Білім беру саласын қаржыландыру



бет4/16
Дата17.04.2017
өлшемі2,43 Mb.
#14160
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


5. Білім сапасы

2013-2014 оқу жылы аудан бойынша орта мектепті 324 оқушы бітірді. (2012-2013 оқу жылында 11 сыныпты бітірушілер саны -402, соның ішінде 286 (71,14%) оқушы ҰБТ-ке қатысты.)Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу туралы» ережеге сәйкес ҰБТ қатысуға 236 мектеп бітіруші өтініш тапсырды. Бірақ тестілеу пункітіне 221 оқушы тесілеуге келді. Бұл мектеп бітірушілердің 68,2 пайызы. ҰБТ-ға негізгі қатыспаушылық себебі оқушылардың колледжге оқуға түсуге құштарлығы, 4 халықаралық ғылыми сайыстардың жүлдегерлері. Қорытындысында орташа көрсеткіш 76,48 балды құрады, 2013 жылы 76,11 балл болған. 2014 жылы 87,12 баллмен №2 Теректі орта мектебі (директоры Ермекова З.Қ.) көш бастаса, 85,5 балл жинаған №1 Теректі орта мектебі (директоры Үркімбаев Ж.Қ) екінші, 83,62 баллмен №3 Күршім гимназиясы (директоры Шакерова Г.С) үшінші көрсеткіш көрсетті. Сонымен қатар Аксуат орта мектебі (директоры Кабдыкеш Е) 62,8 балл, Үшбұлақ орта мектебі (директоры Хамин Е) 63 балл, Қойтас орта мектебі (директоры Қабдығалиев М) 65 балл жинап не төменгі көрсеткішті көрсетті. Тестілеу кезінде №1 Теректі орта мектебі мен Қ Нұрғалиев атындағы гимназияның мектеп бітірушілері өткен жылмен салыстырғанда дайындықтарының жақсы екенін көрсетті, ал Ақсуат, Қойтас орта мектебінің мектеп бітірушілері керісінше төмендеп кетті.

Аудан бойынша ең жоғарғы 115 бал, ең төменгі 34 балды алды.

2013 жылы 72 түлек шектеулі деңгейді (50 балл) ұстамаса, 2014 жылы 36 мектеп бітіруші болды.

2013 жылы 12 түлек «екілік» алған. Атап айтқанда, Құмаш Нұрғалиев атындағы гимназия (5 оқушысы орыс тілі, математика, Қазақстан тарихы, биология және физика пәндерінен) , Қаратоғай орта мектебінен (2 оқушы математика пәнінен) , №1 Күршім орта мектебі ( 2 оқушы математика және орыс тілі), №5 Күршім (1 оқушы -қазақ тілінен), №3 Күршім гимназиясы (1 оқушы орыс тілінен), Құйған орта мектебі ( 1 оқушы физика пәнінен) осындай төменгі нәтиже көрсетті.

2014 жылы ҰБТ кезінде (барлығы 18 оқушы бір пәннен) орыс тілінен 3 оқушы екілік баға алды ( №3 Күршім гимназиясы- мұғалімі: Малдыбаева Раушан, Ақсуат орта мектебі- мұғалімі: Кадролдинова Роза, Алғабас орта мектебі- мұғалімі: Ерменова Бакыт), математика пәнінен 15 оқушы екілік баға алды ( Қалжыр орта мектебі(5 оқушы)- мұғалімі: Базарбекова Айнур Базарбековна, Қарой орта мектебі(2 қушы)- мұғалімі: Аплатонов Марат, Қаратоғай орта мектебі- мұғалімі: Құмарғалиева Айгүл, Сарыөлең орта мектебі- мұғалімі: Уранов Ленхан, Қойтас орта мектебі-мұғалімі: Ақзамова Бақыт, №4 Күршім орта мектебі- мұғалімі: Нұрахметова Жанар, Теректібұлақ орта мектебі- мұғалімі: Сейташимова Шеризат, Төсқайын орта мектебі- мұғалімі: Туротауова Сауле Жумадиловна, №3 Күршім гимназиясы- мұғалімі: Мухаметуалиева Алтын, Үшбұлақ орта мектебі- мұғалімі: Калелова Айнаш)

Аудандағы 14 «Алтын белгі» белгісіне үміткерлерден екеуі (14,3%), атап айтқанда, Ақиев Ақжан (Қалжыр ОМ), Акудашев Сұңғат (№1 Теректі ОМ) білімдерін дәлелдеп шықса, Қожабаева Анар (№3 Күршім гимназияся), Қапталова Әдемі (№5 Күршім ОМ) «Үздік аттестат» иегерлігін орындады. №3 Күршім гимназиясының 5 үміткері,Қ Нұрғалиев атындағы гимназияның 3 үміткері, №5 Күршім орта мектебінің 2 үміткері,Қалжыр орта мектебінің 1 үміткері және №4 Күршім орта мектебінің 1 үміткері«Алтын белгі» белгісін ұстай алмады.

Қосымша білім беру мекемелерінің жұмыстары:

Мектептен тыс мекемелерде оқушыларға эстетикалық және руханиадамгершілік тәрбие берудің негізгі құралы өнер болып табылады. Өнерді үйрете отырып, оқушылардың жан дүниесін әдемілік пен әсемдіктің, адамгершілік пен әдептіліктің қасиетін дарыту, болашақ ұрпақтың жоғарғы мәдениетті болып өсуін қамтамасыз ету, жалпы мемлекеттік мәселе. Ауданда Күршім және Теректі балалар музыка мектептері мен Балалар шығармашылық үйі оқушыларға қосымша білім беріп, шығармашылық ізденістерін жетілдіретін, жеке басының мәдениетін қалыптастыратын қоғамдық өмірге бейімділігін арттыра отырып, елжандылыққа тәрбиелейтін мектептен тыс мекемелер қызмет атқарып жатыр. Қосымша білім беру мекемелеріне осы оқу жылында 538 бала тартылды. Ол барлық оқушылар санының 12 % құрады. Пайыздың өсуі төмендегі мекемелерде қосымша үйірмелердің ашылуына байланысты: Теректі музыкалық мектебінде хореография, балалар шығармашылық үйінде бейнелеу өнерінен көркем сурет, шахмат, фото және бейне үйірмелері.



Аудандық білім беру бөлімі тарапынан қосымша білім беру мекемелеріндегі оқытудың барысы, оқушылардың білім сапасы, пәндердің оқытылуы, оқытудың жаңа технологиясын қолдану барысы, оқу-педагогикалық құжаттардың жүргізілуі тексеріліп, әдістемелік көмек беріліп отырды.

2013-2014 оқу жылында балалар шығармашылық үйінде 302 оқушы қамтылуы. Атап айтқанда, би үйірмесінде 55, қолөнерде 36, жас техник 64, драма 30, шахмат 12, өлкетану 45, фото үйірме 30, көркем сурет 30.

Оқу жылы барысында өлкетану үйірме жетекшілері Жанасова Г, Тойбаев Т. Қиын Керіш, Ашу тас, Белағаш Үңгір тас учаскелеріне жорықтар ұйымдастырды. Барлығы 60 оқушыны қамтыды. Жас техник, қолөнер үйірмелерінде оқушылармен жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілді. Оқушылардың үйірмелерде жасаған модельдері, қолөнерлері, фото, суреттер- аудандық жас техник, Наурыз мейрамына, 1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған көрмелерде қойылып көпшілік назарына ұсынылды. «Жас техник» үйірмесінің мүшелері Глубокое ауданында өткен облыстық «Жас техник - 2013» сайысында жүлделі ІІІ орынға ие болды.

Қолөнер үйірмесінің оқушылары облыстық «Радуга» орыс халық өнері фестиваліне қатысып, ІІ орын алса, фото – сурет, жас техник үйірмелері арнайы сертификаттармен марапатталды.



2014 жылдың 27-28 наурыз аралығында Семей қаласында өткен ІІ облыстық «Алтай жұлдыздары» байқауында «Хореография» номинациясы бойынша орындаушылық шеберлік танытқаны үшін «Жайна» би ұжымы дипломмен марапатталды. Драма үйірмесі қазан айында мәдениет үйінде театр сыншылары алдын өнер көрсетіп, жақсы бағаланды. Сонымен қатар осы оқу жылында дойбы, бастапқы шахмат үйірмесі өз жұмысын бастады, оқушылар дойбы тақтасының құпиялары мен шахмат ойынның тәртібін меңгере бастады.


Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет