Аурудың белгілері сұлы бас ала бастаған кезде көрінеді. Гүл шоғыры споралар жиынтығына айналады. Тек телиоспораларды жауып тұратын масақ қабыршақтары ғана зақымданбайды. Сондықтан да аурудың бұл түрін жабық қаракүйе деп те атайды. Гүл шоғыры бұтақшалары қысқарғандықтан жинақы болады. Споралар тығыз жинақталған оңай шашылмайды.Олар егін орағы кезінде таралады. Дән қабығының астында мицелий және дәннің бетінде телиоспоралар қыстап шығады. Көктемде өскіндерді зақымдайды.
Өсімдіктің сабағы зақымданады. Сабақтың жоғарғы бөлігінде, кейде жоғарғы жапырақтарында және олардың қынаптарында оңай шашылатын споралар жиналған ұзынша жарықшалар пайда болады. Масақтың дамуы тежеледі, түссізденеді, дәннің болмауы мүмкін. Сабақ ұлпаның біркелкі өспеуінен қисайып, байламдар пайда болады. Ауру залалданған сабан мен тұқымнан тарайды. Ауру көктемде өскіндерде басталып, саңырауқұлақтың мицелийі диффузиялық жолмен өсімдіктің барлық жер үстіндегі мүшелерін зақымдайды. Ауру мәдени дәнді дақылдардың ішінде қара бидай үшін өте қауыпті.