Сабақты қорыту:
Үйге тапсырма:
Сабақтың тақырыбы:
Апан сыры.
Сабақтың мақсаты:
а) Оқушыларға аспан денелерінің орналасуы және олардың қозғалысы туралы түсінік беру.
б) Оқушыларды оқу – танымдық іс - әрекеттерді өэ бетінше жүргізу дағдысын қалыптастыру.
в) Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың әдісі: Аралас сабақ.
Сабақтың түрі: Сұрақ, жауап.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, астрономия.
Көрнекілігі: Суреттер.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
б) Үй тапсырмасын сұрау.
в) Жаңа сабақ.
Астрономия ежелгі ғылымдардың бірі. Ол адам баласының өмірлік қажеттіліктеріне қарай, басқа ғылымдардың бәрінен бұрын пайда болды.
Ерте кездің өзінде-ақ алыс сапарға саяхатқа шыққан адамдаор түнде жұлдыздарға, күндіз Күнге қарап жол таба білген. Астрономиялық бақылаулар бүгінде халықшаруашылығының қатарына: уақытты өлшеу, дәл географиялық карталарды жасау, теңізде, әуеде, ғарыш кеңістігінде аспан шырақтары бойынша бағдар алу жатады.
Дегенмен де бүгінде астрономияның мәні бұлармен шектеліп қала алмайды. Ай мен Күн жүйесінің, ғаламшарларын зерттеу өзіміздің Жерімізді жақсырақ білуге мүмкіндік тудырады. Жер айнасындағы ғарыш кеңістігі мен жерге жақын маңдағы аспан денелері қазірдің өзінде – ақ адам қызметінің шеңберіне еніп отыр. Болашақта ғарышты игеру адам баласының өмір сүру ортасын кеңейтеді экологиялық көкейкесті мәселелерді шешуді жеңілдетеді.
Аспанда орналасқан жұлдыздар мен шоқ жұлдыздарды танып білуді кез-келген бұлтсыз ашық түні атқаруға болады. Айсыз түнгі 90 жұлдыз санап алуға болғанмен, олардың тек 11-і ғана едәуір жарық 2 және 3 жұлдыздық шамамен көрінетін жұлдыздар.
Мысал: Жұлдыздар неге жымыңдайды?
Себебі: Жер шарын атмосфера қабаттары қоршап тұр. Осы атмосфералық қабаттардың әрқайсысының өзіндік қасиеттері, ерекшеліктері бар. Жұлдыздардан шыққан жарық жолда атмосфералық жолда атмосфералық қабаттарды әр түрлі сынады, жарық бағытын өзгертеді. Сондықтан жарық бастапқы бағытынан көрінбей ауысып, көрінеді, осы құбылыс жұлдыздардың жымыңдауын туғызады.
Өте қарапайым астрономиялық құралдармен жасалған бақылаулар әлемнің шексіз екендігіне табиғат танудағы қазіргі ғылыми әдістердің құдіреттілігіне көз жеткізеді.
Адамдар ерте заманнан-ақ өз өміріндегі кейбір құбылыстардың аспан денелері қозғалысымен, күн мен түннің, судың келуі мен қайтуының, күн қызуымен байланысты екенін байқаған. Көптеген құбылыстардың белгілі бір мерзімде қайталанып отыратынын анықтаған. Бес саусақтың әр түрлі есептеулерге пайдаланудың бірнеше әдісі бар. Мәселен, әр саусақтың буындар санын қосқанда он екі. Сондықтан бұл санаудың түрі жыл қайырумүшел есебіне, ай ретін санауға, бір тәуліктегі сағат санын есептеуге өте ыңғайлы. Әр саусақтағы буын саны үштен. Олай болса, төрт саусақ жылдың мезгіліне сәйкес келеді.
« Балаң үйрек » – наурыз, көкек, мамыр. (көктем).
« Ортан терек » – маусым, шілде, тамыз. (жаз).
« Шылдыр шүмек » – қыркүйек, қазан, қараша. (күз).
« Кішкене бөбек » – желтоқсан, қаңтар, ақпан. (қыс).
Саусақтардың салыстырмалы ұзындығы жыл мезгіліндегі күннің ұзақтығын көрсетіп тұрады. Наурызда, қыркүйекте күн мен түннің ұзақтығы теңеледі, ендеше « Балаң үйрек » пен «шылдыр шүмек» ұзындығы орташа. Қолдағы ең ұзын саусақ «Ортан теректің» бірінші буыны маусым айын көрсетеді. Бұл күннің мейілінше ұзаратын айы (22 маусым), ал ең қысқа күні (22 желтоқсан) болатын айға «кішкене бөбектің» бірінші буыны сәйкес келеді.
Адам табиғат әлемінің кішкентай бір бөлшегі. Демек ол өзін қоршаған әлем заңдылықтарын байқап-бағдарлап, табиғатпен үйлесімді өмір сүруге тырысуы керек. Күннен соңғы адамның организміне ерекше ықпал ететін аспан денесі – Ай. Ай ырғағы тек адам емес, барша тіршілік атаулыға әсер етеді.
Ай келбеті, оның бірде сұлу қыздың қасындай қияқтануы, бірде шар айнадай дөңгеленуі Жердің Күн жолында тұрып Айға көлеңке түсіруіне яғни Ай, Жер, Күннің орналасуы ыңғайына байланысты.
Жылдың төрт мезгілі сияқты Айдың да төрт мезгілі бар. Енді осы айтылған, ай мезгілдеріне тоқталайық.
1 – ширегі (Ай көктемі) – ылғалдандырады.
2 – ширегі (Ай жазы) – қыздырады.
3 – ширегі (Ай күзі) – құрғатады.
4 – ширегі (Ай қысы) – мұздатады.
Ай туған күнде адамдарда жағымсыз әрекеттер байқалады. Мысалға миға қан құйылу, инфаркт, талма аурулар көп байқалады. Бұның себебі Жердің магниттік қасиетінің әсер етуінен.
Достарыңызбен бөлісу: |