Білім және ғылым министрлігі



бет4/16
Дата29.03.2017
өлшемі4,94 Mb.
#12543
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Топырақ су теңгерiмiнiң жалпы теңдемесi:

В0осоргкпрВисптнпс1,


В0- топырақтағы ылғалдың бастапқы қоры, Вос-зерттелу кезеңiндегi атмосфералық жауын-шашынның мөлшерi, Вор-суғару суы, Вг-ыза суы, Вк-су буының конденсациясының нәтижесi, Впр-беткi ағыннан келген ылғал.

Висп-зерттеу мерзiмiндегi физикалық булану, Вт-транспирацияға жұмсалған ылғал, Вн-төмен ағып, топырақтан шығынданған ылғал, Впс-беткi ағыннан жоғалған ылғал, В1-зерттеу соңындағы топырақта қалған ылғалдың қоры (мөлшерi).

Су теңгерiмiнiң әр элементiнiң ара салмағы әртүрлi болып келедi. Сондықтан практикада қолдану үшiн су теңгерiмiнiң барлық элементтерiн есептеп жатпайды, тек қана маңыздыларын зерттеуге тырысады. Онымен қатар олардың кейбiреулерiн дәл есептеуге бүгiнгi күнi мүмкiндiк аз (тамыр жайылатын қабатқа келетiн жер асты суы, будың конденсациялану суы, қапталдан келетiн және кететiн ылғалдың мөлшерi ж.б.). Оған қоса тағы бiр айта кететiн жағдай, су теңгерiмiнiң кейбiр элементтерiн зерттеу көп қаражат пен еңбектi керек етедi. Топырақтағы ылғал қорын (м3/га немесе су қабатының мм)

Ва·d·h


формуласымен есептеп шығаруға болады (В-су қоры м3/га; а- топырақ ылғалдылығы,; d-топырақ көлемдiк салмағы, г/см3; h-топырақ қабатының қалыңдығы, см). Су қорын мм өлшеу үшiн, алынған мөлшердi (көлемдi) онға бөлу керек.

Шамамен топырақтағы су қорын, әсiресе қуаңшылық аудандарда, ылғалдану тереңдiгiне қарап айтуға болады: ылғалданған әрбiр сантиметр 1 мм сiңiмдi суға сәйкес деуге болады.


4. Топырақтың су режимiн реттеу

Топырақтың су режiмiн реттеу өсiмдiкке қажеттi ылғалды жинап алу, оны сақтау және тиiмдi пайдалану шараларынан тұрады. Солардың бiреуi-егiстiкте қар тоқтату тәсiлi. Солтүстiк Қазақстанда көктем кезiнде дақылдарды ылғалмен қамтамасыз етудiң бiрден-бiр көзi қар жамылғысы болады. Бұл жерде қар түрiнде жауын-шашынның 60-100 мм түседi. Осы ылғалды сақтап қалғанда топырақтың су жүргiсiн елеулi түрде жақсартуға болады. Жаппай жазықтiлгiшпен өңдеудi енгiзгенде қосымша 15-20 см қар жинап алуға болады. Бiрақ қар тоқтату шараларын жүргiзбесе, аңызда қар толық сақталмайды (жиналмайды). Сондықтан 4-5 м аралығында қыста болатын желге қарсы қар жалдарын жасау керек. Егер егiстiк жер ылдыйлы болып келсе, қар жолдарын оған көлденең жасау керек.

Қар тоқтатудың тиiмдiлiгi оның мерзiмiне де байланысты. Әдетте бiрiншi қар тоқтату желтоқсан айында оның қалыңдығы 12-15 см, тығыздығы 150-200 кг/м3, мұз қабыршағы 3-5 см кезiнде жүргiзедi. Қар тоқтату кезiнде қабыршақ мұз үлкен үгiндiлерге бөлiнiп, жалдың биiктiгiн жоғарылатады. Жалдар таза, топырақ және өсiмдiк қалдықтарымен ластанбаған, биiктiгi қар жамылғысының биiктiгiнен 2-3 есе көп болуы қажет. Қардың қалыңдығы аз болғанда (30-35 см) жалдар биiк болмайды, сондықтан бұл тәсiлдi қайталауға тура келедi.

Қар тоқтау үшiн риджерлi жал жасағышпен (СВУ-7) қатар СВС-3 жал жасағышта қолданылады. Ол қарды бiркелкi жинауға, тарту кедергiсiн бiршама азайтуға мүмкiндiк бередi.

Топырақ ылғалдығын арттыруда арнайы өңдеу тәсiлдерiн қолдану арқылы қар суын тоқтатудың, әсiресе беткейлi жерлерде, маңызы зор.

Далалық, құрғақ далалық және тәлiмi жерлерде ылғал жинау мәселесiнде пардың, оның iшiнде ықтырма пардың алатын орны үлкен. (Топырақ өңдеу тәсiлдерi туралы тарауда кейiнiрек толық айтылады).

Топырақта ылғал жинауда оңтайлы микроклимат жасайтын егiс қорғайтын орман алқаптарының маңызы үлкен. Мұндай алқаптар желдiң жылдамдығын көктемде үштен бiрге, ал жазда 50 төмендетедi, осыған сәйкес 30-40 булану азаяды. Орман алқаптары жоқ жермен салыстырғанда 1,5-2 есе қар көп тоқтайды. Топырақ аз тоңданады, көктемде ертерек жiбидi, ылғалды өзiне жақсы сiңiредi. Аталған алқаптар ауаның ылғалдылығын 1,5-3, ал аңызақ кезiнде 10-15 жоғарылатады. Температура көктемде 1-20 жоғары болса, ал жазды күнi, керiсiнше, бiраз төмен болады. Осы жағдайларға байланысты өсiмдiктердiң өсiп-дамуы жылдамдайды (жақсарады), олар ылғалды тиiмдi пайдаланады, салыстырмалы шығыны азаяды, күздiк дақылдар, көпжылдық шөптер, баулар жақсы қыстап шығады. Орман алқаптарының эрозиямен күресуде де маңыы зор.

Топырақтың су режiмiне (жүргiсiне) тиiмдi әсер ететiн агротехникалық тәсiлдердiң қатарына оны дұрыс өңдеуден басқа арамшөптермен күресу де жатады.

Әрине, топырақтың су режiмiн реттеуде егiстi суғарудың маңызы зор. Уақтылы және дұрыс суарудың арқасында ауыл шаруашылығы дақылдарының өнiмiн бiрнеше есе көбейтуге болады.

Топырақтан ылғалдың шығынын азайтуға бағытталған шаралардың бiрi-топырақ бетiн жабындау: толығымен немесе топырақ (егiстiк) бетiнiң бiраз бөлiгiн сабанмен, қарашiрiндiмен, полимерлi материалдармен ж.б. жабындау (бүркеп қою). Онымен қоса бұл тәсiл топырақтың жылу жүргiсiн жақсы жағына қарай өзгертедi, арамшөптердiң өсуiн қиындатады.

Топырақтың оңтайлы су жүргiсiн жасау шараларының қатарына оның су-физикалық қасиеттерiн (су өткiзгiштiк, сиымдылық, буланғыштық) оң бағытта өзгеруге, өңдеу қабатының құрылысын, құрылымын жақсартуға бағытталған барлық шаралар жатады.

Осы қатардағы шаралардың iшiнде ауыспалы егiстердi, сорттарды дұрыс таңдап алу, тыңайтқыштар енгiзу, оңтайлы себу мерзiмi мен оның тәсiлдерi, егiстi мұқият күту ж.б. жатады.

Суармалы егiн шаруашылығында жер асты сулары жақын орналасқанда топырақ тұзданбас үшiн құрғату жүйесiн (дренаж) қолданады, оның жабық жүйесi басқалардан тиiмдi болады. Каналдарда фильтрацияны болдырмау үшiн темiрбетонды науаларды қолданған жөн. Науа болмаған күнде каналға су жiберу алдында оны жақсылап тазалау керек. Суару мөлшерiн (нормасын) артық қолданбау, жаңбырлата және суарудың басқа да үнемдi түрлерiн, егiстiктi ұқыпты түрде тегiстеу сияқты шараларды қолдану қажет. Тұрақты каналдардың бойына ағаш отырғызуда тұзданумен күресудiң бiр жолы болып есептеледi.

Су шығынының тиiмдi (пайдалы) түрi болып тек мәдени өсiмдiк пайдаланған ылғал саналады. Ал, тиiмсiз (пайдасыз) шығындарға жататындар: топырақ бетiнен ағып кеткен су мен желмен ұшырылып кеткен қар; топырақ бетiнен буланып кеткен су; жер асты суына инфильтрациялануы; арамшөп пайдаланған ылғал.

Транспирация және топырақ бетiнен буланып кеткен ылғал қосындысын жалпы су пайдалану жиынтығы делiнедi. Егiншiлiкте бұл көрсеткiштiң маңызы үлкен. Су пайдалану жиынтығының көздерi болып-топырақтағы ылғалдың табиғи қорлары, жауын-шашын, суғару суы, жер бетiне жақын орналасқанда жер асты суы есептеледi.

Нақтылы дақылдың вегетация кезеңiнде су пайдалану жиынтығының бiр өлшемiнiң оның негiзгi өнiмiне қатынасы су пайдаланудың коэффициентi делiнедi. Басқа сөзбен айтқанда дақылдан бiр салмақтық өнiм алу үшiн қанша су өлшемi керек екенiн (м3/т) көрсететiн шама. Мысалға кейбiр дақылдардың су пайдалану коэффициентiн келтiруге болады: 3-4 т/га өнiмдiлiкте бидайдың коэффициентi 900-1100 м3/т, жүгерi-5-7 т/га болғанда 550-800, қант қызылшасы –40-50 т/га-100-120, қоза-2,5-3,0 т/га-2000-3000 м3/т.

Топырақ бетiнен буланып кететiн пайдасыз ылғалды ауыл шаруашылығы дақылдарын өндiруге интенсивтi (қарқынды) технологияны қолдану арқылы азайтуға болады. Мысалы, қоза дақылында қатараралығын дер кезiнде қопсыту, арамшөптерiн жою арқылы су шығынын недәуiр азайтуға болады.

7- дәріс.Егіншілік және өсімдік шаруашылығының негізгі заңдары.



Мақсаты: егіншілік және өсімдік шаруашылығының негізгі заңдарымен және егіншіліктің негізгі зерттеу әдістемелерімен таныстыру және өсімдіктердің өсуіне қолайлы оптималды факторлар қалыптастыру мақсатында жаңа инновациялық технологияларды елімізде енгізу және игеру.

Дәріс жоспары:

1.Егіншілік және өсімдік шаруашылығының негізгі заңдары.

2.Егіншілік ғылымының негізгі зерттеу әдістемелері.

3. Өсімдікке қажетті сыртқы факторларды оптималдаудың инновациялық әдістері

Ғылым мен озық тәжірибенің жетістіктеріне сүйене отырып егіншіліктіңжоғары мәдениеті деген ұғымды іс жүзіне асыруда мынандай заңдылықтыатап кеткен ләзім. Яғни негізгі 5 заңдылық.

1.Табиғаттағы топырақ түзілуінің жағымды тиімділігі заңы. Топырақ құнарлығының қалыптасуы оның біртіндеп арта беретіні , ондағы жәндіктер тіршілігі барған сайын ұлғая беретіні және күн сәулесінің қуаты мен қоршаған ортаның қоректік заттарды көп жинауы, ал содан соң бұларды өзі менкендегенаймаққа шоғырландыру, жәндіктер тіршілігінің жетекшілігінен топырақтың құрылуы-осы заңға жүгінеді.

Ааймақтың климаты, жылуы, су тәртіптері қолайлы өсімдіктердің топырақ қыртысының үстіңгі қабаттарында микрофлоралар мен жануарлар тіршілігінің дамуына жақсы жағдайлар жасалатыны белгілі. Мұның өзі топырақ құрылуын жеделдетеді, оның құнарлылығын арттыруды тездетуге ықпал етеді. Мұндай аймақтарда топырақтың өнімділігі, оның биологиялық қуаты арта түседі. Мәселен, тоңды және шөлді аймақтардың топырағы табиғи тұрғыданөнімділігі өте кедей болып келеді.

2. Қоректік заттарды топыраққа қайтару заңы. Бұл қайтару заңының талабы бойынша-ысырап болу, егінмен бірге кету немесе басқа да себептер салдарынан топырақтың сіңімді қоректік заттарының тепе-теңтігі бұзылған жағдайда, тиісті тыңайтқыштар еңгізу жолымен, яғни басқада агротехникалық әдістермен сол тепе-теңдікті қалпына келтіру қажет. Соның өзінде топырақ іпетті екенін және ондағы микробиологиялық жұмыстар дұрыс реттелсе өсімдіктердің нәр алуына қиын болып келген заттардың бір бөлігі сіңімді күйге ауысатынын ескерген жөн.

Заңдарды қайтару заңының бұзылуы топырақтың қунарлылығының жойылып кетуіне соқтырады.

3. Минимум, оптимум және максимум заңы. Бұл заң қайтару заңымен тығыз байланысты. Егінажайдағы өсімдіктердің өсуінің минимумдегі факторға немесе қоректік элементке тәуелді болатыны белгілі. Егер топырақтағы сіңімді азот 1 гектардан 10 центнер мөлшерінде астық алуға ғана жететін болса, ал фосфордың калийдің және басқа қоректік заттардың қоры 30 центінер, одан да көп түсім алуға жететін болса, бәрібір өнім 10 центінердің маңайында ғана алынады, өйткені, өнімнің мөлшерін ондаған минимум элемент айқындайды. Егер топырақта қоректік заттар жеткілікті болып, бірак су тапшы болса, онда алынатын өнімнің мөлшерін ылғал белгілейді.

Факторлардың- ылғалдың, қоректік заттардың, жылудың, жарықтың шамадан тыс көп болуы да, жетіспей кем болуы да өсімдіктердің өсуі мен дамуын тежейді.

Өсімдіктің тіршілігіне минималды- қолайсыз және оптималды-ең қолайлы жағдайлармен қатар максимальды жағдайда болады. Мұндайда көбінесе өсімдіктерге жайсыз жағдай болғаны.

Егер барлық тіршілік факторларды қолайлы мезгілде, әрі тиісті мөлшерде бар болса, онда өсімдіктің өнімі мол болады.

4. Өсімдіктердің өз ортасына сәкес келуі және дақылдарды уақыт пен кеңістікбойыншаа дұрыс ауыстыру, дұрыс ауыспалы егіс жүйесін қолданузаңы.

Тек жекелеген организм ғана өзінің өсіп-өнетін орнымен тығыз байланысты болып қоймайтын, сондай-ақ тұтас алғанда бүкіл өсімддік жасыл жебесі өзін қоршаған ортамен тығыз бірлікте өзара әрекеттес болады. Өсімдік қауымын қурайтын өсімдіктердің түр-түрі тек оқшау-оқшу топ құрып немесе одан бетер жеке-жеке көршілес болып тәуелсіз өсіп қана қоймайды, олар өздері қоректенетін алаң, ылғал, жарық және тіршілікке қажетті басқа факторлар үшін күресуде өзара олардың бір-бірімен тығыз қатынасы да болады. Екіншіден өсімдіктерді қолдан іріктеуде осы фитоценозға жататын өсімдік түрлерінің өздері мекендеген ортадағы жағдайлардың бүкіл (комплекске) кешеніне бейімделуін көздейді.

Бір түрге жататын өсімдіктер арасында немесе белгілі бір факторларда бірдей мезгілдеқажетсінетін өсімдік түрлері арасында бәсекелестік күшті болады. Ал, мәселен, қоректік заттар мен ылғалды топырақтың қабаттарынан алатын күн сәулесін әр мөлшерде қажет ететін, басқа қоректерін де әр түрлі мерзімді пайдаланатын өсімдіктер арасында бәсекелестік байқалмайды, немесе бұл құбылыс оларда едәуір аз болады. Сондықтан өсімдік қауымдарында тамыр жүйелері топырақтың әр түрлі қабаттарын кеулейтін өсімдіктер кездесетіні жәйден-жәй емес. Өсімдіктің бір түрінің тамыры негізінен үстіңгі қабатты жайласа, басқаларының тамырлары одан едәуір тереңге бойлайды да, тайыздағы тамырларға кедергі келтірмейді.

5. Өсімдіктердің өсуі мен дамуы факторларының бірлескен әрекеттерінің нәтйжесі деп аталатын бесінші заң аталмыш төрт заңның логикалық үйлесімі болып табылады.

Өсімдік тіршілігінің жекелеген факторлары өз алдына оқшау емес, қайта бір-бірімен өзара тығыз байланыста әрекет ететіні белгілі. Оларды басқа еш нәрсемен алмастыруға болмайды, өйткенібұл факторлардың бәрі бірдей. Өсімдік өсіп дамуының қандай кезеңінде болсада жалпы бүкіл факторлар кешенінің (коплексінің) ықпалында болады. Вегетациялық ыдыстарда және егінжайындажүргізілген нақты тәжірибелер, сондай- ақ егіншіліктің көп жылғы мәліметтері мынаны дәлелдейді : өсімдіктер тіршілігінің факторлары тек бірлесіп әрекет еткенде ғана барынша әсерлі болады. Егінжайдағы осы факторлардың бірінің өсімдікке ықпалын өзгертсе, басқа торларда өнімді пайдаланудың мүмкіндігі мен жағдайы сөзсіз бұзылады.

«Факторлардың бірлескен әрекеті заңнан шығатын негізгі қорытынды мынадай,-деп жазады В.Д. Паников,-тіпті ол қаншалықты күшті болса да жеке- дара агрономиялық тәсілмен егіншілікті ең жоғары тиімділікті қамтамасыз ете алмайсың, мұндай тиімділікке тек агротехникалық шаралардың комплексін қолданып жетесің».

Бұл заңның әсерін ескермей тұрақты табысқа жетуге болмайтынын әрбір маман терең түсінуге тиіс.

Егіншіліктің бұл бес заңынан басқа да заңдар бар, мысалы органикалық заттарды синтездеу жәнебұзу заңы, жасыл өсімдіктердің автотровтығы жөніндегі заң, бұған фотосинтез теориясы да кіреді.

Егіншілік саласында ғылымның маңызды міндеттері: еліміздің барлық аймақтарында топырақтың құнарлылығын және егіншілік мәдениетін арттырудың теориясы мен практкалық шараларын одан әрі таңдау, қуаңшылықпен, эрозиямен және топырақ сортаңыен күрес жөніндегі зерттеулерді күшейту; ауыл шаруашылық дақылдарын орналастыруды агроклиматтық тұрғыдан негіздеу; интенсивті егіншілік жағдайында егіс алқаптары мен ауыспалы егістердің тиімді құрылымын белгілеу; мәдени дақылдардың мол өнімді, ауруларға және зиянды жәндіктерге төзімді сорттарын шығару болып табылады.



3. егіншілік ғылымының негiзгi зерттеу әдiстерi:

3.Егіншілік ғылымының зерттеу әдiстерi егiншiлiктiң мына заңдарымен негiзделген.

1. Өсiмдiк тiршiлiгiне керек факторлардың өзара тепе-теңдiгi және бiрiн-бiрiмен алмастыруға болмайтындығы заңы. Өсiмдiк тiршiлiгiне қажет факторларды ұзақ уақыт зерттеу нәтижесiнде оларды бiр-бiрiмен ауыстыру мүмкiн еместiгi айқындалды. Қорытындылай келгенде, егiншiлiктiң бiрiншi заңы-факторлардың тепе-теңдiгi туралы заң туды. Бұл заң былай айтылады: Өсiмдiк тiршiлiгiне қажеттi факторлар абсолюттi түрде өзара тепе-тең болып келедi және оларды бiр-бiрiмен алмастыруға болмайды. Бұл заңнан туындайтын қорытынды - өсiмдiктiң дұрыс өсiп-дамуы үшiн барлық факторлармен (космостық және топырақтан алынатын) қамтамасыз ету керектiгi. Факторлар өсiмдiкке көп немесе өте аз мөлшерде қажет болуына қарамастан, оның бiреуi жоқ болса өсiмдiк өнiмiнiң күрт төменлеуiне немесе болмауына әкелiп соғады. Заңның абсолюттiк сипаты осыған байланысты екенi байқалады.

Егiн шаруашылығында факторлардың тепе-теңдiгi салыстырмалы сипат алуы мүмкiн. Ол өсiмдiктi әртүрлi факторлармен қамтамасыз етудiң қиын-жеңiлдiгiне және мөлшерiне байланысты болып келедi. Мысалы, Қазақстанның жағдайында негiзiнен бiрiншi орында ылғал, одан кейiн қоректiк заттар болып келедi.

2. Минимум, оптимум, максимум заңы. Өнiм деңгейi минимумда (аз мөлшерде) болатын фактормен анықталады; ең жоғарғы өнiм фактор оптималды (оңтайлы мөлшерде) болғанда алынады; фактор минималды және максималды болғанда өнiм мөлшерi төмендейдi немесе ол болмауы мүмкiн.

Өнiм деңгейiнiң минимумда болатын факторға байланысты екенiн бiрiншi айтқан өсiмдiк қоректенуiнiң минералды теориясының авторы Юстус фон Либих (1803-1873 жж.) болды. Жетiспейтiн фактордың орнын толтыра бастағанда, өнiмнiң деңгейi көтерiлiп, екiншi бiр жетiспейтiн фактор минимумда қалған кезде, өнiмнiң өсуi тоқтайтыны байқалған.

Бұл заңды дәлелдеу үшiн Гельригельдiң вегетациялық тәжiрибесiн келтiруге болады. Бiркелкi құнарлы топырақпен толтырылған шыны ыдыстарда арпа өсiрiлген. Ылғалдығынан басқа өсiмдiкке керек жағдайларды бiрдей етiп ұстаған. Әр-бiр 8 ыдыстағы топырақтың ылғалдылығы толық ылғал сиымдылығынан 5,10,20,30,40,60,80 және 100 деңгейде болған. Тәжiрибе нәтижесiнде ең жоғарғы өнiм топырақ ылғалдылығы 60 (оптимум) болғанда алынса, құрғақ топырақта (минимум) және ол суға толық қаныққанда (максимум) өнiм болмаған. Осы қорытындыны басқада (температура ж.б.) факторлармен жүргiзген тәжiрибе нәтижелерi дәлелдейдi. Сайып келгенде, ең жоғарғы өнiм фактордың оптималды жағдайында, ал оның минималды және максималды болуы өнiмнiң төмендеуiне әкелiп соғатыны айқындалған.

3. Өсiмдiк тiршiлiгi факторларының бiрлесiп әрекет ету заңы. Өсiмiдiк тiршiлiгiне қажеттi факторлар бiрлесiп әрекет етедi, яғни олар өсiмдiктiң өсiп-даму процесiнде өзара әрекеттестiкте болады.

Либшер ХIХ ғасырдың соңғы кезiнде жүргiзiлген көптеген зерттеулердiң негiзiнде минимум заңына түзету енгiздi. Оның айтуынша, өсiмдiк минимумде болатын факторды қалған факторлар оптималды мөлшерде болып келгенде, соғұрлым тиiмдi пайдаланады. Осымен факторлар әрекеттестiгiнiң бар екенi мойындалып отырғаны көрiнедi.

Бұл заң В.Р.Вильямстiң жұмыстарында өзiнiң әрi қарай дамуын тапты. Э.Вольнидiң көпфакторлы вегетациялық тәжiрибесiн негiзге ала отырып, ол фактор әрекеттестiгiн анық көрсете бiлдi. Тәжiрибеде үш қатар қойылған шыны ыдыстарда қара бидай өсiрiледi. Әр қатардағы төрт шынының үшеуiне тыңайтқыш берiлмей, толық сиымдылықтан 20, 40 және 60 ылғалдылықта, ал төртiншi шыныға 60 ылғалдық және толық тыңайтқыштар берiлдi.

Үш қатар орналасқан шыныларға жарық түсу деңгейi әртүрлi болған (әлсiз, орташа және жеткiлiктi түрде) үш фактор.

Суармалы егiн шаруашылығы жағдайында суғару мен тыңайтқыш берудiң үлкен маңызы бар. Неғұрлым өсiмдiк қоректiк заттармен толық қамтамасыз етiлгенде, суландыру, яғни бұл екi маңызды фактор бiр бағытта әсер етiп, өнiмдi арттырады.

Бұл сияқты құбылыс– бiр фактор екiншi фактордың әсерiн күшейтiп, жеке қолданғаннан гөрi қосымша өнiмнiң деңгейi артық болуын синергия процесiнiң көрiнiсi деуге болады.Өсiмдiк тiршiлiгiне қажеттi факторлардың бiр-бiрiне тiкелей әсерiнен басқа жанама әсерi де болдады. Мысалы, фосфор тыңайтқыштары өсiмдiкке керектi ылғалдың мөлшерiн өзгертпейдi. Бiрақ дақылдың пiсiп-жетiлу кезеңiн қысқарту арқылы оған керектi судың жалпы мөлшерiн азайтады. Осы жерде айта кететiн бiр нәрсе: өнiмнiң жоғары болуы дақылдың биологиялық мүмкiншiлiгiмен күн сәулесiнiң мөлшерi және оны пайдалану қабiлетiмен анықталатынын ескеру керек.

Өсмiдiк тiршiлiгi факторларының бiрлесiп әрекет ету заңы минимум заңын жоққа шығармайды. Соңғы заңның маңызы – бiрiншi минимумдегi фактор өнiм алуда жетекшi орын алатынында. Сондықтан минималды факторды анықтау және оны оңтайландыру егiншiлiктiң бiрiншi мiндетi болып саналады.

Осы заңдарға сүйенген егіншіліктің ғылыми зерттеу әдiстерiнiң мақсаты өсiмдiктердiң өнiп өсуiне әсер ететiн қоршаған ортадағы негiзгi және қосалқы факторлардың әсерi, олардың ауа-райымен бiрге оңтайлы мөлшерлерiн анықтау. Осы мәселелердi шешу үшiн егіншілік ғылымының келесi әдiстердi пайдаланады.

1. Негiзгi жұмыспен қатар жүретiн әдiс. Егерде бiз дақылдардың өнiп-өсуiне, дамуына, өнiмдiлiгiне бақылау жасайтын болсақ, сол жерде (танапта) метеорологиялық элементтерге қатар бақылау жүргiзуiмiзге болады. Бұл әдiстiң негiзiн қолдаушы П.И.Броунов болған. Бұл әдiспен жүргiзiлген көп жылдық байқаулардың нәтижесiнде өсiмдiктердiң қай фазасында қандай температура, ылғал мөлшерi оңтайлы екенiн анықтауға болады.

2. Географиялық себу әдiстерi. Ең оңтайлы, жақсы агроклиматтық көрсеткiштердi анықтау үшiн бiр ауылшаруашылық дақылын әр түрлi жерлерде, биiктiктерде өсiредi. Осындай жасалынған тәжiрибелер арқылы 2-3 жылда сол дақылдың оңтайлы агроклиматтық көсеткiштерiн анықтауға болады. Қай климаттық жағдайда, қандай биiктiкте бұл дақыл жоғары өнiм бере алатынын анықтай аламыз.

3. Дақылды әртүрлi себу мерзiмi әдiсi. Өсiмдiк бiр жерде (танапта) себiледi, бiрақ себу мерзiмi әртүрлi - әр бiр 5, 10, 15, 20 күннен соң. Осындай тәжiрибенiң нәтижесiнде сол дақылдың белгiлi метеорологиялық жағдайдағы оңтайлы себу мерзiмi анықталады.

4. Лаборатория және далалық тәжiрибе әдiсi. Жасанды ауа-райы жағдайында өсiмдiктердi өсiру (вегетативтiк үйшiктер, теплицалар, оранжереялар және т.б.). Өсiмдiктiң дамуына әр түрлi метеорологиялық жағдайлар жасап өсiмдiктiң әр түрлi мерзiмiнде өсуiне бақылау жүргiзу.

5. Өсiмдiктiң статистикалық материалдарын өңдеу әдiсi және сол жылдардағы метеожағдайы П.И.Броунов осы әдiстi өзiнiң зерттеулерiнде қолданып өсiмдiктiң өсуiндегi ңқауiптi кезеңң анықтаған.

4.Топырақты минималды, нөлдік және жылдам өңдеу иновациялық техникасы мен технологиясымен таныстыру

Өсімдік шаруашылық өнімдерін өндірудің технологиялары



  1. Дәстүрлі(топырақты қайырып жыртуға негізделген ),

  2. Mini-Тill -топырақты таяз қопсыту арқылы өңдеуге негізделген,

  3. No-Till – топырақ өңдеу жұмыстарын алдын ала өңдемей тікелей егу жұмыстарын жүргізу (келешегі егіншілік жүйесін биологияландыру)

Ескерту: Екінші және үшінші технологияда өсімдік қорғаудың химиялық заттарды пайдаланудың орны ерекше

Дәстүрлі технология

Артықшылығы:


  • Арамшөптермен тиімді курес шарасын жүргізуге,

  • Органикалық және өсімдік қалдықткрын топыраққа сіңіруге,

  • Топырақта су ауа режимін қалыпты жағдайда ұстап тұруға

  • Жырту қабатын жақсы қопсытуға

Кемшілігі:

  • Топырақ өндеу кезінде орасан зор шығым жұмсау,

  • Топырақта карашіренді мен азоттын ысырап болуы,

  • Вегетациялық кезенде топырақ бетіндегі температуранын жоғарлауы мен ылғал жоғалту

  • Топырақтағы жел және су эрозиясыны ушығуы

  • Топырақтын құрылымының жойылуы

  • Жана технология егіншілікте жаңаша әсер етеді және стратегиялық жағынан егіс көлемін көбейтуге Mini-Till және No-Till технологиясы арқылы жетуге болады. Бұл технология шығындарды үнемдеуге негізделген. Шығынды үнемдеу дегеніміз кең мағынада:

  • Топырақ-климат ресурстары шығындары;

  • Материалдық шығындар;

  • Энергетикалық шығындар;

  • Еңбек ресурстары шағындары.

Топырақты минималды өндеу- жүріс санын, топырақ өндеу тереңдігін азайту, бірнеше операцияларды бір мезгілде орындау және арам шөптермен күресуде гербицидтерді қолдану арқылы ғылымға негізделген топырақ өндеу жүйесі .

Топырақ өндеуді минимализациялау-аймақтық манызға ие жане негізгі бағыты төмендегідей:

жүріс санымен негізгі, себуге дейінгі жане арақатарлық ауыспалы егіс жүйесінде азайтып арамшоптерге қарсы гербицидтерді пайдалануға

кең алымды техникаларды пайдалана отырып бір жүріспен сапалы топырақ өндеу терен өндеуді таяз өндеумен

кешенді топырақ өндеу жане себу агрегаттарын пайдалана отырып бірнеше технологиялық операцияларды бір рат ғана операциямен орындау

егіс танаптарынын беткі қабатын аз өндеп гербицидтерді пайдалану

Егіншілік жүйесін биологияландыру негіздері

Табиғи жағдайда шөптесін өсімдіктердің өсу және дамуы тығыз топыраққа бейімделген. Сол топырақтың беткі қабатында органикалық зат қалдықтары және өсімдік тамырлары арқылы топырақ қабатында көп жинақталады.Өсімдік тамырларының ыдырауы топырақтың төменгі қабатында және бұл ыдырау анаэробты жағдайда жүреді. Бұдан пайда болған қоректік заттар жауын сулары арқылы топырақтың төменгі қабатына тарайды.



Өсімдіктер өздері пайдаланған органикалық заттардан қарағанда, тіршілік кезеңі аяқталғаннан кейін мол органикалық заттар қалдыруға ғажайып қабілеті бар.

Топырақ тығыздығының өзгеруі


(, г/куб/см)

Технология

топырақтың көлемдік массасы ,1 см қабатындағы

көктем

жаз

күз

0-10

0-30

0-10

0-30

0-10

0-30

Нөлдік технология

1,12

1,3

1,09

1,18

1,07

1,27

Дәстүрлі

1,14

1,43

1,18

1,32

1,26

1,38

Себу агрегаты «Хорш-Агро-союз» фирмасы







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет