Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы


Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар



бет6/20
Дата01.06.2017
өлшемі3,25 Mb.
#17346
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
3. Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар


      26. Бастауыш білім беру білім берудің барлық деңгейлеріне ортақ болып табылатын және білім алушы тұлғасының мінез-құлқы мен қызметін ынталандыратын өмірлік тұрақты бағдарлары болуға арналған білім алушылардың бойында ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды дарытуға бағытталған.


      27. Бастауыш білім беру мазмұнында:


      1) қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік;


      2) құрмет;


      3) ынтымақтастық;


      4) еңбек пен шығармашылық;


      5) ашықтық;


      6) өмір бойы білім алу базалық құндылықтар болып айқындалған.


      28. Бастауыш білім берудің мақсаты мынадай кең ауқымды дағдылар негіздерін меңгерген білім алушы тұлғасының үйлесімді қалыптасуы мен дамуына қолайлы білім беру кеңістігін жасау болып табылады:


      1) білімді функционалдықпен және шығармашылықпен қолдана білу;


      2) сын тұрғысынан ойлау;


      3) зерттеу жұмыстарын жүргізе білу;


      4) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана білу;


      5) коммуникацияның түрлі тәсілдерін, оның ішінде тілдік дағдыларды меңгеру;


      6) топпен және жеке жұмыс істеу дағдылары.


      29. Бастауыш білім берудің базалық мазмұны мынадай бағдарларды ескере отырып айқындалады:


      1) заманауи қоғамның динамикалық сұраныстарына сәйкес болуы;


      2) сын тұрғысынан, шығармашыл және позитивті ойлауды дамыту қажеттілігі;


      3) оқу пәндері мазмұнының ықпалдасуын күшейте түсудің орындылығы;


      4) оқытудың, тәрбие мен дамытудың біртұтастығын қамтамасыз ету.


      30. Бастауыш білім берудің базалық мазмұны үштілді білім беру саясаты шеңберінде іске асырылады. Үштілді білім берудің мақсаты көптілді тұлғаны – кемінде үш тілді меңгерген, қызметтің алуан түрлі саласында үш тілде диалог жүргізе алатын, өз елінің мәдениетін бағалайтын, басқа елдердің мәдениетін түсінетін және сыйлайтын Қазақстанның азаматын қалыптастыруға негізделеді.


      31. Үштілді білім беру іс жүзінде мынадай жолдармен іске асырылады:


      1) қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің халықаралық стандарттарға сәйкес деңгейлік меңгерілуін қамтамасыз ету;


      2) сабақтан тыс жұмысты қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұйымдастыру.


      32. Бастауыш білім берудің базалық мазмұны білім беру саласы бойынша бастауыш білім берудің басты миссиясына сәйкес айқындалады, оған сәйкес білім алушыны тек оқытып қана қоймай, сонымен бірге оның рухани дамуының және әлеуметтік маңызды дағдыларының іргетасын қалау керек.


      33. "Тіл мен әдебиет" білім беру саласындағы пәндердің мазмұнында сөйлеу әрекетінің төрт түрі бойынша дағдыларды дамытуға бағытталған коммуникативтік тәсілді қолдану көзделеді. Тілдік пәндердің мазмұны ойын және танымдық іс-әрекеттер арқылы білім алушылардың бойында тілдерді үйренуге деген қызығушылығы мен оң қатынасын дамытуға, сондай-ақ ақпарат алмасу, тілдік материал ретінде мәтінмен жұмыс істей білу, фразалар мен сөз орамдарының мәнін түсіну және оларды нақты жағдайлар кезінде қолдану үшін бастапқы коммуникативтік дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.


      34. Екінші тіл шеңберінде қазақ тілі мен әдебиетін, орыс тілі мен әдебиетін оқыту білім алушылардың тілдік дағдыларын дамыту, мәтіннің әртүрлі түрлері және типтерімен өз бетінше жұмыс істеуге машықтандыру үшін әдеби мәтіндерді пайдалануға негізделген.


      35. Екінші тілді (оқыту тіліне байланысты орыс тілін/қазақ тілін) және үшінші тілді (ағылшын тілін) оқыту тілді деңгейлік үйрену жүйесіне бағдарланған.


      36. "Математика және информатика" білім беру саласының мазмұны "Математика", "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" оқу пәндерінде іске асырылады.


      37. "Математика және информатика" білім беру саласының мазмұны білім алушыларда қоршаған болмыстың алуан түрлі объектілері мен құбылыстарын сипаттау үшін бастапқы математикалық білімді қалыптастыруға; ауызша және жазбаша есептеу алгоритмдерін игеруге; есептер шығарудың жалпы амалдарын, өлшем және есептеу дағдылары негізінде логикалық пайымдаулар түзе білу машықтарын дамытуға; ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қарапайым құралдарын қолдану дағдыларын, ақпаратты іздеу, таңдау, жеткізу, объектілер мен процестерді жобалау, кестелермен, схемалармен, графикалармен және диаграммалармен жұмыс істеуде ең қарапайым әдістерді қолдану, интерпретациялау және деректерді беру машықтарын қалыптастыруға бағытталған.


      38. "Жаратылыстану" білім беру саласының мазмұны "Жаратылыстану" оқу пәнінде іске асырылады.


      39. "Жаратылыстану" пәнінің мазмұны "Адам – Табиғат" жүйесі шеңберіндегі ғылыми білімнің қарапайым деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл оқу пәні білім алушылардың табиғатты тануға деген қызығушылығын, зерттеу дағдыларын дамытуға, қоршаған ортаны ғылыми тұрғыдан түсініп, көре білуді қалыптастыруға бағытталған. Пәннің мазмұны "қарапайымнан күрделіге қарай, таныстан таныс емеске қарай" қағидаты бойынша құрастырылған. Жанды және жансыз табиғаттың құбылыстары мен процестерінің өзара байланыстарының себебін ұғыну және түсіну, қоршаған ортаның көптүрлілігі мен күрделілігін саналы аңғару білім алушылардың ой-өрісін кеңейтеді. "Жаратылыстану" оқу пәні – білім берудің кейінгі деңгейлерінде дербес пән ретінде оқылатын "Биология", "Физика", "Химия" оқу пәндерін оқып-меңгеруге жол бастайтын, сондай-ақ білімнің барлық салаларында маңызды орын алатын зерттеу дағдыларының іргетасын қалайды.


      40. "Адам және қоғам" білім беру саласының мазмұны "Дүниетану", "Өзін-өзі тану" оқу пәндерінде іске асырылады.


      41. "Адам және қоғам" білім беру саласы пәндерінің мазмұны "Адам –Қоғам" жүйесі шеңберінде кіріспе білімді қамтамасыз етуге бағытталған. Пәндердің мазмұны қоғамдық қатынастардың өткені мен бүгінін, олардың өзара байланысын, адамдардың отбасындағы, қоғамдағы өзара қарым-қатынастарын танып-білуге; өз Отаны үшін мақтаныш сезімін қалыптастыруға, отбасындағы, жергілікті, өңірлік, ұлттық және жаһандық қауымдастықтағы өз орнын ұғуға; қазақстандық қоғамның құндылықтары мен жалпыадамзаттық құндылықтарды түсінуге; әр білім алушының өзінің табиғи қабілеттері мен шығармашылық әлеуетінің көзін ашуына; өз халқының және басқа да халықтардың мәдениетіне деген құрмет сезімін дамытуға, өз қылығы үшін жеке басы жауапкершілігін ұғынуына, басқа адамдардың сезімдерін түсінуге және бірге бөлісуге, адам мен қоршаған ортаға деген ізгілік қатынасын тәрбиелеуге бағытталған.


      42. "Технология және өнер" білім беру саласының мазмұны "Бейнелеу өнері", "Еңбекке баулу" және "Музыка" пәндері арқылы жүзеге асырылады.


      43. "Технология және өнер" білім беру саласы пәндерінің мазмұны бейнелеу өнері мен музыканың адам өміріндегі рөлі туралы алғашқы түсініктерді қалыптастыруға, қазақтың ұлттық өнеріне, салты мен дәстүріне және әлемдегі басқа халықтардың өнеріне де құрметпен қарауға тәрбиелеуге; бейнелеу өнерінен, көркем және техникалық еңбектен көркем іс-әрекеттің алуан түрін жасап шығаратын машық пен дағдыларды дамытуға; бастапқы вокалдық және аспаптық дағдыларды дамытуға; дүниені түрлі көру-тактильдік және музыкалық құралдар көмегімен тану тәсілдерін игертуге бағытталған.


      44. "Дене шынықтыру" білім беру саласының мазмұны "Дене шынықтыру" оқу пәнінде іске асырылады.


      45. "Дене шынықтыру" пәнінің мазмұны физикалық қасиеттерді, жалпы дамыту жаттығуларын өз бетімен орындауға деген қызығушылықты дамытуға; саламатты өмір салты мәдениетін дарытуға; дене шынықтырудың адам өміріндегі рөлі туралы түсініктерді қалыптастыруға, спорт, қазақтың ұлттық спорт түрлері туралы ақпаратты өз бетімен таба білу және оны өзінің денсаулығын нығайту үшін пайдалана білу дағдыларын қалыптастыруға; оқу, ойын және жарыс қызметі жағдайында құрбы-құрдастармен қарым-қатынас жасау мәдениетінің машықтарын қалыптастыруға бағытталған.


      46. Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру мерзімі – төрт жыл.

4. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар


      47. Бастауыш мектептегі білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі 29 сағаттан аспайды.


      48. Білім алушылардың инвариантты және вариативтік компоненттерден тұратын оқу жүктемесінің жалпы көлемі, сондай-ақ сыныптар бойынша апталық және жылдық оқу жүктемесі үлгілік оқу жоспарында белгіленеді.


      49. Оқу жылының ұзақтығы 1-сыныпта – 33 оқу аптасын,


      2-4-сыныптарда 34 оқу аптасын құрайды. Оқу жылындағы каникул уақытының ұзақтығы кемінде 30 күнді құрайды. Каникулдар оқу жылында 3 рет – күзде, қыста және көктемде беріледі. Бірінші сыныптың білім алушылары үшін үшінші тоқсанда ұзақтығы бір апта болатын қосымша каникул уақыты беріледі.



      Каникулдың нақты мерзімін Қазақстан Республикасының білім саласындағы уәкілетті органы белгілейді.


      50. Сыныпты екі топқа бөлу қалалық жалпы орта білім беретін ұйымдарда сыныптарда білім алушылар 24-ке немесе одан артық, ауылдық жерлерде білім алушылар 20-ға немесе одан артық, шағын жинақты мектептерде кемінде 10-ға толған жағдайда:


      1) оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптарда қазақ тілі бойынша;


      2) оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін сыныптарда орыс тілі бойынша;


      3) ағылшын тілі бойынша;


      4) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша;


      5) өзін-өзі тану сабақтарын жүргізу кезінде жүзеге асырылады.


      РҚАО-ның ескертпесі!

      Қаулы Стандартпен толықтыру көзделген - ҚР Үкіметінің 13.05.2016 № 292 (01.09.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!

      Қаулы Стандартпен толықтыру көзделген - ҚР Үкіметінің 13.05.2016 № 292 (01.09.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.




 

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 23 тамыздағы
№ 1080 қаулысымен
бекітілген

Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты


      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.05.2016 № 292 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1. Жалпы ережелер


      1. Осы техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – стандарт) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және техникалық және кәсіптік білім беруге қойылатын жалпы талаптарды белгілейді.


      Осы стандартты меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары, оның ішінде әскери, арнаулы оқу орындары (бұдан әрі – ӘАОО) және білім беру бағдарламаларын әзірлеушілер қолданады.


      2. Осы стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:


      1) базалық құзырет – өзін-өзі және жеке қызметін басқару қабілеттілігі, өзін-өзі ынталандыруға және өзін-өзі ұйымдастыруға бейімділігі;


      2) біліктілік – алынған мамандық бойынша қызметтің белгілі бір түрін құзыретті орындауға даярлық деңгейі;


      3) оқу жоспарының моделі – техникалық және кәсіптік білім беру мазмұнының негізгі инварианттық құрылымдық компоненттерін сипаттайтын оқу жоспарын ұсынудың нысаны;


      4) модуль – білім беру бағдарламасының тәуелсіз, өзіндік жеткілікті және толық бөлімі немесе оқыту кезеңі;


      5) модульдік оқыту – модульдік білім беру бағдарламаларын меңгеру негізінде оқу процесін ұйымдастыру тәсілі;


      6) оқытудың нормативтік мерзімі – нақты оқыту нысаны (күндізгі, кешкі, сырттай) бойынша білім беру бағдарламасын меңгеру мерзімі;


      7) кәсіптер мен мамандықтардың тізбесі – оқытудың неғұрлым жалпылама параметрлерін (мамандықтың бейіні, кәсіптік біліктілік деңгейі, базалық білім беруге байланысты оқыту мерзімі) айқындайтын кәсіптер мен мамандықтардың жүйеленген тізілімі;


      8) білім беру бағдарламасы – оқыту мақсаттарын, нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалаудың өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының бірыңғай кешені;


      9) кәсіптік құзырет – білім, іскерлік пен дағдылар, сондай-ақ кәсіптік қызметті тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жеке қасиеттер негізінде маманның кәсіптік міндеттер жиынтығын шешу қабілеттілігі;


      10) кәсіптік практика – болашақ кәсіптік қызметпен байланысты белгілі бір жұмыстың түрлерін орындау процесінде теориялық білімдерді, дағдыларды бекітуге, практикалық дағдылар мен құзыреттерді игеруге және дамытуға бағытталған оқу қызметінің түрі;


      11) оқу жұмыс жоспары – білім беру ұйымының басшысы бекітетін оқу пәндерінің (модульдерінің) тізбесі мен көлемін, бірізділігін, қарқындылығын және оқытуды ұйымдастырудың негізгі нысандарын, білім алушының білімі мен іскерлігін бақылауды және кәсіптік даярлығын бағалауды регламенттейтін үлгілік оқу жоспарының негізінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы әзірлейтін құжат;


      12) оқу жұмыс бағдарламасы – білім беру ұйымының басшысы бекітетін үлгілік оқу бағдарламасы негізінде оқу жұмыс жоспарының нақты пәні (модулі) үшін техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары әзірлейтін құжат, әскери, арнаулы оқу орындарында жұмыс оқу бағдарламасы силлабус деп аталады;


      13) үлгілік оқу жоспары – техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандықтар мен біліктіліктерге, оқыту мерзіміне қатысты оқу пәндерінің (модульдерінің) тізбесі мен көлемін белгілейтін, оқу жоспарының моделі негізінде әзірленетін құжат;


      14) үлгілік оқу бағдарламасы – үлгілік оқу жоспарының нақты пәні (модулі) бойынша меңгерілуге тиіс білім, іскерлік және дағдының мазмұны мен көлемін айқындайтын құжат;


      15) цикл – білім берудің бір бағытындағы оқу пәндерінің (модульдерінің) жиынтығы;


      16) кредиттік оқыту технологиясы – кредитті білім алушы мен оқытушының оқу жұмысының көлемін сәйкестендірілген өлшеу бірлігі ретінде пайдалана отырып, білім алушылардың пәндерді (модульдерді) таңдауы және өз бетінше жоспарлауы негізіндегі оқыту;


      17) дуальді оқыту – кәсіпорынның, оқу орнының және білім алушының жауапкершіліктері тең болған кезде білім беру ұйымындағы оқытуды кәсіпорында білім алушыларға жұмыс орындарын ұсына отырып және өтемақы төлемін төлей отырып оқыту мен практиканың міндетті кезеңдерімен ұштастыратын кадрлар даярлау нысаны;


      18) эксперименттік білім беру бағдарламалары – оқытудың жаңа технологияларын сынақтан өткізуге, білім берудің жаңа мазмұнын енгізуге бағытталған бағдарламалар;


      19) кәсіптік білім – білім алушылардың белгілі бір салада кәсіптік қызметті жүргізуіне және (немесе) нақты кәсіп немесе мамандық бойынша жұмысты орындауына мүмкіндік беретін білімді, іскерлікті, дағдыларды және құзыреттерді алуына бағытталған білім беру түрі;


      20) кәсіптік даярлау – техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлау бойынша қысқартылған мерзіммен оқытатын білім беру бағдарламаларын іске асыруды көздейтін бөлігі;


      21) ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар (балалар) – денсаулығына байланысты білім алуда ұдайы немесе уақытша қиындық көріп жүрген, арнайы, жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын қажет ететін адамдар;


      22) инклюзивті білім беру – ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылардың білім алуына тең қол жеткізуін қамтамасыз ететін процесс;


      23) техникалық және кәсіптік білім беру – білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлауға бағытталған білім беру;


      24) эксперименттік алаң – жаңа педагогикалық технологиялар мен білім берудің жаңа мазмұнын сынақтан өткізуге арналған эксперимент режимінде білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;


      25) әскери тағылымдама – болашақ кәсіби қызметпен байланысты функционалдық міндеттерді орындау процесінде теориялық білімді, іскерлікті бекітуге, практикалық дағдылар мен құзыреттерді игеруге және дамытуға бағытталған әскери, арнаулы оқу орындарындағы оқу қызметінің түрі;


      26) біліктілік сипаттамасы – маманның жеке басына және кәсіби біліктілігіне қойылатын жалпылама талаптарды айқындайтын құжат. Бұл модель кәсіптік даярлықты талап ететін белгілі бір еңбекті орындау бойынша қызметкердің тұлғалық әлеуетінің моделі.


      3. "Білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар" деген бөлімде техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларына, базалық, кәсіптік құзыреттерге және білім беру ұйымдарында білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар көрсетілген.


      4. "Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар" деген бөлімде техникалық және кәсіптік білімнің беру бағдарламаларының мақсаты, құндылығы, мазмұны, іске асырылуы мен құрылымы және оларды меңгерудің нормативтік мерзімдері айқындалған.


      5. "Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар" деген бөлімде кешкі және сырттай оқыту нысандары үшін апталық оқу жүктемесі, оқу жылының ұзақтығы, бақылау нысандары, міндетті оқу уақытының көлемі көрсетілген.


      6. Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау осы стандартқа, сондай-ақ:


      1) оқу-бағдарламалық құжаттамаларға – оқу жоспарының моделіне, үлгілік және оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларына, жеке оқу жоспарларына, сондай-ақ оқу процесін оқу-әдістемелік сүйемелдеу кешеніне;


      2) білім беру бағдарламаларына;


      3) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы уәкілетті органы бекіткен басқа да нормативтік құқықтық және құқықтық актілерге:


      4) ӘАОО ведомстволық бағынысты тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың басқа да нормативтік құқықтық және құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

2. Білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар


      7. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары мазмұнына және білім алушылар даярлығының біліктілік деңгейіне қарай Ұлттық біліктілік шеңберіне сәйкес мыналарды:


      1) өз бетінше жоспарлауды, міндеттерді айқындауды, технологиялық процесс учаскесі және алға қойылған міндеттерді орындауға жауапкершілік пен соңғы нәтижеге қол жеткізуді болжайтын кәсіпорын қызметінің стратегиясы шеңберінде бағынысты қызметкерлердің нормаларды іске асыруын ұйымдастыру мен бақылауды көздейтін атқарушылық, басқарушылық қызметті басшылықпен іске асыру жөніндегі құзыреттерді;


      2) белгіленген норманы орындау тәсілін өз бетінше айқындай білу, еңбек заттары мен құралдарын қолдану, қарапайым міндеттерді орындау жөнінде шешімдер қабылдау, оларды іске асыру үшін жағдайлар жасау, алған тапсырмаларды нақтылау іскерлігін;


      3) заттың өзгеру технологиялары, еңбекті жоспарлау және ұйымдастыру, тапсырманы өз бетінше орындау туралы, қарамағындағыларға міндеттер жүктеу, олардың қызмет нәтижелерін бағалау және талдау, кәсіптік қызметтің типтік жағдайларында қарамағындағы қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттыруын ынталандыру, кәсіби міндеттерді қою және оларды шешу тәсілдері, қағидаттары және әдістері, қарым-қатынастар этикасы мен психологиясы, ойлау және қызмет рефлексиясы, еңбекті уәждеу және ынталандыру тәсілдері, кәсіптік жағдайларды жүйелі талдау тәсілдері және жобалау әдіснамасы, басқарушылық шешімдер қабылдау тәсілдері туралы білімдерді меңгеруге бағытталуы тиіс.


      ӘАОО-да техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың талаптарын орындауға бағытталған.


      8. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар:


      1) білім алушылар оқуды аяқтағаннан және қорытынды аттестаттаудан өткеннен кейін нақты мамандық бойынша біліктіліктің белгіленген және/немесе жоғары деңгейін (разряд, санат) беру;


      2) білім алушылар оқытудың даярлық деңгейін аяқтағаннан және қорытынды аттестаттаудан өткеннен кейін орта буын маманы біліктілігін беру;


      3) білім алушылар жоғары колледжде оқытуды аяқтағаннан және қорытынды аттестаттаудан өткеннен кейін қолданбалы бакалавр (кіші инженер) біліктілігінің деңгейін беру мүмкіндігін көздейді.


      9. Үлгілік оқу жоспарлары оқу жоспарының моделіне сәйкес болуы қажет және мынадай:


      1) ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар қатарынан мамандар даярлау;


      2) әскери, медициналық мамандықтар және мәдениет, өнер мамандықтары бойынша мамандар даярлау жағдайларында ерекшеленуі мүмкін.


      10. Білім беру ұйымдарының оқу жұмыс жоспарлары мен оқу бағдарламалары үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларынан мынадай:


      1) эксперименттік режимдегі жұмыс;


      2) кәсіптік білім беру базасында біліктілігі жоғарғы деңгейдегі орта буын мамандарын даярлау;


      3) ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар қатарынан мамандар даярлау;


      4) әскери мамандықтар бойынша мамандар даярлау жағдайларында ерекшеленуі мүмкін.


      Оқу процесін жоспарлау кезінде техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарларының әзірлеушілері осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік білім берудің оқу жоспарының моделін басшылыққа алады


Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет