Жасыл желек туралы:
«Атаңнан мал қалғанша, тал қал қалсын»,
«Дана көптен шығады, дәрі шөптен шығады».
Аң мен құс туралы:
«Қаз ұшып келсе, көлді үйрек жағалар».
«Көк құрақ көлдің сәулеті, аң мен құс елдің дәулеті».
Жер су туралы:
«Жер – ырыстың кендігі»
«Су анасы – бұлақ».
«Судың кепкені – тіршіліктің кеткені» және т.б.
Адам өміріне не қажет? (Диаграманы пайдалану)
Табиғатты қорғау шараларының бір түрі бүкіл адамзат баласының шалыс басқан әрбір іс-әрекетіне келешекте шек қоятын, оның тыныс тіршілігіне атсалысатын ғылымның жаңа саласы.
Табиғат дегеніміз – бұл біздің санамыздан тыс, бізге бағынбайтын, біздің өмірімізге тірек болып тұрған болмыс, әсем дүние. Табиғат адам өмірінің барлық қажетін толық өтей алу үшін, ол міндетті түрде ештеңемен былғанып уланбаған болуы тиіс. Бұны біз табиғат тазалығы дейміз. Табиғаттың тазалығын сақтайтын да, оны былғап улайтын да адам. Адам өзінің де, табиғаттың да, қаласа досы, санасыз іс әрекет жасаса жауы бола алады. Бүгінгі таңда шегіп отырған экологиялық зардаптар бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отыр. Қазақстандағы Алар, Балқаш проблемалары, Семей полигоны және т.б. адам қолымен жасалған залалдар деп түсінуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |