«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы



бет1/2
Дата01.04.2024
өлшемі20,57 Kb.
#200422
  1   2
Байланысты:
Диас сөж


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті
Тарих және Құқық Институты
Академик Т.С.Садықов атындағы «Қазақстан тарихы» кафедрасы

БОӨЖ 3

Тақырыбы:«Қазақстандағы 100 жаңа есім»
жобасы
Орындаған:Заман Диас
3-ші курс. Тарих-302
Тексерген:
тарих ғылымдарының доктары,профессор
Халидуллин Г
Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы туралы
2. Жобаның мақсаты мен жетістіктері
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жүзеге асып жатқан жобалардың қай-қайсысы да өзінің мазмұн ауқымдылығымен, идеологиялық маңыздылығымен құнды. Соның ішінде, әсіресе «100 жаңа есім» жобасының алар орны айрықша. Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 жаңа есім» бағытын жүзеге асыруға пәрмен бергелі бері еліміздің әртүрлі салаларының дамуына сүбелі үлес қосып жүрген азаматтардың аты тізімге енді.


Тәуелсіздік жылдарында елі­міздің дамуына елеулі үлес қосып, адамдардың табыс­тылығы мен бәсекеге қабі­лет­­­тілігін олардың өмір тари­хы арқылы жас ұрпаққа наси­хаттауды мақсат тұтқан имидж­дік бірегей жоба бүгінде ха­лық­­тың бірауыздан рухани қол­­дауына ие болып үлгерді. «Қазақ­­станның 100 жаңа есімі» – тәуел­сіздік жылдарында табыс­қа жеткен, еліміздің әр өңі­рін­де тұратын түрлі жастағы, сан­алуан этнос өкілдерінің тари­хы. Оның арасында еліміздің туын биікке көтерген спортшылар мен ақ халатты дәрігерлер, ме­це­наттықпен көзге түскен бел­­ді кәсіпкерлер, сондай-ақ ға­лым­дар, мәдениет пен қоғам­дық салада ел аузында жүрген азаматтар бар.
2017 жылдың қыркүйек айынан бастап қолға алынған жобаның ірік­теу жұмыстары бірнеше кезең негізінде жүзеге асырылды. Байқауға қатысушы үміткерлер қызмет саласы бо­йынша 6 санатқа бөлініп, топ­тас­тырылды. Арнайы іріктеу мен дауыс берудің қоры­тын­дысы бойынша 2112 үміткер­дің ішінен 102 жеңімпаз анық­тал­ды. Байқауда топ жар­ған көшбасшылар арасында: спорттан – 13, ғылымнан – 18, мәдениеттен – 10, медицинадан – 18, бизнестен – 13, қоғамдық саладан 30 адам «Қазақ­станның 100 жаңа есімі» қатарын толықтырды.
«Еліміздің Тәуелсіздік жылнамасы жазыла бастағанына небәрі 25 жыл болды. Бұл – тарих тұрғысынан қас қағым сәт десек те, еліміз үшін ғасырға бергісіз кезең. Әрине жасалған жұмыстардың маңызы мен ауқымына ешбір күмән жоқ. Дегенмен осы қыруар істі атқар­ған, ел дамуына зор үлес қос­қан азаматтардың өздері мен олардың табысқа жету тарихы әдетте құрғақ фактілер мен цифр­лардың тасасында қалып қояды. Шын мәнінде, Қазақ­станның әрбір жетістігінің артында алуан түрлі тағдырлар тұр. Қазіргі медиамәдениетті суы­рыла сөйлейтін «шешендер» емес, өмірдің өзінен алынған шынайы оқиғалар қа­лы­п­тас­тырады. Мұндай оқиға­ларды көрсету бұқаралық ақ­парат құралдарының басты ны­са­на­сына айналуға тиіс», деп Мем­лекет басшы­сы Нұрсұлтан Назарбаев бағ­дар­лама құн­дылығын өз мақала­сын­да ай­рық­ша атап өткен болатын.
Тәуелсіздік алғаннан бергі 26 жылдық тарихында елі­міз талай белест­ерді бағынды­рып, үлкен биік­терден көрін­ді. Сындарлы сая­сат пен көре­ген басшының ар­қа­сында Қазақ­стан әлемді та­ны­ды, өзін әлемге танытты. Әри­не бұл жекелей адам­дардың емес, жұмылған жұ­ды­рық­тай ауызбіршілік пен жан­кештілікте тер төк­кен тұтас­­тай халықтың, әрбір қазақ­­стан­дықтың ересен ең­бегі мен маңдай тер, қа­жыр-қай­ратының, Отанға деген шексіз сүйіс­пеншілігінің же­місі екені сөзсіз. Әр адамның тағ­ды­ры же­келей бір тарих десек, «100 жаңа есім» жобасына енген 102 есімнің де сондай 102 түрлі тағдыры бар. Түрлі салада ерекшелігімен көз­ге түсіп, дараланған бұл тұлға­лар­дың әрқайсысы жеке-дара құр­мет­ке лайық. «100 жаңа есім» жо­ба­сына енген таланттар сол қалың қауымның бір парасы ғана. Ондай ерендер ел ішін­де көп­теп саналады. Алайда олар­­дың бірін білсек, екіншісін тани бер­мейміз. Жобада нақты адамдар­дың нақты тағдырлары мен өмір­баян­дары арқылы бүгінгі, зама­науи Қазақстанның келбеті көрі­ніс табады. Демек, «Рухани жаң­ғыру» бағдарламасы аясын­да жүзеге асырылған «100 жаңа есім» жобасының да көз­дегені осы – жанымызда жүр­ген жақ­сыларды, таланттарды жалпақ жұртқа, қалың қауымға таныту.
Байқағанымыздай, жеңім­паз­дардың дені – жастар. Олай болуы заңды да. Себебі ел тәуел­­с­іздігімен егіз жасасып, ұлт ке­ле­шегін кемелдендіре­тін – еге­мен елде дүние есігін ашып, ер­кін ой қалыптастырған азат ойлы жас­тар десек, сондай та­ланттардың «100 жаңа есім» қат­арынан көрінгені көңіл қуанта­ды. Мәселен, өнерімен әлемді тамсандырып жүрген 18 жастағы композитор Рахат-би Әбдісағиннің өмір жолы бұл ойымызға дәлел. Жас сазгер 13 жасында орта мектепті тәмам­дап, қазір тарихы терең­нен тамыр алатын Римнің ең үздік өнер ордаларының бірінде докторантурада білім алып жатыр.
«100 жаңа есім» жобасы әлемде әлі қалыптаспаған тың жоба екені сөзсіз. Себебі мұндай жоба ешбір елде болып көр­меген, алғаш рет Қазақ­станда қолға алынып және осы бірегей жобада жеңім­паз­дардың қатарынан көріну маған үлкен шабыт қана емес, ауқымды жауап­кершілік те жүктеп үлгер­ді. Өмірге әкел­ген әрбір туын­дым­ның артын­да туған елім тұр­ғанын се­зін­­гендіктен де, сол жауап­­кер­­шілік мені ерекше шабыт­­тан­дырады. Қазақ деген ұлы ха­лықтың ұлылығын әйгі­леу үшін барынша тырысып еңбектеніп жатырмын. Себе­бі біздің әрқайсымыздың қо­лы­мызда, істеген ісімізде, жүре­гімізде ұлттың намысы, абы­ройы тұр. Соны төмен түсір­мей, керісінше, асқақтату – бар­лығымыз үшін үлкен сын деп білемін» деп жас композитор өзінің толқынысын жет­кізді. Музыка саласы бойынша жеңімпаз атанған тағы бір өнерлі жас, опера ән­шісі Медет Шота­баев та бұл пікірді қуаттап, аталмыш жо­ба­ның қазақ өнерін жаһанға таны­ту­дағы рөлі орасан екен­дігіне ерек­ше тоқталды.
«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жас өнер­паз­­­дар­ды шабыттандырып қана қой­май, олардың өзі­не деген сенімін оятуда да әсе­рі айрық­ша. «Елімнің ертеңі үшін мен де үлесімді қоса ала­ды екенмін ғой» деген сенім­­нің өзі біздерді жігер­­лен­­­діреді, алға қарай ұм­тыл­­ды­­рады. Сондықтан да бұл жоба дер шағында өмірге келген ауқым­ды бағдарлама деп есеп­теймін. Әсіресе жастар үшін берері мол», деп түйді өз ойын.
Аталмыш жоба арқылы тек ел алдында жүрген өнерпаздар ғана емес, Мемлекет басшысы мақаласында атап өткен, халық көзінен тасада жүріп, тау қопарарлық қыруар шаруа атқарып жүрген өз ісінің шын мәніндегі шеберлерімен танысуға да үлкен мүмкіндік туды. Сондай жеңімпаздар қатарында 10 жылдан бері кітапхана саласында табан аудармай еңбек етіп, Ұлттық кітапхана қорын толығымен электронды нұсқаға аударған IT маман Нұржан Жолдыбалинов пен аударма саласында айтулы жетістіктерге жеткен кәсіби тәржімашы Қуаныш Жұмабектің есімін айрықша атап өтуге әбден лайық.
«Қазір ақпараттық техноло­гия­ның дамыған кезі. Оқуға ын­талы кез келген адамға кітап қай жерде де: қалада жүрсе де, далада жүрсе де қолжетімді болуы керек. Бұл тұрғыда электронды кітапхананың маңызы зор. Осы мақсатпен ұлттық электрон­ды кітапхананы құрдық. Енді ал­дағы уақытта «Рухани жаңғыру» бағ­дар­ламасында ай­тылған келе­сі тармақ латын гра­фи­ка­сы­на көшу жобасын қол­ға алып, кі­тап­хана қорын 2025 жыл­ға де­йін толығымен ла­тын қарпіне кө­шіруді бастап кет­тік. Нақты мақ­саттар жолында ең­бе­к­теніп жатырмыз. Алда жос­­пар өте көп», дейді кәсіби кі­тап­­ха­­нашы, «100 жаңа есім» жоба­­сы­­ның жеңімпазы Нұржан Нұрланұлы.
Нұржан қазақ оқырман­да­ры­на әлем әдебиетінің барынша қол­жетімділігін қамтамасыз ету үшін тынбай еңбектенсе, Қуа­­ныш­тың арманы – Мұхтар Әуезов­­­тің «Абай жолы» роман-эпо­­­пея­­сын ағылшын тіліне ауда­ру.
«Өз басым аудармаға кіріс­пес бұрын қазақ және ағылшынның танымал романдарын көптеп оқыдым. Мен үшін аударма қиынға соғады деп айта алмаймын. Мәселен, кейбір ағылшын тіліне ауда­рыл­ған кітаптарда киіз үй деген сөз «тенд» деп берілген екен. Ал «тенд» деген сөз «шатыр» деген мағынаны білдіреді. Яғни көптеген аудармалардың, меніңше, мағынасы ашылмаған. Сондықтан аудармаға алдағы уақытта баса ден қойсам дей­мін», дейді аудармашы Қуаныш Жұмабек.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет