Білім және ғылым министрлігі



бет8/16
Дата29.03.2017
өлшемі4,94 Mb.
#12543
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16

9-дәріс


Арамшөптермен күресу шаралары .

Жоспар:


1. Алдын – ала жүргізілетін сақтандыру шаралары.

2. Арамшөптермен агротехникалық және биологиялық шаралар арқылы жою.

3 .Арамшөптерді химиялық әдіспен жою.

4. Қоршаған ортаны қорғау шаралары.

5. Арамшөптерді есепке алу.

Алдын ала жүргізілетін сақтандыру шараларының басты мақсаты – арам шөптердің тұқымдары мен вегетативтік көбею органдарының таралу жолдарына тосқауыл қою.

Кейбір арам шөптердің тұқымдары желкенді болады, солардың көмегімен олар басқрындааа жақтан желмен ұшып келеді. Сондықтан танаптардың шекараларында, жол жиектерінде, егістікті қорғау үшін отырғызылған ағаштардың арасында және басқа жерлерде өсіп тұрған арам шөптерді гүлдегенше жою керек.

Суармалы жерлерде арам шөптердің тұқымдары су арқылы тарайды. Мысалы, мақта егісін вегетация бойы алты рт суарғанда (7560 текше метр су) әр гектарға шаққанда 587,6 мың дана арам шөп тұқымы ағып келед екен. Арам шөптер тұқымдарының бұл таралу жолын бөгеу үшін су жүретін каналдардың табаны мен қабырғаларын бетондау, немесе науа арқылы суару, каналдан су танапқа шығатын жерлерге сол тұқымдарды тосатын сүзекі торлар қою, каналдардың жағасында өсіп тұрған арам шөптерді гүлдегенге дейін жою шараларын жүргізеді.

Орақ кезінде көптеген арам шөптің тұқымы егінмен бірге жиналып, астықты ластайды.

Көң және басқа органикалық тыңайтқыштарды қолданғанда олармен бірге танапқа едәуір мөлшерде арам шөптердің тұқымы да сіңіріледі. Э.Корсмонның (Норвегия) жүргізген зерттеулеріне қарағанда бір га жерге 60тонна шошқаның жас қиы шашылған кезде онымен бірге 1,4 млн арам шөп тұқымы, ал осы қиды ұзақ бұқтырып , көңге айналдырып қолданғанда небәрі 0,5 млн түйір арам шөп тұқымы егістікке түсетін болса керек. Демек, мал қиын үйіп әбден шірітіп, көңге айналдырып барып органикалық тыңайтқыш ретінде қолданған дұрыс.

Кейбір аса қауіпті арам шөптерге қарсы мемлекет көлемінде карантиндік шаралар жүзеге асырылуы керек.

Сыртқы карантин қызметінің негізгі міндеті – осы аты аталған арам шөптер тұқымдарының біздің елімізде таралмауын қадағалау.

Ішкі карантиндік арам шөптерге жусан жапырақты , үш бөлімді және көп жылдық ойран шөптер, қызғылт кекіре, дала арамсояуының барлық түрлері, үшгүлді алқа және т.б. жатады.

Арам шөптерді олардың топырақтағы тұқымдары мен вегетативтік көбею органдарын жою механикалық және химиялық әдіспен жүзеге асырылады.

Механикалық әдіс.Біріншіден, өсіп шыққан арам шөптерді әр түрлі топырақ өндегіш машиналар мен құралдарды қолдана отырып, механикалық түрде жояды. Екіншіден, бұл а.ш дақылдарынан босаған танаптағы арам

Атпа тамырларды әлсірету әдісі-егістік қалуен, қызғылт қалуен, дала шырмауығы, қызғылт кекіре және т.б. атпа тамырлы арам шөптердің жер бетіндегі дегеліктерінен бірнеше рет топырақ өңдеу құралдарымен орады. Бұл шара арам шөптер бүршіктерінің тез оянып, жас бұтақшалардың көктеп шығуын қамтамасыз етеді. Әрбір жаңа шыққан бұтақшаларға атпа тамырларда жиналған қоректік заттар қоры жұмсалады. Ақыр аяғында арамшөптер әлсіреп, соның салдарынан бірте — бірте жойылып бітеді.

Көген тамырлады тұншықтыру әдісі. Бұл әдіс жатаған бидайы, ажырық, қырықбуын сияқты арамшөптердің көген тамырлардың боразданың түбіне тереңге сіңіру арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін топырақты көген амырлардың негізгі массасы жатқан 10 -12 см тереңдікте дискілі құралдарымен тоғыспалы бағытта өңдейді.

Көген тамырларды тарап алу әдісі. Жатаған бидайық, ажырық, жауқияқ сияқты арамшөптердің жер бетіне жақын орналасқан мықты, сондықтан үзілуі қиын көген тамырларын құрту үшін қолданылады. Ол үшін серіппелі жұмыс органы бар культиваторлармен танатты екі бағытта – ұзынынан және кесе – көлденең бірнеше мәрте жүргізіп, ондағы көген тамырлады жер бетіне шығарады , содан кейін оларды жинап, жағып жібереді.

Көген тамырлады кептіру әдісі. Қуаңшылықты далалық аймақтарда пар өңдеу немесе ерте сүдігер жырту кезінде арамшөптердің көген тамырлары жердің үстіңгі қабатына жақындатылады. Сол жерде олар 15-20 күннен кейін қурайды. содан кейін оларды жерге айдап тастауға болады.

Көген тамырларды үсіту әдісі. Қысы қатты, қары аз аймақтарда қолданылады. Күзде жер терең жыртылған соң қыста қалың тоң қатады да, ондағы көген тамырлар үсиді. Көктемде оларды жинап алып өртейді.

Арамшөптерді биологиялық әдіспен жою. Қоршаған ортаны әр түрлі препараттармен ластамай табиғатты қорғау үшін қолданылады.

Мәдени өсімдіктердің ерекшелігі мен арам шөптердің түрлеріне байланысты биологиялық әдістің әр түрлі әдісі қолданылады. Олардың ішіндегі бастылары мыналар;

Насекомдар мен жұмыр құрттарды қолдану. Мысалы, қызыл кекіреге қарсы кекіре жұмыр құртын, арамсояуға-бізтұмсықты, қалуенге-жапырақ кеміруші қоңыздың личинкасын қолданады. Күнбағыс сұңғыласына қарсы фитомиза шіркейін қолдану-оның тұқымының өнімін 70 процентке дейін кемітеді. Жусан жапырақты ойран шөпке қарсы ойран шөп көбелегін қолданады.

Арам шөптердің вегетативтік және генеративтік органдарын зақымдау мақсатымен фитопатогендік микроорганизмдерді қолданады. Мысалы, альтернария саңырауқұлағының споралары дала арамсояуының сабағына түссе тез өсіп, көбейіп аталған паразиттік арам шөпті екі аптаның ішінде жойып жібереді. Қызыл кекіреге қарсы кекіре тот ауруын пайдаланады.

Қорыта айтқанда, арам шөптермен биологиялық әдіс арқылы күресу- болашағы зор шаралардың бірі.

Арам шөптермен химиялық шаралар арқылы күресу. Егістіктегі арам шөптер химиялық препараттар – гербицицдтердің көмегімен жойылады. Осы күні арам шөптерге қарсы қолданылатынгербицидтердің түрі өте көп.

Гербицидтер арам шөптерге тигізетін әсері бойынша жаппай және талғамды әсерлі болып екі топқа бөлінеді.

Жаппай әсерлі гербицидтер барлық өсімдіктерді жояды. Сондықтан олар егістіктен тыс жеолердегі –жолдың жиегіндегі, каналдардың жағасындағы және басқа учаскелердегі арам шөптерді құрту үшін қолданылады. Бұған натрийдің үш хлорацетаты, тордон 22К, далапон және басқалары жатады.

Талғамды әсерлі гербицидтер тек арам шөптерді ғана жойып , мәдени өсімдіктерге зиян келтірмейді.бұған 2,4-Д, 2М-4Х, 2,4-ДМ, 2М-4ХМ,2М-4ХП,атразин, симазин, пирамин,т.б.

Қоршаған ортаны қорғау шаралары. Гербицидтер ауамен жіне сумен қоршаған ортаға зиян кетіреді.Сондықтан топырақты , ауаны, су құбырларын, азық-түлікті, мал азықтық өнімдерді, ара, құс, жануарлар мен өсімдіктерді улы химикаттардан сақтау қажет. Сонымен қатар гербицидтердің қолдану әдістерін , мерзімі мен мөлшерін және қолдану техникасын дәл анықтай білу керек.

Арамшөптерді есепке алу.Егістіктегі арам шөптердің түрлерін және жалпы санын білмей тұрып оларды жою үшін агротехникалық және басқа шараларды тиімді түрде жүзеге асыру мүмкін емес. Сондықтан танаптардағы арам шөптерді еспке алу керек.

Вегетация кезінде арам шөптерді есепке алудың көзбен мөлшерлеу, сандық, таразылық- өлшемдік әдістері бар.

Солардың ішінде шаруашылық жағдайында жүргізілуі ең оңай, әрі кең тараған түрі академик А.И.Мальцев ұсынған көзбен мөлшерлеу әдісі. Бұл әдіс бойынша танаптардағы арам шөптер деңгейі 4 балдық жүйемен бағаланады.

Танапты қиғаш бағытта жүріп өткенде арам шөптер бірен-саран болса, онда бұл 1балл, ал олар танаптағы барлық өсімдіктердің төрттен бірінен артық болмаса-2 балл болып есептеледі. Арам шөптер көп, бірақ мәдени өсімдіктерден басым болса, онда 4 баллға тең болады.

Осы жүргізілген есептің деректері бойынша танаптың арам шөптермен ластану картасы жасалынады. Осы картаны пайдаланып арам шөптерді жою үшін агротехникалық, химиялық, биологиялық, интеграциялық шаралар белгіленіп, олар іс жүзіне асырылады.

Ал арам шөптерді есепке алудың таразылық-өлшемдік және басқа тәсілдері ғылыми-зерттеу мекемелерінде кеңінен қолданылады.


10-дәріс

Ауыспалы егістердің ғылыми негіздері

Жоспар:

1. Ауыспалы егістер және қайталап егу.



2. Дақылдар себілген танаптарды ауыстырып тұрудың себептер

3. Негізгі алғы дақылдардың сипаттамасы.

Ауыспалы егіс дегеніміз-танаптардағы ауыл шаруашылық дақылдары менарды пғылыми ұсыныстарға сүйене отырып ауыстырып отыру.Дақылды жылда бір жерге себе берсе, оның өнімі бірте-бірте төмендейді екен. Көп жағдайда танапқа тыңайтқыштар берілсе де бұл төмендеу тоқтамайды. Өнімді төмендетудің бір жолы ғылыми деректерге сүйене отырып, дақылдардың орынын ауыстырып тұру керек екенін тәжірибе көрсетіп отыр.

Ауыспалы егістіктің көмегімен топырақтың құнарлылығын арттыру дақылдардың өнімін көтеру, өнімнің сапасын жақсарту, танаптардағы арамшөптердің санын азайту, өсімдіктерді ауырулардан, зиянкестерден қорғау, топырақты су және жел эрозиясынан сақтау мәселелері шешіледі.

Ауыспалы егістің экономиялық негізі-ғылыми ұсыныстарға сүйеніп анықталған егілетін дақылдардың алатын жер көлемі.Әр дақылдың алатын жер көлемін белгілегенде мына жағдайлар есептеледі.

келешек-Шаруашылық орналасқан жердің ауа райы, топырағы шаруашылықтыңте өркендеу уақыты.

-Ауылшаруашылық өнімдерін сату жоспары

-Мал шаруашылығына қажет жем-шөппен толық қамтамасыз етілуі.

Егер дақыл көп жылдар бойы бір жерге егіле берсе, оны ауыспайтын дақыл, шаруашылық тек бір дақылды егетін болса, оны дарадақыл, дақыл бір жерге сегіз жылдан кем егілетін болса оны кайталап егу деп атайды.Ауыспалы егістің алмасуынан уақытша шығарылған танапты шықпа танап дейді. Әдетте шықпа танап ретінде көп жылдық шоп егілетін танап қалдырылады. Мысалы; жоңышқа егілген танап 4-5 жыл ауыспалы егістен шығарылып тасталады. Бұл мерзім өтіп, жер тыңайғаннан кейін бұл танап ауыспалы егіске енеді де басқа бір танапқа жоңышқа себіліп ауыспалы егістен шығарылады.

Ауыспалы егістегі дақылдар мен пардың белгілі тәртіппен танаптарда ауысып тұратын ауыспалы егістің ротациялық кестесі деп атайды.

Ауыспалы егіске кіретін әрбір танаптың өзінің номері болады, бұл номер рим цифрімен белгіленеді.

Дақылдар мен пардың ауыспалы егісте орналасу ретін оның схемасы дейді.


Дақылдар себілген танаптарды ауыстырып тұрудың себептері.

Танапқа бір дақылды жыл сайын себе берсе, оның өнімі төмендей беретін адамдар ерте заманнан ақ білген. Көне заманда өмір сүретін Рим оқымыстыларының бізге жеткен жазба еңбектерінде астық дақылдары мен бұршақ дақылдарын жыл сайын орындарын алмастырып егу керек екенін, ал орындары ауыспай бір жерге еге берсе бұлардың өнімі кемитіні айтылады.

Табиғат жөніндегі ғылым дамыған сайын оқымыстылар бұл процестін себептері жөніндегі өз болжауларын айта бастады. Мысалы; швейцар ботанигі Декандоль мынандай пікір айтқан.Өсімдіктері топырақтан сумен қоректік заттар сіңіріп қана қоймайды, сонымен қатар өзіне зиянды заттарды тамыры арқылы өсіп тұрған жерге бөліп шығарады. Келесі жылы сол жерге қайта себілген кезде ол өзі шығарған зиянды заттарынан зардап шегеді, оның өнімі төмендейді. Бұл дақылдың бөліп шығарған заттары сол дақыл үшін ғана зиянды, басқа дақылға еш залалы жоқ, сондықтан басқа дақылдардың өнімі төмендемейді, кейде тіпті жоғарылайды.

Неміс ғалымы Тэер астық дақылдарының ауыстырылмай еккен жағдайда олардың өнімінің төмендеуінің себебі топырақтағы қарашіріктің, гумстың азаюынан деп есептейді. Ол уақытта өсімдіктер органикалық заттарды сіңіре алмайтынын ол тек минералды заттарды сіңіріп, солармен ғана қоректене алатыны ғылымға белгісіз болатын.

Кейінірек өсімдіктердің тек минералдық заттарды ғана сіңіре алатыны анықталған соң ғылымдар(Ю.Либих) дақылдың орнын ауыстырмай еге бергенде өнімнің төмендеуін топырақтағы минералдыққоректік заттардың азаюынан деп есептейді.

Соңғы жүз жылдың ішінде ғылымда ауыспалы егістер жөнінде көптеген деректер жиналды.

Қазан революциясына дейін қазақтардың ең басты дақылы тары болған.Ол дақылды жылма- жыл бір жерге еге берсе, өнімі төмендеп кететінін қазақ диқандары да білген.Олар тарыны бір жерге көп болса 1-2 жыл ғана егіп,содан кейін ол жерге 10-15 жыл ештеңе екпей тыңайтуға қалдырып,тарыны тың жерге егіп отырған.

Ауыспалы егістің қажеттілігін, ауыстырмай егілгенде өнім кемуіне мынандай жағдайлардың себеп болатынын ғылым дәледеп отыр.

Бірінші себеп,химиялық тұрғыдан – өсімдіктердің қоректенуіне қатысты себептер. Әр турлі дақылдар өсу барысында топырақтан қоректік заттарды бойына әр турлі мөлшерде сіңіреді, бидай,арпа сияқты масақты дақылдар азот пен фосфорды көбірек , калийді азырақ сіңіреді, ал қант қызылшасы, күнбағыс,картоп сияқты дақылдар керісінше азот пен фосфорға қарағанда калийді көбірек сіңіреді.Осы тұрғыдан алып қарағанда танапқа ылғи астық дақылдарын еге берсек, азот пен фосфордың мөлшері жылдан жылға азая береді екен де, калий топырақта көбірек сақталады. Сөйтіп, қоректік заттардың бастапқы арақатынасы бұзылады.

Қант кызылшасын , кунбағысты,картопты да үздіксіз бір жерге еге берген уақытта да жылдан жылға калий баска қоректік заттарга қарағанда көбірек азайып, тағы да топырақтағы қөректік заттар біржақты жұмсалынып, қоректік заттардың қалыпты арақатынасы бұзылады.Ал масақтық дақылдар мен техникалық дақылдарды ауыстырып еккен ұақытта топырақтағы заттар тең жумсалып,танаптан ұзақ жылдар бойы жақсы өнім алуға мүмкіндік туады.

Көптеген дақылдар топырақта ылғи тапшы болып жататын азотты азайтумен болса, бүршақ тұқымдас дақылдар керісінше топырақтағы азотты көбейтеді (олардың тамырында өмір сүретін бактериялар ауадағы азотты сіңіре алады, сөйтіп азотпен дакылды қамтамасыз етеді, топырақтағы азотты көбейтеді ). Сондықтан бұршақ тұқымдас дақылдарды басқа дақылдармен алмастыра егіп отырғанда, жалпы дақылдарға қажетті қоректік заттардың тапшылығы азаяды. Жалпы алынатын өнім мөлшері артады.

Дақылдардың түріне қарай олардың тамырлары да әртүрлі болады. Мысалы, астық тұқымдас дақылдар шашақ тамырлы болып келеді де, көбіне 40-50 см тереңдікке дейін ғана тарайды.Қызылша, күнбағыс сияқты дақылдардың тамыры 3метр тереңдікке дейін, ал жоңышқаның тамыры 5-6 метрге дейін кетеді. Ал осы дақылдарды кезектестіріп еккенде топырақтың тек бетіне жақын маңдағы қоректік заттар ғана пайдаланылып қойылмайтереңде жатқан қоректік заттар да іске асады.

Қарақұмық, люпин сияқты дақылдардың тамыры топырақтағы нашар еритін қоректік заттарды жақсы сіңіреді. Бұл өсімдіктерден кейін топырақта басқа дақылдар жеңіл сіңіре алатын қоректік заттар көп қалады да, олардан кейін егілген дақылдардың қоректенуі жақсарады. Қорыта келгенде , танапқа әртүрлі дақылдарды егіп, ауыспалы егіс қолданған уақытта өсімдіктердің қоректенуі жақсарып, өнім мөлшері көбейеді.

Екінші физикалық тұрғыдағы себеп-топырақтың физикалық қасиетіне байланысты себептер. Танапқа масақтың , әсіресе топырақты жиі өңдеп тұруды қажет ететін қызылша, мақта, картоп сияқты отамалы дақылдарды жылма-жыл еге берсек, топырақтың құрылымдық түйіршіктерінің көбісі трактор дөңгелегінің , жер өңдейтін құралдардың әсерінен жойылып, топырақтың физикалық қасиеті нашарлайды екен. Яғни, топырақ түйіршіктері ұлпаға айналады дамұндай топырақтар суды тереңдікке жөнді сіңірмейді. Су тисе болды топырақ беті былжырап, ериді де, кепкен уақытта қабыршықтанып қатып қалады. Мұндай қабыршықтарды өркендер бұзып, жер бетіне шыға алмайды. Сондай-ақ өсімдік тамырына оттегінің баруы қиындайды., оның өніп-өсуі нашарлайды, дақылдар әр түрлі ауыруларға ұшырайды.

Биологиялық себептер; Дақылдарды қоршаған әр түрлі тірі организмге байланысты себептер. Танапқа бір дақылды еге берген жағдайда бұл дақылдың зиянкестері көбейеді, ауыруға шалдығуы жиілейді және арам шөптер де жылдан жылға көбейе түседі. Мұның себебін былай түсіндіруге болады.

Ауылшаруашылық зиянкестерінің кейбіреулері дақылдардың бір түрімен немесе соған жақын түрмен, не бір семьяға жататын өсімдіктермен ғана қоректенеді. Танапқа бір дақылды үздіксіз егу кезінде сол зиянкестерге жақсы жағдай туады да, олардың саны жылдан жылға көбейе түседі, соған орай бұлардан келетін зиян да арта береді. Мысалы; Қазақстандағы қант қызылшасының соңғы жылдары өнімінің күрт кеміп кетуі зиянкестер мен аурулардың зардабынан болды. Қызылша нематодасы деп аталатын зиянкес қант қызылшасының тамырына жабысып,оның сөлін сорып тіршілік етеді. Ол қызылшаны еккен сайын топырақта көбейе береді де, ақыры қызылша тамырын өсірмей тастайды. Өнім төмендейді. Бұл зиянкестің масақты дақылдарға , жүгеріге, картопқа, көп жылдық шөптерге ешқандай зияны жоқ. Олармен қоректене алмайды да бұл дақылдар егілген жерде жыл өткен сайын жойыла бастайды, бірнеше жылдан соң құрып бітеді.

Дақылдар аурулары да сол сияқты, бірінің ауруы екіншісіне көбінде жұқпайды. Бір жерге дақылдарды жыл сайын еге берсек, оның ауруға шалдығуы күшейеді. Себебі ауру тудыратын микроорганизмдердің споралары сол танаптағы өсімдік қалдықтарында, топырақта сақталады да, келесі жылы тағы да әлгі дақылды ауруға шалдықтырады. Мысалы Қазақстанда қант қызылшасының өнімінің қатты төмендеп кетуіне осы аурулардың да кесірі тиіп жүр. Бір жерге ауыстырмай себіле бергендіктен, ауру тудыратын микроорганизмдер топырақта көбейіп тамырды шірітіп жіберетін болады.

Танапқа ауыстырылмай егіле берсе тек қана қант қызылшасы емес, басқа дақылдар да ауруға шалдығады, оның зиянкестері көбейеді.

Капустаны үнемі бір жерге отырғызу кила ауруының дамуына апарып соғады, мақта солдырма ауруына, күздік бидай тот және тамыр шіріндісі, зығыр мен сора фузариоз, күнбағыс жалған ұнтақ, картоп фитофтора ауруына шалдығады.

Арам шөптер де ауыспалы егіссіз жылдам көбейіп кетеді. Мысалы, жаздық дақылдар үнемі қайталап егілген жерде жаздық арам шөптерге жақсы жағдай туып, олардың саны өсе береді. Ал сол жерге күздік бидай, әсіресе күздік қара бидай егілсе, жаздық арам шөптер күрт азаяды.Себебі күздік дақылдар сентябрь айында егіледі, олар қысқа дейін тамырланып, түптеніп кетеді де, көктемде ерте көктеп жаздық арам шөптерден бұрын жетіліп, оларды өздерінің көлеңкесінде қалдырады. Көленкеде қалған арам шөптер жөнді өсіп жетіле алмай, көбінесе өліп қалады.

Ал күздік бидай бір жерге қайталанып егіле берсе, онда күзде өсетін арам шоптерге қолайлы жағдай жасайды. Күзде өсетін арам шөптер күздік бидаймен бірге өніп шығады да, өсіп жетілуі жөнінен бидайдан кем қалмайды.Бидай пісіп ораққа іліккенше олар дәнін төгіп үлгереді, ал келесі жылы олар бұл жерде бірнеше есе көбейеді.Күздік бидайды сепкен сайын күзде өнім шығаратын арам шөптердің саны арта береді. Бұл арам шөптерді осы жерге жаздық дақылдар егіп қана құртуға болады. Ол үшін көктемде жаздық дақыл егер алдында бұл танапты жақсы культивациялау керек. Сол культивациялау кезінде күзде өніп шыққан арам шөптер оталып құрып бітеді. Сөйтіп күздік дақылдармен жаздық дақылдарды ауыстырып отырып, арам шөптердің санын күрт азайтуға болады.

Күнбағыс, темекі сияқты дақылдарды бір жерге еге берсе, бұл танапта күнбағыс пен темекіні сорып күн көретін сұңғыла қаптап кетеді. Бұл паразит арам шөптермен күресудің басты тәсілі ауыспалы егіс қолдану. Бұл паразиттік арам шөптер астық тәріздес дақылдар арқылы өмір сүре алмайды да, 6-7 жылда топырақтағы тұқымдары өліп бітеді.

Экономикалық –ұйымдастыру себептері; Ауыспалы егіс қолданғанда ешқандай қосымша шығынсыз – ақ өнімнің мөлшерін көбейтуге, өндірілген өнімнің өзіндік құнын кемітуге болады, яғни дақылдарды өсіру жұмысының рентабельдігі жоғарылайды. Шаруашылыққа түсетін таза табыс артады.

Әртүрлі дақылдар егілгенде техника мен жұмысшы күші тиімді пайдаланылады. Мысалы; күздік бидай, қыркүйек, қазан айларында егілсе, жаздық дақылдар көктемде егіледі. Трактор мен сеялкалар күзде де көктемде де жұмыс істейді. Күздік бидай жаздық дақылдардан ертерек піседі, оны жинап бітірген кезде, жаздық дақылдар ораққа ілінеді. Сөйтіп комбайнды ұзақ уақыт пайдалануға мүмкіндік туады. Бұл жағдайда техника өзін-өзі жылдам ақтайды, таза табыс көбейтеді.

Негізгі алғы дақылдардың сипаттамасы.

Алғы дақыл деп өткен жылы танапта болған ауылшаруашылық дақылын немесе парды айтамыз. Себілген дақыл түріне байланысты, топырақтың құнарлылығы азды көпті өзгеріп отырады. Осы себепті дақылдардың өнімінің мөлшері мен сапасын алғы дақыл күшті әсер етеді. Сондықтан Қазақстанда жиі кездесетін алғы дақылдарға тоқталайық.


Таза пар.

Таза пар дегеніміз – арам шөптерді құрту, топырақтағы ылғал мен қоректік заттарды молайту үшін қалдырылған ешқандай дақыл себілмеген, жаз бойы әр түрлі құралдармен өңделіп тұратын бос танап.Таза пар қара және ерте пар болып екі топқа бөлінеді.Парға қалдырған танапты күзден бастап жыртып, өңдей бастасақ, ондай пар қара пар деп аталады. Қара пар республикамыздың оңтүстік, оңтүстік –шығыс облыстарында қолданады.Қара парға көбіне күздік бидай егіледі. Парға қалдырылған жер көктемнен бастап өңделе бастаса, ондай парды ерте пар деп атайды. Ерте пар солтүстік облыстарда жиі қолданылады.Оған көбіне жаздық бидай егіледі. Қыста жел жиі болып тұратын далалық аймақтарда қарды көбірек тоқтату үшін парға қалдырған танаптарға кей жағдайда биік сабақты дақылдар егіледі, оны ықтырма пар деп атайды. Танапта жаз бойы ешқандай өсімдік болмағандықтан, топырақтағы ылғалдың жартысынан көбі күзге дейін сақталады. Парға егілген астықтардың өнімі 1.5-2 еседей артық болады.Пардан кейін ол танапқа 3-4 жыл астық егуге болады.

Отамалы дақылдар.

Отамалы дақылдар (қант қызылшасы, жүгері, картоп, көкөніс,мақта және басқалар) егілген танаптарда жаз бойы арам шөптермен күрес жүргізіледі.Оларға көбіне тыңайтқыштар беріледі.Сол себепті отамалы дақылдар астық тәріздес өсімдіктер үшін жақсы алғы дақыл болып есептелінеді.

Бұршақ тұқымдас дақылдар топырақтағы азотты көбейтеді. Кейбіреулері (ас бұршақ) ерте көктемде егіліп, жылдам өседі де, арам шөптермен жақсы күресе алады.Сондықтан бұршақ тұқымдастар көптеген күздік және жаздықдақылдар үшін жақсы алғы дақыл болып есептелінеді.

Көп жылдық шөптер.

Көп жылдық шөптер топырақтағы органикалық заттарды көбейтеді, топырақтың физикалық қасиетін жақсартады.Коп жылдық шөптер барлық дақылдарға дерлік жақсы, өте жақсы алғы дақыл болып саналады.

Қазақстанның оңтүстігінде суармалы жерлерге егілетін техникалық дақылдар(мақта, қант қызылшасы,темекі) үшін көп жылдық бұршақ тұқымдас шөп-жоңышқатаптырмайтын алғы дақыл. Жоңышқа топырақты органикалық заттармен, азотпен байытады, арам шөптер мен ауру тудыратын микробтардың санын азайтады.Барлық техникалық дақылдар жоңышқадан кейін мол өнім береді.

Дәнді масақты дақылдар.

Масақты дақылдар түріне қарай алғы дақыл ретінде әртүрлі бағаланады.Күздік бидай жаздық бидай мен арпа үшін, көптеген отамалы дақылдар үшін жақсы алғы дақыл болып есептелінеді.Себебі ол арам шөптермен жақсы күресе алады, танапты ерте босатады. Жаздық бидай мен жаздық арпа орташа алғы дақыл болып есептелінеді.Бұлардың ішіндегі нашары – тары. Тары бастапқы кезде өте жай өседі де, өсіп дамуы жағынан арам шөптерден кейін қалып қояды.Тарыдан кейін танаптарда арам шөптер көп болады.

Жаздық дақылдардың онша айтарлықтай алғы дақыл болып есептелінбейтінінің тағы бір себебі бар. Олар топырақтағы жеңіл сіңірілетін қоректік заттарды едәуір мөлшерде пайдаланады. Сондықтан оларкөбіне ауыспалы егістің ең соңғы танабына егіледі де, бұл дақылдардан кейін танаптар көбіне парға қалдырылады.


Ауыспалы егістің жіктелуі.
Ауыспалы егістер онда егілетін дақылдардың түріне, алынатын өніміне және топыраққа тиетін әсеріне байланысты танаптың, мал азығындық және арнаулы болып үшке бөлінеді.Танаптың ауыспалы егістерде астық, техникалық дақылдар және картоп өндіріледі. Танаптың ауыспалы егіске орналастырылған техникалық дақылдар қант қызылшасы, күнбағыс, мақта, артықша бір жағдайды қажет етпейді, оларды масақты дақылдар себіліп жүрген танаптарға орналастыра беруге болады.Танаптық ауыспалы егістерде кейде мал азығындық дақылдар егілуіде мүмкін, бірақ малды жеммен қамтамасыз ету бұл ауыспалы егістің міндетіне жатпайды.

алМ азығындық ауыспалы егістер егілген дақылдардың түріне байланысты фермалық және пішендік , жайылымдық болып екіге бөлінеді.Егер ауыспалы егіс мал фермасының жанына орналасып, оған сүрлемге, көк балаусаға арналған дақылдар егілсе, бұл фермалық ауыспалы егіс болып табылады.

Ал пішендік, жайылымдық ауыспалы егіс ферманың жанына орналаспауы мүмкін,бұл ауыспалы егістерге көбіне бір жылдық не көп жылдық шөптер, арпа, сұлы сияқты күтімді онша қажет етпейтін мал азықтық дақылдар себіледі.Кей жағдайларда бұл ауыспалы егістердің кейбір танаптарға мал жаюға да пайдаланылады.

Мал азықтық егістерде шаруашылықтың ауа райы мен топырағына, өсірілген малдың түріне, жасына байланысты әр түрлі дақылдар егіледі. Егер шаруашылық мал бордақылауға мамандандырылған болса, онда ауыспалы егісте арпа, жүгері сияқты малды тез семіртетін дәнді дақылдар егіледі.Төл алып, өсіретін шаруашылықтарда бұршақ тұқымдас, құрамында белогы мол дақылдар егіледі.Егер шаруашылық сүт өндіруге мамандандырылған болса, онда сүрлем беретін дақылдар, құрамында суы, қанты мол болатын қызылша секілді тамыр жемісті дақылдар егіледі. Шаруашылық қой, етке арналған ірі қара мал, жылқы өсірумен айналысатын болса, бұл ретте олардың пішендікке жарайтын, мәдени жайылымғақолдануға болатын дақылдар өсіргені жөн.

Мал азықтық ауыспалы егістің ең басты көрсеткіші бір гектардан алынатын жемдік өлшем мен қорытылатын протеин,витаминдер көлемі болып табылады.Бұл жерде әрбір жемдік өлшемге кететін еңбек мөлшері мен өндірілген жемнің өзіндік құнын да есептеу керек.

Арнаулы ауыспалы егістерде топырақты әдейілеп,ерекше дайындауды қажет ететін дақылдар егіледі.Бұған күріш,көкеніс,темекі өндіретін ауыспалы егістер жатады.Мысалы,күріш егу үшін танаптар ерекше дайындалады,күріш егетін атыздар тақтайдай тегісболуы керек,әйтпесе атызды сумен толтырғанда,судың қалыңдығы оның әр тұсында әртүрлі болып қалуы мүмкін,ондай жағдайда дақылдың өнімі күрт төмендейді.

Көкөніс,темекі егу үшін де топырақты өте жақсылап баптау керек,бұл егістерден алынатын өнімдерді адам тікелей пайдаланатын болғандықтан мұндай дақылдарға минералдық тыңайтқыштар белгілі мөлшерде ғана беріледі және олар көбіне органикалық тыңайтқыштар болады. Бұл ауыспалы егіске егілетін дақылдар қол күшін көп қажет етеді.Сондықтан өнімді мол алатындай етіп қажетті жағдай жасап,яғни уақтысында суарып, жөндеп күтпесе арнаулы ауыспалы егіске себілген дақылдар өзін өзі ақтай алмай,шаруашылыққа зиян әкелуі мүмкін.

Топырақты бүлдіретін эрозияға қарсы қолданылатын,танаптағы дақылдары 50-100 метрлік жолақтарға орналасатын ауыспалы егістер де осы арнаулы ауыспалы егістердің қатарына кіреді.Мұндай ауыспалы егістер Қазақстанның тәлімі жерлерінде орналасқан топырағы құмдауыт болып келетін аудандарда қолданылады.Бұл ауыспалы егістерге көпжылдық шөптер,масақты дақылдар мен пар үшеуі 50 не 100 м жолақтарға,желдің үдере соғатын бағытына кесе көлденең орналастырылады.Топырақты қорғайтын ауыспалы егістер солтүстікке Павлодар,Ақмола,Торғай,батысында Ақтөбе облыстарында,оңтүстігінде Алматы,Оңтүстік Қазақстан облыстарында кездеседі.

Аралық дақылдар .

Аралық дақыл дегеніміз негізгі дақылдардан бос уақытта танапқа себілетін дақылдар Аралық дақылдарды себу арқылы бір жерден жылына екі рет өнім алуға мүмкіндік болады.Бұлар үстемелік ,шабындық, аңыздық және күздік болып бөлінеді.

Бір дақыл себілген кезде онымен бірге тағы бір дақыл егілсе,оны үстемелік дақыл дейді.Мысалы республикамыздың суармалы жерлерінде арпамен бірге жоңышқа егіледі.Жаз ортасында арпаны орып алғаннан кейін жерді суарып жіберіп күзге қарай жоңышқаны шөпке шауып алуға болады.

Сүрлемге арналған жүгерімен бірге қант қызылшасын егуге болады.Шілде айында жүгеріні сүрлемге шауып алады,қазан айында қант қызылшасын жинауға болады.

Шөпке,көк балаусаға арнап себілген дақылдар орылып алғаннан кейін егілген дақылдарды шабындық аралық дақылдар дейді.Қазақстанның оңтүстік облыстарында шөпке арналып себілген қара бидайды,сұлыны гүлдеу кезінде шауып алады да, оның орнына жүгері,арпа,тары егіп, тағы бір өнім алуға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет