Білім беруге жаңаша көзқарас- білім беру жүйесіндегі жаңа талаптар «Білім беру «Қазақстан – 2030»



Дата18.02.2017
өлшемі156,28 Kb.
#10082
Білім беруге жаңаша көзқарас- білім беру жүйесіндегі жаңа талаптар

«Білім беру «Қазақстан – 2030» ұзақ мерзімді Стратегиясының маңызды басымдықтарының бірі болып танылды. Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы мақсаты білім беру жүйесін жаңа əлеуметтік экономикалық ортаға бейімдеу болып табылады. Қазақстан Президенті республиканы əлемдегі бəсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енгізу туралы міндет қойған болатын. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады. Халықаралық тəжірибе ерте балалық шақтан ересек жасқа дейін адами капиталға, атап айтқанда, білім беруге бөлінетін инвестицияның экономика мен қоғамға елеулі қайтарымы болатынын дəлелдеп отыр. Адами капиталға бөлінетін инвестициялар жылдам өзгеретін əлемде бейімделе алатын техникалық прогрессивті, өнімді жұмыс күшін құру үшін аса қажет. Болашақтың табысты экономикасы білім беруіне, халықтың дағдылары мен қабілетіне инвестициялайтындар болмақ. Білім беруді əлеуметтік қажеттіліктерге жұмсалатын шығындар ретінде ғана емес, экономикалық инвестициялар ретінде түсіну қажет»,- делінген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламасында. Олай болса , Мемлекеттік Бадарламада аталған басты тапсырманы орындау жолында еліміздің барлық білім беретін мекемелері өз күш –жігерлерін салып,еңбек етуде.

Осы бағытта Ақтөбе облысы,Мәртөк ауданы,Қаратоғай орта мектебінің ұстаздар қауымы да күш біріктіре отырып еңбек етуде.Адами капиталдың басты бұлағының көзін ашатын,ең алдымен,мектеп болса,осы бағытта жасалып жатқан жұмыстарымен тәжірибе алмасу мақсатында Қаратоғай орта мектебі мемлекттік мекемесінде Мәртөк аудандық «Болашақ»желілік қаумдастықтың ұстаздары бас қосып, «Жаңаша оқытуға-жаңаша көзқарас» атты аудандық семинар өткізді.Себебі жаңаша бағытта білім беруге мемлекет тарапынан көңіл бөлініп,кадрларды қайта даярлаудың ІІІдеңгейлік курсынан өткізгендегі басты мақсат - бағдарламаны орындауға қойылған талаптың бірі еді.

Аудандық семинардың басты мақсаты – ІІІ деңгейлі курстан өткен ұстаздардың іс-тәжірибесін тарату,олардың сабақ беру әдістемесімен танысу болатын.

Аудандық семинар 1ақпан күні сағат 8-30 да басталды.Семинарға аудан әдіскері Коптлеуова Гүлсая Айбатовна бастаған «Болашақ» желілік қауымдастыққа мүше мектеп ұстаздарымен қатар, аудандағы №2 Мәртөк мектеп гимназиясының мұғалімдері де қатысты.

Мектеп оқушылары ұйымдастырған шағын концерттік бағдарламадан кейін мектеп директоры Имашева Мария Амангельдиевна сөз алып,ол ұстаздар мен қатысушыларға сәттілік тіледі. Семинарды одан әрі ІІІ негізгі деңгей бойынша Педагогикалық шеберлік орталығының Ақтөбе қаласы филиалынан 3 айлық курстан өткен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Турмағанбетова Қаламқас Байбақтықызы «Сыни ойлауды дамыту педагогикасы–оқушының өз бетімен іздену,өзін-өзі тәрбиелеу,өздігінен дамуының кепілі» атты баяндамасымен жалғастырды. Ол Қаратоғай орта мектебі мемлекеттік мекемесіндегі курстан өткен мұғалімдерге тоқталып, мектепте жүргізіліп жатқан іс-шаралармен таныстырды.

Семинар одан әрі мұғалімдердің өткізген ашық сабақтары және коучинг, панорамалық сабақтармен жалғасын тапты. Аудандық семинарға қатысқан мұғалімдер мынадай ашық сабақтар:«Цилиндр. Конус».11 «Б» класс, Қаратоғай ОМ математика пәні мұғалімі Карагойшина Г.С. «Бөлшектерді қысқарту»7«Б» класс,Саржансай ОМ математика пәні мұғалімі Рамилин Н.Ұ.

Төмендегідей панорамалық сабақтар мен коучинг көрсетті : «Б дыбысы мен әрпі» саяхат бөлімі- сауат ашу 1 «Б» класс, Қаратоғай ОМ бастауыш класс мұғалімі Елекешова М.М. «Причастие» русский язык, Саржансай ОМ Ибраева С. Е. «К дыбысы мен әрпі» 1«Б» класс, Родниковка ОМ бастауыш класс мұғалімі Есжанова Б.С.

Семинар соңы «Бақытты болу үшін Сізге не жетпейді?» атты психологиялық тренингпен жалғасып,ТурмағанбетоваҚ.Б.қатысушы мұғалімдерді бір серпілтіп тастады. Көңілдері көтеріліп, серпілген ұстаздар семинарға рефлексия жасай отырып, Мәртөк аудандық білім бөлімінің әдіскері Коптлеуова Г.А.мен «Болашақ» желілік қауымдастығының жетекшісі Медетова Б.У. сөз алып, белсене қатысқандарға аудандық білім бөлімінің мақтау қағазын және сертификаттар табыстады.

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»,-деп Президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтқандай,білім беру жүйесінде білім мен білік беріп қана қоймай,саналы тәрбие беру жолында еңбек етіп жатқан Қаратоғай орта мектебі мемлекеттік мекемесі ұстаздарының күнделікті тыныс тіршілігінің бір күні осылай өтті. Мен өз ұжымыма: «Адам капиталы негіздерін тәрбиелеу мен білім беру жолындағы ерен еңбектеріңіз әрқашан жемісті болсын!»- дегім келеді.



Қаратоғай ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тураганбетова Қ.Б.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет