Масақты дақылдар пісіп,оны орып алғаннан кейін егілген дақылдар дейді.Мысалы,Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік шығыс облыстарында күздік бидай маусым айының аяғында шілде айының басында пісіп ораққа ілігеді.Босаған жерді суарып жіберіп,орнына жүгнрі сеуіп сүрлем алуға болады.Тары мен қарақұмықтың ерте пісетін сорттарын егіп, тағы бір дән алуға болады.Сөйтіп республикамыздың суармалы жерлерінен бір жылда екі рет астық алуға болатынын тәжірибе көрсетіп отыр.Күзде себіліп көктемде негізгі дақылдар себілгенше шөпке, пішіндемеге шабылып алынатын дақылдарды күздік аралық дақылдар дейді.Мысалы,күзде шөпке арнап қара бидайды, күздік бидайды егуге болады.Мамар айының аяқ кезінде бұл дақылдарды шөпке шауып алып, жерді суара салып, ол жерге жүгері сияқты кеш себілетін дақылдарды аксе,одан тағы бір өнім алынады.Бұл жағдайда жүгерінің өнімі,әдетте оны ерте көктемде сепкеннен кем болмайды.
Аралық дақылдар тек қана суармалы жерден алынатын өнім мөлшерін көбейтіп қана қоймайды, сонымен қатар олардың үлкен агротехникалық маңызы да бар.Аралық дақылдар танаптағы арам шөптердің санының азаюына септігі тиеді.Олар топырақта көптеп органикалық заттар қалдырып ,жердің физикалық қасиетін жақсартады.Қажетті тыңайтқыштарды уақытылы бергенде аралық дақылдар егілген жердің құнанлылығы кемімейді,керісінше қайта оның құнарлылығының арта түсетінін ғылыми деректер көрсетіп отыр.
Қазақстанның әртүрлі аймақтарында қолданылатын ауыспалы егістердің схемалары.
Ауа райына,әсіресе жауын шашын мөлшеріне ,топырақтың түріне,құнарлылығына,жылудың мөлшеріне, үсік болмайтын күндер санына,шаруашылықтың мамандандырылуына байланысты калхоздар мен совхоздарда ауыспалы егістің әртүрлі схемасы қолданылуы мүмкін.
Қазақстанның солтүстүгінде орналасқан шаруашылықтардың қолдануына болатын ауыспалы егістердің схемасы.
Дала аймағы үшін
Егістік, дәнді – парды 6 танапты Егістік дәнді - парлы - отамалы 6 танапты ауыспалы егіс. ауыспалы егіс
1) Таза пар 1) Таза бидай
2) Жаздық бидай 2) Бидай
3)Жаздық бидай 3) Бидай
4)Сұлы 4) Сүрлемдік жүгері
5)Жаздық бидай 5) Бидай
6) Арпа 6) Арпа
Егістік дәнді - парлы 5 танапты Егістік, дәнді - парлы 4 танапты ауыспалы егістік ауыспалы егістік
1) Таза пар 1) Таза пар
2) Бидай 2) Бидай
3) Бидай 3) Бидай
4) Бидай 4) Арпа
5) Арпа
Мал азығындық дәнді - отамалы 2 танапты ауыспалы егіс
1) Жүгері
2) Арпа ( сұлы)
Құрғақтау дала аймағы үшін
Егістік дәнді− парлы 4 танапты Егістік дәнді− парлы 4 танапты
ауыспалы егіс. ауыспалы егіс.
1. Таза пар 1. Таза пар
2. Бидай 2. Бидай
3. Бидай 3. Бидай
4. Арпа 4. Сұлы
11-дәріс
Топырақты өңдеудің ғылыми негіздері
Жоспары:
1.Топырақты өңдеу мақсаты
2. Топырақ өңдеудің негізгі міндеттері
3.Топырақты сыдыра жырту.
Топырақ өңдеу мақсаты. Егілген дақылға қолайлы жағдай жасау үшін машиналар мен құрал-саймандардың жұмыс органдары арқылы топыраққа тікелей механикалық әсер етуді өңдеу дейміз.
Егінжайда сапалы өңделген топырақта дақылдардың өсіп-дамуына қажетті жағдайдың бәрі жасалады. Топырақты өңдеу арқылы жарамды құндылықты тиімді құндылыққа айналдырады.
Топырақты өңдегенде құрылымы жұтаң тартқан үстіңгі қабаттың орнына органикалық қалдықтарға бай, қоректік заттар қоры анағұрлым мол төменгі қабат ауысып түседі. Мұндай жағдайда аэробты микрооргонизмдердің белсенділігі артып, органикалық заттардың минералдануы күшейеді. Сонымен топырақты өңдеу арқылы оның құнарлы қабатына ылғал, ауа және қажетті қоректік заттардың қорын молайтуға болады.
Топырақ өңдеудің алдына мынадай негізгі міндеттер қойылады:
ауыл шаруашылық дақылдарын қолайлы факторлармен(су, ауа, жылу, қоректік заттар) қамтамасыз ету үшін топырақтың өңделетін қабатында оптимальды түйіршіктер, қолайлы құрылым дайындау.
Арам шөптерді жою немесе басып тастау
Егінжай топырағына өсімдіктер мен жәндіктер қалдықтарын, органикалық, минералдық тыңайтқыштарды, химиялық мелиоранттарды, улы химикаттарды еңгізу.
Жауын-шашын аз түсетін аймақтарда ылғалды жинап, оны сақтау, ал ылғалы мол аймақтарда керісінше жағдайда егінжай топырағынан артық ылғалды құрғату.
Топырақ қабатындағы микробиологиялық жұмыстарға қарқынды әсер ету арқылы қоректік заттарды жинау, сақтау және сіңіруін жақсарту.
Ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестері мен ауру қоздырғыштарын жою, немесе басып тастау.
Қолайлы тереңдікке мәдени дақылдардың тұқымдарын себу үшін жағдай жасау.
Топырақтың беткі қабатының су эрозиясы мен дефляцияға тұрақтылығын арттыру үшін қолайлы шара қолдану.
Шымтопырақты, тың, тыңайтылған егінжайдағы, болмаса қыртысты топырақта өскен көпжылдық шөптер тамыр жүйесінің тіршілігін жою.
Топырақты негізгі өңдеу тәсілдері
Жер жырту-топырақты өңдеу негізгі өңдеудің басты тәсілі. Ол топырақ өңдеудің ең ертеден келе жатқан тәсілдерінің бірі болып есептеледі. Жерді жыртқанда беткі қыртысы аударылып астына түседі. Егер қыртыс 180 градус аударылса, оның кадаты аудару деп атайды, ал қыртыстар біріне-бірі 45 градус сүйеніп, аударылуы 135 градус болса онда қыртысты айыру дейд. Жерді плугпен жыртады. Олар қайырмаларының түрлеріне қарай витті цилиндірлі, жартылай витті және мәдени болып төртке бөлінеді. Топырақтың қыртысының жақсы аударылуы, қопсуы, плугтың қайырмасының түрі цилиндір тәрізді болса, қайырмаларының түрлеріне байланысты. Мысалы плугтің қайырмасының түрі цилиндір тәрізді болса топырақ жақсы үгіліп арласқанмен нашар аударылады. Жартылай витті плугпен жерді жыртқанда топырақ жақсы үгітіледі, бірақ нашар аударылады, ал витті қайырмалы пулгпен жер жыртқанда керісінше топырақ жақсы аударылып нашар үгітіледі. Жерді жырту үшін көп корпуты әр түрлі маркалы пулгтар аспалы ПЛН-3-35, ПЛН-5-35, жартыоас аспалы ПЛН-6-35, ПТК-7-35, ПТК-9-35, топырақ тереңдеткіші, аспалы ПН-4-35А, жартылай аспалы ПЛП-6-35-7, тілкемелі П-3-300, П-5-35-П, ойық корпута, аспалы ПВН-4-35, ПВН-4-35 жартылас аспалы ПЛП-6-35-6 тіркемелі П-3-30К, ПВ-5-35 қолданылады. Ауыл шаруашылығында жер жыртудің үш тәсілі қолданылады: загонды фигуралап және тегістеп жырту осылардың ішінде ең көп тараған загонды тәсіл.
Өсімдіктің тамырлар жүйесі осы топырақ ұлтанына дейін барып, бүгіліп қайырылып қалады, ал тамыр жүйелері әлсіз болып, мол өнім алуды тежейді. Жыртылған танапта топырақ ұлтаны пайда болмас үшін жылма-жыл әр түрлі тереңдікте жыртып, немесе топырақ тереңдеткішті пайдаланған дұрыс.
Тамыр жүйелері 35-40см тереңдікке жететін мысалы қант қызылшасын, мақтаны, жүгеріні т.б техникалық тақылдарды егетін топырақты өңдегенде кең алымды корпусы бар плугтар қолданылады.
Топырақты сыдыра жырту. Тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты республиканың далалық солтістік, батыс, орталық және оңтүстік облыстарының аудандарында жер эрозиясы кең етек алды.Міне сондықтан осы кеселді тоқтатуға бағытталған жараларды қолдану керек болды.
Осыған орай Бүкілодақтық астық ғылыми зертеу институты жер өңдеудің топырақ технологиясын ойлап таптты.Оның негізгі топырақтың бетінде аңызды сақтау. Сақталған аңыз ылғал жинаумен қатар желдің күшін азайтын топырақ ұнтағының ұшып кетуіне кедергі жасайды. Топырақ бетінде аңыз сақтау үшін өндіріске жазық табанды культиватор-сыдыра жыртқыштары өнгізілді. Ол үшін жерді негізгі өңдегенде топырақты 30-35см тереңдікте дейін қопсытады.Қазіргі кезде КПГ-250, КПГ-2-150, КПШ-9, КПШ-5 жазық табанды культиватор сыдыра жыртқыштары кеңінен қолданылады.
Топырақтың беткі тәсілберін өңдеу тәсілдері. Топырақтың беткі қыртысын өңдеу тәсілдеріне сыдыра жырту, культивациялау, тырталау, катоктау, малалау және басқалар жатады.
Сыдыра жырту. Сыдыра жыртуды сыдыра жыртқыштарды арқылы жүзеге асырылады.Сыдыра жыртқыш топырақты босатып, топырақ қабатын болмашы ғана аудара жыртады. Бұл құрал арамшөпті отайды, жыртылған топырақтың қабатында ылғалды сақтайды. Сыдыра жыртқыш дискілі және түренді болады. Дискілі сыдыра жыртқыштардың жартылай аспалы және тіркемелі түрі бар. Дискілі сыдыра жыртқыштардың алым кеңдігі 5-20, өңдеу дереңдігі 10см қимыл бұрышы 15-35 градус.
Жердің беткі қабатын өңдеу тәсілдері
Культивациялау. Жер өңдеудегі жыртудан кейінгі көп қолданылатын тәсілі. Культивациялау кезінде топырақ қопсытылады, араластырылады және арамшөптер қырқылады. Сонымен қатар өсімдіктерді түптеуге болады. Культивацтиялаудың екі түрі болады: тегіс және қатар аралықты культивациялау. Тегіс культивациялау өсімдіктер жоқ жерлерде, яғни егін себер алдында, таза парларда жүзгізіледі. Ал қатар аралық культивациялау отамалы дақылдарды күтіп баптағанда жүзеге асырылады. Қатар аралықты өңдегенде өсімдік қатарлары қасында өңделмейтін алаңшалар-өсімдік тамырларын қырқылудан сақтайтын аймағын қалып отырады. Осы өсімдік тамырларын сақтау аймағындағы арамшөптерді отау үшін жеңіл түптеу жүргізіледі.
Топырақты культивациялау үшін әр түрлі культиваторлар қолданылады. Олар КПС-4, КРН-4.2, КРН-5.6, КОН-4.2, КПП-2,2, КШН-3.6 және басқа культиватор жатады. Культивациялау тереңдігі 5-6см-ден 10-12см-ге, ал кейде 20см-ге дейін.
Тырмалау. Тырмалау тәсілі жұмыс органдары әр түрлі формада болатын шанышпалы, ойық қуысты дискі құралдарымен атқырылады. Тісті және шанышпалы тырмалар топырақты қопсытып және тегістейді. Өңдеу тереңдігі 3-4-тең 5-6см-ге дейін болады. Тісті тырмалармен тек жыртылған аңыз сабақтары мен өсімдік қалдықтарынан тазартылған топырақ өңделеді және бұл түренді құралдар комплексіне енеді. Салмағына қарай ауыр, орташа және жеңіл тырмалар болып бөлінеді. Егер біс тіске түсетін салмақ 2-3кг болса, бұл ауыр, ал салмағы 1-2кг болса, онда орташа, массасы 0.5-1.5кг шамасында болса – жеңіл тырмаға жатады.
Өсімдік көгі өніп шыққан топырақты қопсытуға батарея бұрышын 0 градус етіп қояды. Топырақ қабатын жазық тілгішпен өңдеу жүйесінде шанышпалы тырма таптырмайтын құрал болып есептеледі.
Бау-бақшаны және батпақты жерлерді өңдейдін арнаулы тамырлар бар. Сүдүгер жыртылған жердегі ірі кесектерді ұсатып өңдеуге, көп жылдық шөп егілген алқаптың айдалған қыртысын реттеуге, аңызды сыдыра жыртуға жеңіл тырмалар твң және тыңайған жердің топырағын жыртқанға дейін және одан кейін, шымды танаптарды шабындық пен жайылым алқаптарының бетін өңдеуге пайдаланылады. Өңдеу тереңдігі 20см-ге дейін болады.
Тырмадағы дискілі батареяның сыдыра жыртқыштан айырмашылығы қозғалу бағытына қарай 0-21 градус бұрышпен екі қатардан орнатылады.
Катоктау. Бұл топырақтың жоғарғы қабатының нығыздалуын, тегістелуін қамтамассыз етеді. Сонымен қатар, бір мезгілде тоң кесектерді ұсақтау, топырақтың зиянды қабыршағын бұзуды жарым-жартылай қопсыту жұмысы да жүзеге асырылады. Бұл жұмысты атқаруда бұдырлы сақиналы ЗККШ-6 катогымен ЗКВГ-1.4 және СКГ-2 су құйылатын катоктар қолданылады.
Бұдырлы сақиналы катоктар топырақты аз шаңдатады, құрылыс ерекшелігінің арқасында, олар таптап өткен жерде, топырақтың үстінгі қабаты түйіршікті болады. Катоктау ерте көктемде арамшөптердің, әсіресе қара сұлының тез көтерілуі үшін қажет.
Егін себілгеннен кейін катоктау сіңірілген тұқымның топырақпен жанасуын жақсартады, дәнді дақылдардың егістік өнгіштігінің 10-15 процент арттырылады. Егін себілгеннен кейінгі катоктаудың су режіміне ықпалы шамалы.
Сор және сортаңдау топырақты ылғалданған күйінде катоктау тіпті зиянды, өйткені, бұл топырақ бетінде қатты қабршақ пайда болуына мүмкіндік жасайды.Мұндай топырақта егін себілгеннен кейін катоктауда тиімсіз, дәнді дақылдардың өнімін төмендетеді. Сол себептен мұндай топырақтарды катоктауды тұқым себер алдында жүргізген жөн. Тұқым себілген жерді катоктаған соң, онда арамшөптер қауырт қаулай жығады.
Жерді негізгі өңдеу және себер алдында беткі қабатын өңдеу техникалары
Жерді аудармай сыдыра жырту, жер эрозиясына қарсы қолданылатын техникалар
Достарыңызбен бөлісу: |