Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі :
М. Әуезов. Әдебиет тарихы (1927) Жоғарғы оқу-орындарының студенттеріне арналған . - А. 1991.
А.Байтұрсынов. Әдебиет танытқыш. (1926) - А. 1991.
Қ.Жұмалиев . XVIII – XIX ғ. Қазақ әдебиеті . - А. 1907.
З.Қабдолов. Сөз өнері . - А. 1983.
Ә. Қоңыратбаев . Қазақ әдебиетінің тарихы - А. 1994.
Х. Сүйіншәлиев . XIX ғасыр әдебиеті . - А. 1992.
Х. Сүйіншәлиев . Қазақ әдебиетінің тарихы - А. 1997.
Р.Сыздықова . Қазақ әдеби тілінің тарихы (XV – XIX ¹ғасырлар ) - А. 1993.
Қосымша әдебиеттер :
Абай тағлымы –Әдеби сын мақалалармен зерттеулер .(Құрастырған Н. Ғабдулин). - А. 1986.
Абайды оқы ,таңырқа...- А. 1993.
Абай тілі сөздігі . - А. 1968.
Ақын жыраулар (қысқаша өмірбаяндық мәліметтермен библиографиялық мәліметтер). - А.,1979
Ы.Алтынсарин. Мұсылманшылықтың тұтқасы . - А.,1991
З.Ахметов Өлең сөздің теориясы . - А.,1973
Әдеби мұра және оны зерттеу . - А.,1961
Т.Әлімқұлов. Жұмбақ жан - А.,1993
М.Әуезов . XVIII-XIX ғасыр ақындары - А.,1985 ,16 – т
Бельгер Герольд. Үндестік. Гете, Лермонтов, Абай . - А.,1932
Абай. Бес ғасыр жырлайды .2-томдық . - А.,1989
М.Ғабдуллин. Абайдың назира үлгісі (Жұлдыз) 1991,№ 1.
Х.Досмұхаммедұлы. Аламан . - А.,1991
Ә.Дербісалин. Ы. Алтынсарин - А.,1965
Ә. Дербісалин.Әдебиет туралы толғаныстар . - А.,1990
Ғ.Есімов.Хакім Абай. - А.,1994
А.Жұбанов.Замана бұлбұлдары . - А.,1975
Қ.Жұмалиев. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзиясың тілі . - А.,1960 2-т
Е.Ысмаилов .Ақындар - А.,1956
Б. Кенжебаев Әдебиет белестері . - А.,1965
Ә.Қоңыратпаев. Қазақ фольклорының тарихы - А.,1991
М.Мағауин. Ғасырлар бедері - А.,1991
Махамбет. Ереуіл атқа ер салмай Өлеңдер . - А., 1974
Б.Омаров. Зар заман поэзиясы – А., 2000
Қ. Мұхаммедханов.Абайдың ақын шәкірттері . – А., 1994
М.Мырзахетов. Абайдың ақын шәкірттері . – А., 1982
І.Есенберлин.Көшпенділер – А., 1988, 2000
Ә.Әлімжанов. «Махамбеттің жебесі» – А., 1978
М.Әуезов.Абай жолы – А., 1988, 2000, 2002
С.Мұқанов.Аққан жұлдыздар – А., 1972
«ХІХ ғасыр әдебиеті»пәнінен
СӨЖ орындау және тапсыру КЕСТЕСІ
Р/с
|
СӨЖ тақырыбы
| Бақылау түрі |
Аудитория
|
1
|
Сараның лирикалық өлеңдері, айтыстары
|
Сұрақ-жауап.
|
16
|
2
|
Әсеттің лирикалық өлеңдері /толғау, терме, арнау/
|
Тапсырмаларды тексеру.
|
102
|
3
|
Әсеттің айтыстары, дастандары
|
Пікір сайыс.
|
102
|
4
|
Өнер тұтастығы мазмұнындағы ақындық поэзия, дәстүр жалғастығы
|
Тапсырмаларды тексеру.
|
102
|
5
| Шоқанның фольклор, әдебиет тарихы, поэзия жанрлары туралы еңбектері |
Пікір сайыс.
|
16
|
6
|
Шоқан – қырғыз тарихы мен эпосын зерттеуші
|
Бақылау жұмысы
|
16
|
7
|
Шоқанның ғылыми очерктері, күнделігі, оның әдеби сипаты
|
Тренинг, ауызша сауатнама
|
16
|
8
|
Ыбырайдың «Қазақ хрестоматиясы» және әдеби шығармаларындағы этнопедагогикалық тағылым мәселесі
|
Тақырыптық мазмұнын ашу
|
16
|
9
|
Ыбырайдың «Мұсылманшылық тұтқасы» кітабы, ағартушылық-гуманистік ұлағаты
|
Тапсырмаларды тексеру.
|
102
|
10
|
Ыбырайдың өлеңдері, әңгімелері
|
Сұрақ-жауап
|
16
|
11
|
Ыбырайдың публицистикалық, фольклорлық, педагогикалық мақалалары
|
Реферат
|
102
|
12
|
Абайдың азаматтық қөңіл-күй, философиялық сарындағы лирикасы
|
Нұсқаларын салыстыру
|
102
|
13
|
Абайдың махаббат, табиғат лирикасы
|
Өлеңдерін талдау
|
102
|
14
|
Абайдың ақындық, ән өнері туалы өлеңдері
|
Тапсырмаларды тексеру
|
16
|
15
|
Абайдың оқу-білім, ағарту, тәрбие туралы өлеңдері
|
Сұрақ-жауап
|
102
|
16
|
Абайдың табиғат пен адамдық мінез-құлықты тоғыстыра жырлаған өлеңі
|
Реферат
|
102
|
17
|
Абайдың сыншыл, сатиралық өлеңдері
|
Коллоквиум
|
16
|
18
|
Абайдың ән-өлеңдері
|
Салыстыру
|
102
|
19
|
Абайдың аудармалық-нәзиралық шығармалары
|
Мазмұнын баяндау
|
16
|
20
|
Абайдың Лермонтовтан аударған шығармасы
|
Пікір сайыс.
|
102
|
21
|
Абайдың Крылов мысалдары ізімен жырлаған шығармасы
|
Талдау жасау
|
16
|
22
|
Абайдың «Масғұт», «Әзім әңгімесі» поэмаларының фольклорлық-мифологиялық негізі және көркемдік шешім
|
Тренинг,ауызша сауатнама
|
102
|
23
|
Абайдың «Ескендір» поэмасындағы дәстүрлі желі, авторлық көркемдік шешім
|
Тапсырмаларды тексеру.
|
16
|
24
|
Абай қарасөзіндегі халық тарихы, қоғамдық құрылыс, ел басқару мәселесі
|
Талдау жасау
|
102
|
25
|
Ақылбай Абайұлының шығармашылығы
|
Сұрақ-жауап.
|
16
|
26
|
Мағауия Абайұлының шығармашылығы
|
Глоссарий
|
102
|
27
|
Көкбай Жанатайұлының шығармашылығы
|
Конспект тексеру.
|
16
|
28
|
Шәкәрімнің Абай өмірімен кезеңдес жылдарындағы шығармалары
|
Тестілік сауалнамалар
|
102
|
29
|
Ш.Бөкеев шығармашылығындағы лирикалық өлеңдері
|
Пікір сайыс.
|
16
|
30
|
Шәңгерейдің «Сардар сегіз» дастаны, тарихи негізі, көркемдік сипаты
|
Қорытынды бақылау
|
102
|
Ескерту:
Студенттердің білімін балылау, бағалау: СӨЖ, тестілік балылау (Т), рефераттар (Р), коллоквиум (К), глоссарий (Г) т.б. олытушыға тапсыру кестесі әр аптаның
Дүйсенбі– 1000 – 1200 – 42 ауд.
Жұма - 1030 – 1230 – 42ауд
күндері жүргізіледі.
БІРІНШІ АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ
№
|
Тақырыптар
|
Апталар
реті
|
Ұпайлар
|
Бақылау
түрі
|
1
| ХІХ ғасырдағы ұлт-азаттық қозғалыстардың тарихи өлеңдер мен дастандарда жырлануы |
1 апта
|
2 б.
| Семинар
Тест
|
2
|
ХІХ ғасырдағы қазақ және әлем әдебиеттері дамуындағы поэтикалық үндестіктер мен өзгешеліктер
|
1 апта
|
2 б.
|
Реферат
Тест
|
3
|
Д.Бабатайұлы өлеңдеріндегі отаншылдық, шынайы патриоттық-ұлтшылдық көзқарастар
|
2 апта
|
2 б.
|
Ой бөліс, дебат
Тест
|
4
|
Дулат өлеңдеріндегі сатиралық–сыншылдық, адамгершілік-имандылық, тәлім-тәрбие мәселелері
|
2 апта
|
2 б.
|
Коллоквиум
Тест
|
5
|
Дулаттың «Еспенбет» дастаны: тарихи-этнографиялық және поэтикалық ерекшеліктері
|
3 апта
|
2 б.
|
Реферат
Тест
|
6
|
Дулаттың «Шаштараз» атты дастанының дидактикалық-эстетикалық тағылымы
|
3 апта
|
2 б.
|
Семинар
Тест
|
7
|
Махамбет Өтемісұлының күрескерлік-жауынгерлік, азаматтық әуен жырлары
|
4 апта
|
2 б.
|
Тест
|
8
|
Махамбет өлеңдеріндегі философиялық-психологиялық ойшылдық тереңдіктері
|
4 апта
|
2 б.
|
Коллоквиум
Тест
|
9
|
Махамбет өлеңдеріндегі халық тұлғасы және Исатай батыр бейнесінің жырлануы
|
5 апта
|
2 б.
|
Тест
|
10
|
Махамбет өлеңдерінің бейнелілік жүйесі
|
5 апта
|
2 б.
|
Коллоквиум
Тест
|
11
|
Ш.Жарылғасұлы толғау термелерінің философиялық болмысы
|
6 апта
|
2 б.
|
Тест
|
12
|
Ш.Қанайұлы шығармашылығы – түркілік поэзиядағы исламдық –сопылық әдебиет дәстүрінің жалғасы
|
6 апта
|
2 б.
|
Пікірталас
Тест
|
13
|
Шортанбайдың Ресей патшалығы отаршылдығын сынаған сыншыл, шыншыл толғаулары
|
7 апта
|
3 б.
|
Тест
|
14
|
Шортанбай айтыстарының эстетикалық-поэтикалық өнегесі
|
7 апта
|
3 б.
|
Коллоквиум
Тест
|
ОБСӨЖ 30 ұпай
|
1-сабақ, 1-апта
Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғасырдағы ұлт-азаттық қозғалыстардың тарихи өлеңдер мен дастандарда жырлануы
Бақылау түрі: Семинар
(2 б.)
Теориялық мәлімет.ХІХ ғасырда Қазақстан жерін отарлау жұмыстары төмендегідей бағытта жүргізілді: барлық аймақтарда әскери қамалдар мен бекіністердің салынуы, ресми қазақ хандықтарының жойылуы, аға сұлтандық (округтық), болыстық, старшындық, ауылдық отарлық басқару жүйесінің енгізілуі т.б . Ресей империясының қазақ елін отарлау саясатына бағытталған ресми құжаттары жасалды: “Сібір қазақтарының Уставы” (1822), “Орынбор қазақтарының Уставы” (1824).
ХҮІІІ ғ. аяғында Сырым Датұлы бастаған халық қозғалысы /1787-1797/ болды, ол ХҮІІІ – ХІХ ғ.ғ. әдеби, фольклорлық шығармашылық мұраларда көрініс тапты.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысында отарлық езгіге қарсы Қазақстанда болған қарулы көтерілістер: Қаратай сұлтан /1797-1814/, Арынғазы сұлтан /1816-1821/, Исатай-Махамбет /1936-1838/ бастаған көтерілістер, олар әдебиет шығармаларда бейнеленді. Бұған дәлдел сол кезеңде шыққан тарихи жырлар.
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс /1824-1847/ осы жылдар арасында жүргізілді,бұл қозғалыста әдебиеттекөрініс тапты. Кенесары, Наурызбай және олар бастаған қозғалысқа қатысқан батырлар туралы тарихи жырлар дүниеге келді. Нысанбай жыраудың “Кенесары-Наурызбай”, Доскей Әлімбаевтің “Кенесары”, Жүсіпбекқожа Шайхисламұлының “Қисса Наурызбай төре” дастандары, Досқожа ақынның “Кенесары қоныстан ауғанда айтқаны” өлеңі, “Кенесарының өлеңі”, “Кенесары жырының бірнеше ауызы” атты халық өлеңдері, т.б.
Қазақстан жеріндегі Ресей патшалығының отаршылдығы ХІХ ғ. екінші жартысында күшейе түсті. Ресейдің отарлық саясатына және Хиуа, Қоқан хандықтарының басқыншылық соғыстарына қарсы көтерілістер туындады: Есет батыр /1853-1859/, Жанқожа батыр Нұрмұхамедұлы бастаған Сырдария бойындағы, 1867, 1868, 1870 жылдары Орал, Торғай, Маңғыстау облыстары халқының көтерілістері туралы тарихи жырлар дүниеге келді.
Бақылау сұрақтары:
1. 19 ғасырдағы ұлттық сөз өнері дамуының ерекшеліктері.
2. Қазақстан жерін отарлау жұмыстары.
3. Халық қозғалысы.
4. ХІХ ғасырда отарлық езгіге қарсы Қазақстанда болған қарулы көтерлістер.
5. Ғылымды ізгі мақсатта, халық мұрасын жинап, зерттегендер.
6. Исатай- Махамбет бастаған көтеріліс, оның әдебиет шығармаларында бейнеленуі
7. Сырым Датұлы бастаған халық қозғалысы
8. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысы
9. Отарлау саясатының мақсаты
10. Кенесары, Наурызбай батырлар туралы тарихи жырлар
Тест тапсырмалары:
Исатай-Махамбет бастаған көтеріліс қай жылдары болды?
А) 1836-1838
В) 1834-1836
С) 1936-1938
Д) 1830-1834
Е) 1832-1834
2. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлттық-азаттық қозғалыс қашан өтті?
А) 1824-1847
В) 1820-1840
С) 1834-1860
Д) 1822-1842
Е) 1818-1838
3. “Кенесары-Наурызбай” атты тарихи жырдың авторы?
А) Нысанбай жырау
В) Махамбет
С) Бұхар жырау
Д) Шернияз
Е) Шортанбай
4. «Қисса Наурызбай төре» дастанының авторы?
А) Жүсіпбекқожа Шайхисламұлы
В) Нысанбай жырау
С) Бұхар жырау
Д) Шернияз
Е) Шортанбай
5. Есет батыр бастаған қозғалыс қай жылдары болды?
А) 1853-1859
В) 1834-1836
С) 1936-1938
Д) 1830-1834
Е) 1832-1834
6. Сырым Датұлы бастаған халық қозғалысы қай жылдары өтті?
А) 1787-1797
В) 1834-1836
С) 1936-1938
Д) 1730-1734
Е) 1832-1834
7. Ресей империясының қазақ елін отарлау саясатына бағытталған ресми құжаттары?
А) «Сібір қазақтарының уставы», «Орынбор қазақтарының уставы»
В) «Қазақ сахарасына саяхат»
С) «Сібір және жер аударылғандар»
Д) «Қазақ даласы бойынша»
Е) «Владимир мен Зара»
8. Нысанбай жыраудың ғұмыр кешкен жылдары?
А) 1821-1883
В) 1834-1876
С) 1936-1998
Д) 1730-1794
Е) 1802-1834
9. «Кенесары» поэмасының авторы?
А) Доскей Әлімбайұлы
В) Нысанбай жырау
С) Жүсіпбекқожа Шайхисламұлы
Д) Шернияз
Е) Шортанбай
10. Наурызбайдың жар таңдап, қосылуын дәріптейтін дастан?
А) «Қаншайым»
В) «Топ жарған»
С) «Жасуыл қырған»
Д) «Кененің арқамен қоштасқаны»
Е) «Кенесары, Наурызбай»
2 – сабақ 1-апта
Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғасырдағы қазақ және әлем әдебиеттері дамуындағы поэтикалық үндестіктер мен өзгешеліктер
Бақылау түрі: Реферат
(2 б.)
Теориялық мәлімет. Орыс зиялыларының қазақ халқының тарихын, тілін, фольклорын, этнографиясын зерттеу жұмыстарының екі жақты сипаты болды: ең бастысы – патшалық өкіметтің отарлау саясатының мақсатын орындау, екіншісі – ғылымдық ізгі ниет.
Қазақ халқының рухани мәдениетін, этнографиясын, фольклорын патшалық империяның отарлау пиғылына орай игеруді негізгі мақсат еткендер: А.И.Левшин, П.П.Семенов-Тянь-Шаньский, В.В.Григорьев, А.П.Рычков, П.С.Паллас, Н.И.Ильминский, А.И.Алекторов, т.б. Бұлардың еңбектерінің отаршылық ниетке негізделгенімен, қазақтың ұлттық мұраларын әлемдік өркениетке таныстырудағы ғылыми маңызы бар.
Ғылымдық ізгі мақсатта, адал ниетпен халық мұрасын жинап зерттегендер: В.В.Радлов, И.А.Березин, Г.Н.Потанин, Ә.Диваев, т.б.
.М. Әуезов жүз жылдық әдебиетті үш кезеңге бөліп, әр уақыттың өзіндік ерекшелігін, ортақ сарын аясындағы өзгерістерін атап-атап көрсетіп отыр.
Әлеуметшілдік, ойшылдық сарыны-Бұхар заманы.
Ісшілдік- Махамбет.
Дін мен мәдениет-Ыбырай.
Ресейдегі капиталистік қарым – қатынастардың дамуы Қазақстандағы табиғи байлық шикізаттарының көздерін игеруге ықпалын тигізді. Сауда-саттық кеңінен дами түсті. Ақмола, Атбасар, Қарқаралы, Қарқара, Талды-Қоянды, т.б. жәрмеңкелер ашылып, олар қазақ өнерінің кең танылуына өзіндік септігін тигізді.
3. Реферат тақырыптары:
1. ХІХ ғасыр ақын-жыраулары шығармашылығындағы Шығыстың
классикалық әдебиет дәстүрімен сабақтастығы
2. Абай, Ыбырай, Шоқан шығармашылығының ұлттық әдебиет
деңгейін биіктетудегі маңызы
3. ХІХ ғасырдағы ақын-жыраулар шығармашылығындағы ортақ өзекті
мәселелер
4. ХІХ ғасырдағы ұлттық сөз өнері даму ерекшеліктері
Украин ақыны Т. Шевченконың шығармашылығындағы қазақ халқының бейнеленуі
Шет елдік зиялылардың қазақ халқы туралы этнографиялық-публицистикалық жазбалары
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті дамуындағы көркемдік әдістер
Жаңа реалистік әдебиеттің жанрлары
Адольф Янушкевичтің «Қазақ даласы бойынша саяхаттан күнделіктер мен хаттар» атты шығармасының мәні
Философиялық трактат, аудармалық және назиралық шығармалардың қалыптасуы, дамуы
Тест тапсырмалары:
XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті дамуындағы көркемдік әдістер
А) реализм, романтизм
В) синкретизм
С) толғау
Д) арнау
Е) дастаншылдық
Қазақ халқының рухани мәдениетін, этнографиясын патшалық империяның отарлау пиғылына орай игеруді мақсат еткендер?
А)А. Левшин, В. Григорев, Н. Илминский
В) В. Рад лов, И. Березин, Г. Потанин, Ә. Диваев
С) А. Пушкин, Л. Толстой
Д)Е. Даль, С. Дуров, М. Лесков
Е)Ф. Достоевский, М. Михаилов
Қазақ халқының рухани мәдениетін, этнографиясын ғылымдық ізгі мақсатта зерттегендер?
А) В. Рад лов, И. Березин, Г. Потанин, Ә. Диваев
В) А. Левшин, В. Григорев, Н. Илминский
С) А. Пушкин, Л. Толстой
Д)Е. Даль, С. Дуров, М. Лесков
Е)Ф. Достоевский, М. Михаилов
А. Пушкин қандай көтеріліске байланысты материалдар жинау үшін Орынборға келеді?
А) Е. Пугачов
В) Исатай-Махамбет
С) Кенесары-Наурызбай
Д) Сырым Датұлы
Е) Арынғазы сұлтан
А. Пушкин қандай жырдың мазмұнын жаздыртып алған?
А) «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»
В) «Айман-Шолпан»
С) «Абылай»
Д) «Кенесары-Наурызбай»
Е) «Қыз Жібек»
3-сабақ, 2-апта
Сабақтың тақырыбы: Д.Бабатайұлы өлеңдеріндегі отаншылдық, шынайы патриоттық-ұлтшылдық көзқарастар
Бақылау түрі:Ой бөліс, дебат
(2 б.)
Теориялық мәлімет. Дулат Бабатайұлы – туған елінің тарихи бір кезеңін жырлап өткен қайталанбас ақын. Ол патшалық Россияның қазақ өлкесін күшпен отарлау кезеңін, одан туған зобалаңдарды өз көзімен көріп, соған барынша наразылық білдірген ел басы адамдарының бірі.
Отарлау саясаты іске асуына байланысты қазақ елі бұрынғы дәстүрлі басшылықтан (хандық биліктен), ата-баба жайлаған жер-судан, ұлттық меншіктерден айрылып, салт-сана бұзылып, үйреншікті ғадет-ғұрып, наным-сенім өзгеріп жатқаны ауыр қасірет ретінде танылады. Қоғамның заңды өзгеруі жолынан тыс, күшпен, зорлықпен еніп жатқан жаңа қарым-қатынас, сауда-саттық , ақшалы алаяқтар әрекеттері қазақ шаруаларына қаншалықты ұнамаса, ақынға да соншалық жат құбылыс ретінде көрінеді. Сондықтан да, Дулат - өзі жасаған заманға, отаршылар зорлығына, ол қауымға қызмет еткен әкімдерге , аға сұлтандық билікке түбегейлі қарсы шыққан, халқының тәуелсіздігін көксеген әрі күрескер, әрі реалист ақын.
Дулат-қазақтың көп жеріне мәлім ақын. Ол өзі туған өлкеде тұрып қоймай, Шығыс, оңтүстік Қазақстан жерлерін және Арқаны түгел аралаған. Ертедегі ақындар үлгісінде тәрбиеленіп өскен. Әуелі ақын айтыс, әзіл-оспақ ретіндегі өлеңдер шығарып айтып жүрген. Бірақ кейін ол ел арасы, ауыл іші, жергілікті тақырыпты жырлаудан гөрі саяси әлеуметтік, қоғамдық мәселелерді жырлауға ойысқан.
Бақылау сұрақтары:
Дулат Бабатайұлы – туған елінің тарихи бір кезеңін жырлап өткен қайталанбас ақын.
Ақын өмірі туралы мәлімет
Шығармаларының жариялануы, зерттелуі
Дулаттың атамекенді құрметтеген өлеңдері
«Ақжайлау мен Сандықтас» өлеңінің тақырыбы, идеясы, көркемдік мәні
«О, Сарыарқа, Сарыарқа» өлеңін құрылысына қарай талдау
«Ата қоныс Арқадан» өлеңінің идеялық мазмұны
«Әуелі қазақ деген жұрт» өлеңін талдау
Тест тапсырмалары:
Дулат Бабатайұлының туған жылы.
А) 1902 ж.
В) 1802 ж.
С) 1800 ж.
Д) 1900 ж.
Е) 1810 ж.
“О, Ақтан жас, Ақтан жас,
Сен ер жетер ме, екенсің.
Жетімдіктің белінен
Асып өтер ме, екенсің?!..,-” деген өлең жолдары кімнің шығармасы.
А) Шернияз
В) Абай
С) Дулат
Д) Бұқар
Е) Махамбет
3. Дулат шығармаларында туған жерді, атамекенді құрметтеген өлеңдері
А) “О, Сарыарқа, Сарыарқа”
В) “Сары шымшық”
С) “Ешенге”
Д) “Бараққа”
Е) “Еспембет”
4. Дулаттың арнау өлеңдері
А) “Бараққа”
В) “Еспембет”
С) “Ақжайлау мен Сандықтас”
Д) “Ұста соққан темірдей”
Е) “Сары шымшық”
5. Дулаттың сатиралық тілмен мысал мазмұнда жазылған шығармасы
А) “Сары шымшық”
В) “Ешенге”
С) “Бараққа”
Д) “Тегімді менің сұрасаң”
Е) “Атаны бала алдады”
4-сабақ, 2-апта
Сабақтың тақырыбы: Дулат өлеңдеріндегі сатиралық–сыншылдық, адамгершілік-имандылық, тәлім-тәрбие мәселелері
Бақылау түрі:Коллоквиум
(2 б.)
Теориялық мәлімет. Дулат өлеңдері ойлы, нәрлі, образды. Нысанасына дәл тиерлік өткір. Ақынның шығармаларын оқығанда көз алдыңнан қазақ қауымының сан алуан жағымсыз тобы тізбектеліп өтіп жатады. Кердең-кербез құркеуде ұлықтары, малын жанына балап, жалаң-жадағай жылмаңдаған, сүмеңдеген сараңдары, ойлағаны-сұмдық, істегені-қулық, алаяқ би-болыстары, дөң-дөкір, ұры-қары, қу-сұмдары өздеріне ғана тән мінездірімен ерекшеленеді. Ұлық алдында ұяңсып, жуасып, қылықтана қалатын, ал ұлық кетсе, елген қасқырша шабатын Сүлеймен болыстың екіжүзді мінезін дәл басып, шебер бейнелейді.
Ақындық сөздің рухани күшіне мән бере білген Дулаттың өз өлеңіне қояр мақсаттары да айқын. Ол сусағандарға сусын боп, таңдайын жібітер сөзді, шаршағанды тынықтырар, күш-қуат берер жырды шығаруға талаптанған. Өлеңнің мақсаты ел-жұрттың жүрегіне жылы тиіп, олардың көңіліне дем, қайғысына ем болу,-деп ұғады. Яғни, өлеңді еріккеннің ермегі емес, рухани керегі деп біледі.
Асылы, Дулат шығармаларының басым бөлігі-дидактика. Әсіресе, ақынның “Өсиет нама” жинағына енген шығармалары осындай.
Дулат өлеңдерінің мазмұны, тілі халық ауыз әдебиетімен ғана үндесіп жатпайды. Соған қоса Абай, Ыбырай, Махамбет, Шортанбай, Мұрат сияқты кейінгі ақындарға жалғасып, пікірлесіп жатады.
Дулаттың “Он бес деген жас қайда” деген жыры адам өмірі жайлы айтылатын, Бұқар, Шал,Шортанбай, Сүйінбай толғауларымен үндесетін тақырыптас өлең.
Бақылау сұрақтары:
Дулат шығармашылығының зерттелу жайы.
Дулат шығармаларының тақырыбы, көтерген мәселелері.
Дулат шығармаларының жанры және көркемдік ерекшеліктері.
Дулаттың арнау, толғау өлеңдерінде өз ұлтының рухани әлеміндегі жағымсыз мінез-құлықты сынауы
Дулаттың қандай өлеңдерінде адамгершілік, еңбек тәрбиесі жайлы ойлар айтылады?
Дулаттың сатиралық тілмен мысал мазмұнда аллегориялық тәсілмен жырлаған шығармалары?
Дулаттың «Бараққа», «Кеңесбайға», «Ешенге» арнау өлеңдерінің идеялық мазмұны?
«Тегімді менің сұрасаң» шығармасын өлең құрылысына қарай талдау
«Ұста соққан темірдей» өлеңінің тақырыбы
«Атаны бала алдады» өлеңінің көтерген тақырыбы
Тест тапсырмалары:
1. Дулаттың жағымсыз мінез-құлықты сынаған өлеңі
А) “Туралыққа көшпеген”
В) “Тегімді менің сұрасаң”
С) “Ата қоныс Арқадан”
Д) “Әуелі қазақ деген жұрт”
Е) “Сары шымшық”
2. «Өсиет нама» кітабы қай жылы жарық көрді?
А)1880
В) 1889
С)1886
Д)1878
Е)1885
3. Дулат өлеңдерінің қолжазбасын сақтап, жеткізген ақсақал?
А) Байділдә
В) Мұрат
С) Шәкір
Д) Шортанбай
Е)Мұрын жырау
4. Дулаттың өлеңін көрсетіңіз?
А) « Бірінші сөз»
В) «Қызғыш құс»
С) «Соғыс»
Д) «Ұл туса»
Е) «Күн қайда»
5. Ел үшін кешіп өз жанын,
Ереуілге шыққан ер.
Өлексесін құшақтап,
Қала берді туған жер,- осы шумақтың авторын көрсет?
А) Дулат
В) Махамбет
С) Шернияз
Д)Шортанбай
Е) Мұрат
5-апта, 3-апта
Сабақтың тақырыбы: Дулаттың «Еспенбет» дастаны: тарихи-этнографиялық және поэтикалық ерекшеліктері
Бақылау түрі:Реферат
(2 б.)
Теориялық мәлімет.Дулат шығармасынан елеулі орын алатын «Еспембет» атты толғау. Бұл өзінің көлемі, құрылысы жағынан халық жырлары үлгісіндегі ерлік дастан тәрізді. Ақын бұл шығармасында да жетім бала тағдырын сөз қылады. Дастан халық аузында жүрген Еспембет батыр туралы аңыз сюжеті бойынша жазылған.
Дастанның негізгі қаһарманы – жетім бала, Еспембет. Ол өз елінен жырақта, нағашы жұрты Қарасайдың қолында жылқы бағып жүреді. Ер жете келе Қарасай елінде, тамағы тойған жерінде жата беруді ар санап, жас жігіт өзі туған Арқаға кері оралмақ болады. Қарасай оның басына үй, алдына мал салып, қалыңдық әперіп, ырғап-жырғап аттандыруды ойлайды. Бірақ Еспембет оны қостамайды, Қарасай ұсынған дүние-мүліктің бәрін де алмай, тек жалғыз Ақбөрте деген тайды қалайды. Ақыры сол таймен елге оралады. Ел-жұрты әуелі баланы елемей, жалғыз ғана тай мінгізіп қайтарғаны не қылғаны деп Қарасай байды да кінәлай өсекке таңады. Бірақ Еспембет оның бәріне де мән бермейді. Ақбөртені баптап бағумен болады. Ақбөрте жақсы ат боп өседі. Еліндегі Сәтімқұл бидің ас берген тойында Ақбөрте бәйгеден жалғыз келеді. Бас бәйгеге келген жүз тайлақты Еспембет түгелімен бес арыс Сыбанға бөліп береді.
Дулат осы Еспембет ерлігін кейінгілерге үлгі етеді. Аталмыш дастан өзінің құрылысы жағынан да ерекшеленеді. Оқиғаның желісі жинақты, мазмұны тартымды.
Дастанда Еспембет бас кейіпкер ретінде, ерлік қимылдар үстінде танылады. Ол жауға аттанғанда тегін олжаға, опасыз дүние-мүлікке қызықпайды, елінің жауын жеңуді, дұшпанын мұқатуды армандайды. Сол асқақ арманына жетпей тынбайды:
Қалмақтың басы белінде,
Бақ құсы қонып басына,
Еспембет келді еліне.
Дулаттың «Еспембет» дастаны - өз кезіндегі әдебиетте елеулі орны бар, батырлар жыры үлгісіндегі патриоттық мәні зор шығарма.
Дулат қазақ әдебиеті тарихында алғаш мысал жазған ақын болып саналады. Оның бізге жеткен қызғылықты төрт, бес мысалы бар. Бұл жағынан оны әдебиетке жаңа бір форма әкелуші, жаңалық енгізуші деп қараған жөн.
Дулаттың мысал ретінде жазған шығармалары үлгі, өнеге беру, ақыл айту ретінде келіп отырады. Онда кіші пейілділік, бірлік, әділеттік жақталып, мақтаншақтық, мен-мендік, бейшаралық, орынсыз пысықтық саналады.
Нысапсыз патша туралы шығарған «Бір патшаның бір кезде» деп басталатын аңыз мысал өлеңінде ақын дүниеқор, баққұмар патшаның пайдақорлық жолында өз түбіне жеткенін мысқылдайды.
Дулаттың «Шымшық пен бөдене» туралы өлеңі де осындай мысал сөз ретіндегі шығарма. Ақын мұнда орынсыз мақтан, желбауыздыққа қарсы шығады. Кішіпейіл, адал болуға баулиды.
Реферат тақырыптары:
«Еспембет» дастанының әдеби-фольклорлық сипаттары
Дастанның композициялық құрылысы
Еспембет бейнесінің сомдалу ерекшелігі
Дастандағы жанама кейіпкерлер бейнесі
Дастан тілінің бейнелілігі
«Еспембет» дастанын өз кезіндегі басқа дастандармен салыстыру
«Еспембет» дастанының сюжеттік желісі
«Еспембет» дастанының идеялық, тақырыптық мазмұны
Тест тапсырмалары:
1. “Еспембет” атты ұзақ толғаудың авторы.
А) Дулат
В) Шернияз
С) Абай
Д) Махамбет
Е) Шернияз
2. “Шаштараз” дастанының негізгі түйіні
А) Сыр сақтай білушілікті уағыздау
В) Ерлікті насихаттау
С) Атамекенді құрметтеу
Д) Еңбекке шақыру
Е) Адамгершілікке үндеу
3. Еспембет дастанындағы жанама кейіпкерлер
А) Ер Қосай
В) Бөгембай
С) Асан қайғы
Д) Қобыланды
Е) Бұхар
4. Дастанның негізгі қаһарманы?
А) Жетім бала
В) Ақтан жас
С) Қойшы
Д) Хан
Е) Жұмысшы
5. «Еспембет» дастанындағы негізгі кейіпкердің мінетін аты?
А) Ақбөрте
В) Тайбурыл
С) Байшұбар
Д)Құлагер
Е) Қызыл жебе
6-сабақ, 3- апта
Сабақтың тақырыбы: Дулаттың «Шаштараз» атты дастанының дидактикалық-эстетикалық тағлымы
Бақылау түрі:Семинар
(2 б.)
Теориялық мәлімет. Мысал стилінде жазылған шығармасы – «Шаштараз». Бұл да қысқаша сюжетке құрылған өнегелі, өрнекті туынды. Оның да оқушысына тәлім берерлік мәні бар. Мысалдың мазмұнына халық арасына кең тараған Ескендір патша туралы бір аңыз негіз болған.
Аңыз бойынша Ескендірдің басында қос мүйізі болыпты – мыс. Патша оны жасырып жүріпті. Шашын қиып, тарап, күтіп тұру үшін сыр шашпайтын, аузына берік шаштараз таптырып, одан ант алып, сұрағанын беріп, шашын алдырып жүреді. Шаштараз уәдесін біраз күн ұстап жүргенмен күндердің күнінде уәдені бұзып алады. Қанша айтпайын деп жүрсе де, ол ішін кернеген сырды жасыра алмай, ақыры далаға оңаша шығып, жерге етпеттеп жатып: «Патшаның басында мүйізі бар» - деп қалады. Аузынан құпияның шығуы мұң екен, жел естіп, желден ел естіп тарап кетеді. Бейшара шаштараз аузына ие бола алмай басынан айрылады.
Ақынның бұл мысалы да адамгершілік тәлім береді. Уағдаға берік, ұстамды болуға үндейді. Бұл тұста Дулаттың аталмыш шығармасына ұқсас Мағжан Жұмабаевтың «Ескендірдің екі мүйізі» - атты мысал өлеңі бар екенін ескертеміз. Бұлардың екеуі сарындас. Сондықтан бұрынғы түсінік үстем кезінде біз аталмыш шығарма туралы аузымызды аша алмадық. Мағжанның қадірлі есімін атауға жағдай туған соң ғана біз «Шаштаразды» сөз ете бастадық.
Осылайша, Дулат өзінің мысал өлеңдерімен де халықты жұғымды мінезге тәрбиелеп, ақыл-кеңестер берген. Мысал жанрының алғашқы үлгісін жазып, қазақ әдебиетінде бұл жанрдың қалыптасуына септігін тигізген.
Бақылау сұрақтары:
Дулаттың «Шаштараз» шығармасы
Шығарманың мазмұндық, көркемдік ерекшелігі
Мысалдың композициялық құрылысы
Образдардың сомдалу ерекшелігі
Дастандағы жанама кейіпкерлер бейнесі
Дастан тілінің бейнелілігі
Тест тапсырмалары:
1. Ер-туыс,ит-тамаққа,
Деген жоқ па бұрынғы?
Туған ел, туған жерім бар,
Туған елді көкседім.
2. Жат елде арман өскенім,- деген үзінді Дулаттың қай шығармасынан алынған?
А) «Еспембет»
В) «Шаштараз»
С) «Бараққа»
Д) «Кеңесбайға»
Е) «Ешенге»
3. Дулаттың ақындық шеберлігі қай дастаннан айқын көрінеді?
А) «Еспембет»
В) «Шаштараз»
С) «Бараққа»
Д) «Кеңесбайға»
Е) «Ешенге»
4. Дулаттың «Еспембет» дастаны қай тақырыпта жазылған?
А) Батырлықты дәріптеу
В) Махаббат тақырыбында
С) Азааттық, бостандық
Д) Сауда-саттық тақырыбы
Е) Табиғат тақырыбы
5. Дулаттың молда-ишандарға берген бағасы жайлы жазылған шығармалары тағы кімдердің еңбектерінен кездестіруге болады?
А)Абай мен Ыбырай
В) Абай мен Сұлтанмахмұт
С) Ыбырай және Шәкәрім
Д)Абай және Шәкәрім
Е)Шәкәрім және Сұлтанмахмұт
7-сабақ, 4-апта
Сабақтың тақырыбы: Махамбет Өтемісұлының күрескерлік-жауынгерлік, азаматтық әуен жырлары
Бақылау түрі:Коллоквиум
(2 б.)
Теориялық мәлімет. Бұқарашылдық идеясын айқын танытып, қазақ қауымындағы таптық қайшылықтың шиеленіскен кезін, хан-феодалдар мен еңбекші халық арасындағы кескілескен күресті нағыз шындық тұрғысында жырлап өткен ақын Махамбет еді.Ол-езілген елдің жоғын жоқтап, ар-намысын қорғаған күрескер ақын, Исатай Тайманов бастаған шаруалар қозғалысына бастан-аяқ қатынасқан, сол қозғалыстың ең бір табанды сарбазы, жалынды үгітшісі, өз кезеңінің ірі қоғам қайраткері.
Махамбет Өтемісұлы 1803 жылы, қазіргі Гурьев пен Орал облыстарына қарасты Нарын құмында туған. Махамбеттің шыққан ортасы-шағын шаруа. Бірақ бір ағасы-Бекмұхамбет хан сарайына жақын, Жәңгір ханның сенімді биі болған. Ол жағында болып көтеріліске қарсы күрескен. Ал Махамбеттің басқа ағайындылары көтеріліс жағын жақтап, жау қолынан қаза тапқан. Ер жетіп, ат жалын тартып мінгеннен бастап Махамбет өмірдің жай-жапсарына ой жіберіп, сын көзімен болжай білген озық ойлы албырт жас ретінде көзге түседі. Қалың еңбекші қауымның ортасында өскен ол бұқара халықтың зары мен мұңын жақсы білді, жігіт шағында хан ордасы маңында болып, өзгеше өктем ортаға кездесіп, ондағы сән-салтанат, байлықтың сырын терең түсінді. Байлық пен салтанатқа, сарайдың жалтырауық сыртқы сәніне қызыққан жоқ. Махамбет халық қозғалысы тұсында өсіп, күрес-тартыста шынығып, әдебиет майданына келген өршіл идеяны алып күшті, өрен ақыны болатын.
Махамбет ұл болып туған жастың масаты: ”Ереуіл атқа ер салу, егеулі найза қолға алу, алты малтаны ас қылып, ат үстінде күн көріп, ашаршылық шөл көріп” жүріп, жаудан кек алу, халықтың арын, жерін қорғай білу деп түсінеді. Махамбет XIX ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүріп, сол кезеңнің зор дүбірлі тарихи оқиғасының жалынды жаршысы, насихатшысы болды. Махамбет ел тарыққан заманда одан шығар жолда батыл күрестен тауып, жауына қарсы қол бастаған қамқоршы, әрі батыр, әрі ақын болды.
1925 жылы Халел Досмұхамедұлы жариялаған “Исатай-Махамбет” атты кітаптағы пікірлер бойынша, “Махамбеттің өзі де жас кезінде Жәңгірдің нөкерінде болған екен. Исатай ханға қарсы бола бастағанда – ақ Исатайға еріп кеткен. Махамбеттің өзі әрі батыр, әрі жырау, әрі домбырашы; өте қызулы адам екен...”-делінген.
Сондай-ақ Махамбеттің орысша, мұсылманша сауатты адам болғаны туралы деректі материалдар бар екені мәлім. Олардың бірі тарихшы А.Ф.Рязанов тауып мәлімдеген Махамбеттің 1939 жылғы елде қалған жолдастарына жазған хаты; екіншісі , 1845 жылғы Орынбор шекара комиссиясына баласы Нұрсұлтанды оқуға алуын сұрап, өз қолымен жазып жолдаған арызы.
Коллоквиум сұрақтары:
Махамбет Өтемісұлы – ақын.
Махамбет туралы жазылған ақын,жазушылардың шығармалары
Махамбет - ел үшін туған есіл ер.
Ақын өлеңдерінде Исатай батыр бейнесінің жырлануы.
Лирикалық өлеңдеріндегі ақынның өз бейнесінің сомдалуы.
Махамбет өлеңдеріндегі жыраулық, ақындық дәстүр.
Махамбет – тілге шебер ақын.
8-сабақ, 4-апта
Сабақтың тақырыбы: Махамбет өлеңдеріндегі философиялық-психологиялық ойшылдық тереңдіктері
Бақылау түрі: Тест
(2 б.)
Теориялық мәлімет.Махамбет-суырып салма ақпа ақын. Өлеңдері ауызша тарап келген. Сөйтсе де ақынның кейбір өлеңдері өзінің мазмұны жағынан да, түр өзгешелігі жағынан да бұрынғы ауыз әдебиеті шеңберінен жоғары, жазба әдебиетке біртабан жақын тұр.
Махамбет өлеңдері баспа бетін кейін көрді.Кейбір өлеңдері XX ғасыр басында, Қазан төңкерілісі алдында шыққан қазақ ақындарының жинақтарына енеді. 1908 жылы қазанда басылып шыққан “Мұрат ақынның Ғұмар қажыға айтқаны” деген жинаққа Махамбеттің жүз жолдан астам екі толғауы енген.Бұл басылымдағы өлең “Борайда-борай қар жауса” деп басталады. “Беріш батырының сұлтанға айтқаны” деген атпен қазір бөлек басылып жүрген бірнеше өлеңі осы жинақта біріктіріліп беріледі.Бұлардың Мұрат ақынның айтуы бойынша басылғаны ескертіледі. Жалпы мазмұнында ерекше өзгешелік жоқ... Тек кейбір жолдары ғана қазіргі басылуынан біраз бөлегірек.
Махамбет толғауларының кейбір үзінділері 1910 жылдары Орынборда шыққан “Шайыр” жинағында да басылған.Осы жинақта “Исатайдың әндесі Махамбет жыраудың сөзі” деген атпен ақынның “Ереуіл атқа ер салмай”, “Мен, мен едім, мен едім” толғаулары берілген.
Махамбет өлеңдерінің тиянақты жиналып бастырылуы, оның өмірі мен шщығармашылығын зерттеу революциядан кейін ғана құнттап қолға алынды.Атап айтсақ , Халел Досмұхамбетұлы құрастырған “Исатай, Махамбет” кітабында 1925 жылы, “Аламан” жинақтарында 1926 жылы Ташкентте басылды және осы тұста жарық көрген “Жаңа мектеп” , “Сәуле” журналдарында Махамбет өлеңдері түгелге жақын жарияланып, Исатай көтерілісі туралы мәліметтер, Ғылман ақын поэмасы және басқалары шықты.
1927 жылы шыққан М.Әуезовтің “Әдебиет тарихы” атты еңбегінде Махамбет шығармасына бірінші рет талдау жасалды. Кейінірек, Махамбеттің өмірі мен шығармашылығына М.О.Әуезов, Ә.Қоңыратбаев,И .Жолдыбаевтар оқулықтарында да (1933-1934) біршама орын берілді.
Жазушы С.Мұқанов Махамбет творчествосын өзінің “XVIII-XIX ғ. әдебиет тарихының очеркінде” кең талдады.
1939 жылы Махамбет өлеңдерінің жинағы жеке кітап болып басылды.
Махамбет заман шындығынан бірден-бір дұрыс қорытынды жасай білген реалист ақын болды. Оның шыншылдығын әрбір өлеңінен көреміз. Халық бақыты, ел мүддесі үшін күрескен Махамбеттей жалынды ақын өлеңі өмір шындығынан аулақ болуы мүмкін де емес еді.
Ақын өзі бастаған қозғалысты бастан аяқ жырлау арқылы сол тарихи оқиғаның шындық көрінісін түп-түгел көз алдыңнан өткізеді. Мысалы, өзінің “Соғыс” деген өлеңінде ақын Бекетай құмына ту тіккен көтерілісшілердің дүбірін, алғаш бас қосып, жауға қарсы аттанған сәттерін жырлайды.
Әскер жиып аттандық, Жау қарасы көрінді,
Бекетай еді тұрағым. Жиылған әскер бүлінді.
Айқайлап жауға тигенде, Исатай-басшы,мен-қосшы...
“Ағатай беріш” ұраным...
Тест тапсырмалары:
1. Исатай мен Махамбет бастаған шаруалар қозғалысы қай жылдары болды.
А) 1830-1835
В) 1832-1834
С) 1820-1824
Д) 1836-1838
Е) 1840-1842
“Әскер жиып аттандық,
Бекетай еді тұрағым.
Айқайлап жауға тигенде,
“Ағатай беріш” ұраным...”
деген жыр жолдары қай өлеңнің үзіндісі.
А) “Тарланым”
В) “Ұл туса”
С) “Тайманның ұлы Исатай”
Д) “Арғымақтың баласы”
Е) “Соғыс”
4. “Аспандағы бозторғай”, “Пыр-пырлай ұшқан қасқалдақ”, “Мен тауда ойнаған қарт марал”, “Туған ұлдан не пайда?” атты өлеңдер қай ақынның шығармасы?
А) Дулат
В) Махамбет
С) Бұқар
Д) Шортанбай
Е) Шернияз
5. Хан емессің, қасқырсың,
Қас албасты басқырсың,
Достарың келіп табалап,
Дұшпаның сені басқа ұрсын!..-
деген жыр жолдары қай ханға қарата айтылды.
А) Жәнібек
В) Абылай
С) Есім
Д) Тәуекел
Е) Жәңгір
6. “Мен едім”, “Жайықтың бойы көк шалғын”, “Қызғыш құс” өлеңдерінің авторы.
А) Махамбет
В) Шернияз
С) Дулат
Д) Шортанбай
Е) Шөже
9-сабақ, 5-апта
Сабақтың тақырыбы: Махамбет өлеңдеріндегі халық тұлғасы және Исатай батыр бейнесінің жырлануы
Бақылау түрі:Семинар
(2 б.)
Теориялық мәлімет. Исатай қозғалысын біз бұрын батыр өлген 1838 жылмен аяқтап жүрдік. Ал Савичев материалдары бойынша көтерілістің жалғасы 1842 жылы Аббас Кучиев және Муса Айбулатовтар басшылығымен хан Жәңгірдің қатал жауыздығына қарсы болыпты.Бірақ сәтсіз аяқталған.
Савичевтің мәліметі бойынша, Исатай Тайманов 1838 жылы 12 шілде күні Ақбұлақты оқиға үстінде “өз ерлігінің құрбаны ретінде қаза тапты” деп, Исатай Таймановты ол аққан жұлдызға (метеорға) балайды, “Дауылпаз батыр” санайды.
Н.Савичев Исатайдың серіктері ішінде Махамбетті ерекше еске алады. Ол көп жерде екеуін қатар атап, нағыз пікірлес, мақсаттас, қайтпас қайсар батырлар санайды.”Көтеріліс тәмамдалғаннан соң,-дейді Савичев, -Исатай нөкерінің аман қалған қазақтары Қиылға қарай жол тартты. Бұлардың ішінде Таймановтың бірден-бір жанашыр жолдасы, әрі жолын қуушы шәкірті ретіндегі ақын інісі Махамбет Өтемісов те бар еді”. Исатай қазасынан кейін Махамбеттің жауына берілмей, батыр ісін қайта бастап, көтеріліс туын жықпау жолында жан аямай күресіп, ат арқасынан түспегенін, ақыры қатыгез жаулары оны да құтқармағанына аяныш білдіреді.”Ықылас бастаған Б.Айшуақовтың жендеттері оны 1846 жылы 16 қазан күні (Қаройда) сатқындықпен өлтіреді”,-деп батырдың өлімін де өкінішпен аяқтайды.
Махамбет-қазақ әдебиетінде ең бірінші болып хан-сұлтандарға қарсы халық қозғалысын батыл да ашық айтқан ақын. Оларды халыққа жармасқан албасты, аяусыз талап жатқан қасқыр, шағып жатқан қара шұбар жылан, айыр құйрық шаян бейнесінде суреттеді.
Ол Исатайдың ерлік тұлғасын бейнелеп, сол арқылы күреске аттанған барлық халықтың алып күшін көз алдыңа елестетеді.”Мінген ер”,”Тарланым”,”Тайманның ұлы Исатай”,”Біз неткен ер”,”Ұл туса”,”Туған ұлдан не пайда”,”Исатай деген ағам бар”,т.б. өлеңдерінде ақын халықтың ерлік тұлғасын толық таныта алады.
Махамбет өлеңдері жігерлі де асқақ романтикаға толы. Ақын қиялы алыс қияға самғап, өмір өрін кезеді. Оның халықтық беті де айқын. Ол – халық үшін бар өмірін сарп еткен, ел үшін туған ер ақын. Махамбат поэзиясының реализмі оның халықтығымен ұштасып жатады.Оның поэзиясы-нағыз халықтық-реалистік поэзия.
Махамбет-ақындық мақсатын ел мүддесімен ұщтастыра білген азамат ақын.Халық қамы үшін атқа мініп, жауға қарсы өзінің жалынды сөзін жай оғымен қатар жұмсады.Ақынның өжет сөздері батырдың беліндегі ақ семсер , алмас қылыштай қиып түсер өткір қарудан кем емес еді.
Семинар сұрақтары:
Махамбет поэзиясына тән өжеттік.
Ақын шығармашылығының негізі-суырып салма ақындық.
Ақынның толғау-термелеріндегі өмір қайшылықтары.
Шернияз – Исатай, Махамбет бастаған халық көтерілісінің жыршысы
Махамбет – қазақ әдебиетіндегі сыншыл реалистік, романтикалық толғаудың ақыны.
Махамбет өлеңдерінің философиялық-дүниетанымдық тереңдігі.
махамбет шығармаларындағы халық тұлғасы мен Исатай батыр бей несінің жырлануы.
Махамбеттің лирикалық өлеңдеріндегі ақынның өз бейнесінің сомдалуы.
Тест тапсырмалары:
1. Махамбеттің философиялық-дүниетанымдық тереңдігі басым өлеңдері
А) “Орай да борай қар жауса”, “Аспандағы бозторғай”
В) “Атадан туған аруақты ер”, “Ұл туса”
С) “Соғыс”, “Тарланым”
Д) “Есіл ер”, “Мұңайма”
Е) “Күн қайда?”, “Мұнар күн”
2. Махамбет туралы көркем шығарма жазған жазушылар
А) Ә. Әлімжанов, Б. Аманшин
В) М. Мағауин, С. Сматаев
С) М. Әуезов, С. Мұқанов
Д) Қ. Жұмаділов, Ш. Мұртаза
Е) Д. Досжанов, Ә. Кекілбаев
3. “Қылыштай қиғыр өлмес ем”, “Мен – тауда ойнаған қарт марал” өлеңдерінің идеялық мазмұны
А) ақынның өз бейнесінің сомдалуы
В) Исатай батыр бейнесінің жырлануы
С) күрескерлік рух
Д) адамгершілік мәселесі
Е) еңбек тәрбиесі
4. Махамбет өлеңдерінде ақынның өз бейнесін сомдаған шығармалары
А) “Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқан сөзі”
В) “Арғымақ сені сақтадым”
С) “Толарсақтан саз кешіп”
Д) “Ұл туса”
Е) “Мұңайма”
10-сабақ, 5-апта
Сабақтың тақырыбы: Махамбет өлеңдерінің бейнелік жүйесі
Бақылау түрі:Коллоквиум
(2 б.)
Теориялық мәлімет.Махамбет өз кезінің алдыңғы қатарлы, көзі ашық, білімді адамы болған.Хан сарайы айналасында жүрген Махамбет жас кезінен оқуға мүмкіндік алған.
Исатай мен Махамбет бастаған шаруалар қозғалысы туралы соңғы жылдары жаңа деректер табылып, олар баспа бетін көре бастады.Сол деректердің ең ұстамдысы деп біз Никита Савичев (1821-1855) қалдырған еңбекті атамақпыз. Никита Федорович Савичев XIX ғасырдың екінші жартысында Орал қаласында әскеи қызмет атқарған, тарихшы-этнограф, архив ісімен шұғылданушы, сурет өнерімен, жазушылықпен әуес, жан-жақты талапкер адам болған.Исатай мен Махамбет көтерілісі туралы алғаш тарихи шынайы пікір түйіндеген прогресшіл зерттеуші.
Махамбет өлеңдеріне, оның жыр үлгілеріне Шернияз, Мұрат, Ақтан, Базар, Нұрым,Қашаған, Ғылман сияқты ақындар еліктеген , оның творчествосын жақсы біліп, әдеби үлгі алған.
Махамбет поэзиясы-хан сарайы маңындағы озбыршылыққа қарсы жырланды, ол озық идеялы, халықтық күресшіл поэзияның өріс алуына елеулі үлес қосты.Өз кезіндегі және кейінгі дәуірлердегі жазба әдебиетіміздің қалыптаса беруіне мықты ықпал етті, өміршең, реалистік әдебиетті нығайта түсті.
Махамбет поэзиясы XIX ғасыр әдебиеті қорына өзіндік жаңа леп пен тың идея қосқан жаңашылдығымен құнды.
Махамбет поэзиясына тән өжеттік, өрлік, өткір сын әр кезде де кейінгі жастарға үлгі. Ақынның бітім тұлғасы, ісі, сөзі-бәрі ерліктің мәңгі символы деуге боларлық.
Коллоквиум сұрақтары:
Махамбет Өтемісұлының өмірі туралы мәлімет.
Махамбет өлеңдеріндегі жыраулық-ақындық дәстүр жалғастығының белгілері.
Махамбеттің лирикалық өлеңдеріндегі ақынның өз бейнесінің сомдалуы.
Махамбет - ел үшін туған есіл ер.
Ақын өлеңдерінде Исатай батыр бейнесінің жырлануы.
Тест тапсырмалары:
1. ... Еділ үшін егестік,
Тептер үшін тебістік.
Жайық үшін жандастық,
Қиғаш үшін қырылдық,- деген үзінді қай өлеңнен алынды?
А) “Мен едім”
В) “Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны”
С) “Тайманның ұлы Исатай”
Д) “Тарланым”
Е) “Мұнар күн”
2.Махамбеттің жебесі” романының авторы
А) Ә. Әлімжанов
В) Б. Аманшин
С) Ә. Кекілбаев
Д) М. Мағауин
Е) Д. Досжанов
3. Махамбет шығармаларын жариялау, зерттеу жұмыстарын жүргізген ғалымдар
А) Х. Досмұхамедұлы, Қ. Жұмалиев, Б. Аманшин
В) С. Мәуленов, С. Мұқанов, С. Сейфуллин
С) Ы. Алтынсарин, Ш. Уәлиханов, С. Көбеев
Д) М. Ж. Көпеев, К. Шанатаев, М. Мағауин
Е) М. Әуезов, Қ. Жұмаділов, Ш. Мұртаза
4. Қазақ әдебиетіндегі сыншыл реалистік, романтикалық толғаудың авторы
А) Махамбет
В) Бұхар
С) Шернияз
Д) Шортанбай
Е) Дулат
5. “Ереуіл атқа ер салмай”, “Беркініп садақ асынбай” өлеңдерінің идеялық сарыны
А) күрескерлік, жауынгерлік рух
В) философиялық тереңдік
С) атамекенді құрметтеу
Д) еңбек тәрбиесі
Е) жағымсыз мінез-құлықты сынау
11-сабақ, 6-апта
Сабақтың тақырыбы: Ш. Жарылғасұлы толғау-термелердің философиялық болмысы
Бақылау түрі:Тест
(2 б.)
Тест тапсырмалары:
1. Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Шарып шыққан бойын мекендеген кете елінен шыққан ақын.
А) Шернияз
В) Махамбет
С) Шортанбай
Д) Дулат
Е) Мұрат
2. Қашаған болсаң қияға,
Бар күшіңді аяма.
Ұзын құйрық, жүйрік ат,
Қашқанмен қоя ма?- деп Қашағанмен айтысқан ақын.
А) Шөже
В) Шернияз
С) Шортанбай
Д) Сүйінбай
Е) Орынбай
3. Исатай мен Баймағамбетті қарама-қарсы қоя суреттеген ақын?
А) Шортанбай
В) Махамбет
С) Шернияз
Д) Дулат
Е) Шөже
4.Шернияз шығармаларындағы Исатай, Махамбет көтерілісіне байланысты өлеңдер
А) “Баймағамбет сұлтанның үйінде айтылған топтама жырлары”
В) “А. Қазы би, Қазы би”
С) “Сөз сөйлеймін бөлмелеп”
Д) “Тостағанды қолға алып”
Е) “Көл қылып құйдым талай судай ағын”
5. Шернияз шығармашылығының негізі
А) суырып салма ақын
В) поэмашылдық
С) жыраулық
Д) термешілік
Е) сыншыл реали стік
12-сабақ, 6-апта
Сабақтың тақырыбы:Ш. Қанайұлы шығармашылығы- түркілік поэзиядағы исламлық-сопылық әдебиет дәстүрінің жалғасы.
Бақылау түрі: Пікірталас
(2 б.)
Шортанбай – XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті тарихынан елеулі орын алатын өзіндік сөз өрнегі бар өнерпаз.
Шортанбай Түркістан жерінде Қаратауды жайлаған шаруа Қанайдың семясында дүниеге келген. Жас шағынан мұсылманша оқып замандастары қатарлы білім алған. Өзі туған топырағында оқып білім алған зерделі жас өнерлі, өнегелі өлке мәдениетін жете игеруге талаптанып, парасатты ақыл иелеріне жақын жүріп, жақсылар қатарына ерте ілескен. Қазақтың әрі астанасы , әрі әулиелік орны ретінде танылған Түркістанның берер тәлімі де, әсері де мол еді. Көкірегі ояу, көркемдікке әуес, сезімтал жас естіген есті сөздерін құлағына құйып, көрген ғажайыптарын ойына орнықтырып, шама-шарқынша ақылға салып, санамен салмақтайды.
Ер жетіп, еркінше еңбек етуге бел буған талабы зор, талғамы қалыптасқан Шортанбай жаңа ортаға, өзге өлке жағдайына кезігеді. Адамдары шетінен ділмар, сауыққой, әнші, жыршы, өлеңші келетін. Сонау Қаздауысты Қазыбектің ізін басып жалғасып жатқан билер тобының өнерлерінің өзі қандай?! Бұл өлкеде Ақан мен Біржанның, Мәди мен Ыбырайдың әндерін салмайтын қыз бен жігітті кездестіру де қиын. Тәттімбет пен Қазанғаптың күйлері қандай ойлы, сырлы? Жанақ, Шөже, Орынбай, Кемпірбайлардың ақтарылған ақпа жырлары ше? Ғажап дүние! Не деген байлық? Өмірдің қызығы, мән-мағынасы деген осы емес пе?!
Жас ишан үшін бұл – ерекше өмір болатын. Жігіт жасындағы Шортанбай мешіт ашып, діни жұмыс атқара бастағанмен, оған мүлде беріле алмайды. Жастық шақтың қызығы оны ойын-сауыққа жетелейді. Ел толған төкпе ақындардың айтыстары, жыршы-жыраулардың тамаша толғау, жырлары өнерге әуес, сөзге жүйрік, тілге шешен Шортанбайдың жанына жағады. Енді ел-жұрт Шортанбайды ишан деуден көрі төкпе ақын атап кетеді.
Қазақтың бір өлкесі бір Шортанбайды тақуа ишан етіп тәрбиелесе, екінші өлкесі оны тамаша ақын етіп шығарды. Асылы, адамды – жасаған ортасы тәрбиелейді, - дейтін қағида дұрыс. Оған Шортанбайдың өсу, жетілу жолы бірден-бір куә.
Шортанбай шығармалары жиі-жиі қайталанып, баспа бетін көргенімен, жалпы көлемі көп емес. С. Мұқановтың есебі бойынша, бар болғаны 1500 жолдай.
Шортанбай шығармаларының лейтмотиві – заман, қоғам, халық тұрмысы, ел өмірі, жер, қоныс қысымы, отаршылар мен жергілікті әкімдердің озбырлығы, жаңа қарым-қатынастан туындаған тонаудың жаңа түрлері, сатқын ел билеушілер, бұзақы топтар, т.б.
Ең алдымен, Шортанбай - өз дәуірінің шынайы сыншысы. Қазақ қоғамын билеп төстеушілерге, отаршылар билеген заманның бет алысына наразы ақын. Ақынның бағалауынша, ол жасаған заман бұзылған, зарлы-шерлі тар заман
Мынау заман қай заман –
Азусызға тар заман.
Азулыға бар заман... –
Шортанбай өз тұстастарын оларда иман жоқ, ұятсыз, арсыздар, құдайға да күнәкерлер деп сынайды. Патша үкіметіне берілген қазақтың опасыз би-болыстарын, елубасы старшындарын, дүниеқоңыз қайырсыз байларын, ақшаның құлы жылпостарды өткір сөзімен түйрейді.
Елді қанаушылардың жаңа тобының ақшалы байлар, алыпсатар, саудагерлер екенін ақын айқын суреттейді, оларды нағыз ел ырысын еміп, сездірмей сорып жатқан араны толмас алпауыттар деп бейнелейді. Ақшаға байланысты елдегі қайғы-қасіреттің де шынайы суреті жасалады.
Арам арсыз жан шықты, Мініп көрер күші жоқ,
Қайыры жоқ бай шықты. Ақша деген мал шықты
Сауып ішер сүті жоқ,
Шортанбай туралы пікір айтқан кейбір зерттеушілер оны өмірден түңілген жігерсіз, қайғы мен зардың ақыны деп келді. Жоғарыда келтірілген өлең жолдары ақынның бойындағы басым күш – түңілу емес, жігерлілік, үмітсіздік емес, батыл күреске үндеу, оптимистік, патриоттық сезім екенін көрсетеді. Шортанбай жасаған заманда бұдан артық елі мен халқының қамы үшін адал қызмет көрсету екіталай. Біздіңше, халқының тағдырын ойлаған ақынның жарғақ құлағы жастыққа тиген жоқ. Ел-жұртының қасіретін арқалап, бойындағы бар күшін сол үшін сарп етті. Сол тұстағы қоғамның жай-жапсарына қарай әрекет етіп, жатпай-тұрмай халқын үгіттеп, ілгері жетеледі.
Ақынның түсінігі бойынша адам ең алдымен өзінің үй іші, бала-шағасы қамын қарастырмақ. Сол үшін ол кәсіп етеді, мал өсіреді, дала кезеді. Ұрпағын адалдыққа тәрбиелейді:
Елін, жерін аман боп, ұрпағың халал (адал) өссе, ол азамат үшін ғанибет, үлкен жақсылық. Ол үшін жағдай, құнарлы өлке, төзімді орта, ел-жұрт тыныштығы, береке-бірлігі қажет-ақ. Қазақтың бұрын-соңды ел боп, жауларын бетіне қаратпай, тәуелсіздігін сақтап келгені де осыдан еді, - дейді.
Бақылау сұрақтары:
Шортанбайдың шығармаларының негізгі арқауы.
Шортанбай шығармаларының лейтмотиві.
Шортанбай - өз заманының жалынды ақыны.
Шортанбайдың шығармалары жинақтарда баспа бетін көруі.
Шортанбай – XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті тарихынан елеулі орын алыуы.
Шортанбайдың ежелгі түркілік – мұсылмандық, сопылық әдебиет дәстүрі /Қ. А. Яссауи, С.Бақырғани. т.б./ тағлымында қалыптасқан ақын екендігі.
13-сабақ, 7-апта
Сабақтың тақырыбы: Шортанбай Ресей патшалығы отаршылығын сынаған сыншыл, шыншыл толғаулары
Бақылау түрі: Тест
(3 б.)
Теориялық мәлімет. Шортанбай – XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті тарихынан елеулі орын алатын өзіндік сөз өрнегі бар өнерпаз.
Шортанбай Түркістан жерінде Қаратауды жайлаған шаруа Қанайдың семясында дүниеге келген. Жас шағынан мұсылманша оқып замандастары қатарлы білім алған. Өзі туған топырағында оқып білім алған зерделі жас өнерлі, өнегелі өлке мәдениетін жете игеруге талаптанып, парасатты ақыл иелеріне жақын жүріп, жақсылар қатарына ерте ілескен. Қазақтың әрі астанасы , әрі әулиелік орны ретінде танылған Түркістанның берер тәлімі де, әсері де мол еді. Көкірегі ояу, көркемдікке әуес, сезімтал жас естіген есті сөздерін құлағына құйып, көрген ғажайыптарын ойына орнықтырып, шама-шарқынша ақылға салып, санамен салмақтайды.
Мұсылманшылдық жолындағы оқудың нәтижесі оның қолын ишандық дәрежеге жеткізді. Бұл жолда қызмет атқару үшін Түркістаннан Арқаға, Қарақаралыға қарасты Бесата жайлаған Жамантай төренің мекеніне қоныс аударуға тура келеді. Одан кейін Аюлы-Ақсу бойын қоныстанған Жанғұтты бидің қарамағынан шағын мешіт салдырып, медресе ашады. Ер жетіп, еркінше еңбек етуге бел буған талабы зор, талғамы қалыптасқан Шортанбай жаңа ортаға, өзге өлке жағдайына кезігеді. Адамдары шетінен ділмар, сауыққой, әнші, жыршы, өлеңші келетін. Сонау Қаздауысты Қазыбектің ізін басып жалғасып жатқан билер тобының өнерлерінің өзі қандай?! Бұл өлкеде Ақан мен Біржанның, Мәди мен Ыбырайдың әндерін салмайтын қыз бен жігітті кездестіру де қиын. Тәттімбет пен Қазанғаптың күйлері қандай ойлы, сырлы? Жанақ, Шөже, Орынбай, Кемпірбайлардың ақтарылған ақпа жырлары ше? Ғажап дүние! Не деген байлық? Өмірдің қызығы, мән-мағынасы деген осы емес пе?!
Жас ишан үшін бұл – ерекше өмір болатын. Жігіт жасындағы Шортанбай мешіт ашып, діни жұмыс атқара бастағанмен, оған мүлде беріле алмайды. Жастық шақтың қызығы оны ойын-сауыққа жетелейді. Ел толған төкпе ақындардың айтыстары, жыршы-жыраулардың тамаша толғау, жырлары өнерге әуес, сөзге жүйрік, тілге шешен Шортанбайдың жанына жағады. Енді ел-жұрт Шортанбайды ишан деуден көрі төкпе ақын атап кетеді.
Қазақтың бір өлкесі бір Шортанбайды тақуа ишан етіп тәрбиелесе, екінші өлкесі оны тамаша ақын етіп шығарды. Асылы, адамды – жасаған ортасы тәрбиелейді, - дейтін қағида дұрыс. Оған Шортанбайдың өсу, жетілу жолы бірден-бір куә.
Шортанбай - өз заманының жалынды ақыны, ақылгөй шешен жырауы. Өзі өмір кешкен замана шындығын барлық көрінісімен айқын да дәл бейнелеп, әлеуметтік маңызы зор шығармалар жазды. Шортанбай шығармашылығы XIX ғасырдағы қазақ өмірінің айнасы, әсіресе, кедей-кепшік, момын шаруаларының тұрмыс тіршілігінің шынайы куәгері.
Тест тапсырмалары:
1. Шортанбайдың адамгершілік тәрбие қағидаларын уағыздаған толғаулары
А) “Бір насихат айтайын”, “Бала зары”
В) “Өмір ағысы”, “Нақылдар”
С) “Датқаларға”, “Атекеге”
Д) “Келер заман”, “Заман ақыр”
Е) “Адамның жалған дүниесі”
2. “Келер заман”, “Зар заман” толғауларының авторы
А) Шортанбай
В) Дулат
С) Шернияз
Д) Майлықожа
Е) Сүйінбай
3. Орынбай, Шөже, Асан бұғы сынды ақындармен айтысқан ақын
А) Шортанбай
В) Мұрат
С) Базар
Д) Майлықожа
Е) Сүйінбай
4. Түркістан жерінде Қаратау өңірінде дүниеге келген ақын?
А) Шортанбай
В) Майлықожа
С) Орынбай
Д) Шернияз
Е) Шөже
5. Шортанбай шығармаларының жалпы көлемі(С. Мұқановтың есебі бойынша)
А) 2000 жолдай
В) 1500 жолдай
С) 1000 жолдай
Д) 5000 жолдай
Е) 100 жолдай
14-сабақ, 7-апта
Сабақтың тақырыбы:Шортанбай айтыстарының эстетикалық-поэтикалық өнегесі
Бақылау түрі: Коллоквиум
(3 б.)
Теориялық мәлімет.Шортанбай - өз заманының жалынды ақыны, ақылгөй шешен жырауы. Өзі өмір кешкен замана шындығын барлық көрінісімен айқын да дәл бейнелеп, әлеуметтік маңызы зор шығармалар жазды. Шортанбай шығармашылығы XIX ғасырдағы қазақ өмірінің айнасы, әсіресе, кедей-кепшік, момын шаруаларының тұрмыс тіршілігінің шынайы куәгері.
Шортанбай ақындығының дәуірлеген тұсы қазақ елі дағдарысқа душар болған аса ауыр кезең болатын. Ең алдымен, туған ел Россия патшалығына отар, тәуелді, бұратана өлке боп, өзінің иелігімен мүлде айрылған-ды. Отаршылар өктемдігі күн санап өршіп, ел еңсесін зар мен шерге толы мұң басты. Қазақ ең әуелі ел билігінен айрылды, одан соң жер-су, қоныс қысымына ұшырады. Мал-жан есепке алынып, оған да қауіп – қатер көбейді. Халық басына ауыр күн туды. XIX ғасырдағы тарихи ұлттық қозғалыстардың қандай қасіреттерге ұшырағаны мәлім. Исатай мен Махамбет, Кенесары мен Наурызбай, Есет пен Бекет, Жанқожа мен Құлбарақ, Науша мен Сүйінқара, Саурық пен Сұраншы, т.б. батырлардың қанжығалары қандады. Жоңғар шапқыншыларынан жадап-жүдеп, бірлігі мен тірлігін қалыптастыра алмай, ыдырап жатқан әлсіз өлкені патша өз қарамағына оп-оңай көндірмек болған еді.
Тап осындай әлеуметтік жағдайда өмір сүрген жазушының халқына берер кеңесі қандай болуға тиіс еді және оны Шортанбай дұрыс танып, тап басты, еліне-жұртына қамқор болады. Шортанбай - өз заманының шындығын ақтара ашып, оған өткір сын айта білген көреген суреткер. Бізге жеткен шығармаларының жалпы сарыны бұған толық куә бола алады.
Коллоквиум сұрақтары:
ақынның шығармашылығындағы негізгі сарын.
Шортанбай – патшалық отарлау саясатын әшкерелеуге реалистікпен жырланған сыншыл, ойлы суреткер ақын.
Шортанбайдың «Зар заман» толғауы.
Шортанбайдың адамгершілік, тәрбеи қағидаларын уағыздаған толғаулары.
Шортанбайдың өмірі жайлы деректер
«Атамыз – Адам пайғамбар,...» толғауындағы негізгі сарын.
Тест тапсырмалары:
1. Шортанбайдың өлең толғаулары.
А) “Тар заман”, “Опасыз жалған”;
В) “Бесінші сөз”, “Ата қоныс Арқада”;
С) “Тарланым”, “Ұл туса”;
Д) “Тоғыз ауыл”, “Қоштасу”;
Е) “Қыс”, “Жаз”.
2. “Мынау заман, қай заман-
Азусызға тар заман.
Азулыға бар заман...-” деп заманды сынаған ақын.
А) Шортанбай
В) Махамбет
С) Дулат
Д) Шернияз
Е) Шөже
3. Өлерде үстіне ескерткіш орнатпауды, үлкен ас бермеуді тапсырып, оған шыққан шығындарды елдегі жоқ-жітік кемтарларға үлестіруді өсиет еткен ақын.
А) Шортанбай
С) Шернияз
В) Сүйінбай
Д) Шөже
Е) Орынбай
4. Шығармашылығында негізгі сарын етіп имандылықты уағыздаған ақын
А) Шортанбай
В) Сүйінбай
С) Абай
Д) Майлықожа
Е) Шернияз
ЕКІНШІ АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ
№
|
Тақырыптар
|
Апталар
реті
|
Ұпайлар
|
Бақылау
түрі
|
15
|
Шортанбайдың дастандары
|
8-апта
|
2 б.
| |
Достарыңызбен бөлісу: |