Білім және ғылым министрлігі


-дәріс. Тақырыбы:Орман таксациясының өлешем бірліктері



бет2/6
Дата01.04.2017
өлшемі1,1 Mb.
#12900
1   2   3   4   5   6

5-дәріс.

Тақырыбы:Орман таксациясының өлешем бірліктері.

1.Өлшем бірліктеріне сипаттама

2.Өлшеу қателіктері.

3.Ұзындықты,биіктікті,диаметрді өлшеу бірліктері.

Шабылған ж/е тұрған ағаш таксациясында діңдердің қалыңдығын; дайындалған ағаш материалдарының ұзындығын,өсіп тұрған ағаштардың биіктігін, діңдер қимасының ауданын ж/е орман өнімінің көлемін ж/е өте сирек жағдайларда салмағын анықтайды.

Аталған таксациялық мәселелерді шешу барысында ұзындық өлшемдеріне,аудандарды өлшеуге арналған беткі өлшемдерге,көлемдер өлшемдеріне ж/е салмақ өлшемдеріне негізделеді.Бұл өлшеу түрлерінің барлығы өз есептін бірліктеріне ие болады.

Ұзындық өлшемінің эталоны ретінде метр қабылданған.

Ондық жүйе қағидасы б/ша метр 10дм,100см-ге,1000мм бөлінген.

Аудан бірлігі, жағы 1м-ге тең болатын, шаршының ауданы, яғни шаршы метр болып табылады.Оны м2 деп белгілейді..1002 есе кіші бірлікті шаршы см2 деп атайды.

Көлем бірлігі текше м3,яғни, бүйір қабырғасы 1м-ге тең болатын, текшенің көлемі болып табылады, 1/106 куб метр текше см3 болып табылады.Ескерте кететін, әртүрлі елдерде салмақ пен өлшемнің әртүрлі жүйелері қолданылады.

Елімізде салмақ пен өлшемнің метрік жүйесіне өту өткен ғасырдың 20жылдарының ортасында жү.зеге асырылған.Осының арқасында көптеген таксациялық мәселердің шешімі жеңілдеді.

Қазіргі уақытта араланған материалдардың ж/е дайын ағаш өніміндегі басқа түрлерінің қалыңдығы мен енін мм ж/е см өлшейді.

Таксациялық теорияда діңнің ж/е оның бөліктерінің қалыңдығы,осы қиманы шеңбер деп есептей отырып, айналу денелерінің көлденң қима диаметріне теңестіреді.

Діңдер мен оның бөліктерінің диаметрлерін см өлшейді.Англияда ж/е АҚШ-та діңдердің диаметрлерін дюимдерде ж/е футтарда өлшейді.

Өсіп тұрған ағаштарда діңнің қалыңдығы еуропалық елдердің көпшілігінде адам кеудесінің биіктігінде өлшенеді,бұл дің мойнынан бастап өлшеу жеріне дейінгі 1,3м-ге сәйкес келеді.Еуропада өсіп тұрған ағаштардың биіктігін метрлерде ж/е метрдің ондық үлестерінде дм өлшейді.Дайындалған ағаш материалдарының ұзындығы метрлерде ж/е дм өлшейді.

Діңдердің көлденең ж/е бойлық қима аудандарын шаршы см2 ж/е шаршы м2 өлшейді.

Орман алып жатқан, жерлерде есептеудің бірліктерін, 10000 м2 н/е 100-дан тұратын, 1га ж/е 100м2-қа тең, шаршы метр болып табылады.

Көптеген елдерде сүрек саны текше метрлерде (кубметрлерде, м3) өлшенеді.

Орман таксациясында көлемдер туралы мәселелерді қарастыру барсында 3термин қолданыс табады:

А)дайындалған ағаш материалдарының ж/е дайын өнімдерінің кубатурасын көбінесе көлем деп атайды;

Б)жеке өсіп тұрған ағаштардың кубатурасын салмақ деп атайды;

В)тұтастай н/е 1га да алынған, ағашта болатын, сүректің санын запас деп атайды.

Негізгі есептік бірліктер-текше метрлер-тығыз ж/е жинақты деп бөлінеді.

Тығыз текше метр – бұл, 1м-ге тең, биіктікке,енге,ұзындыққа ие болатын, кеңістікте иеленген, сүректің мөлшері.Бұл тығыз текше метрдегі кеңістіктің барлығы,жеке кесінділердің арасындағы бос кеңістіктердің ж/е бос аралықсыз, тұтастай сүрекпен иеленген.

Жинақты текше метр де осындай ұзындыққа,енге ж/е биіктікке ие,бірақ жеке сүрекпен бүкіл кеңістік емес,тек оның бөлігі ғана толтырылған.Жинақтама кубометрдегі жеке бөренелердің арасында сүрекпен толтырылған кеңістіктер қалады.



2.Өлшеу қателіктері.

Ағаштардың биіктігін ж/е диаметрлерін өлшеу барысында,ағаштардың көлемдерін анықтаудағы қателіктерге ықпал ететін, қателіктер болады. Ағаштар көлемдерін анықтаудың дәлдігіне өлшеу қателіктерінің әсерін белгілеу үшін есептеулер қатарын жасаймыз.

Румын профессоры Попеску-Зелетиннің белгілеуінде, ұзақ қолданыстан кейін,өлшеу ашасының сызғышына қозғалмалы аяқшаның перпендикулярлығының бұзылуы бақыланады.Осының салдарынан өлшенетін диаметрлер нақтылардан кіші болып шығады.Осылайша,жүйелік қателіктер алынады.Осы барлық жүйелік қателіктер теріс белгіге ие болады.

Қозғалмалы аяқша перпендикулярлы күйден 3-6%ға ауытқығанда дің көлемінің ж/е қимасының ауданын анықтаудағы қателік 5,2-10,5% шектерде болады.

Қарастырылатын қателіктер, әрқашан теріс белгіге ие болатын, жүйелік болып табылатындықтан, өлшеу нәтижелері,егер бізге бұрыш белгілі болса, түзетілуі мүмкін болады.

Көрсетілген қателіктерді жою үшін, қолданыс үдерісінде өлшеу ашаларын жүйелі тексеріп отыру керек.

Биіктік пен диаметрді өлшеудің бірдей салыстырмалы дәлдігінде, d:Д=h:Н болғанда, биіктіктег қатеге қарағанда,диаметрдегі қате көлемдегі қателіктің пайызы екі көп болады.

Нақтылы диаметр шамасынан пайызбен өрнектелген диаметрдегі шама келесіге тең болады: .



Диаметрді анықтауда қатенің еселенген пайызына көлемдегі қателіктің пайызы тең болады:

Егер диаметрде d қате жіберілсе,онда цилиндрдегі көлденең қиманың н/е шеңбердің ауданы келесі қателікке тең болады:

Қиманың ауданың қателігі:



Қима ауданына қатысты есептелген,пайыздардағы қателік:

Диаметрдегі қателік қима ауданы б/ша ж/е көлем б/ша қателіктердің тең пайыздарына әкеледі:Pv=Pg=2Pd

Стереометриялық денелер көлемінде пайыздағы салыстырмалы қателік:

Pv=Pg+2Pd

Бұл қатенің орташа шамасы көптеген өлшеулерде келесі формуламен есептеледі:.

Қателердің орташа шамасы вариациялық статистикада әдепте орташа квадратты қате деп аталады:

Мұндағы εx2 орташа арифметикалық шамасынан жеке өлшеулер ауытқуларының квадраттары қосындысы; п-бақылаулардың саны.

Жеке бақылаулар негізінде шығарылатын орташа арифметикалық шама орташа қатеге ие болады:

Ағаштардың диаметрлерін өлшеуде қалыңдық сатыларына бөледі.Қалыңдық сатылары б/ша ағаштарды есептер қима аудандары қосындысының біршама ұлғаюына әкеледі.Қалыңдықтың сатылары б/ша ағаштарды бөлуде диаметрді анықтаудағы максималді қате сатылардың жартысына тең болады.

Ағаштар тобын өлшеудегі қателердің орташа шамасы:

Қателер жүйелік ж/е кездейсоқ деп бөлінеді.Бұл белгіленген қателер жүйелік деп,екі,яғни өң ж/е теріс белгілермен қателер кездейсоқ деп аталады.

Көбінесе орташа квадратты қатені есептейтін формула:

Айырманың орташа квадратты қатесі:

Қатені жуықтап есептеу үшін, орташа ағашты өлшеудегі еселенген қатені өлшенген ағаштардың жалпы санына шаршы түбірге бөлу керек.

Сонымен,қорыта келсек,жеке ағаштарды есептеу барысында диаметрлерді мүмкіндігінше дәл өлшеу керек,өйтпесе ағаштардың көлемін есептеу барсында мәнді қателер алынады.Ағаштарды жаппай есептеу барысында жеке ағаштардың диаметрлерін өлшеуде мәнді жуықтауларға жол беріледі, олар әртүрлі белгілер өзара жойылатындықтан, қосынды нәтижеге мәнді әсер көрсетпейді.

Есептеу қателері өлшеу ашасының ақаулары мен байланысқан.Бақылау қателері субъективті қателерде ж/е есептеуде ашаның дұрыс орналаспауынан туындайды.Қалыңдық сатыларының шектерінде ағаштардың бірқалыпты емес орналасуынан туындаған қателер осы сатыдағы ағаштардың орналасу сипатына тәуелді болады.Жуықтау қателері-1,5%дан+1%ға дейін тербеледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет