Бақылау сұрақтары:
Жоспарлау дегеніміз не?
Мектеп жұмысын жоспарлаудың қандай түрлері бар?
Мектептің жылдық жоспарының құрылымы қандай?
Жоспарға мысал келтіріңіз
Тақырып 9. Мектептегі әдістемелік қызмет және мұғалімдерді аттестациялау
Жоспар
Әдістемелік қызметтің мақсаты, міндеті және негізгі бағыттары
Мектептегі әдістемелік қызметті ұйымдастыру формалары мен қағидалары
Мұғалімнің портфолиосы
Аттестацияның қазіргі кездегі талаптары
Негізгі түсініктер: әдістемелік қызмет, ғылыми-әдістемелік кеңес, алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені жалпылау, мұғалімдердің педагогикалық портфолиосы
Мектептегi əдiстемелiк жұмыс педагогикалық мəдениеттi көтерудiң шарты.
Мұғалiмнiң кəсiптiк дайындығы оның педагогикалық жоғары оқу орнын бiтiрумен аяқталмайды, ол мұғалiмнiң кəсiптiк қызметiнiң бүкiл кезеңiн қамтиды. Сонымен бiрге мұғалiмнiң кəсiптiк бiлiмiн үздiксiз көтерiп отыруы оның шығармашылық қабiлетiн дамытуды жəне дербес педагогикалық тəжiрбиесiн үнемi дамытудың шарты болып табылады. Егер мұғалiм қоғамдық ортада белсендi позиция ұстанып, оның дербес тəжiрбиесi əлеуметтiк жəне педагогикалық тəжiрбиемен кiрiгiп, педагогикалық ұжымның қолдануға ие болып, кəсiптiк шығармашылық iзденiсi көтермеленiп отырса, мұғалiмнiң кəсiптiк шеберлiгi мен педагогикалық мəдениетiнiң артуы барынша жемiстi болады.
Мұғалiмдердiң бiлiктiлiгiн жетлдiру жоспарына сəйкес олар бес жылда бiр рет мұғалiмдер бiлiктiлiгiн көтеру институттарында немесе педагогикалық жоғары оқу орындарының арнаулы факультативтерiнде арнайы дайындықтан өтуi тиiс. Бiлiктiлiк көтеру немесе педагогикалық ЖОО базасында мұғалiмдердiң алған арнайы бiлiмдердi практикалық тұрғыдан қорытылып, мектепте сыннан өткiзудi қажет ететiндiгi аңғарылады. Бұндай жағдайда мектепте арнайы ұйымдастырылған əдiстемелiк жұмыстардың жүйесi мұғалiм үшiн баға жеткiлiксiз көмек бола алады.
Əдiстемелiк жұмыстар дербес жəне жеке ерекшелiк-тер ескерiлген жағдайда мұғалiмдердiң ғылыми-əдiстемелiк дайындығын жетiлдiруге деген сұранысына жауап бере алады. Ал, əдiстемелiк жұмысты жеке ерекшелiктердi ескерiп жүргiзу, бiрқатар субъективтi, объективтi алғышарттарға байланысты. Ең бастысы мұғалiмнiң ғылыми- əдiстемелiк дайындығын жетiлiрудегi өмiрлiк жəне кəсiптiк бағдары, кəсiптiк деңгейi мен тəжiрбиесi ескерiлуi тиiс. Мектептiң əдiстемелiк қызметiнiң озық тəжiрибелерi мен дəстүрлерiн сақтау жəне дамытудың да маңызы зор. Осы жұмыстардың бəрi де мектеп директорының оқу-тəрбие iсi бойынша орынбасарының құзырында болады.
Мектептегi əдiстемелiк жұмысты басқару оның мiндеттерi, мазмұны жəне ұйымдық негiздiң директоры, оның орынбасары ғана емес, мұғалiмдер де анық та нақты ұғына алғанда барынша тиiмдi болады. Ал мектептегi əдiстемелiк жұмыстардың жалпы мiндеттерiн былайша тұжырымдауға болады: мектептiк педұжымының педагогикалық тəжiрибесiн жүйелi түрде зерттеу, жинақтау жəне тарату, педагогика ғылымының жетiстiктерiн жұмысқа қолдану қызметiнде инновациялық бағыттылықты қалыптастыру; мұғалiмдердiң теориялық (пəндiк) жəне психологиялық-педагогикалық дайындық деңгейiн көтеру; жаңа оқу бағдарламаларын, жоспарларын, мемлекеттiк бiлiм стандарттарын оқып,үйренудi ұйымдастыру; оқыту мен тəрбиелеудiң жаңа технологиясы, түрлерi мен əдiстерiн байыту; жаңа нормативтiк құжаттар, нұсқау-əдiстемелiк материалдармен танысуды ұйымдастыру; ғылыми-əдiстемелiк көмектi дербес жəне жеке ерекшелiктердi ескерiп ұйымдастыру - жас мұғалiмдерге, пəн мұғалiмдерiне, сынып жетекшiлерi мен тəрбиешiлерге; педагогикалық жұмыста белгiлi бiр қиындыққа кезiккен мұғалiмдерге; педагогикалық бiлiмi жоқ мұғалiмдерге жəне т.б; мұғалiмдердiң өздiгiнен педагогикалық бiлiм көтеруiне кеңес беру; жалпы кəсiптiк-педагогикалық мəдениет деңгейiн көтеру.
Мұғалiмнiң əдiстемелiк жұмыстарының мазмұнын кəсiптiк-педагогикалық мəдениетiнiң құрамды бөлiктерiн ескере отырып айқындаған дұрыс. Олар - мұғалiмнiң жалпы мəдени дайындығы; əдiстемелiк, тəрбиешiлiк, зерттеушiлiк, кəсiптiк-адамгершiлiк, басқара бiлу мəдениетi. Əдiстемелiк жұмыстың мазмұны кəсiптiк-педагогикалық мəдениеттiң əрбiр бағыты бойынша нақтыланып, бiрнеше ұзақ мерзiмдiк зерттеудiң нысанына айналуы мүмкiн.
Мұғалiмнiң əдiстемелiк, инновациялық жұмысқа қатысуы соңғы нəтижеде оның жеке педагогикалық жүйесiнiң, дербес педагогикалық жұмыс стилiнiң қалыптасуына ұласады. Əдiстемелiк жұмысты ұйымдастыру мектептiң типi, оның орналасқан жерi жəне т.б. жағдайларға байланысты түбiрiнен ерекшеленуi мүмкiн. Бұндай жағдайда 50-ден 100-ге дейiн оқушысы, 10-12 мұғалiмi бар шағын комплектiлi орта мектептерде едəуiр қиындық кездеседi. Ауыл мектептерiнiң тəжiрбиесi осындай бiрнеше мектептi iрi ауыл мектебiнiң базасында құрылған əдiстемелiк бiрлестiкке топтастырудың тиiмдiлiгiн көрсетiп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |