4. Ағаш жоңқаларын есептеу.
Ағаш жоңқасы азық - түліктік және кәсіптік тауарларды қаптауға, фиброқұйылған тақталарды және елтірілі аңдарды күтуге арналған төсемдерді жасауға арналған.Жоңқаға арналған шикізат ағашты аралаудан,фанера және сіріңке өндірісіндегі ағаш өңдеуден кесек қалдықтар мен дөңгелек ағаш материалдары болып табылады.Ағаш жоңқасын партиялармен салмақ бойынша есептейді.Жоңқа 360бойынша,60кг-нан артық емес тең салмақтарын сақтау шарттарында,басқа өлшемдердегі теңдерге жоңқаларды баспаққалыптауға жол беріледі.Әрбір теңді екі белдікпен екі бойлай 1,8-2,0 мм диаметрлі сымтемірмен байлайды.
Ағаш үгінділерін есептеу.
Гидролизге арналған технологиялық ағаш үйінділері 0,1ке дейін жуықтаумен тығыз салмақта есептеледі.Үйінді көлемді тығызға алмастыруда қолданылатын коэффициенттер:тұтынушыға 0,30;5-50км қашықтықта автомобиль және теміржол көлігімен тасымалдауда 0,34;50-500км қашықтықта-0,36;500 км-ден артық қашықтықта -0,38.
Тікелей транспортерлермен тұтынушыға беру барысында үйінділерді есептеу көлемдік бірліктерге тізбекті қайта есептеумен салмақ бірліктерінде автоматты таразылардың көмегімен жүргізіледі.Бұл жағдайда,белгіленген уақыт аралығында жеткізілетін,үгінділердің көлемі (V) келесі формуламен есептеледі:
V=m1/m2, (126)
Мұндағы m1-берілген ылғалдылықта белгіленген уақыт аралығында жеткізілетін үйінділердің салмағы,кг;
Ал m2-осы ылғалдылықта 1 сүректің салмағы.
Ағаш жасылын және ағаш ұнын есептеу.
Ағаш жасылы (қылқан жапырақ,жапырақ,бүршіктер,қатаймаған өркендер) ағаш ұнын және ағаш-биохимиялық өндірістің өнімдерін өңдеуге,сондай-ақ жаңа даярланған түрде ауыл шаруашылық малдарының және құстардың рацианына қоспа түрінде пайдалануға арналған.
Ағаштың жасылын жаңа шабылған ағаштарда дайындайды.Жеке көктің және бөгде қосымшалар мен қоспалардың пайыздық қатынасы бойынша оны үш сұрыпқа бөледі.Бірінші сұрыпты көкте қоспалардың 20-ына,екінші сұрыпта 30-ына,үшінші сұрыпта 40 беріледі.Ағаштың көгі тонналарда партиялармен есептеледі.
Ағаш ұнын 14кг-нан кем емес салмақпен және 4-тен кем емес қабаттар санымен ағаш қаптарға қаптайды.Ұнның есебін әрқайсысы ағаш қаптарға қаптайды.Ұнның есебін әрқайсысы 32т-дан артық емес салмақта партиялармен жүргізеді.Ағаш ұнын фенопластар,полимер материалдар,линолеум және жарылғыш заттар өндірісіне пайдаланады.
14-дәріс.
Тақырыбы:Орман алқаптарын инвентаризациялау.
Жоспар:
1.Орман таксациясы.
2.Орман таксациясының тәсілдері.
Орман таксациясы жас ерекшелік кластарының әдісімен жүргізіледі.Жас ерекшелік кластарының әдісі,аймақтық ажыратылғанымен,бірыңғай жас ерекшелікпен біріктірілген,тұқымдық құрамы мен өнімділігі бойынша біртекті орман желектерінің жиынтығынан тұратын,шаруашылық секцияларын,шаруашылықтарды (қылқан жапырақты,қатты жапырақты,нәзік жапырақты) түзуге негізделген.Жас ерекшелік кластарының әдісі бойынша ормандар таксациясының алғашқы есептік бірлігі-орман таксациялық белгі,ал алғашқы есептік бірлік-шаруашылық секция болып табылады.
Жас ерекшелік кластарының аралық ұзақтығы самырсын үшін-40 жыл,басқа қылқан жапырақты тұқымдар мен тұқымнан шығатын қатты жапырақты тұқымдар үшін 20 жыл,нәзік жапырақты және басқа қатты жапырақты тұқымдар үшін 10 жыл,тез өсетін тұқымдар үшін 5жыл,бұталар үшін 1жыл деп белгіленген.
Таксациялық разряд- таксациялық жұмыстардың дәлдігін және бөлшектену дәрежесін сипаттайтын көрсеткіш сүректі дайындау ережелерінің ұйымдастырушылық-техникалық элементтеріне,орман кварталдарының өлшемдеріне байланысты белгіленеді және орман кварталының ішінде орман таксациялық белгілердің миималді мөлшерін анықтауға негізделеді.Ормандар таксациясы,орман кварталының өлшеміне байланысты белгіленетін,бірінші,екінші немесе үшінші таксациялық разрядтар бойынша жүзеге асырылады.Ормандардың таксациялық разрядына байланысты орман таксациялық белгілердің минималді аудандары белгіленеді.
Орман құрылысындағы бір нысанның аумағында ормандардың,оның жеке бөліктерінің таксациясы орман шаруашылығын жүргізудің және ормандарды пайдаланудың қарқындылығына,сондай-ақ басқа факторларға байланысты әр түрлі таксациялық разрядтар бойынша жүргізілуі мүмкін.Ормандардың қайталанған таксациясында таксациялық разряд алдыңғысындай сақталады.Ормандардың әлеуметтік және экологиялық мәнділігін немесе ормандарды пайдаланудың және орман шаруашылығын жүргізудің қарқындылығын өзгертудің барысында таксациялық разряд төмендеуі немесе жоғарылауы мүмкін.Резервті ормандардың және оларға тартылатын қорғаныш ормандардың таксациясы оларды қорғаныш немесе қолданыс ормандарына тізбекті жатқызу мақсаттарында жүзеге асырылады.Таксациялық разрядты өзгертпей ,ормандардың қайта таксациясын жүргізу барысында,алдыңғы ормандар таксацияларындағы таксациялық белгілердің нобайларында қателерді тапқанда немесе жүрген өзгерістерге байланысты оларды нақтылау мақсаттарында ғана орман таксациялық белгілердің шекаралары өзгеретін болады.Орман таксациялық белгілердің нормативті өлшемдерін қамту үшін алдыңғы ормандар таксациясындағы таксациялық белгілерді негізсіз бөлшектеуге және ірілеуге жол берілмейді.
Орман таксациясы барысында жүрісті жолдар бойынша және олардың арасында таксаторды бағдарлау және жолдардың ұзындығын өлшеу GPS (ГЛОНАСС) қабылдағыштардың немесе аэрофотосуреттердің(ғарыш суреттерінің) көмегімен жүзеге асады.
2.Ормандар таксациясының тәсілдері.
Орман таксациясы орман желектерінің таксациялық көрсеткіштерін анықтаудың белгіленген нормативті дәлдігін қамтитын тәсілдермен жүзеге асады.
Көз мөлшермен,көзмөлшерлі-өлшейтін,демифрленген және актуализация орман таксациясының төрт негігі тәсіліне жол беріледі.
Көзмөлшерлі тәсіл,жеке көреткіштерді түзету мақсаттарында өлшеу таксациясының элементтерін пайдаланумен,ормандардың таксациялық көрсеткіштерін көзмөлшермен (визуалді) анықтауға негізделген.Ормандардың көзмөлшерлі таксациясының нормативті дәлдігін қамту үшін орташа ағаштар діңінің биіктігі мен диаметрін өлшеулері және ағаштар діңдерінде қима аудандары қосындысының 1-2 өлшемі жүргіз тәілуі мүмкін.
Көзмөлшерлі тәсілмен орман таксациялық белгілердің таксациясы орман жолдарынан,визирлерден және орман таксациялық белгілерді қиып өтетін және оларға түйісетін,басқа таксациялық жүріс жолдарынан (жолдардан,электр тербеліс жолдарының төсемдерінен,құбыр төсемдерінен,т.б.) жүзеге асырылады.Аэрофотосуреттегі фотобейнені талдаудың есбімен толық тексеруді аяқтағаннан кейін ғана орман таксациялық белгінің жалпы таксациялық сипаттамасы құрылады.
Аэрофотосуретте алдын-ала нобайланған орман таксациялық белгіні екіге және одан көпке бөлу немесе жақын сипаттамалармен аралас орман таксациялық белгілерді біріктіру туралы мәселе осы ормантаксациялық белгілердің немесе бүкіл орман кварталының таксациясы аяқталғаннан кейін ғана шешіледі.
Тұрақты радиустың шеңберлі реласкопиялық немесе қайта есептелген алаңдарының саны және орналасу сызбасы,көзмөлшерлі ормандар таксациясындағы бөлімдердің саны аэроғарыш суреттерін демифрлердің негізінде алдын-ала жоспарлануы тиіс.Суреттер бойынша орман таксацялық белгідегі орман желектерінің біртектілік немесе біртектілік емес дәрежесін,жер бедерінің элементтеріне бейімделуін,жас ерекшелік тобын,толықтық тобын анықтайды.Осы мәліметтерден,сондай-ақ таксациялық белгі ауданындағы өткен жолғы орман құрылғысының мәліметтері бойынша алынған немесе жуықтап анықталған,мәліметтерден шыға отырып,таксация бөлімдерінің санын және орналасуын анықтайды.Орман таксациялық белгінің таксациялық сипаттамасы,белгі таксациясының барлық бөлімдерінде алынған,мәліметтерден шыға отырып есептелген,орташа таксациялық көрсеткіштердің негізінде беріледі.
Ормандар таксациясының көзмөлшерлі-өлшеу тәсілі,мәліметтері орман таксациялық белгінің таксациялық сипаттамасын құруға негіз болып табылатын,іріктеу,өлшеу және тізбектеу таксациясымен көзмөлшерлі таксацияның сәйкесуіне негізделген.
Көзмөлшерлі-өлшеу әдісін қолданумен орман таксациясында қарастырылатын желекке байланысты (көріну аймағын шектейтін өсіндінің болуы немесе болмауы) нормаларға сәйкес келетін мөлшерде тұрақты радиустың шеңберлі есептелетін алаңдары немесе реласкопиялық алаңдар қаланады.
Төрттен астам алаңдардың санында олар орман таксациялық белгі бойынша бірқалыпты орналасады.Төрт алаңдарда және олардың орман таксациялық белгіде аз мөлшерінде белгінің ең қарапайым бөліктерінде болады.
Реласкопиялық алаңқайларда ағаш діңлдеріндегі қима аудандардың қосындысын анықтау әрбір белдеуге жеке айна реласкоппен немесе призмамен,толықтық-өлшегішпен шығарылған бұрыштық шаблонмен жүргізіледі.Толықтық өлшегішпен ағаштарды есептеу құрамдағы ағаш жыныстары бойынша жүреді.Ормандағы негізгі элементтің (ағаш жынысының,жас ерекшелікті ұрпақтың,ағаш белдеуінің) және орман таксациялық белгіде ағаш жыныстарының ең көп берілген құрамдарының орташа биіктігін анықтау үшін,орташаларға жақын,3-5 есептік ағаштарда биіктікті құрал-сайманды өлшеу жүргізіледі.Осы ағаштарда жас ерекшелігін нақтылау қажет болғанда сүректің керндері алынады.Реласкопиялық алаңқайлардағы барлық өлшеулердің мәліметтері таксация карточкасына жазылады.
Ағаштың орташа диаметрі мен орташа биіктігі орман элементінің орташа ағаштарындағы өлшеулерінің орташа арифметикалық мәні ретінде анықталады.Тұрақты радиустың шеңберлі есептелген алаңқайларын қалардың алдында шамасы орман таксациялық бөлімдегі ағаштың орташа диаметріне және толықтығына тәуелді болатын радиусы анықталады.
Бір алаңқайда орташа алғанда 15-тен кем емес ағаштар болу керек.Алаңқайларда ағаштарды есептеу орман элементтері бойынша жүргізіледі.Орман таксациялық белгіде қаланған,шеңбер алаңқайлардағы ағаштар есептерінің мәліметтерін қосады және олар орташа таксациялық көрсеткіштерді есептейді.
Ормандар таксациясының дешифрлеу тәсілі,аэрофотосуреттерде және ғарыштық суреттерде бейнелері бойынша орман желектерінің сапалы сипаттамаларын сараптап-өлшеп дешифрлеуге негізделген.
Ормандар таксациясының дешифрлеу тәсілін қолданудың мінднтті шарты сәйкесті параметрлермен аэроғарыштық түсірілім материалдарының болуы болып табылады.
Сараптап-өлшеп дешифрлеу,ағаштағы жоғарғы етектің бүгілгендігін,ағаштарда көрінетін прондардың өлшемдерін анықтауға арналған өлшеу палеткаларымен және бойлық параллакстарды өлшеуге арналған құрылғылармен жабдықталған өлшеп дешифрлеу,ағаштағы жоғарғы етектің бүгілгендігін,ағаштарда көрінетін прондардың өлшемдерін анықтауға арналған өлшеу палеткаларымен және бойлық параллакстарды өлшеуге арналған құрылғылармен жабдықталған 3-5 еседен кем емес оптикалық ұлғайтумен стереоскопиялық аспаптарда орындалады.
Аэрофотосуреттерді дешифрлеуде орманмен жабылмаған орманды және орманды емес алаңқайлардың жағдайы,санаттарығорман желектеріндегі сүректің қоры мен толықтығы,бонитет класы,орман топтарының тобы,ағаштың орташа биіктігі мен диаметрі,жас ерекшелік класы,орман желектерінің,жыныстың құрамы,орман таксациялық белгілердің нобайлары белгіленген нормативтік дәлдікпен анықталуы тиіс.Таксациялық белгілердегі ертерек белгіленген таксациялық сипаттамалардың артықшылығын, анықталған айырмашылықтардың себептерін талдау,таксациялық белгілердегі ноьайлардың негізсіз өзгерістеріне жол бермеу үшін алынған сипаттамалар алдыңғы орман құрылғысының материалдарымен салыстырылады.Қажет болған жағдайда мәліметтерге түзету жүргізіледі.Дешифрлеудің нәтижелерін таксация карточкасына жазады.
Сандық түрде алынатын немесе сандық түрге түрленген аэроғарыштық суреттерді дешифлеу,интерактивті тәртіпте дәстүрлі сараптап-өлшеп дешифрлеудің орындалуын,сондай –ақ бейнелердің автоматты топтастырылуын,әр түрлі уақыттардағы суреттер мен парталарды бірлесе өңдеуді және олар бойынша,шабудың,өрттің және орманды және орманды емес жерлердегі орман өсімдігімен жабылған жерлердің трансформациясына әкелген,басқа табиғи және антропогенді әсерлердің нәтижесінде болған,өзгерістердің анықталуын қамтитын,ГИС-технологияларды және автоматтандырылған (интерактивті) әдістерді және арнайы программаларды пайдаланумен жүргізіледі.Топтастырудың нәтижелерін орман таксациялық белгілерге орман аумақтарының бөлінуін нақтылау үшін пайдалану қажет.
Өзектендіру әдісімен ормандар таксациясы алдыңғы жолғы орман құрылғысының материалдарын пайдалануға негізделген.Таксациялық көрсеткіштердің өзектілігі жасыл желектердің жаратылысты өсуін көрсететін өзгерістерді,сондай-ақ табиғи апаттық факторлар мен шаруашылық қызметінің нәтижесінде болған өзгерістерді енгізудің жолымен жүргізіледі.
Алдыңғы орман құрылғысының таксациялық сипаттарын өзектендіру үшін,өзектендірудің экстраполяциялық- болжамды моделдері іріктеледі,құрылады.
Өзектендіру моделдері бойынша,шаруашылық және табиғи апат әсерлермен жүрмеген және орман өсімдіктерімен жабылған және жәбылмаған жерлерге жататын,орман таксациялық белгілердің таксациялық сипаттамаларына автоматты өзектену жүзеге асырылады.
Ормандарда жүрген өзгерістердің құрамы туралы мәліметтер бойынша шаруашылық және табиғи апат әсерлерімен жүрген,орман таксациялық белгілердің іріктелуі және аэрофотосуреттер (ғарыштық суреттер) бойынша табиғи және дешифрлеу таксациясының жолымен таксациялық сипаттамаларының өзектенуі жүргізіледі.
Автоматты тәртіпте моделдердің көмегімен ағаш жыныстарын құратындардың орташа жастары және ағаш діңдердің орташа диаметрлері,орташа биіктіктері өзектендіріледі.Алынған мәліметтердің негізінде сондай-ақ автоматты тәртіпте өзектендірудірілетіндер:ағаш белдеуінің орташа биіктігі,басым ағаш жынысының жас ерекшелік тобы және жас ерекшелік класы,1гектарға орман желектеріндегі сүректің орташа қоры,орман желектері сүрегінің жалпы қоры және орман таксациялық белгіде ағаш жыныстарын құратын сүректің қорлары.
Достарыңызбен бөлісу: |