17. 5-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» оқу пәнінің базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады: 1) Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі.Тас дәуіріндегі Қазақстан: Қазақстанда алғашқы адамның пайда болуы, әлеуметтік ұйымдасудың алғашқы формалары. Ежелгі адамдардың кәсібі (аң аулау мен терімшілік). Қазақстан аумағындағы тас дәуірінің тұрақтары. Егіншілік пен мал шаруашылығының қалыптасуы. Ботай мәдениеті. Қола дәуіріндегі Қазақстан: Қазақстан аумағындағы мыс пен қалайы металдарының кен орындары. Андрон мәдениеті. Қола дәуірі кезіндегі шаруашылық пен қоғамдық құрылыс. Беғазы-Дәндібай мәдениеті. Ә. Марғұлан және басқа да Қазақстанның ежелгі дәуірін зерттеушілер;
2) ежелгі көшпелілердің өмірі. Темір дәуірінің ерекшеліктері. Қазақстанның ежелгі металлургиясы. Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы. Алғашқы көшпелілердің өмір сүруді қамтамасыз ету жүйесі. Көшпелілердің жылжымалы баспанасы. Алғашқы көшпелілердің дүниетанымы;
3) сақтар. Қазақстан аумағындағы сақ тайпалары. Сақтар тарихы жайлы деректер. Сақтардың саяси тарихы. Қоғамдық құрылысы. Шаруашылығы мен тұрмысы. Материалдық және рухани мәдениеті. «Аңдық стиль». Есік олжасы – «Алтын адам». Шілікті алқабының патша қорғандары. Берел қорымы. Бесшатыр қорғандары. Тасмола мәдениеті;
4) үйсіндер мен қаңлылар.Үйсіндер. Үйсіндер туралы жазба деректер. Үйсіндердің қоныстануы, шаруашылығы мен тұрмысы. Үйсіндердің қоғамдық құрылысы. Қаңлылар. Қаңлылар тарихына қатысты қытай және парсы деректері. Қаңлылардың қоныстануы, шаруашылығы мен тұрмысы. Қаңлылардың қоғамдық құрылысы. Үйсіндердің, қаңлылардың археологиялық ескерткіштері;
5) ғұндар (хунну). Қытай деректеріндегі ғұндардың ерте тарихы. Мөде шаньюй-ғұн мемлекетінің негізін салушы. Ғұндардың саяси тарихы мен мемлекеттік құрылысы. Халықтардың ұлы қоныс аударуы (ғұндардың Батысқа жылжуы). Аттила және оның жорықтары. Ғұндардың шаруашылығы мен қоғамдық құрылысы. Ғұндар дәуіріндегі мәдениеттің дамуы;
6) сарматтар. Сарматтардың ежелгі замандағы саяси оқиғаларға қатысуы. Сарматтардың қоныстануы, шаруашылығы мен тұрмысы. Сарматтардың қоғамдық құрылысы. Сарматтардың археологиялық ескерткіштері. Мәдениеті;
7) ежелгі Қазақстан тарихына шолу. Қазақстан аумағындағы ежелгі адамдардың антропологиялық бет-әлпеті. Ежелгі Қазақстан тарихының негізгі оқиғалары, құбылыстары мен үдерістері. Ежелгі Қазақстанның мәдени мұрасы;
8) өлкетану: Туған өлкенің аңыз-ертегілері. Өлкенің тарихи ескерткіштері. Өңірдің тарихи тұлғалары: билер, батырлар және ақындар. Өлкетану мұражайы және тарихи жәдігерлер.
18. 6-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» оқу пәнінің базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:
1) VI - IX ғасырдағы Қазақстан. Ортағасырлық Қазақстан тарихының кезеңделуі. Ұлы Түрік қағанатының құрылуы. Қазақстан аумағындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер: Батыс Түрік қағанаты, Түргеш қағанаты, Қарлұқ қағанаты, Оғыз мемлекеті, Қимақ қағанаты. Атлах шайқасының тарихи маңызы. Түркі мемлекеттерінің қоғамдық-саяси құрылысы. Түркілердің әскери өнері. Шаруашылығы. Сауда және қала мәдениетінің дамуы;
2) X ғасыр - XІІІ ғасырдың басындағы Қазақстан.Қарахан мемлекеті. Қазақстан аумағына исламның тарала басталуы. Наймандар, керейіттер, жалайырлар. Қыпшақ хандығы. «Дешті Қыпшақ» түсінігі. Шаруашылығы: көшпелі, отырықшы. Сауда. Қала мәдениеті. Ұлы Жібек жолының тарихи маңызы. Түркі мәдениетінің әлемдік өркениеттің дамуына қосқан үлесі. Түркі әлемінің көрнекті ойшылдары;
3) XIII - XV ғасырлардың бірінші жартысындағы Қазақстан. Шыңғыс ханның жаулаушылық соғыстары. Отырар қорғанысы. Моңғол империясының құрылуы. Алтын Орда. Ақ Орда. Моғолстан мемлекеті. Әмір Темір жорықтары. Ноғай Ордасы. Әбілқайыр хандығы. XIII - XV ғасырлардың бірінші жартысындағы мемлекеттердің қоғамдық-саяси құрылысы. Ортағасырлық саяхатшылар Қазақстан туралы. Шаруашылық. Сауданың дамуы. Мәдениет;
4) қазақ халқының қалыптасуы. Қазақтар – Ұлы Дала мұрагері: тарихи және этникалық сабақтастық. «Қазақ» этнонимі. Қазақ халқының біртұтас халық болып қалыптасу үдерісінің аяқталуы;
5) біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы. Қазақ ұлттық мемлекетінің құрылу алғышарттары. Қазақ хандығының құрылуы (аумағы, халықтың этникалық құрамы). Мемлекеттің негізін салушылар – Жәнібек пен Керей. М.Х. Дулатидің «Тарихи Рашиди» еңбегі – Қазақ хандығыныңалғашқы тарихы жөніндегі құнды дерек. Қазақ хандығы қалыптасуының алғашқы жылдарындағы ішкі және сыртқы саясаты. Біртұтас қазақ мемлекеті қалыптасуының тарихи маңызы;
6) қазақ хандығының XVI - XVII ғасырлардағы дамуы. Қасым хан билігі тұсындағы Қазақ хандығының нығаюы. Хақназар хан билігі тұсындағы Қазақ хандығының одан әрі нығаюы және саяси өркендеуі. Тәуекел ханның ішкі және сыртқы саясаты. Есім ханның ішкі және сыртқы саясаты. Жәңгір хан. Орбұлақ шайқасы. Тауке ханның билігі. «Жеті жарғы». Қазақтың ұлы билері. Қазақ хандығының мемлекеттік-әкімшілік құрылымы. Қазақ қоғамының әлеуметтік стратификациясы;
7) XVI - XVII ғасырлардағы экономика мен мәдениет. Қазақ халқының мәдениеті: материалдық, рухани мәдениет. Әдебиет пен өнер: ақын-жыраулар, халық әншілері мен композиторлардың шығармашылығы, музыкалық өнер. Қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы: мал шаруашылығы, егіншілік;
8) өлкетану: Топонимдер – өткен заманнын куәгерлері (жер-су атауларының тарихы). Мәдени-тарихи дәстүрді сақтаушылар: өлкенің ұлттық қолөнері. Бір халық – бір ел – бір тағдыр (менің өлкемнің халықтары). Туған өлке тарихының қазіргі куәгерлері.
19. 7-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» оқу пәнінің базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:
1) XVIII ғасырдың басындағы Қазақстан: сыртқы және ішкі саяси жағдай. Жоңғар мемлекеті. Қазақ-жоңғар соғыстары. «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» заманы. Қарақұм мен Ордабасыдағы құрылтайлар – қазақ жасағының құрылуы. Аңырақай шайқасы. Отан қорғаушы батырлар. XVIII ғасырдың
30-40 жылдарындағы қазақ-жоңғар соғыстары;
2) XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақ хандығы. XVIII ғасырдың басына дейінгі қазақ-орыс қатынастары. XVIII ғасырдың басындағы Ресей империясы назарындағы Қазақстан (саяси және экономикалық мақсаттар, әскери-барлау экспедициялары, алғашқы әскери бекіністердің салынуы). Кіші жүз ханы Әбілқайырдың Ресей бодандығын қабылдауы:себептері мен мақсаттары. XVIII ғасырдың 30-50-жылдарындағы Қазақстандағы Ресей империясының саясаты. ХVІІІ ғасырдың
40-жылдарындағы Қазақстандағы ішкі саяси жағдайдың асқынуы. Абылай хан тұсындағы Қазақ хандығы: ішкі және сыртқы саясаты;
3) XVIII ғасырдағы Қазақстан мәдениеті. XVІII ғасыр ақын-жырауларының шығармашылығы. XVІII ғасыр тарихы бойынша қазақ деректері. Қазақтардың қолданбалы өнері;
4) отарлау және ұлт-азаттық күрес. Ресей империясының отаршылдық саясаты: мақсаттары мен әдістері. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (себептері, қозғалыстың қозғаушы күші, кезеңдері мен барысы, нәтижелері). 1822-1824 жылдардағы патша реформалары (Кіші және Орта жүздегі хандық биліктің жойылуы). 1836-1838 жылдардағы Бөкей ордасындағы қазақтардың көтерілісі (себептері, негізгі кезеңдері мен шайқастары).
XIX ғасырдыңбірінші жартысындағы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалыстары (Жоламан Тіленшіұлы, Саржан Касымов бастаған көтеріліс). Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (себептері, мақсаттары мен қозғаушы күштері, негізгі кезеңдері). Кенесары Қасымұлы: тұлға және саясаткер. Жанхожа Нұрмұхамедұлы және Есет Көтібарұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс (себептері, көтеріліс барысы). Ресей империясының Қазақстанның оңтүстік аймақтарын қосып алуы. ХVІІІ ғасырдың соңы –
XIX ғасырдағы Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстардың тарихи маңызы;
5) Қазақстан Ресей империясының құрамында. XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы патшалық реформалар. 1867-1868 жылдардағы реформалар. Қазақстандағы патшалық Ресейдің аграрлық және қоныстандыру саясаты. 1860-1870 жылдардағы ұлт-азаттық күрес (себептері мен көтеріліс барысы). ХIХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы. Капиталистік қатынастардың ене бастауы. ХIХ ғасырдың 80-90 - жылдарындағы әкімшілік-аумақтық реформалар: мазмұны мен салдары. Сауда қатынастарының дамуы. Жетісу аумағына ұйғырлар мен дүнгендердің қоныс аударуы. Дәстүрлі қазақ қоғамының трансформациясы. XIX ғасырдың екінші жартысындағы қоғамдық-саяси ойлардың дамуы;
6) XIХ ғасыр-ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның мәдениеті.
XIX ғасырдағы Қазақстандағы ағарту ісі мен ғылымның дамуы. Бөкей ордасының ханы Жәңгірдің ағартушылық қызметі. Қазақстанның ғылыми зерттелуі
(П. Семенов-Тянь-Шанский, Г.Н. Потанин, В.В. Радлов, М. Шорманов,
М. Бабаджанов, А. Диваев). Зайырлы және діни білім беру мекемелері. Жадиттік және білім берудегі жаңашылдық. Шоқан Уәлиханов – ұлы қазақ ғалымы. Ыбырай Алтынсарин –ағартушы, жаңашыл-педагог, қоғам қайраткері. Абай Құнанбайұлы – ұлы ойшыл, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы. Қазақ музыкалық мәдениетінің дамуы (Құрманғазы Сағырбайұлы, Тәттімбет Қазанғапұлы, Дәулеткерей Шығайұлы). Әйгілі суретшілер шығармашылығындағы ұлттық контекст. Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпеев және К. Халидтің тарихи еңбектері.
7) өлкетану: Туристік маршруттар. Жомарт жүрек. Туған өлкенің шежіресі. Мектебімнің тарихы.
Достарыңызбен бөлісу: |