Білім және ғылым министрлігі



бет12/19
Дата21.04.2017
өлшемі11,8 Mb.
#14457
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19
Зәйтүн зеңі. Қоздырғыштары: Cladosporium herbarum L. (Deuteromycetes класы, Hyphomycetales ќатары). Жаппай таралған, дамуына салқын,сызды ауа-райы қолайлы. Бидай мен арпаны залалдайды.

Ұзақ, сызды ауа-райы жағдайында піскен масақтарда, масақ қабыршақтары мен дәнде, оның ұрық бөлігінде өңезденген қара дақтар пайда болады. Масақ қабыршақтарында ашық, зәйтүн-қоңыр түсті барқыт сияқты зат  түзіледі. Ауру жапырақтар мен сабақтарда да зәйтүн-қара түсті, барқыт сияқты өңез түрінде білінеді. Қоздырғыш  өсімдік қалдықтарында, дәндерде сақталады.

Күреу шаралары: септориозды жоятын фунгицидтер зәйтүн зеңіне де әсер етеді.

 

 



 

 

Қара ұрық. Қоздырғыштары: Bipolaris sorokiniana (Sacc), Shoem (Drechslera teres, Helmintosporium sativum), Alternaria alternata (Fr.) Keisl, (A. tenius) (Deuteromycetes класы, Hyphomycetales ќатары). Ауру жаппай таралған.



Гельминтоспориоз тұқымды зақымдап, олардың егіс сапасын төмендетеді. Саңырауқұлақ  перикарпта, эндоспермда және ұрықта дамиды. Зақымданған дән солып қалады. Bipolaris sorokiniana дәннің ұрығының маңайын қарайтып жібереді. Мұндай дәннің өсу күші төмен болады. Зақымданған дәннен дамыған өсімдіктер тамыр шірігімен ауырады. Alternaria alternata (Fr.) Keisl, (A. tenius) дән қабығын, эндоспермді және алейронды қабатты зақымдайды.

Ауруға жоғары ауа ылғалдылығы (95-97%) мен 22-26° С температура  қолайлы.



Күресу шаралары: ауыспалы егісті пайдалану;  тұқымды себу мерзімі мен себу мөлшерін сақтау; тұқымды тазарту; оны ауамен жылыту және «Тізім....» бойынша  фунгицидтерді пайдаланып дәрілеу қажет.

 

Дәнді дақылдардың қуыршақтануы. Қоздырғышы Siberian oats mosais virus вирусы. Бидайды, арпаны, тарыны және жүгеріні залалдайды.



Ауру өсімдіктердің өсуі тежеледі, жапырақтары мозайкаланып, тамырлары  әлсірейді. Түптенуден бұрын зақымданғанда өсімдік аласа болып өседі де көп сабақтанады. Гүл шоқтары дамымайды, масақ болмайды. Ауру жабайы дәнді дақылдардың қыстайтын мүшелерінде, қара цикадканың дернәсілінің денесінде сақталады. Аурудың дамуына ауыспалы егісті сақтамау, күздік дақылдарды жаздық дақылдардан алыс егу тәртібін бұзу,   цикадалардың болуы ықпал етеді.

 

 



 

Бидайдың жолақ мозаикасы. Қоздырғышы Wheat striate mosaic  вирусы. Жаппай таралған. Бидайды, сұлыны, жүгеріні, тарыны  қатты, ал арпаны шамалы залалдайды.

Жапырақта, оның торларына параллель орналасқан ашық-жасыл түсті сызықшалар, жолақ дақтар пайда болады. Өсімдіктің бойы аласа, масағы толықтай немесе жартылай стерильді, ал дәндері солғын болады. Тұқым және топырақ арқылы вирус тарамайды. Вирус бір өсімдіктен екіншісіне механикалық зақымдану кезінде жұғады, таратушылары кенелер мен бітелер. Қоздырғыш таратушыларда, арамшөптерде, қодыраңда сақталады.

 

 



 

 

Бидайдың қара бактериозы. Қоздырғышы Xanthomonas campestris бактериясы. Ауру өсімдіктің барлық жер үсті мүшелерінде байқалады. Масақ қабыршағында ұзына бойына, қара-қоңыр, қара жолақ дақтар пайда болады. Ауру жапырақта, сабақта алғашқыда сулы, ашық-жасыл түсті, кішірек дақ түрінде байқалады. Кейін қара-қоңыр түсті болады. Ауру зақымданған тұқымда және өсімдік қалдықтарында сақталады.

 

Базальдық бактериоз. Қоздырғышы – Pseudomonas atrofaciens бактериясы. Негізінен бидайды, қара бидайды, ал арпа мен сұлыны сирек залалдайды. Масақтың қабыршақтары бас жағынан бастап қоңырланады. Жапырақтарында  сулы, кейін қоңыр түсті болатын дақтар болады. Аурудың дамуына жауын-шашынның көп болуы мен жылы ауа райы қолайлы. Ауру өсімдік қалдықтары мен зақымданған тұқымда сақталады.

 

 



 

Арпаның жолақ бактериозы.

 Қоздырғышы – Xantomonas translucens бактериясы. Жаппай таралған. Аурудың белгілері гельминтоспориозға ұқсас. Жапырақта торлардың бойында орналасқан майлы, ұзынша дақтар пайда болады. Кейін споралардан тұратын ашық-қоңыр немесе сарғыш түсті экссудатқа (шырышќа) айналады. Ауру тұқымда, өсімдік қалдықтарында сақталады.

 

Тары меланозы. Қоздырғыштары Bipolaris panici-milliacei Drech., Alternaria Necs. (Deuteromycetes класы, Hyphomycetales ќатары) бактериялары және Pseudomonas SyrinGae бактериясы. Ауру Қазақстанда жаппай тараған.

Тары дәнінде мөлшері және боялуы әр түрлі қотыр дақтар пайда болады. Өнім сапасы нашарлап, түсім азаяды. Егіс сирейді.

 

Дәнді дақылдардың вирустық және бактериалық ауруларымен күресу шаралары: тұқым шаруашылығының ережелерін орындау; тұқымды тазарту және сұрыптау; семіп ќалѓан, фузариозбен және басқа аурулармен зақымданған дәндерден тазалау; тұқымды тамыр шірігі мен қаракүйе ауруларына қарсы  дәрілеу; ауыспалы егісті қолдану; жақсы алғашқы дақылды (сүрі жер, рапс, бұршақ тұқымдастар) пайдалану; өсімдік қалдықтарын жою; ауруға төзімді сорттарды пайдаланып, қажет болған жағдайда масақтану кезеңінде фунгицидтерді қолдану; өсу кезеңінде вирустық ауруларды таратушылармен күрес жүргізу қажет.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет