қыстайтын.
Құстар жүрсе жуықта,
Жем шашуды ұмытпа.
Тас қақпа ашылды.
Балалар жетік пе ? – жоқ.
Тағы алдымызда темір қақпаны ашу керек.
2 тапсырма:
Топпен жұмыс: Ал, енді екі топқа бөліне қойып, мынадай тапсырманы орындап көрейік:
Мына көгершіннің суретін ақ қағазға түрлі түсті қағазбен жапсыру (әр топқа ақ қағаз және түрлі түсті қағаз салынған көгершіндер таратылады. Көгершін бөліктерін ретімен жапсыру. /денесі, қанаты, тұмсығы , аяғы/
Ережемен таныстыру.
Көгершін бөліктерін толық құрастырып жапсырсандар алтын қақпаны ашып тордағы көгершінді Мыстан кемпірден құтқарасындар.Алтын қақпа ашылып тордағы көгершінді құтқарып алды.
Сергіту сәті: Ұшты- ұшты
Жұмысты аяқтау «Көрме » Бағалау.
Смайлк жапсыру. /бүгінгі сабақтағы көңіл күйін көрсету, ұнаса/
Соңғы Алтын қақпа ашылды. Балалар тордағы құсты құтқарып алды.
Шынайы көгершінді көреді. /тосын сый, көрініс/
Көгершінді қызықтау оған жем , су беру.
Құстар адамға дос , табиғат емшісі, ұя салады, жұмыртқа шығарады, балапан басады.
«Ақ көгершін»әнін орындап береді.
Бейбітшілік құсы менмін көгершін,
Жер жүзінде бейбіт еңбек көгерсін.
Аспан тұнық, шат көңілді болайық,
Ақ ниетті адал жандар көбейсін
Қорытынды.
І.Үргенішбаев атындағы орта мектебі
Ашық сабақ
Көгершін
/Жапсыру/
Шағын орталық «А» тобының
тәрбиешісі: Орынгүл Отарова
Достарыңызбен бөлісу: |