Білім және ғылым министрлігі



бет14/19
Дата21.04.2017
өлшемі11,8 Mb.
#14457
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Жоңышқа таты. Қоздырғышы - Uromyces striatus Schroter. (Basidiomycetes класы, Uredinales ќатары) саңырауқұлағы.

Жазда жоңышқа жапырақтары мен сабақтарында ашық-қоңыр урединийлер пайда болады. Күзде зақымданған жерлерде қара-сұр түсті телиоспоралар түзіледі. Зақымданған жапырақтардың қурап, түсіп қалуынан шөптің сапасы төмендейді. Саңырауқұлақтың  эцидиалды және спермогониалды сатылары сүттігенде дамиды. аралық иесінде мицелияларда да  қыстай алады. Қоздырғыштың телиоспоралары қыстайды, сонымен бірге сүттігеннің тамырында саңырауқұлақ мицелиилері де қыстап шыға алады.



Фузариоз. Қоздырғышы Fusarium oxysporum Schl. (Deuteromycetes класы, Hyphomycetales ќатары). Қытай бұршағын, асбұршақты, мал азықтық  бұршақты, сиыржоңышқа мен бөрібұршақты залалдайды.

Өсімдік дамудың барлық кезеңінде зақымданады. Зақымданған өсімдіктердің тамыры мен тамыр мойны қоңырланып, шіриді. Тамыр қиындысында өткізгіш ұлпалардың қарайып кеткендігі байқалады. Өсімдіктің өсуі баяулайды. Жерден жеңіл жұлынады. Аурудың қоздырғыштары өсімдік қалдықтары мен топырақта сақталады.

 

 



 

 

 



 

 

Тамыр шірігі. Қоздырғышы Pythium debarianum Hesse. (Oomycetes класы) саңырауқұлағы, Fusarium (Deuteromycetes класы) текті саңырауқұлақтар және басқалары.



Өсімдіктер дамудың барлық кезеңдерінде зақымданады. Ауру өскіндер топырақ бетіне шықпастан, өліп қалады. Зақымданған өскіндерде тамырларының, тұқым жарнағы жапырақтарының, сабақтарының шіруі байқалады. Дамудың соңғы кезеңдерінде өсімдіктің тамыры мен сабақтарының түбі қараяды. Қатты зақымдану егістердің сиреуіне әкеп соқтырады. Аурудың қоздырғыштары өсімдік қалдықтары мен тұқымда сақталады.

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Аңқаның фузариозды-вертициллезді солуы. Қоздырғыштары Fusarium oxysporum Schlect, Verticilium albo-artum Reinke., Berth (Deuteromycetes класы, Hyphomycetales ќатары) саңырауқұлақтары .

Ауру өсімдіктің тамыр жүйесін зақымдайды. Жапырақтар сарғайып, өсімдік солады. Тамыр кесіндісінде өткізгіш ұлпалардың қарайғандығын байқауға болады. Фузариозбен ксилема тамыр мойыны деңгейінде зақымданады, ал вертициллезбен зақымданғанда ашық-қоңыр түске боялады. Қоздырғыш ұзақ уақыт бойы егін орағынан кейінгі қалдықтар мен топырақта сақталады.



 Антракноз. Қоздырғышы Colletotrichum (Deuteromycetes класы, Melanconiales ќатары) текті саңырауқұлақтар. Барлық бұршақ тұқымдас дақылдар зақымданады.

Ауру өсімдікті өсіп даму кезеңінде зақымдайды және жер үстіндегі мүшелерінің бәрінде байқалады. Көктеу кезінде тұқым жарнақтарында ортасында қызғылт жастықшаларға ұқсас спроратүзгіштері бар қызғылт-қоңыр дақтар пайда болады. Жапырақтарда орталық бөлігі ақшыл болып келетін қара дақтар, ал бұршақтарда дөңгелек жиектелген дақтар пайда болады. Қоздырғыш тұқымды зақымдап, оның көктеуін төмендетеді. Аурудың қоздырғыштары зақымданған өсімдік қалдықтары мен тұқымда сақталады.

 

 



 

 

 



 

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет