Білім берудегі менеджмент



бет47/60
Дата11.06.2023
өлшемі309,25 Kb.
#178621
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   60
Байланысты:
әдістемелік құрал Менеджмент

Эссе құрылымы

  1. Титул беті.

  2. Кіріспе – берілген тақырыпты негіздеу, ол логикалық және және стилистикалық байланысқан компоненттер қатарынан тұрады. Бұл кезеңде өз зерттеу барысында ашқалы отырған тақырыпқа қойылатын сұрақты дұрыс қою керек. ”Кіріспе жазу барысында аталған тақырыпқа анықтама беру керек пе?, ”Мен алған тақырып неліктен маңызды?”, “ Менің тұжырымдауымда қандай түсініктер қолданылуы мүмкін?”, “Мен тақырыпты кішкене тақырыпшаларға бөле аламын ба?, т.с.с. сұрақтарға жауап іздеген жөн.

  3. Негізгі бөлім. Тақырыптың теориялық негізі мен сұрақтың мазмұнын жазу. Бұнда эссенің негізгі мазмұны жазылады және ол біраз қиындық тудырады. Сондықтан негізгі бөлімді шағын тақырыпшаларға бөлуге болады. Әр тақырыпшаларды аргументті түрде тұжырымдау негізгі сұраққа жауап беруге көмектеседі. Берілген тақырыптағы аргументтер мен талдаулар, позицияларды көрсету арқылы негізгі бөлімді толық жазуға мүмкіндік туады.



Слайд-презентацияларға қойылатын талаптар:
Презентация – өзін көрсету, баяндама жасау, жобаны қорғау, т.б. дүниелерді аудитория алдында көрсету.
Презентация (ағылшын presentation – ұсыну) – туындыны салтанатты жағдайда көпшілік алдында ұсыну. Слайд әр түрлі презентацияларды көрсетуге мүмкіндік береді. Слайд жасаудың құралы – MS Power Point графикалық пакеті. Слайд дегеніміз – тақырыптарды, мәтінді, кестелерді, графикалық обьектілерді, дыбыстық үзінділерді, бейнеклиптерді іске қоса алатын күрделі обьект.
Стилі: безендірудің біркелкі стилін сақтау. Презентацияның өзінен алаңдататын стильден аулақ болу. Көмекші ақпараттар (басқарушы тетіктер) негізгі ақпараттан (мәтін, сурет) басым болмауы қажет.
Фоны: неғұрлым суық түсті таңдау қажет (мысалы, көк, жасыл). Ала-құла фон болмауы қажет.
Түстерді қолдану: бір слайдта үштен артық емес түстерді қолдану ұсынылады: біреуі фон үшін, біреуі тақырып үшін, біреуі мәтін үшін. Фоны мен мәтін үшін қарама-қарсы түстерді қолданыңыз.
Әріптер: тақырып әрпі – 24 –тен кем болмауы, ақпарат үшін – 18 кегльден кем болмауы керек. Әріптің бір типін қолдану;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет