Білім және ғылым министрлігі



бет15/19
Дата21.04.2017
өлшемі11,8 Mb.
#14457
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Пероноспороз. Қоздырғыштары: Peronospora manchurica Syd,. P. pisi Syd. (Oomycetes класы, Peronosporales ќатары)

Аурудың шектеулі және диффузиялық түрлері бар. Шектеулі пероноспороз жапырақтың жекелеген бөліктерін зақымдайды. Пероноспороздың диффузиялық жолмен дамитын түрі жапырақты, сабақты және бұршаққаптарды зақымдайды. Оларда сарғыш-қоңыр дақтар пайда болады. Жапырақтың астыңғы бетінде киізге ұқсаған саңырауқұлақ өңезі түзіледі. Диффузиялық жолмен дамығанда аурудың қоздырғыштары тұқымды да зақымдайды. Ауру зақымданған тұқым мен өсімдік қалдықтарынан тарайды. Ауру өсімдіктер нашар өсіп, жапырақтары өледі және өнім түсімі азаяды.

 

 



 

 

Сұр шірік. Қоздырғышы кең бейімделген Botritis cinerea Pers. (Deuteromycetes класы, Hyphomycetales ќатары) саңырауқұлағы.



Көбіне өсімдік сабағы мен бұршақтарын зақымдайды. Өсімдіктің ауру мүшелерінде сұр кигіз сияқты өңезі бар қоңыр дақтар түзіледі. Кейін қара түсті саңырауқұлақ қарамықтары пайда болады. Ауру өнім түсімі мен тұқым сапасын төмендетеді. Ауру топыраққа түскен бұршақ дәндерінде сақталатын саңырауқұлақ мицелийі мен қарамықтардан тарайды.  

Церкоспороз. Қоздырғышы Cercospora sojina (Deuteromycetes класы, Hyphomycetales ќатары) саңырауқұлағы.

Қытай бұршағының жапырақтары мен дәндері зақымданады. Ауру жапырақта жиегі қара, ашық сұр түсті дақтар пайда болады. Жапырақтың астыңғы бетінде қара-сұр түсті өңез түзіледі. Тұқымдағы дақтар жиектелген, әрі шашырап орналасады. Қоздырғыш тұқымда және өсімдік қалдықтарында сақталады.

 

 

 



 

 

Жоңышқаның қоңыр дағы. Қоздырғышы - Pseudopeziza medicagines (Ascomycetes класы, Helotiales қатары) саңырауқұлағы.



Жапырақтарда, сабақтарда, бұршақтарда әр түрлі, кішігірім, қоңыр-сары дақтар пайда болады. Күзге қарай зақымданған мүшелерінде апотецийлер пайда болады. Олар жоңышқа мен өсімдік қалдықтарында қыстап шығады. Көктемде апотецийлерден бөлініп шығатын аскоспоралар жоңышқаны зақымдайды. Ауру тұқым мен шөптің өнімділігін төмендетеді.

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет