Білім және әлеуметтік теңсіздік. Масс-медиа, технологиялар және қоғам



Дата04.01.2022
өлшемі12,16 Kb.
#108931
Байланысты:
алеуметтану 8


Білім және әлеуметтік теңсіздік. Масс-медиа, технологиялар және қоғам

Жоспары:


1. Білім беру әлеуметтік институт ретінде.

2. Білім берудің қолжетімділігі, мәдени капитал және теңсіздік.

3. Әлеуметтік жүйедегі бұқаралық ақпарат пен бұқаралық коммуникациялар. Масс-медиа қызметтері.

(


1. Əлеуметтанудағы білім беру үрдісі тұлғаның əлеуметтену процесі ретінде қарастырылады. Білім беру əлеуметтануы Э.Дюркгеймнің «Білім беру ойының эволюциясы» (1938) атты еңбегінен бастама алады. Онда ол білім берудің элитарлық теориясын ұсынды. Сонымен бірге өзінің бірқатар еңбектерінде ол білім берудің функционалистік теориясын дамытты. Оған сəйкес, білімді оқыту процесінде əлеуметтік нормалар мен мəдени құндылықтарды қоғам мүшелеріне, олардың арасында бірлік болған жағдайда ендіру. Яғни білім беру үрдісі индивидтерден құрылған бұқараны біріктіріп, белгілі бір əлеуметтік тұтас бірлікке қатысын анықтайды. Дюркгеймнен кейін функционалистік теорияны айтарлықтай дамытқан Т.Парсонс еді. Ол Дюркгеймнен кейін білім беру жүйесі индивидті қоғаммен байлыныстырудағы əлеуметтендіруші рөлінің маңызына орай келіседі. Бірақ Парсонс отбасы жəне білім беру мекемелерінде əлеуметтендіру ерекшеліктерін жеке-жеке талдап көрсетеді. Индивид бір стандарттан екінші стандартқа өтуге үйренуі үшін, бір күйден екінші күйге енуі үшін қазіргі қоғамдар білім берудің формальды жүйесі – арнаулы механизмді жасап берді. Парсонстың білім беру əлеуметтануында аса маңызды ережелердің бірі, білім беру жүйесі қалыпты жағдайда меритократиялық принциптер бойынша қызмет етуі тиіс. Яғни индивидтерді нақты білімі мен еңбегіне қарай бағалау қажет. Парсонс бойынша білімін, қолынан келетін ісін, қабілетін тексеруге орай білім беру жүйесі аса маңызды əлеуметтік қызметті – қоғамда əлеуметтік рөлдерді үлестіру қызметін іске асырады. 2. Білім беру əлеуметтануының орталық мəселесі – «интеллект коэффициенті» деп аталатын орны мен рөлін бағалаумен байланысты. 1970 жылы Х.Айзенк деген психолог əртүрлі өлшемдерге сүйене отырып, қара нəсілдің ақ нəсілге қарағанда интеллект коэффициенті төменірек екенін көрсетті. Мұндай ерекшеліктерді генетикалық факторлардың негізінде түсіндірді. «Интеллект коэффициенті» тек қана нəсілге байланысты емес, сонымен қатар таптық жəне ұлттық айырмашылықтарға байланысты. Əлеуметтік топтың ішіндегі құндылықтар мектептегі, жоғары орнындағы оқу табыстары мен кемшіліктеріне байланысты болады екен. Х.Хаймен 71 жүргізген зерттеулер бойынша жұмысшы табы шартты білім алуға жеке басының табысы ретінде қарамайды. Белгілі бір міндеттелген білім деңгейіне жеткен соң, ол білім алуын тоқтатады. Дж.Дуглас (1940-1960) болса оқушыларды қабілетіне қарай бірнеше топқа бөліп, оларды төрт əлеуметтік топтарға жатқызады. «Қабілеті жоқ» топқа жұмысшы табының төменгі қабатынан шыққандарды жатқызды. Жанжалдар теориясын жақтаушылар білім қолайсыз жағдайдағы топтарды қанау үшін керек дейді. 2. Қазіргі білім берудің қалыптасуының ұзақ тарихы бар. Адамзат қоғамының əр түрлі даму кезеңдерінде білім берудің əр түрлі үлгілері құрылған. Құл иеленушілік қоғам білім берудің екі үлгісімен сипатталады: «антикалық» жəне «римдік». Екеуіне ортақ нəрсе – білім берудің элитарлығы, ғылыммен жəне өнермен айналысу ауқатты адамдардың ғана артықшылығы. Антикалық білім беру үлгісінде ежелгі гректер білімнің практикалық жағына аса көңіл аудармай, өнер мен философияны оқытуға басымдық берді. Сонымен қатар еріктілік пен еркінділік принциптеріне ерекше мəн берілді. Білімнің римдік үлгісі унитарлық сипатта дамып, оның өзіндік нормативтік-құндылық бағдары болды. Римдік білім беру үлгісі тəртіпке негізделіп, мəжбүрлеп оқытуға басымдылығымен ерекшеленді. Білім берудің басты мақсаты – əскери басшылар мен мемлекеттік қайраткерлерді даярлау. Орта ғасырлардан Жаңа Заманға өту кезеңінде білім беру институттары жақсы дамыды. Бастапқыда шіркеу ішінде пайда болған университеттерді құру – осы уақыт жетістіктерінің бірі болды. Білім берудің қазіргі заманғы жүйесі XVIII ғасырдың соңында жəне XIX ғасырдың басында қалыптасты, ол классикалық деген атқа ие болды. Білім берудің классикалық парадигмасы еуропалық мəдениет пен өркениет жетістігінің кепілі. Міндетті бастауыш жəне орта білім беру принципі əлемнің көптеген дамыған елдері үшін нақты нəрсе болды. XX ғасырдың соңындағы əлем халқының 80%-нің сауатты болуы нақты факті ретінде көрініс тауып отыр. 3. Əлеуметтік əркелкіліктің моделін білім беруде – мəдени депривация теориясы деп атайды. Оған сəйкес əлеуметтік субъективті мəдениеттер білім алу саласында басқа əлеуметтік-мəдени топтармен бəсекелесуге мұрсат бермейді. Мəселе тек материалдық жетіспеушілікте емес, сəбидің қоршаған ортаның мəдени қырынан қарағандағы кедейлігі. Депривация формасына бүгін əлеуметтанушылар лингвистикалық депривацияны, тіл қолданысына қатысты мəселелердің жоқтығын жатқызады. Мұнда білім беру жүйесінің кейбір ұлт тілдерінде толық жетілдірілмегеніне орай ұлттық мектептерді бітіргендер үшін қолайсыз жағдай, лингвистикалық депривация тудырып отыратындығын атап өту керек. 72 Танымдық депривация дегеніміз мəдениеттің базалық элементтері – отбасында кітаптың, қөркем заттардың жоқ болуында. Ал қазір бейнетехника мен компьютердің үйде болмауы да қосылады. Мəдени депривация теориясы білімге деген бірыңғай мүмкіндіктерге жол ашу білім беру саласында əлеуметтік топтар үшін тепе-тең мүмкіндіктерді тудырады. Біздің еліміздегі мамандарға зəру болған проблемаларын түзету үшін ұлттық мамандарды (мұғалім, дəрігер, ғалым, инженер) əзірлеу бағдарламалары тарихи қалыптасқан мəдени депривацияны жоюға бағытталған еді. 4. Білім беруде байқалған қазіргі үрдістердің бірқатарына мыналарды жатқызуға болады – ең алдымен, білім берудің негізгі парадигмасын өзгерту. Қазіргі əлеуметтануда білім – мəдени капитал ретінде қарастырылып, ол болашақта табыс алып келетін, капитал жинақтау көзі деп түсіндіріледі. Яғни білімді адамдар əлеуметтік топтардың ерекшеленуінің бір түрі ретінде қарастырылады. Бұл ретте екі мəселе бар: 1) білім алудағы мүмкіндіктер; 2) кəсіби дайындықтан өткізе алатын мамандардың білім деңгейлері. Білім беруді тереңдету үшін оқытудың қарқынды əдістемелерін енгізу үрдісі, ірі ақпарат массивтерін білім беруде қолдану, білім беруді интернационализациялау, яғни бірлескен халықаралық ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру, студенттер мен оқытушылардың алмасу үрдістерін жаңғырту, үздіксіз білім беруді дамыту, тұтас алғанда, үздіксіз білім беруді адам өмірінің ажырамас құқықтарының бірі ретінде қарастыру мəселелері – білім беруді одан əрі ілгері дамытудың жаңа формалары болып табылды. XX ғасырда жоғары білім алу – орташа топтың өкілі болуының айғағы. Соңғы статистикалық мəліметтер бойынша, жапон жұмысшыларының жұмысқа алғаш рет орналасқандарының ішінде 93%-ы толық орта жəне жоғары білімдері бар, ал олардың 38%-ы – жоғары оқу орындарында білім алған. АҚШ-та барлық сатушылар мен жұмысшыларының 25%-ы – жоғары білімді адамдар. Қазір білім беру жүйесінде үш проблема айқындай түседі: – жоғары жəне кəсіби білім беруде формальды түрде емес аса мəртебелі, болашағы зор мамандықтарға ие болу мүмкіндіктерді барлық ұлттар мен əлеуметтік топтарға ашу; – білім беру жүйесінің бұрмаланған құндылықтардың орнына саяси демократияландыру үрдісін қалыптастыру; – білім беру мекемелерінің балама түрлерін, олардың əлеуметтік тиімділігін қарастыру. 5. Отандық білім берудің басты міндеті – əлемдік мəдениет шеңберіне кіруі. Бұл бағытта бұл саланы гуманитарландыруын, компьютерлендіруін, жоғары оқу орындарының дербестігін, мемлекеттікпен қатар мемлекеттік емес білім беру жүйесін дамыту мəселелерін шешілуі. 73 Қазақстанның жоғары оқу орындарына мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен оқуға қабылдау үш кезеңде жүзеге асырылады: 1. ҚР білім жəне жоғары білім министрлігінің Респрубликалық тестілеу орталығы кешенді тестілеу нысанында емтихан жүргізеді. Тесттен өткен талапкерлерге мемлекеттік сертификат беріледі. 2. Тестілеу жөніндегі республикалық комиссия мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындауға конкурс өткізеді немесе мемлекеттік білім беру несиесін алу құқығын береді. 3. Комиссияның мемлекеттік білім беру грантын немесе мемлекеттік білім беру несиесін алу құқығын беру туралы шешіміне сəйкес, қалауы бойынша кез келген жоғары оқу орнын таңдауына жəне 10 тамыздан бастап 25 тамызға дейін осы жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясын тапсыруына болады. Біздің еліміздегі жоғары оқу жүйесі екі дəрежелі оқыту сатысына көшті: бакалавриат жəне магистарура. Бірінші дəреже төрт жылда аяқталады жəне белгілі бір мамандық бойынша жоғарғы білім береді, екінші дəрежені бір жəне екі жыл ішінде жоғары оқу орнын бітірушінің кəсіби білімін көтеру мақсатында оқиды жəне аяқтағаннан кейін өз саласында ғылыми қызметпен айналысуға құқық береді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет