Білім және ғылым министрінің


-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» оқу пәнінің базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады



бет3/9
Дата09.12.2019
өлшемі217,34 Kb.
#53250
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
14 Өтпелі кезеңнің оқу бағдарламасы Казакстан тарихы 5-9 сынып
14 Өтпелі кезеңнің оқу бағдарламасы Казакстан тарихы 5-9 сынып

20. 8-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» оқу пәнінің базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:


1) ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси үдерістер. XX ғасырдың басындағы Қазақстанның экономикалық дамуы. Столыпиннің аграрлық реформасы және шаруалардың Қазақстанға жаппай қоныс аударуы. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы. Сауданың дамуы. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс. Қазақ ұлттық зиялылар қауымы және оның XX ғасырдың басындағы қоғамдық-саяси үдерістерге әсері. Ұлттық баспаның дамуы («Қазақ» газеті, «Айқап» журналы). 1917 жылғы революциялар. «Алаш» партиясының құрылуы. «Алаш-Орда» үкіметі. Қазақ халқының саяси көшбасшылары
(Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Б. Қаратаев, М. Тынышпаев,
М. Шоқаев). XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының ғылыми еңбектері;

2) Қазақстандағы Кеңес үкіметінің орнығуы. «Үш Жүз» қазақ социалистік партиясы. Азамат соғысы жылдарындағы (1918-1920 жылдар) Қазақстандағы соғыс қимылдары. Кеңес билігі органдарының «Алаш-Орда» үкіметі, Қоқан автономиясымен қарым-қатынасы. «Әскери коммунизм саясаты».1921 жылғы жұт және аштық. Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасының құрылуы. Қазақ АКСР-ы аумағының қалыптасуы. Қазақ жерлерінің біртұтастығын қалпына келтірудегі қазақ зиялыларының рөлі. Қазақстандағы Жаңа экономикалық саясат (1921-1925 жылдар). ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы әміршіл-әкімшіл жүйе саясаты. Кеңес үкіметінің діни саясаты;

3) Қазақстан тоталитарлық жүйенің нығаюы кезеңінде. Қазақстандағы социалистік индустрияландыру (мәні мен ерекшеліктері). «Кіші Қазан» (мазмұны және жүзеге асырылуы). Бай шаруашылықтарының тәркіленуі. Ауыл шаруашылығындағы күштеп ұжымдастыру саясаты. Қазақстандағы күштеп ұжымдастыру саясатының экономикалық салдары. 1931-1933 жылдардағы аштық - ХХ ғасырдағы қазақстандық қасірет. Қазақстандағы ұжымдастырудың демографиялық салдарлары. Ұжымдастыруды жүзеге асырудың әдістеріне қатысты ұлттық зиялылардың («Бесеудің хаты») қоғамдық-саяси көзқарасы мен қатынасы. 1920-1930 жылдардағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси үдерістер. Сталиндік репрессиялар. Қазақстан аумағындағы кеңестік «еңбек түзеу» концентрациялық лагерлері (Степлаг, Карлаг, Алжир және тағы басқалар);

4) Кеңестік Қазақстанның мәдениеті: білім мен ғылым . Халыққа білім беру (жалпыға бірдей міндетті сауат ашу, орта білім, қазақ жазуының араб тілінен латын тіліне көшуі, орыс графикасына негізделген жаңа әліпбиге көшу). А. Байтұрсынов – «ұлт ұстазы». Жоғары оқу орындарының ашылуы. КСРО Ғылым Академиясының Қазақ филиалы. Қ.Сәтбаевтың Қазақстан ғылымын дамытудағы рөлі. Қазақстандық ғалымдар мен олардың ғылыми жетістіктері. Әдебиеттің дамуы (Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, Б. Майлин, І. Жансүгіров,


С. Сейфуллин, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мұстафин шығармашылығы). Театр, кино, бейнелеу өнері және оның қайраткерлері. Мәдениет саласындағы кеңестік идеология. Социалистік реализм;

5) Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында. Ұлы Отан соғысының басталуы. Қазақстандағы мобилизация және қазақстандық әскери бөлімдердің құрылуы. Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлігі мен тағдыры. Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы шайқастарына қатысуы. Қазақстандықтар – Кеңес Одағының батырлары. Б. Момышұлы – аңызға айналған тұлға. Қазақстан – майдан арсеналы. КСРО халықтарының Қазақстанға депортациялануы. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы мәдениет. Ғылымның дамуы. Әдебиеттегі жетістіктер (М. Әуезов, Ж. Жабаев, Д. Снегин,

И. Шухов және тағы басқалар). Өнердің дамуы (театр, кино).

21. 9-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» оқу пәнінің базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:


1) Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1953 жылдар). Соғыстан кейінгі жылдардағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер. Пайдалы қазбаларды өңдеу және өнеркәсіптің дамуы. Ауыл шаруашылығының дамуы. Қазақстанның әскери-өнеркәсіптік кешенінің қалыптасуы (Қазақстандағы ядролық полигон). Соғыстан кейінгі жылдардағы қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктері. «Бекмаханов ісі»;

2) Қазақстан «Жылымық» кезеңінде (1954-1964 жылдар). Қазақстанда «Хрущевтік кезеңдегі» өнеркәсіптің дамуы. Тың және тыңайған жерлерді игеру (тың игерудің экономикалық, экологиялық және демографиялық салдары). Қазақстандағы әскери-өнеркәсіптік кешен («Байқоңыр» ғарыш айлағы). «Жылымық кезеңі». 1954-1965 жылдардағы республикадағы қоғамдық-саяси өмір;

3) Қазақстан «Тоқырау» кезеңінде (1965-1985 жылдар). 1965-1985-жылдардағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы. Экономиканың шикізаттық бағыты. Урбанизация. 1970-1980 жылдардағы ауыл шаруашылығындағы дағдарыс. 1965-1985 жылдардағы қоғамдық-саяси өмір. 1979 жылғы Целиноградтағы оқиғалар. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы басшыларының қызметі (Ж. Шаяхметов, Д. Қонаев,
Ж. Тәшенов);

4) кеңестік Қазақстанның мәдениеті (1946-1985-жылдар.). Білім беру саласындағы мемлекеттік саясат. Жалпыға бірдей міндетті орта білім. Қазақ тілінің жағдайы. Ғылымның дамуы. Әдебиеттің дамуы (Ә. Нұрпейісов,


Б. Момышұлы, І. Есенберлин, О. Сүлейменов, М. Шаханов). Өнер (театр, кино);

5) Қазақстан Қайта құру кезеңінде (1986-1991 - жылдар). «Қайта құру» жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер: мақсаттары, проблемалары мен қарама-қайшылықтары. Қазақстандағы 1986жылғы желтоқсан оқиғалары (себептері, барысы мен салдары). 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларының қатысушыларына қатысты жазалау шаралары. «Қазақ КСР-ның мемлекеттік егемегендігі туралы Декларация» (1990 жылғы қазан). Кеңестік саяси жүйенің дағдарысы (1991 жылғы «Тамыз бүлігі»). КСРО-ның ыдырауы. Қазақстандағы қоғамдық-саяси қозғалыстар. Семей ядролық полигонының жабылуы. «Қазақ КСР-ның тілдер туралы Заңының» қабылдануы;

6) Қазақстан мемлекеттілігінің қайта жаңғыруы (1991 - 1997 жылдар). «Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» Конституциялық заңының қабылдануының тарихи маңызы. Н.Ә. Назарбаев – Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті. Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси институттарының қалыптасуы. Нарықтық экономикаға көшудегі қиыншылықтар. Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа кірігуі. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы әлеуметтік-демографиялық үдерістер. 1995 жылғы Конституцияның қабылдануы;

7) Қазақстан Республикасының нығаюы (1997 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін).Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді басым мақсаттары мен стратегиялары. «Қазақстан – 2030» стратегиясының қабылдануы. Қазақстан Республикасының халықаралық сахнадағы беделінің өсуі. Қазақстанның аймақтық және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынасы. Қазақстанның ЕҚЫҰ және ИЫҰ-на төрағалық етуі. Әлемдік экономикалық байланыстар жүйесіндегі Қазақстан. Мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік жағдайы. Астана – Қазақстан Республикасының жаңа астанасы. «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты.


«5 институтционалды реформаларды жүзеге асырудағы100 нақты қадам» ұлттық жоспары – қазіргі заманның сын-тегеуріндеріне жауап. Ұлт көшбасшысы – Н.Ә. Назарбаевтың тәуелсіз мемлекетті құрудағы және дамытудағы рөлі;

8) қазіргі заманғы Қазақстан мәдениеті (1991 жылдан бүгінгі күнге дейін). Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясат. «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасы. Инновациялық ғылыми-білім беру мекемелерінің құрылуы. Этносаралық және дінаралық келісімнің қазақстандық моделі. Қазақстан халқы Ассамблеясы. Жаһандану дәуіріндегі ұлттық мәдениетті жаңғырту және сақтап қалу мәселелері. Қазіргі кездегі өнер мен әдебиеттің даму тенденциялары. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық біріктіруші идеясы.«Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет