Білім және ғылым министрлігі



бет10/19
Дата21.04.2017
өлшемі11,8 Mb.
#14457
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19

Дәріс 14

Дәнді дақылдардың тамыр шірігі және дақ ауруы

 

Түсініктеме



 

Бірінші және екінші тамыр жүйелерінде, жер астындағы буынаралықтарда, эпикотилде, сабақ түбінде тамыр шіріктері пайда болады. Өскіндердің өлуіне, өспей қалуына, сабақтардың өлуіне, іші бос масақтардың пайда болуына, дәннің семуіне әкеп соқтырады. Дәнді дақылдар кәдімгі питиоздық, ризоктониоздық, фузариоздық және офиоболездік тамыр шірігімен зақымданады. Егіншіліктің топырақты қорғау жүйесі жағдайында кәдімгі және фузариоздық тамыр шірігі аса көп тараған.



 

Кәдімгі шірік. Қоздырғыштары: Bipolaris sorokiniana (Sacc.) Shoemaker. (Deuteromycetes класы, Hyphomуcetales ќатары). Ауру жаппай тараған.  Барлық дәнді дақылдар залалданады. Бұл ауруға арпа мен бидай жиі ұшырайды.

Тұқым арқылы тараған ауру өскіндерді зақымдап, өзгеріске ұшыратады, оларда қара қоңыр дақтар мен сызыќшалар пайда болады, тіпті өлімге әкеп соқтыруы мүмкін. Топырақтан тараған аурудың белгілері көктеу – түптену кезінде білінеді, мұндайда сабақ түбі мен алғашқы жапырақтың қынабы қоңыр түске боялады. Ауру егістердің сиреуіне, масақтың ағарып кетуіне, дәннің семуіне әкеп соқтырады. Ауру қатты дамығанда өсімдіктер қысқа  бойлы болып, масағы дамымай қалады.

Қоздырғыш тұқымда, өсімдік қалдықтарында, арамшөптерде сақталады.  Ауруға әлсіз өсімдіктер тез шалдығады.



Фузариоздық тамыр шірігі. Қоздырғыштары: Fusarium текті саңырауқұлақтар (Deuteromycetes класы, Hyphomуcetales ќатары). Жаппай тараған. Ауру  ылғалдылығы жеткілікті аудандарда аса зиянды. Дәнді дақылдардан бидай мен қарабидай қатты, ал арпа, сұлы және тары шамалы залалданады.

Ауру зақымданған тұқымнан, өсімдік қалдықтарынан тарайды. Залалданған тұқымдар өнбей қалады, көктеген кезде олардың өскіні немесе тамыршасы ғана дамиды. Өскіндердің колеоптилі, түптену буыны, тамырлары, эпикотилі қоңырланады. Өсімдіктің өліп қалуы да мүмкін. Өсімдіктердің өсуі мен дамуында артта қалушылық байқалады. Ауру өсімдіктер тамырлары шірігендіктен топырақтан оңай жұлынады. Жоғары ылғалдылықта зақымданған жерде ақшыл-қызғылт өңез пайда болады. 

Тамыр шірігімен күресу шаралары: фитосанитарлық мағынасы бар сүрі жер мен бұршақ, рапс дақылдарың  ауыспалы егіске енгізу; агротехникалық тәсілдерімен өсімдіктердің дамуына  қолайлы жағдай жасау арқылы олардың тамыр шірігіне төзімділігін арттыру; тұқымдарды жылы ауамен қыздыру; тыңайтқыштарды қажетті мөлшерде ғана қолдану; мүмкін болса тұқымды терең екпеу; тұқымға фитосараптама жасау (зақымданған тұқымдардың зияндылық шегі 15%); тұқымдарды дәрілеуіштермен залалсыздандыру; қара күйеге қарсы қолданылатын дәрілер тамыр шірігіне де аса тиімді. Ауру іште болмаса тұқымның ішінде тұқымға сырттан әсер ететін (контактылы) дәрілер қолдану қажет («...пестицидтер тізімі бойынша).

Септориоз. Қоздырғышы: Sеptoria nodorum Berk., S. tritici (Rob. Et Desm) (Deuteromycetes класы, Sphaeropsidales ќатары). Қоздырғыштың бірінші түрімен өсімдіктің барлық мүшелері зақымдалады, екінші қоздырғыш жапырақтар мен қынаптарды залалдайды. Көктеу кезеңінен бастап ақшыл немесе қара-қоңыр жиегі бар сұр түсті сопақша дақтар пайда

 болады, кейін дақтар тұтасып жапырақ қурайды. Залалданған ұлпа түссізденіп кеуіп қалады. Онда қара дақтар – саңырауқұлақ пикнидтерін көруге болады. Ауру ортаңғы жапырақтарға, одан әрі жоғарғы жағына, кейін масаққа тарайды.

Қоздырғыш өсімдік қалдықтарында, тұқымда сақталады. Өсу кезеңінде ауру желмен тарайды, жаңбыр тамшысы немесе шық аурудың дамуына қолайлы жағдай тудырады. Септориоздың таралуына зақымданған өсімдік қалдықтарының болуы, азотпен қажетінше қоректенбеуі, әлсізденген немесе жиі орналасқан егістер, арамшөптермен ластану мүмкіндік туғызады. Септориоз жауын-шашын көп болған жылдары қатты дамиды.



Жапырақтардың сары дағы. Қоздырғышы: Drechlera tritici-repentis (Died) (Deuteromycetes класы, Hyphomуcetales ќатары).

Аурудың сыртқы белгілері септориозбен ұқсас. Дақтар бастапқыда ақшыл қоңыр және қоңыр болады. Кейін көлемі ұлғайып, ақшыл жиегі бар қисық шеңбер түрлі даққа айналады. Соњында олар тұтасып кетеді. Аурудың айрықша белгісі – дақтардың қара қоңыр немесе қара түсті орталық бөлігі. 

Патоген өсімдік қалдықтары мен жабайы өсетін дара жарнақтылар тұқымдастарында тыныш жатқан мицелий түрінде қыстайды, сондай-ақ тұқымдарда да сақталуы мүмкін. Аурудың дамуын жиі және қатты жауын-шашындар күшейтеді.



Арпаның торлы дағы. Қоздырғышы: Drechslera teres Ito syn. Helminthosporium teres Sacc (Deuteromycetes класы, Hyphomуcetales ќатары).

Түптену – масақтану кезінде жапырақтарда ақшыл-сары жиегі, торға ұқсайтын суреті бар сопақша қоңыр дақтар пайда болады. Ауру зақымданған өсімдік қалдықтарынан тарайды. Оларда саңырауқұлақ мицелий түрінде сақталады. Бастапқы және кейінгі зақымдану конидиялар арқылы жүзеге асады. Ауру қоңыржай температура мен жауын-шашын көп болғанда қатты дамиды. Споралар жаңбыр мен желдің көмегімен тарайды. Қайталама егістікте,  топырақ бетінде егін орағынан кейін қалдықтар қалғанда аурудың таралуына жақсы жағдай туады.

 

Арпаның жолақ дағы. Қоздырғышы: Drechslera graminea (Rab) syn. Helminthosporium gramineum (Deuteromycetes класы, Hyphomуcetales ќатары).



Диффузиялық жолмен дамиды. Залалданған тұқымнан саңырауқұлақ өсу нүктесіне енеді де, өсімдіктің бойына тарайды. Басында жапырақтарда негізгі тарамды бойлай ақшыл-жасыл жолақтар пайда болады. Залалданған ұлпа біртіндеп қараяды да, қуарып қалады, жапырақ негізгі тарам бойымен жыртылып қалуы мүмкін. Ауру өте зиянды. Өсімдіктер қатты залалданғанда бойы өспей қалады, масақтанбайды немесе масағы дамымай қалады. Ауру өсімдіктердің тұқымы нашар көктейді,  өскіннің түсі солғын болады. Ауру  зақымданған тұқым мен өсімдік қалдықтарынан тарайды. Ауру көктем салқын әрі ұзақ болғанда  қатты дамиды.

 

 



Қара-қоңыр тат. Қоздырғышы: Bipolaris sorokiniana Sacc., syn. Helminthosporium sativum (Deuteromycetes класы, Hyphomуcetales ќатары).

Ауру жапырақты, сабақты, масақ қабығын, өсімдіктің жер асты органдарын залалдайды. Ауру дөңгелек пішінді, ақшыл түсті дақ болып білінеді, кейін түсі қара қоңырланып біртіндеп тұтасып кететін дақтарға айналады. Ауаның жоғары ылғалдылығында дақтар конидиялардан тұратын қара зәйтүн түсті өңезге айналады. Ауру тұқымнан, өсімдік қалдықтарынан, топырақтан таралады. Аурудың дамуына ылғалды ауа-райы мен қоңыржай температура қолайлы.

 Дақ ауруларымен күресу шаралары: ауыспалы егісті пайдалану; бір дақылды қайталап екпеу; ауырмайтын төзімді алдыңғы дақылды таңдау; себудің тиімді мерзімдері мен тұқымның себу мөлшерін сақтау; аңызды өсімдік қалдықтарынан тазарту; төзімді сорттарды егу; тұқымды тазартып жылы ауамен жылыту және дәрілеу. Ортаңғы жапырақтардың зақымдануы  10% жоғары, жоғарғысы  1%  (зақымдану дәрежесін анықтау Э.Э.Гешеленің шкаласы бойынша жүргізіледі) болған жағдайда фунгицидтермен «Тізім…» бойынша дәрілеу қажет. Үлгі алу тат ауруыныкі сияқты. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет