Білім және ғылым министрінің



бет8/9
Дата09.12.2019
өлшемі217,34 Kb.
#53250
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
14 Өтпелі кезеңнің оқу бағдарламасы Казакстан тарихы 5-9 сынып
14 Өтпелі кезеңнің оқу бағдарламасы Казакстан тарихы 5-9 сынып




  1. 9- сынып:




Бөлім

Тақырыптар, мазмұны

Оқыту мақсаттары

1- тоқсан

Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1953 жылдар)


Соғыстан кейінгі Қазақ КСР-нің әлеуметтік-экономикалық дамуы
Зерттеу сұрағы: Соғыстан кейінқазақстандықтардың өмірі қалай өзгерді?

9.1.1.1 демографиялық өзгерістердің себеп-салдарлық байланысын талдау арқылы дәйекті қорытынды жасау;

9.4.1.1 Кеңес үкіметі кезіндегі ауыл шаруашылығында орын алған өзгерістерге

баға беру;

9.4.2.1 өнеркәсіптің ахуалын анықтап, қорытынды жасау



Қазақстандағы әскери-өнеркәсіп кешені
Зерттеу сұрағы: Неліктен Қазақстан ядролық сынақтар алаңына айналды?

9.3.1.1 қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру және өзіндік интерпретация жасау;

9.3.2.1 XX ғасырдың екінші жартысындағы әскери-өнеркәсіп кешендерінің Қазақстанға тигізген зардаптарын талдау



Сталиндік идеологияның Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмірге әсері
Зерттеу сұрағы: Неліктен тарихшы Ермұхан Бекмаханов 25 жылға бас бостандығынан айырылды?

9.2.3.1 Ермұхан Бекмахановтың Қазақстан тарихы ғылымына қосқан үлесін бағалау;

9.3.1.1 қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру және өзіндік интерпретация жасау



Қазақстан «жылымық» кезеңінде (1954-1964 жылдар)



«Жылымық» кезеңіндегі Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы
Зерттеу сұрағы: «Жылымық кезеңі» қоғамға қандай өзгеріс әкелді?

9.3.1.1 қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру және өзіндік интерпретация жасау

Тың игеру жылдарындағы Қазақстан
Зерттеу сұрағы: Тың және тыңайған жерлерді игеру саясаты Қазақстанға қалай әсер етті?

9.1.1.1 демографиялық өзгерістердің себеп-салдарлық байланысын талдау арқылы дәйекті қорытынды жасау;

9.4.1.1 Кеңес үкіметі кезіндегі ауыл шаруашылығында орын алған өзгерістерге баға беру



Қазақ КСР экономикасы- ның шикізатқа бағытталуы
Зерттеу сұрағы: Қазақстанның табиғи ресурстарын игеруде ұлттық мүдде қаншалықты ескерілді?

9.3.2.1 XX ғасырдың екінші жартысындағы әскери-өнеркәсіп кешендерінің Қазақстанға тигізген зардаптарын талдау;

9.3.1.1 қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру және өзіндік интерпретация жасау



2-тоқсан

Қазақстан «тоқырау» кезеңінде (1965-1985 жылдар)


1965-1985 жылдардағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы
Зерттеу сұрағы: Не себепті 1965-1985 жылдар «тоқырау» кезеңі деп аталды?

9.4.2.1 өнеркәсіптің ахуалын анықтап, қорытынды жасау;

9.4.1.1 Кеңес үкіметі кезіндегі ауыл шаруашылығында орын алған өзгерістерге баға беру




XX ғ. 60-80 жылдарындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуындағы қарама-қайшылықтар
Зерттеу сұрағы: XX ғасырдың. екінші жартысында ұлттық мүдделерді қорғау қалай жүзеге асырылды?

9.3.1.1 қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру және өзіндік интерпретация жасау;

9.3.1.4 әміршіл-әкімшіл саясатқа қарсы халық наразылықтарын салыстырып, талдау;

9.3.1.2 қоғамдық-саяси қайраткерлердің ұлттық мүддені қорғаудағы рөліне баға беру


«Тоқырау» жылдарындағы демографиялық процестер
Зерттеу сұрағы: Қазақстандағы урбандалу процесіне қандай фактор лар әсер етті?

9.1.1.1 демографиялық өзгерістердің себеп-салдарлық байланысын талдау арқылы дәйекті қорытынды жасау;

9.1.1.2 өткен тарихи кезеңдермен сабақтастықты орнату арқылы қазіргі кезеңдегі демографиялық процестерге баға беру



Кеңестік Қазақстанның мәдениеті (1946-1985 жылдар)


XX ғасырдың екінші жартысындағы білім беру жүйесінің дамуы
Зерттеу сұрағы: Кеңестік білім беру саласындағы реформалар қандай мақсат көздеді?

9.2.3.2 білім мен ғылым саласындағы мемлекеттік саясатқа баға беру

XX ғасырдың 40-80 жылдарындағы қазақстандық ғалымдардың ғылымды дамытудағы жетістіктері
Зерттеу сұрағы: XX ғасырдың екінші жартысында ғылымның қай салалары көбірек дамыды?

9.2.3.2 білім мен ғылым саласындағы мемлекеттік саясатқа баға беру

XX ғасырдың 40-80 жылдарындағы әдебиет пен өнердің дамуы
Зерттеу сұрағы: Кеңестік идеология қазақ мәдениетінің дамуына қалай әсер етті?

9.2.2.1 кеңестік әдебиет пен өнер туындыларында қоғамдық өмірдің бейнеленуін талдау;

9.2.2.2 Мұхтар Әуезов шығармаларының әлем әдебиетіндегі орнын бағалау



Қайталау

3-тоқсан

Қазақстан қайта құру кезеңінде (1986-1991 жылдар)

Қазақстан «Қайта құрудың» бастапқы кезеңінде
Зерттеу сұрағы: КСРО-ның ыдырауы: заңдылық па әлде кездейсоқтық па?

9.3.1.1 қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру және өзіндік интерпретация жасау;

9.4.1.2 Кеңес үкіметі кезіндегі орын алған әлеуметтік-экономикалық проблемаларды талдау



Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары
Зерттеу сұрағы: Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғаларының сипаты қандай болды?

9.3.1.5 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының тарихи маңыздылығына баға беру;

9.3.1.4 әміршіл-әкімшіл саясатқа қарсы халық наразылықтарын салыстырып, талдау



«Қайта құру» жылдарындағы Қазақстандағы демократиялық процестер
Зерттеу сұрағы: Демократиялық процестер қоғамдық сананы қалай өзгертті?

9.3.1.1 қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру және өзіндік интерпретация жасау

Қазақстан мемлекеттілігінің қайта жаңғыруы (1991 – 1996 жылдар)


Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің жариялануы
Зерттеу сұрағы: «Қазақстан Республикасының тәуелсіздік туралы» Конституциялық Заңының тарихи маңызы қандай?

9.3.1.6 Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамдарын анықтап, қорытындылау;

9.3.1.7 өткен оқиғалармен сабақтастықты орнатып, Қазақстан тәуелсіздігінің жариялануының тарихи маңызын түсіндіру



Н.Ә. Назарбаев - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті
Зерттеу сұрағы: Саяси көшбасшының мемлекет тарихының бетбұрысты кезеңдеріндегі рөлі қандай болды?

9.3.1.10 Тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуындағы Елбасы Н. Назарбаевтың рөліне баға беру

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы мемлекеттілікті қалыптастырудағы іс-шаралар
Зерттеу сұрағы: 1995 жылғы жаңа Конституцияны қабылдаудың тарихи маңызы неде?

9.3.1.8 Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық – саяси дамуын талдау;

9.3.1.6 Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамдарын анықтап, қорытындылау;

9.3.1.3 Қазақстан Республикасы Конституциясын мемлекеттің тұрақты дамуның кепілі ретінде бағалау


Қазақстан – халықаралық құқық субеъектісі
Зерттеу сұрағы: Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа кірігуі қалай жүзеге асты?

9.3.2.2 Қазақстан Республикасының халықаралық аренада танылуына баға беру;

9.3.2.3 Қазақстанның аймақтық және халықаралық ұйымдарымен байланыстарын талдау



Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы Қазақстанның экономикалық дамуы
Зерттеу сұрағы: Неліктен нарықтық экономикаға көшу барысында қиыншылықтар орын алды?

9.4.1.3 Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру процесінің экономикаға ықпалын талдау;

9.4.2.2 нарықтық экономиканың өндірістік қатынастарға әсерін талдау;

9.4.2.3 Қазақстанның әлемдік экономикаға кірігуін талдау


Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы әлеуметтік-демографиялық процестер
Зерттеу сұрағы:

Қазақстандағы әлеуметтік-демографиялық процестердің ерекшеліктері неде?



9.1.1.3 Қазақстанның даму стратегиясындағы демографиялық саясаттың бағыттарын талдау;

9.1.1.2 өткен тарихи кезеңдермен сабақтастықты орнату арқылы қазіргі кезеңдегі демографиялық процестерге баға беру;

9.1.2.1 қазіргі кездегі Қазақстан халқының әлеуметтік жағдайын статистикалық мәліметтер негізінде талдау;

9.3.2.4 қазақ диаспораларының тарихи Отанымен байланысының маңыздылығын айқындау



4-тоқсан

Қазақстан Республикасының дамуы (1997 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін)

Қазақстан - 2030» Стратегиясы – мемлекет дамуындағы жаңа кезең
Зерттеу сұрағы: «Қазақстан - 2030» Стратегиясын қабылдау қажеттілігі неден туындады?

9.3.1.9 ұзақ мерзімді мемлекеттік стратегияларды талдау;

9.1.1.3 Қазақстанның даму стратегиясындағы демографиялық саясаттың бағыттарын талдау



Қазақстанның 1997 жылдан бастап экономикалық дамуы
Зерттеу сұрағы: Қазақстан Республикасының XXI ғасырдағы экономикалық дамуының негізгі бағыттары қандай?

9.4.2.2 нарықтық экономиканың өндірістік қатынастарға әсерін талдау;

9.4.1.4 аграрлық секторды модернизациялау бағыттарын талдау;

9.4.2.4 сыртқы сауданың экономикаға әсерін зерттеу


Қазақстанның 1997 жылдан бастап әлеуметтік дамуы
Зерттеу сұрағы: Қазақстан халқының әлеуметтік жағдайы қалай өзгерді?

9.1.2.1 қазіргі кездегі Қазақстан халқының әлеуметтік жағдайын статистикалық мәліметтер негізінде талдау

Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қазақстан
Зерттеу сұрағы: Қазақстанның жаңа әлемдегі орны қандай?

9.3.2.3 Қазақстанның аймақтық және халықаралық ұйымдарымен байланыстарын талдау;

9.3.2.2 Қазақстан Республикасының халықаралық аренада танылуына баға беру



Астана – Тәуелсіз Қазақстанның астанасы
Зерттеу сұрағы: Астананы көшіру неліктен ұтымды стратегиялық шешім болып табылды?

9.3.1.11 Астананы жаңа Қазақстанның өркендеуінің нышаны ретінде айқындау

«Қазақстан – 2050» стратегиялары
Зерттеу сұрағы: «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қандай жаңа саяси бағытты белгіледі?

9.3.1.9 ұзақ мерзімді мемлекеттік стратегияларды талдау

Қазіргі кездегі Қазақстанның дамуындағы басым бағыттары




Зерттеу сұрағы: «5 институтционалды реформаларды жүзеге асырудағы 100 нақты қадам» ұлт жоспары неліктен қабылданды?


9.3.1.9 ұзақ мерзімді мемлекеттік стратегияларды талдау

Қазіргі заманғы Қазақстан мәдениеті (1991 жылдан бүгінгі күнге дейін)


Тәуелсіздік жылдарындағы білім мен ғылымның дамуы
Зерттеу сұрағы: Жаһандану жағдайындағы қазақстандық білім мен ғылымның даму тенденциялары қандай?

9.2.3.2 білім мен ғылым саласындағы мемлекеттік саясатқа баға беру

Тәуелсіз Қазақстан мәдениетінің дамуы
Зерттеу сұрағы: Жаһандану дәуіріндегі ұлттық мәдениетті дамыту мен сақтау жолдары қандай?

9.2.2.3 қазіргі кездегі өнер мен әдебиеттің даму тенденцияларын айқындау;

9.2.2.4 ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың қажеттілігін негіздеу («Мәдени мұра», «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру

» бағдарламасы)


Діннің қазіргі Қазақстан қоғамындағы рөлі
Зерттеу сұрағы: Қазақстан қоғамында зайырлы мемлекет және діни сенім бостандығы ұстанымдары қалай үйлесім табуда?

9.2.1.1 дәстүрлі және деструктивті діни ағымдар мен ұйымдардың іс-әрекетін талдау;

9.2.1.2 Қазақстан халқы Ассамблеясының дінаралық, этносаралық келісім және ішкі тұрақтылықты нығайтудағы ықпалын бағалау


«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы




Зерттеу сұрағы:

«Мәңгілік Ел»: идеясының біріктірушілік рөлі неде?


9.2.1.3 «Мәңгілік Ел» Жалпыұлттық идеясының маңыздылығын бағалау;

9.2.1.2 Қазақстан халқы Ассамблеясының дінаралық, этносаралық келісім және ішкі тұрақтылықты нығайтудағы ықпалын бағалау



Қайталау


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет