Білім және ғылым министрлігі



бет9/19
Дата21.04.2017
өлшемі11,8 Mb.
#14457
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19

Тапсырма:

1. Бидайдың, арпаның, сұлының, жүгерінің тозаңды қара күйесінің белгілерімен және қара бидайдың сабақты қаракүйесінің белгілерімен танысу.

2. Бидай, арпа, сұлы дақылдарының қатты қара күйесінің, жүгерінің толарсаќ қара күйесінің белгілерімен танысу.

3. Гербарлыќ жадығаттарды қарау, ауруларды анықтау, анықтау барысын жазып отыру және өсімдіктің зақымданған мүшелерін суреттеу.

4. Қара күйе  хламидоспораларын микроскоп арқылы әр түрлі мөлшерде үлкейтіп қарау.

5. Ішкі және сыртқы қара күйе ауруының ерекшеліктерін зерделеу.

6. 1 кестені толтыру.

 

 

1 кесте - Дәнді дақылдардың қара күйе аурулары



№ р/р

Қара күйенің түрі, қоздырғыштың жүйелік жағдайы

Зақымданатын дақыл

Зақымданған мүше, аурудың сыртқы белгілері

Кезең

Қоздырғыштың сақталатын жері

Күресу шаралары

зақымдануы

байқалуы

 

 

 

 

 

 

 

 

    Бақылау сұрақтары:

1. Дәнді дақылдар қара күйенің қай түрлерімен зақымданады? Қара күйе ауруларының қоздырғыштарының жүйелік жағдайын ата.

2. Қара күйе саңырауқұлақтарының жіпшумағы қандай?

3. Қара күйе саңырауқұлағы тудырған аурудың белгісі қалай аталады?

4. Қара күйенің қай түрлерінің қоздырғыштары дәннің бетінде сақталады және қыстап шығады?

5. Қара күйенің қай түрлерінің қоздырғыштары тұқым  ішінде дамиды, зақымдану кезеңі?

6. Қара күйенің қай түрлерінің қоздырғыштары өсімдік қалдықтарында, топырақта сақталады және өсімдікті қай уақытта зақымдайды?

7. Тұқымды дәрілейтін улы дәрілердің қай түрлерін қара күйе ауруларының алдын алу үшін пайдаланған жөн?

8. Дәнді дақылдардың қара күйе ауруларымен күресу шаралары.

Дәріс 13


Дәнді дақылдардың тат аурулары  

Түсініктеме

Дәнді дақылдардың тат аурулары аса зиянды аурулардың бірі. Эпифитотия кезінде көптеген аудандарды қамтып, егін түсіміне көп шығын келтіреді. Споралары алыс қашықтықтарға желмен ұшып барып аурудың кенеттен пайда болуына себепкер  болады. Тат саңырауқұлақтары өсімдіктердегі ассимилияциялық процестерді бұзып, фотосинтезді азайтады, тыныс алу мен булануды жиілетеді. Мысалы сабақ татымен қатты зақымданғанда шығын 50%-дан жоғары болуы мүмкін.

Қазақстанның негізгі астық өсіретін аймақтарында бидай, қарабидай, арпада сабақ (жолақты) таты, бидай мен қарабидайда қоңыр тат, сұлының тәжді таты, арпаның қортық таты таралған, ал бидайдың, қарабидай мен арпаның сары таты сирек кездеседі.

Дәнді дақылдардың тат ауруларының қоздырғыштары болып Uredinales ќатарыныњ Базидиомицеттер (Basidiomycetes) класына жататын Puccinia spp. саңырауқұлағы саналады. Аурумен зақымданған мүшелерде түрлі шама мен пішіндегі к‰лдіреуктер (пустулалар)  пайда болады.  Даму кезеңінде спора түзудің бес түрі болады: 0 – спермогонии спермацияларымен, I – эции эциоспораларымен, II – урединиоспоралар түзу, II – телиоспоралар түзу, IV – базидии  базидиоспораларымен. Жазғы споралар деп аталатын урединиоспоралар желмен үлкен қашықтықтарға таралады.

Саңырауқұлақтың жекелеген түрлері қысқа жолмен (жартылай циклмен) дами алады, яғни оларда спора түзудің белгілі бөлігі ғана болады. Тат саңырауқұлақтарының даму  кезеңі бірнеше өсімдікте (көп қожалы) немесе бір өсімдікте( бір иелі) өтуі мүмкін.

 

Дәнді дақылдардың сабақ (жолақ) таты. Жолақ таттың қоздырғышы Puccinia qraminis Pers.



 

Олар бидайдың барлық түрлерін - арпаны, қарабидайды, арпабасты залалдайды. Аралық иесі болып бµріќараќат (барбарис), магония өсімдіктері саналады. Күздік дақылдар мен жабайы дақылдар ауру қоздырғыштарының  сақталатын орны (резерваторы) болып табылады. 

Споралар ауа ағыны арқылы басқа аймақтарға тарайды. Дәнді дақылдардың сабақтары ауруға шалдыққанда, жапырақ қынаптары мен масақ қабыршақтары сирек зақымданады. Өсімдіктің даму кезеңінің екінші жартысында, әсіресе соңына қарай, зақымданған мүшелерде қатар орналасқан, әуелі  татқа ұқсас қоңыр урединиялар,  кейін қара телиопустулалар пайда болады. Саңырауқұлақтың дамуына  ауаның жоғары ылғалдылығы (95 – 100%) және жылы ауа-райы қолайлы



 

 

Дәнді дақылдардың қоңыр таты. Қоздырғыштары Puccinia triticina Erikss. syn. Puccinia recondita f. sp. tritici  бидайды, ал Puccinia dispersa Erikss. syn. Puccinia recondita f. sp. secalis. қарабидайды залалдайды.



Бидайдың қоңыр татының аралық иесі марал оты (василистник), қара бидайдікі – анхуза. Олар аурудың таралуы мен дамуына әсер етпейді. Аурудың қоздырғыштары қысқа жолмен дами алады. Масақтану кезінде, кейде одан да ерте, жапырақтарда қоңыр түсті, ретсіз шашырап орналасқан, дөңгелек пішінді, ұсақ, оңай шашылатын урединиялар дамиды. Даму кезеңінің соңына қарай жапырақтардың төменгі бетінде қара телиопустулалар түзіледі. Бұл ауру тамшылы-сұйық ылғал мен ауа-райы жылы (18-230 С) болғанда жылдам дамиды. Ауру жаздық дәнді дақылдарда зақымданған күздік дақылдармен жақын орналасқанда, егістік тығыз болғанда және кеш егілгенде көп байқалады. Аурудың қоздырғыштары күздік дақылдарда мицелий түрінде сақталады. Саңырауқұлақтың споралары шекаралас аймақтардан келуі мүмкін.

 

Арпаның қортық таты. Аурудың қоздырғышы Puccinia hordei G. H. Otth. саңырауқұлағы. Көбінесе арпаны залалдайды, ал арпабаста сирек кездеседі.



Белгілері бидайдың қоңыр татымен ұқсас. Аралық қожасы – птицемлечник. Саңырауқұлақ қысқа жолмен дами алады.

 

Дәнді дақылдардың сары таты
Қоздырғышы Puccinia striiformis Westend. Бидай мен арпаны залалдайды.

Аралық иесі белгісіз. Бұл саңырауқұлақ қоңыржай температурада жақсы дамиды. Ауру көбінесе урединиялардан тұратын ақшыл қызғылт, сары немесе лимон-сары түсті жолақтар мен кесінділер түрінде білінеді. Ауру қатты дамығанда жапырақ қынабы, сабақ пен масақ (жоғарғы гүл қабыршағы, дән, масақ өзегі) зақымданады. Қоздырғыш күздік дақылдарда қыстайды және ауру содан таралады.



Тәжді тат. Қоздырғышы Puccinia coronifera Kleb саңырауқұлағы. Сұлыны, қара сұлыны және арпабасты залалдайды.

  Аралық қожасы – итшомырт (крушина слабительная). Қолайлы жағдайларда (жауын-шашын, шық, 18 – 210 С температура) өсімдіктің жапырағы мен жапырақ қынабында масақтану кезеңінен бастап қызғылт сары урединиялар пайда болады. Эпидермистің астында жылтыр, қара телиоспоралардың дөңгелек, ромб пішінді  жиынтығы  ішінде урединоспоралары бар пустулаларды айнала орналасқан. Эпидермис жыртылған кезде  олар оңай шашылады.

 

Тат ауруларымен күресу шаралары. Тат ауруымен күресуде дәнді дақылдардың төзімді және ауруды қабылдамайтын сорттарын өсірудің үлкен мәні бар. Қажетті мөлшерде минералдық тыңайтқыштармен қоректендіріп, қодраңның өскіндерін жою қажет. Аурудың таралуын анықтау үшін 10-15 өсімдіктен 15-20 үлгі алынады. Оларды қарап, зақымдану дәрежесін арнаулы  шкалалар арқылы анықтайды. Фунгицидтерді астыңғы жапырақтардың зақымдану дәрежесі 5-10%, үстіңгілерінікі 1% болған жағдайда қолданады. Ауру ерте басталғанда және  қолайлы ауа-райы жағдайында залалдау көрсеткіші 2 есе төмен. Эпифитотия қаупі туғанда, егістерді фунгицидпен өңдеу қажет. Қазіргі фунгицидтер ассортименті («...пестицидтер тізіміне енген») ұзақ қорғаныш әсері бар, тиімділігі жоғары улы дәрілерден тұрады.



Тапсырма:

1. Астықтағы қоңыр, сабақ, сары, тәжді тат ауруларының белгілерімен танысу.

2. Гербарлық жадығаттарды қарау, ауруларды анықтау және өсімдіктің зақымданған мүшелерін суреттеу.

3. Тат қоздырғыштарының  толық және қысқа жолмен даму кезеңдерін зерделеу және суреттеу.

4. Микроскоппен  жұмыс істеу үшін қажетті жадығаттарды дайындау және бидайдың сабақ таты мен қоңыр татының, сұлының тәжді татының қоздырғыштарының урединиоспоралары мен телиоспораларын қарап көру.

5. Дәнді дақылдардың тат ауруларымен күресуге арналған фунгицидтердің түрлерімен танысу.

6. 2 кестені толтыру.

 

кесте -  Дәнді дақылдардың тат аурулары



№ р/н

Қоздырғыш, зақымданған дақыл

Өсімдіктің зақымданған мүшесі, белгілері

Аралық  қожа

Аурудың бастапқы, екінші пайда болу көздері

Аурудың дамуына мүмкіндік туғызатын жағдайлар

Күресу шаралары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   Бақылау сұрақтары:

1. Тат саңырауқұлақтары  қоректенуі бойынша қай топқа жатады?

2. Тат саңырауқұлақтарында мицелийдің қандай түрі кездеседі?

3. Тат саңырауқұлақтарының жүйелік орны.

4. Тат ауруларының біліну белгілері.

5. Тат саңырауқұлақтарының толық даму кезеңін ата. Толық кезең бойынша дамитын тат қоздырғышының түрлерін ата.

6.Қысқа жолмен дамудың ерекшелігі және қоздырғыштарының түрлерін ата.

7. Аралық дақылдарда тат қоздырғыштарының қандай сатылары дамиды?

8. Дәнді дақылдардың тат ауруларымен күресу шаралары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет