Білім және ғылым министрлігі



бет2/16
Дата29.03.2017
өлшемі4,94 Mb.
#12543
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Топырақ микроорганизмдерiнiң тiршiлiгi де оның температурасымен байланысты. Өсiмдiк қоректенуiне қатысты микроорганизмдердiң көпшiлiгi үшiн оңтайлы жылулық 20-300С арасында болып келедi. Шамамен осындай температура түйнек бактериялары үшiн де қолайлы.

Температураның өсiмдiк пен микроорганизмдердiң тiршiлiгiне тiкелей әсерiнен басқа топырақтың су-ауалық және қоректiк жүргiлерiне де әртүрлi әсерi болып отырады.

Өсiмдiк зиянкестерiнiң көпшiлiгi, олардың көбеюi, таралуы топырақта болады. Қар жамылғысының арқасында топырақ температурасы қыс айларында - 40С төмен түспейдi. Осындай жағдайдың әсерiнен көп зиянкестердiң жұмыртқалары, личинкалары топырақ құрамына қыстап шыға бередi. Бiрақ кейбiр қар аз жауатын суық айларда топырақ температурасы – 200С дейiн төмендейдi, ал қар болмаған айларда одан да төмен (-220С) төмендеуi мүмкiн.

Зиянкес жәндiктердiң жойылуы төменгi температураның әсерiнен, олардың денелерiнде мұз пайда болып ауыр физиологиялық өзгерiстерге әкеп соғады.

Жәндiктер жоғары температуралар әсерiнен әлсiрейдi. Өте жоғары температурада, жәндiктердiң биохимиялық процесi бұзылып, көптеген жәндiктер жойылады.

Көптеген жәндiктердiң өсiп-жетiлуi 30-320С температурада нашарлайды, ал ≥450 температурада толық жойылады.
Топырақ жылуының көздерi. Күннiң сәулелi энергиясы (қуаты)-жылудың негiзгi көзi болып табылады. Органикалық заттардың (көң, өсiмдiк қалдықтары ж.б.) ыдырау барысында пайда болатын жылуды көкөнiс шаруашылығында кеңiнен пайдаланады. Жылудың тағы бiр аздау көзi-микроорганизмдердiң тiршiлiгi кезiнде бөлiнiп шығатын жылу. Жылудың басқа көздерiнiң (жердiң iшкi жылуы, элементтердiң радиоактивтiк ыдырау нәтижесiнде пайда болатын жылу және басқалары) егiн шаруашылығында болмашы ғана маңызы бар.

Топыраққа түсетiн күннiң жылу қуатының нақтылы мөлшерi жердiң географиялық ендiгiне, жыл, тәулiк мерзiмiне, атмосфераның хал-жайына (бұлтты, ашық т.б.), баурайдың бетқарасына, күн сәулесiнiң жер бетiне түсу бұрышына, өсiмдiк жамылғысының түрiне және топырақтың қасиеттерiне байланысты болады.


2опырақтың жылу қасиеттерi

Жылу қуатын сiңiру және кескiнiнде тасымалдау процестерiнiң жиынтығын топырақтың жылу қасиеттерi дейдi. Оларға жататындар: жылу сiңiру (қайтару) қабiлетi, жылу сиымдылығы және жылу өткiзгiштiгi.

Топырақтың жылу сiңiруi (қайтаруы) деп топырақ бетiне түскен күн радиациясының белгiлi бiр бөлiгiн сiңiру (қайтару) қабiлетiн айтады. Оның мөлшерi альбедомен (А)-жер бетiне жеткен жалпы күн радиациясының одан қайтарылған (дарымаған), пайызбен көрсетiлген қысқатолқынды (1 м) мөлшерi.

Альбедо топырақтың көптеген қасиеттерiне, атап айтқанда топырақтың түрiне, ондағы органикалық заттардың мөлшерi мен сапасына, грануметрлiк құрамына, құрылымына, топырақ бетiнiң жағдайына, ылғалдылығына, агроландшафттың өсiмдiк және қар жамылғысына байланысты болып келедi.

Бұл қабiлетiне сәйкес топырақтарды салқын және жылы деп бөлуге болады. Күңгiрт топырақтар ашық түстiлерге қарағанда жылы, құрылымы жақсы топырақ құрылымы нашар топыраққа қарағанда жылы болып келедi. Мысал ретiнде мына мәлiметтердi келтiруге болады: құрғақ қаратопырақ -14%, ылғалды-8-9, құрғақ құбатопырақ (сұртопырақ)-25-30%, ылғалды-10-12, құрғақ биiк шөп-32%, ылғалды шөп-22; сәуле суға тiк түскенде 2% ғана қайтарылады, 100 бұрышпен түскенде-34, 20 бұрышпен түскенде 78% қайтарылады.

Топырақтың жылу сиымдылығы дегенiмiз оның жылу қуатын сiңiру қасиетi. Бұл қасиет 1г немесе 1 см3 топырақты 10 С жылытуға кететiн жылу мөлшерiмен анықталады. Осыған байланысты бiрiншiсiн салмақтық, екiншiсiн көлемдiк жылу сиымдылығы дейдi.

Жылу сиымдылығы топырақтың минералогиялық (минералдық) және грануметрлiк құрамына, органикалық заттың мөлшерiне, топырақтың бiтiмi мен құрылымына және ылғалдығына байланысты болады. Ең жоғары жылу сиымдылығы суға тән. Егер судың салмақтық жылу сиымдылығын 1тең деп алсақ, кварц құмында ол 0,196, саз балшықта-0,233, торфта-0,477 болады. Ең аз жылу сиымдылық ауада болады-0,000306.

Судың жылу сиымдылығы топырақтың басқа минералдық және органикалық құрастырушыларынан жоғары болғандықтан ылғалды топырақтың температурасын көтеру үшiн көп жылу керек. Ылғалды топырақ оның құрғақ түрiмен салыстырғанда баяу жылыйды және суыйды. Сазды топырақтың ылғалды түрiнде жылу сиымдылығының құмдақ топырақпен салыстырғанда жоғары болуына байланысты көктемде баяу жылыйды, ал күзгi күнi ылғалы жеткiлiктi болған кезде баяу суып, құмдақ топырақтан жылырақ болады. Сонымен, суғару және өңдеудiң көмегiмен топырақтың ылғалдылығын, қуыстылығын өзгертiп, оның температурасына белгiлi мөлшерде әсер етуге болады.

Жылу өткiзгiштiгi-топырақтың жылу өткiзу қабiлетi. Ол 1 с iшiнде 1см2 және қалыңдығы 1 см топырақ қабатынан өткен жылудың калория мөлшерiмен есептеледi.

Жылу өткiзгiштiгi топырақтың өте маңызды қасиетi. Одан топырақтың қатты (органикалық және минералдық), сұйық және газды заттарының арасында болатын жылу өткiзгiштiк жылдамдығы қалыптасады. Топырақтың құрамында болатын үш фаза әртүрлi өткiзгiштiк көрсетедi. Атап айтқанда, ауаның жылу өткiзгiштiгi 0,00006 болса, сүдiкi-0,00136, торфтiкi-0,00027, кварцта-0,0024, базальт-0,0052, граниттiкi-0,0082. Көрiп отырғандай ең төмен жылу өткiзгiштiк ауада болса, ең көбi-минералдық заттарда, су аралық орында. Сондықтан топырақ ылғалды болған сайын, оның жылу өткiзгiштiгi де көп болады, қопсыған топырақтың бұл қабiлетiнiң мөлшерi аз болып келедi.

Топырақтың жылу режiмiнiң негiзгi көрсеткiшi оның температурасы. Оның мөлшерi келiп түсетiн күн радиациясымен топырақтың жылу қасиеттерiмен анықталады. Олардан басқа, бұл жүргiнiң жер бедерiнен, топырақтың басқа қасиеттерiмен, өсiмдiк және қар жамылғысына байланысты болатынын ұмытпау керек.

Жер бедерiнiң топырақтың жылу режiмiне әсерi оның тегiстiгiне, баурайдың тiктiгi мен экспозициясына (бетқарасына) байланысты болып келедi. Ең жылы болатын оңтүстiк беткей, одан кейiн батыс, шығыс, ең салқын (суық) солтүстiк беткейде болады. Баурай (беткей) тiк болған сайын, оның әртүрлi экспозициясындағы (бетқарасында) айырмашылық көп болып келедi. Оған қоса бұл жерлерде топырақтың ылғалдылығы, қардың қалыңдығы түрлiше болып келетiнiн ескерсек, агроландшафттық егiн жүйесiн ендiрудiң қажеттiлiгi өзiнен-өзi түсiнiктi.

Топырақтың қатуы мен еруi. Топырақта атмосферамен және оның төменгi қабаттарымен тұрақты түрде жылу алмасу болып тұрады. Жазғы күнi және күндiз жылу ағыны топырақ кескiнiнiң төменгi жағыны бағытталады да, қыс кезiнде және түнде-ол жоғары қарай бағытталады, оның салдарынан топырақ тоңазыйды.

Топырақтың жылу және су жүргiлерiн қалыптастыруда оның қатуы (тоңдануы) мен жiбуi маңызды орын алады. Су температура 00 С аздап төмендегенде қата бастайды, өйткенi суда барлық кезде қату температурасын төмендететiн ерiген заттар кездеседi. Топырақтың тоңдану температурасына ондағы ылғалдың түрi әсер етедi. Еркiн су минус 0,1-1,50 С қатады, байланысқан ылғал минус 1,5-40 С, одан да төменде қатады. Сонымен қатар топырақтың тоңдануы қар мен өсiмдiк жамылғысына, жер бедерiне, топырақтың қасиеттерiне, оның ылғалдылығына және адамның шаруашылық iс-әрекетiне байланысты болып келедi.

Топырақ жiбуi екi түрлi жолмен жүредi. Бiрiншiсi-жiбу төменнен басталып, қар кеткенше аяқталады. Бұл жағдайда тоңданған қабат болмағандықтан қардың ерiген суы топыраққа жақсы сiңедi. Екiншiсi-тоңның жiбуi төменнен басталып, одан кейiн бiр мезгiлде төменнен де, жоғарыдан да жүре бастайды. Осы кезде қар еру процесi үдей бастаса, бiршама тереңдiкте қалған ерiмеген тоң қабаты оның топыраққа сiңуiн төмендетедi, керiсiнше, топырақ бетiмен жүретiн ағын күшейедi.

Ауыл шаруашылығы үшiн топырақтың қату тереңдiгiнiң, уақытының және еруiнiң маңызы зор. Қату тереңдiгi мыналарға байланысты:

1. Қысқы аяздарға

2. Қардың қалыңдығы мен оның сақталу уақытының ұзақтығына (қар қалың болса тоң жұқа болады). 400 аязда қардың қалыңдығы 25-30 см болса, 0-5 см тереңдiктегi топырақтың температурасы 150 төмен түспейдi.

3. Ылғал топырақ құрғаққа қарағанда азырақ қатады, өйткенi ылғал топырақ қатқанда көзге көрiнбейтiн жылу бөлiнедi де, топырақтың одан әрi қатуына жол бермейдi.

4. Күлгiн топыраққа қарағанда құмды топырақ терең қатады. Батпақты жердiң тоңы тереңге кетпейдi.

5. Топырақ тоңының тереңдiгiне құнарлы қабат та әсер етедi. Орман алқабындағы топырақ ашық алаңдағыға қарағанда аз қатады.

Көктемде күн радиациясының және жер асты жылуының ықпалымен топырақ еридi. Қазақстанда топырақтың еруi:

Оңтүстiкте – наурыздың екiншi онкүндiгiнде,

Шығыс пен батыста – с¸уiрдiң екiншi онкүндiгiнде,

Орталық өңiрде – мамырдың бiрiншi онкүндiгiнде,

Солтүстiкте – мамырдың екiншi онкүндiгiнде өтедi.


3опырақтың температуралық режимiн реттеу

Жылу режiмiн реттеу. Топырақтың температурасын реттеу, мәдени өсiмдiктермен топырақ микроорганизмдерiне қолайлы жағдай жасау оның құнарлығын арттырып, алатын өнiмнiң мөлшерiн арттыруға мүмкiндiк бередi. Қазақстан климатында жылудың жетiспеуi (Солтүстiк Қазақстан) немесеоның молдығы байқалады (елiмiздiң оңтүстiк өңiрi). Сондықтан әртүрлi аймақтарда топырақтың жылу режiмiн реттеу де түрлiше болып келедi, олардың негiздiлерi:

1йтады;

2) топырақта қолайлы бiтiмi мен құрылысы, жақсы құрылымы бар терең өңделу қабатын ) топырақтың су-жылулық қасиеттерiн жақсарту үшiн ондағы органикалық заттардың мөлшерiн көбейту (көң беру, көпжылдық шөптер, сидераттар, аралық дақылдар қатысатын ауыспалы егiстердi енгiзу ж.б.). Бұл шара климаты ыстық өңiрлерде топырақтың температурасын төмендетуге мүмкiншiлiк берсе, ал салқын аудандарда топырақ тоңдануын аза қалыптастыру;



3) далалық аймақта егiстiкте неғұрлым көп қар тоқтату;

4) топырақтың жылу жүргiсiн жақсартуда суғарудың ролi күштi. Бұның нәтижесiнде топырақтың жоғары қабатының температурасы әжептеуiр төмендейдi, тәулiк мерзiмiнде температураның өзгеру амплитудасы (мөлшерi) азаяды.

5) Топырақты қопсыту (бороналау, культивациялау). Ерте көктемде жүргiзiлген осы агротехникалық шара – ылғал жабу деп аталады. Қопсыту арқылы топырақтағы капиллярлы түтiкшелермен судың көтерiлуiн тоқтатамыз және қопсытылған топырақтың температурасы жылдам көтерiледi де егiндi ерте егуге мүмкiншiлiк туады.

6) Мульчирование жасау - әр түрлi материалдармен топырақ бетiн жабу арқылы топырақ альбедосын көбейту немесе азайту. Егерде топырақ температурасын көтеру керек болса жамылғы ретiнде торф, көң (олар қара түстi) пайдаланамыз, ал топырақ температурасын төмендету керек болса ақ ақшыл (солома) жамылғы пайдаланылады. Жамылғының ақшыл түрiне байланысты, ол беттен күн радиациясы көп шағылысады да топырақты қыздырмайды.

7) Құрғату – агромелиоративтiк шара солтүстiк ылғалдылығы өте жоғары, аймақтарда жүргiзiледi. Бұл шараның әсерiнен, топырақ құрамындағы артық ылғалдан босайды, оның орнына ауа және жылу енiп топырақ температурасы жоғарылайды.

4- дәріс Ауа температурасы


Мақсаты: Ауа температурасының ауылшаруашылық дақылдарына тигізетін әсерін дұрыс бағалай бiлу.
Міндеті: Ауа температурасына бақылау жасауды және ауа температурасын анықтайтын аспаптарды шаруашылықта дұрыс қолдануды үйрету.
Түйінді сөздер: Ауа, температура, инверсия, амплитуда, вегетация.
Дәріс жоспары:

1. Ауаның температуралық режимi

2. Температуралық инверсия

3. Ауа температурасының тәулiктiк және жылдық жүргiсi (режимi)

4. Температуралық режимнiң ауылшаруашылығына әсерi
Жылу. Өсiмдiктердiң өсiп-дамуына белгiлi мөлшерде жылу керек. Маңызды физиологиялық процестерфотосинтез,тынысалу, транспирацияның қарқынды жүруi өсiмдiк пен қоршаған ауаның температурасына байланысты. Температураның белгiлi мөлшерге дейiн жоғарылауы аталған процестердiң жүру пәрмендiлiгiн арттырады, бiрақ одан әрi көбейгенде өсiмдiктiң әдеттегi тiршiлiгi бұзылады: синтез әлсiрейдi, тыныстану күшейедi, берiк емес қоспалар ыдырайды. Ал температура одан әрi жоғарыласа, зат алмасуының орнына келмейтiн бұзылу процестерi күшейiп, нәтижесiнде өсiмдiктiң опат болуына әкелiп соғады. Көпшiлiк дақылдардың өсiп-дамуының оңтайлы температурасы 25-300С. Бұл процестiң тежелуi температура 300С асқанда байқала бастайды да, ол 50-520С жеткенде, өсiмдiк өз тiршiлiгiн тоқтатады.

Ауаның (атмосфераның) төменгi қабатының (жердiң бетiнен 1,5-2, әрi кеткенде 3м) температуралық режимiнiң мәнi өте зор, өйткенi негiзгi ауылшаруашылық дақылдарының өнiп-өсуi және тiрi организмдердiң өмiр сүру үрдiсi ауаның төменгi қабатында өтедi.

Ауаның төменгi қабатының температуралық режимi мына көрсеткiштермен анықталады:

1. Орташа тәулiктiк температура;

2. Орташа декадалық (онкүндiк) температура;

3. Орташа айлық;

4. Орташа жылдық;

5. Ең жоғарғы;

6. Ең төменгi;

7. Амплитуда.

Ауаның температурасының өзгеруiне жер бетi қатты әсерiн тигiзедi. Мысалы: орман, дала, батпақ, шөлейт, топырақ (құм, қара топырақ), өйткенi жер бетiндегi аталынған табиғат заттары жылулықты әр түрлi мөлшерде сiңiредi де, әр түрлi мөлшерде жылу бөлiп шығарады.

Жер бетiндегi өсiмдiк жамылғысы өздерiне тән фитоклимат құрайды. Бұл жерде температураның таралуы күн радиациясына, ылғалдылыққа және желге байланысты болады. Өсiмдiгi сирек жерлерде ең жоғарғы температура күндiз топырақ бетiнде, ал өсiмдiк қалың болып өскен сайын жоғарғы температура өсiмдiктердiң ең жоғарғы қабатында болады.

Ауаның төменгi қабатында температураның өзгеруi екi түрде өтедi:

1. Инсоляциялық – жаз айларында күндiз жерге жақындаған сайын температура өсе бастайды.

2. Радиациялық – керiсiнше, түнде жерге жақындаған сайын температура кеми бастайды. Осындай жағдайда инверсия пайда болады – ауа қабатымен (жерден) жоғары көтерiлген сайын температура өсе бастайды. Бұндай инсоляциялық және радиациялық температураның өзерiп түруы бұлтсыз ашық аспан болып түруына әкеледi.

Ал, бұлтты ауада инверсия болмайды, өйткенi бұлт жерден бөлiнген жылуды жiбермейдi.

Ауаның төменгi қабатында температураның өзгеруi тек инсоляциялық және радиациялық заңдылықтарға бағынып отырса, ауа-райы өзгермей бiр қалыпты болып түра берер едi. Сонымен қатар атмосферада температура тiк және көлденең бағытта өзгерiстерге ұшырайды.

Атмосфераның төменгi қабаты күн радиациясы арқылы аз жылыйды, негiзгi жылуды жер бетiнен алады, сондықтан негiзгi жылу көзi топырақ болып есептелiнедi. Осыған байланысты, жер бетiнен жылулық алып жылыған ауа массасы жоғары көтерiледi де, оның орнына суық ауа массасы төмен түседi. Жылынған суық ауа қайтадан жоғары көтерiледi. Осындай физикалық құбылыстар әсерiнен тiк (жоғары, төмен) жылу алмасу жүредi.

Бұндай тiк жылу алмасуда жоғары көтерiлетiн масса көп болса ауа-райы бұлтты, ылғалды және жаңбырлы болады. Ал, жылу алмасуда жоғарыдан төменге түсетiн масса көп болса ауа-райы құрғақ, жоғары температуралы және жаңбырсыз болады.

Егерде жылу алмасу көлденең жүретiн болса оны адвекция (жел) деп атаймыз.

Ауаның төменгi қабатының жылулығы әр түрлi болуы жер бетiне топырақтың механикалық құрамына байланысты. Бiр аймақта әр түрлi топырақ болуы температуралық режимнiң өзгеруiне әкеледi. Сондықтан жылы болған жерде ауаның қысымы төмен болады да, суық жерде ауаның қысымы жоғары болады. Сонымен атмосфералық қысымдары әр түрлi екi ауадан пайда болады. Атмосфералық қысымы жоғары ауданнан ауа массасы атмосфера қысымы төмен ауданға жылжи бастайды. Ауа массасының жылжу жылдамдығы екi аудандағы атмосфера қысымдарының айырмасына байланысты болады. Бұл табиғат заңдылықтарына келесi тарауларда толығырақ тоқталамыз.

2. Температуралық инверсия

Жер бетiнен жоғары көтерiлген сайын ауа қабатындағы температураның өсуiн инверсия қабаты деймiз.

Инверсия жердiң беткi қабатында, сонымен қатар бос атмосферада байқалады. Атмосфераның төменгi қабатында инверсияның пайда болуына байланысты екi түрi болады:


  1. Радиациялық;

  2. Адвективтiк.

Радиациялық инверсиялар жердiң беткi қабатының салқындауынан болады. Мұндай инверсиялар жылы айларда түнде, ал қыс айларында күндiзде кездесе бередi. Сондықтан радиациялық инверсиялар түндiк (жаз айларында) және қыстық (қыс айларында) болып екiге бөлiнедi.

Түнде болатын инверсиялар аспан ашық, тыныш ауа-райында, радиациялық тепе-теңдiк 00 ден төмен түсе бастағанда, күннiң батуына бiр сағат қалғанда басталады. Түнi бойы бұл инверсияның күшi көбейе түседi де, күн шығар алдында ең жоғары дәрежесiне жетедi. Күн шыққаннан соң жер бетi, ауа жылына бастайды да инверсия қабаты бұзылады. Инверсия қабатының биiктiгi 10-15 м, ал кейбiр жерлерде 200 м жетедi. Тропосфера қабатындағы бұлттар және жылдамдығы 2,5-3 м/сек болатын жел инверсияны нашарлатып, оның болуына кедергi жасайды. қалың өсiмдiктер жамылғысында, ормандарда инверсия күндiз де бола бередi. Орманда ауа температурасының тiк бағытта өзгеруi өзгеше болады. Күн шығар алдында ең төменгi температура орман ағаштарының жоғарғы бетiнде болады, ал жер бетiне қарай температура жоғарылай бастайды. Күн шыққаннан соң ауа қыза бастайды, түс кезiнде ең жоғарғы температура орман ағаштарының жоғарғы бетiнде болады да, жер бетiне жақындаған сайын температура төмендейдi. Осы себептерге (инверсияға) байланысты жаз айларын да орман арасында ауа салқын болып тұрады.

Қыста болатын инверсиялар аспан ашық, тыныш ауа-райында жер бетiнiң салқындауы, яғни температурасының төмендеуi күннен күнге күшейе берген жағдайда пайда болады да екi-үш аптаға созылады. Инверсия қабатының биiктiгi бiрнеше жүз метрлерге жетедi. Әсiресе күштi қыс инверсиялары Якутияда болады, олардың биiктiгi 2-3 км жетедi.

Адвективтiк инверсиялар – салқындаған жер бетiне басқа жақтан жылы ауаның келуi (адвекция арқылы) себебiнен болады. Келген жылы ауаның төменгi қабаты салқын жер бетi ауасымен араласып температурасын төмендетедi, ал ауаның жоғарғы қабаттары жылы болып тұра бередi. Осы атмосфералық құбылыстар әсерiнен адвективтiк инверсия пайда болады. Осындай инверсияларға қар инверсиясы да жатады. Бұл инверсияның пайда болуының себебi, қар жамылған жер бетiне температурасы 00 тан жоғары жылы ауа массасының келуi. Бұл жағдайда ең төмен температура жер бетiнде болады да, жоғарылаған сайын температура өседi.




3уа температурасының тәулiктiк және жылдық жүргiсi (режимi)

Ауа температурасының тәулiктiк және жылдық жүргiсi жер бетiнен 2 м биiктiктегi температураның көрсеткiштерiне қарай анықталады. Бұл температура жүргiстерi ең жоғары және төмен температуралар мәндерiмен ерекшеленедi. Ең жоғары және төмен температуралар айырмасы температура жүрiсiнiң амплитудасы деп аталынады.

Ауа температурасының тәулiктiк және жылдық жүргiсi көпжылдық байқаулардың, өлшеулердiң орталанған көрсеткiшi болып келедi.

Ауа температурасының тәулiктiк жүргiсiнде мынадай заңдылық байқалады: түнде температура төмен, күндiз жоғары. Күнi бойында: күн шыға температура жоғарылайды, түс кезiнде ең максимум, ал түс ауа температура төмендей бастайды. Бұл заңдылықтар кейбiр мезгiлде бұзылады, себебi басқа жақтан жылы немесе суық ауа массасы келiп тәулiктiк температураның жүргiсiн бұзады. Егерде жылы ауа массасы келетiн болса, түнде температура төмендеудiң орнына жоғарылайды, ал суық ауа массасы келетiн болса күндiзгi температура түннен төмен болуы мүмкiн. Осындай күтпеген ауа құбылыстары ауа-райының өзгеруiне әкелiп соғады.

Тәулiк бойында ең төменгi температура күн шығар алдында, ал ең жоғары температура 14-15 сағаттар аралығында байқалады.

Тәулiктiк температураның амплитудасының өзгеруi топырақ амплитудасына қарағанда төмен. Ол мына факторлерге байланысты:

1. Орынның (жердiң) ендiгiне: Ең көп амплитуда субтропикаларда (әсiресе шөлде үлкен мөлшерге жетедi) байқалады, ал азы полярлы ендiгiнде.

2. Жыл мезгiлiне: а) тропикада жыл бойы аз өзгередi; ә) шамалы (аз) ендiкте ең аз амплитуда (2-40С) қыста, ең көбi (8-120С) жаздың басында; б) континенталды тропикалық облыстарда, әсiресе шөлде тәулiктiк амплитуда жыл бойы 20-220С жетедi; в) полярлы ендiкте ең көп амплитуда (5-60С) көктемде және күзде. қыста жоқ болады.

3. Жер бедерiне: Жер бедерiнiң дөңестiк түрлерi (формалары) (қыраттар, таулар, үстiрттер) тәулiктiк амплитуданы кiшiрейтедi, шұңқырлау түрлерi (ойпаттар, жазықтықтар, жыралар) амплитуданы ұлғайтады. Дөңестiк – биiк жерлердегi жер бетi ауа температурасына әсерi шамалы, яғни ауа топырақ бетiмен аз жанасады, сонымен бiрге мұнда төменгi қабат жоғары жатқан қабатпен еркiн алмасады. Күндiз мұнда әлi жылымаған (қызбаған) ауаның жаңа мөлшерлерi үздiксiз ағын келедi, бұл қызуды азайтады; түнде салқындаған ауа төменге қарай жылжыйды. Шұңқырлау жерлерде ауа күндiз жылдам жыли бастайды, ал түнде шұңқырлы жерлердiң түбi, беткейлерi тез суыйды, өйткенi жоғары жақтан суыған ауа төмен түсе бастайды. Мұндай жерлерде желдiң әсерiнен төмен болуынан ауа алмасуы өте нашар жүредi.
4. Жер жамылғысының түрiне: Жер бетi ылғалды болса (батпақтанған, қалың өсiмдiктер, су қоймалары) ауа температурасының тәулiктiк ауытқуы төмен, ал құрғақ дала, шөлдi жерлерде – ауытқу жоғары болады. Ауа температурасының тәулiктiк амплитудасы құмдақ топырақтарда жоғары, ал ауыр батпақтау топырақтарда төмен. Бұл көрсеткiштер топырақтың механикалық құрамына, оның қасиеттерiне байланысты.

5. Атмосферадағы бұлттың мөлшерiне: Бұлтты күндерi тәулiктiк амплитуда төмен, ал ашық атмосферада – жоғары. Күндiз бұлттар тiк күн радиациясын жiбермейдi, ал түнде топырақ бетiнен ýффективтiк (тиiмдi) жылу бөлiнудi төмендетедi.

6. Орналасқан жердiң биiктiгiне: Бақылау жүргiзетiн жер биiктеген сайын амплитуда төмендейдi. қыс мезгiлiнде 0,5 км биiктiкте тәулiктiк ауа температурасының ауытқуы болмайды, ал жаз айларында 1,5-2 км биiктiкте де ауытқу байқалады.

Жылдық ауа температурасының жүргiсi орташа айлық температуралардың өзгеру мәнiн бiлдiредi. Жыл бойында ең жоғарғы температура шiлде айында, ал ең төмен температура қаңтар айында байқалады.

Жылдық ауа температурасының жүргiсiне жер бетiнiң жамылғысы (құрғақ, су) жердiң теңiз деңгейiнен биiктiгi, бұлттар көп әсерiн тигiзедi. Жылдық температуралық амплитуда теңiзден (100 тан 500 дейiн) алыстаған сайын көбейедi. Мысалы: Якутияда шiлде айының орташа температурасы – (+190С), қаңтар айының (- 43,50С), жылдық амплитуда  62,50С.
4. Температуралық режимнiң ауылшаруашылығына әсерi

Ауылшаруашылық дақылдары өнiп-өсу үшiн физиологиялық үрдiстер (фотосинтез, суды сiңiру және қоректiк заттар пайдалану) жүру қажет. Бұл үрдiстердiң тек бiр оптималды температурада ғана жүредi. Әр түрлi дақылдардың ол үшiн оптималды, минималды, максималды температуралары болады және әр бiр өсу фазасында ол температуралар әр түрлi болады. Өсiмдiк өсе бастағанда температура неғұрлым жылдам көтерiлсе, солғұрлым өсу фазаларыда жылдам өтедi. Ал көктемде салқын күндер көп болған сайын өсу фазалары кешiгедi. Мысалы, дем алу (дыхание) үрдiсi 00 температурада басталады да температура өсе берген сайын күшейе түседi, ал температура 35-400 жеткенде нашарлайды да, температура 500 – тоқтайды.

Температура жоғарылаған сайын суды, қоректiк заттарды пайдалану нашарлайды, өйткенi ауа ылғалдылығы төмендейдi. Ауа ылғалдылығы төмендеген сайын құрғақшылық артады.Өсiмдiктiң тозаңдануы жоғары температуралар нашарлатады.

Ауылшаруашылық өндiрiсiнде вегетациялық және аязсыз (суықсыз) кезеңдердiң мағынасы үлкен.

Вегетациялық кезеңге тұқымның өнiп-өсе бастауынан (көпжылдық дақылдар вегетациясының жаңалануы) жаңа тұқымдардың пiсiп-жетiлуi (көп жылдық дақылдар вегетациясының тоқтауы) арасындағы кезең жатады. Көпжылдық дақылдар да ол келесi жылдары жалғасады. Вегетациялық кезеңнiң ұзақтығына аяз қатты әсер етедi. Аязсыз кезең болып көктемнiң соңғы үсiк болған күнi мен күзгi алғашқы үсiкке дейiнгi аралық саналады. Осы кезеңдi дақылдарды аудандастыру кезiнде ескеру қажет. Егер вегетациялық кезең аязсыз (суықсыз) кезеңнен қысқа болса, онда аталған дақылдар пiспей үсiкке шалдығады.

Вегетациялық кезеңдегi орташа температура мен оның жиынтығы осы дақыл вегетациясының уақытының басталуы мен аяқталуына дейiнгi орташа тәулiктiк температураларды жинақтау арқылы шығарылады.

Қазақстан Республикасында ауылшаруашылық дақылдарын әр түрлi аймақтарда өсiредi. Қандай аймақта қай дақылды аудастыру үшiн сол дақылдың биологиялық ерекшелiгiн, әсiресе вегетациялық кезеңiн бiлу сонымен қатар аймақтың аязсыз (суықсыз) кезеңiн анықтауымыз қажет. Өйткенi дақылдың вегетациялық кезеңi аязсыз (суықсыз) кезеңнен артық болу керек.

Сондықтан, бiр дақылды белгiлi аймақта өсiру үшiн сол аймақтың мынандай температуралық көрсеткiштердi анықтау керек:



  1. Орташа температуралар (тәулiк, онкүндiк, айлық, вегетациялық кезең);

  2. Биологиялық 0, минималды, оптималды, максималды температуралар;


    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет