Білім берудегі мультимедиалық технологиялар


Сурет 5 - Мультимедиалық технологияларды пайдалану арқылы оқыту процес



бет4/18
Дата23.08.2017
өлшемі3,06 Mb.
#25512
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Сурет 5 - Мультимедиалық технологияларды пайдалану арқылы оқыту процесiн жетiлдiрудiң моделi

Сонымен, мультимедиалық технологиялар:

  • әрбір пайдаланушының қабілеті мен ерекшелігін ескере отырып, олардың оқу мотивациясын арттыруға септігін тигізеді;

  • түрлі типті ақпараттарды біріктіріп ұсыну арқылы оқытудың интерактивтілік ұстанымын қамтамасыз етеді, өйкені, әртүрлі типті ақпаратты пайдалану адамның әртүрлі сезім мүшелері арқылы оқу материалын жан-жақты қабылдауына ықпал етеді;

  • нақты, күрделі де қиын, белгілі көлемде шығын мен ұзақ уақытты қажет ететін экспериментті модельдеуді жүзеге асырады;

  • құбылыстар мен процестерді динамикада көрсету арқылы абстрактілі ақпараттарды көрнекі тұрғыда ұсына алады;

  • макро және микро әлемдегі нысандарды визуалдауға мүмкіндік береді;

  • бiлiм беруге жұмсалатын шығынның азаюына ықпалын тигізеді.



Бақылау сұрақтары:


  1. Мультимедианың оқытудағы атқаратын қызметтерін атап

көрсетіңіз.

  1. Интерактивті қарым-қатынас дегенді қалай түсінесіз?

  2. Дәстүрлі және инновациялық оқыту технологияларының

айырмашылығы қандай?

4. Edutainment, infortainment ұғымдарының мағынасы қандай?





    1. Мультимедианы оқытуда қолданудың артықшылықтары

мен кемшіліктері
Мультимедиалық құралдарды оқыту процесіне енгізудің екі бағыты бар. Біріншісі, мультимедиалық құралдар дәстүрлі оқыту әдістеріне қосымша, оқыту процесін интенсивтендіру құралы ретінде қолданылады. Екіншісі, оқыту процесін ұйымдастыру формалары мен әдістерін және білім беру мазмұнын жаңартуға мүмкіндік беретін, экстенсивті бағытта қолданылатын мультимедиа-ресурстар ретінде пайдалану.

Интенсивті оқыту – білім беру процесін дамытуды ішкі резервтер есебінен жүзеге асыру.

Экстенсивті оқыту – білім беру процесін қосымша резервтер – жаңа құралдар, құрылғылар, технологиялар есебінен жүзеге асыру.

Мультимедиалық технологияларды білім беруде қолданудың артықшылықтары мен қатар кемшіліктері де бар.

Мультимедианың білім берудегі артықшылықтарына мысалдарды көптеп келтіруге болады. Соның ішінде негізгілеріне тоқталайық:


  • білім мазмұнын құрылымдау технологиялары мен әдістерін жетілдіру;

  • дәстүрлі оқыту жүйесіне өзгерістер енгізу;

  • қосымша мотивациялық тіректерді пайдалану және оқытуды дараландыру арқылы білім беру тиімділігін арттыру;

  • оқыту процесінде өзара қарым-қатынастың жаңаша формаларын ұйымдастыру;

  • мұғалім мен оқушының, студент пен оқытушының іс-әрекеттер сипатын өзгерту;

  • білім беру жүйесін басқару механизмін жетілдіру.

Кемшіліктері:

  • ұсынылған ақпараттың шектен тыс әртүрлі типте берілуі (кескін, дыбыс, бейнемәлімет, анимация) студент пен оқушының негізгі мәліметті қабылдауына кері әсер етуі мүмкін;

  • оқушының, студенттің экспериментті өз қолдарымен жасап көру мүмкіндігінің болмауы;

  • оқытуды дараландыру оқытушы мен студенттің, мұғалім мен оқушының бір-бірімен диалогты қарым-қатынас жасауына әсерін тигізеді;

  • мультимедиалық құралдарды шектен тыс қолдану пайдаланушылардың денсаулығына кері әсер етеді.

Бұл келтірілген қарама-қайшылықтар мультимедиалық ресурстарды оқыту процесіне енгізуді жүйелілік келіске негіздеп жүзеге асыру керектігін дәлелдейді.

Бақылау сұрақтары:


  1. Интенсивті және экстенсивті оқыту дегеніміз не?

  2. Мультимедианы оқытуда пайдаланудың артықшылықтарын атап

көрсетіңіз.

  1. Аталған технологияларды пайдалану арқылы білім беру сапасын

қалайша арттыруға болады?

  1. Мультимедиалық технологияларды оқыту процесінде пайдалану-

дың қандай кемшіліктері бар?

1.5 Мультимедиалық технологиялардың оқыту процесіндегі

тиімділігін анықтау
Мультимедиалық технологияларды оқыту процесінде пайдаланудың тиімділігін анықтау жолдарын қарастырайық.

Мультимедиалық құралдардың оқыту процесіндегі тиімділігін оқытудың мақсатына, мазмұнына, формасына, құралдары мен әдістеріне сәйкестілігі тұрғысынан анықтауға болады. Ал, мұны жүзеге асыру кибернетика ғылымының зерттеу әдістеріне сүйену негізінде орындалады. Кибернетика – қоғамдағы, тірі организмдердегі, күрделі машиналардағы процестердің жалпы заңдылықтарын басқаратын, олардағы ақпаратты беретін ғылым. Кибернетика басқару жүйесіндегі ақпараттық процестерді зерттейді.

Өткен ғасырдың 70-ші жылдарында кибернетиканың зерттеу әдістері педагогикада да қолданыла бастады. Жүйенің жалпы теориясы, басқару теориясы, ақпарат және байланыс теориясы, алгоритм теориясы, модельдеу және бағдарламалау теориялары секілді кибернетика салаларын оқыту процесінде қолдануға байланысты ғалымдар біршама зерттеулер жүргізді.

Педагогикалық процесті басқару және жетілдіру үшін көп жағдайда кибернетиканың бағдарламалап оқыту теориясына сүйенеміз. Педагогикалық кибернетиканың зерттеу әдістерімен шұғылданушы көптеген педагог-ғалымдар бағдарламалап оқыту өз кезегінде педагогикаға жүйелік тәсілді қолдануға әсерін тигізеді деген пікір айтады.

Көрнекті ғалым Т.А.Ильина педагогикада жүйелік тәсілді дамытатын негізгі теорияларға мыналарды жатқызады:


  • кибернетика және жүйенің жалпы теориясы;

  • ақпарат теориясы, бұл теория зерттеушілерді әртүрлі байланыс арналары арқылы ақпараттық тұжырымдамалармен қамтамасыз етеді;

  • жүйелік талдау, бұл әдіс оқытуда жаңа технологияларды қолдану кезінде пайдаланылады.

Жүйелік тәсілдің тиімді нұсқаларының бірі – морфологиялық әдіс. Жүйені талдау және ұйымдастырудағы морфологиялық әдістің әдіснамалық негізгі ерекшеліктерін қарастырайық. Ғылымның дамуы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізудің тәсілдерін үнемі өзгертіп отырады. Қазіргі кезге дейін ғылым дамуы мынадай кезеңдерден өтті:

1) ғылыми жүйелік тәсілдің сипаттамасы зерттеу нысаны ретінде анықталды;

2) зерттеу нысанына „терістеу және құрылымдау” деп аталған ғылыми әдіс қолданылды. Оның негізгі идеясы: оқытылатын жүйе жөніндегі жаңа ұғымдар мен анықтамалар бұрынғы ұғымдар мен анықтамаларды тексеру негізінде пайда болады;

3) жүйелі талдаудың дамуына байланысты терістеу және құрылымдау әдісінің орнына „талдау және құрылымдау әдісі” қолданылуда. Жүйені зерттеудің бұл әдісін пайдалану кезінде шешілетін мәселенің ұғынықты, шешімді үлгісі жасалып, оны ары қарай дамыту жолдары қарастырылады.



Жалпы, педагогикалық зерттеу нысанына қолданылатын жүйе мынадай құрылымдардан тұруы керек:

  • оқытудың мақсатын анықтайтын әлеуметтік жүйеден;

  • оқытудың мазмұнын анықтайтын ғылыми білімдер негізіндегі ақ-параттық жүйеден;

  • нақты бір оқу пәнін оқытудың жалпы және жеке әдістерін дамыту жүйесінен;

  • оқыту процесін ұйымдастыру жүйесінен.

Педагогикалық әдістерді мынадай сипаттамаларына байланысты жіктеуге болады:

  1. Оқытылатын материалдардың құрылымдық-мазмұндық көрсеткіш-теріне;

  2. Оқу материалдарын ұсынудың практикалық әдістеріне;

  3. Білімді қабылдау кезіндегі оқушылардың немесе студенттердің бойындағы интеллектуалдық және психикалық өзгерістерге;

  4. Оқыту нәтижелерін тексеру әдістеріне т.б.

Біз төменде мультимедиалық құралдардың оқытудағы тиімділігін біріншіден, оқытудың мазмұнын анықтайтын ғылыми білімдер негізіндегі ақпараттық жүйеге, екіншіден, оқытылатын материалдардың құрылымды-мазмұндық көрсеткіштеріне байланысты анықтау жолдарын қарастырдық. Оқу материалының мазмұнына қатысты әрбір мультимедиалық құрылғы тізбектер жиынымен сипатталды. Ал, тізбектер жиынын морфологиялық әдісте қолдануға болады. Оны



......................................................



.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет