Білім мамандықтарына арналған «Саясаттану» пәнінен практикалық (семинар) сабақтарға



бет44/62
Дата28.02.2022
өлшемі1,56 Mb.
#133637
түріСеминар
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   62
Байланысты:
Семинар әдістемелік нұсқау

Cеминар №11. Саяси мәдениет, саяси мінез-құлық және саяси қатысу.


Сабақтың жоспары:
1 Саяси мәдениет түсінігі, құрылымы мен қызметтері.
2 Саяси мәдениеттің жіктелуі.
3 Қазақстандық саяси мәдениеттің ерекшеліктері.
4 Толеранттылық мәдениеті.
5. Саяси мінез-құлық және саяси қатысу.


Сабақтың мазмұны:
Саяси мәдениет құбылысы саяси зерттеу обьектiсi ретiнде ертеден-ақ танымал. Ең алғаш рет «саяси мәдениет» ұғымын қолданған, ғылыми әдебиетке енгiзген  ғасырда өмiр сүрген немiстiң ағартушы-философы Иоганн Гердер (1744-1803ж.ж.) болып табылады. Бiрақ, бұдан саяси мәдениет туралы оған дейін ешқандай ой-пiкiрлер болмаған деген түсiнiк қалыптаспауы тиiс. Атап айтсақ, антикалық ойшылдар Платон «Мемлекет», «Заңдар», Аристотель «Саясат» деген еңбектерiнде, кейiнiрек Н. Макиавелли, Ф. Бэкон, Ш. Монтескье т.б. ойшылдар бұл мәселеге көңiл бөлген. Олар тәрбиеленген дәстүрі, әлеуметтiк, саяси тәжiрибесі әртүрлі адамдардың бiрдей жағдайда сезiнуі, жауап қайтаруы, әрекеті әртүрлі болатындығын байқаған. Оның себебiн бiлгiлерi келген, оған жауап iздеген.
Саяси мәдениет тұжырымдамасын белгiлеп, оның негiзгi пiкiрлерiн жасауға М. Вебер, Э. Дюргейм, Т. Парсонс сияқты батыстың iрi ғалымдары да үлкен үлес қосты. Бiрақ, саясаттану ғылымының ұғымдық жүйесiне «саяси мәдениет» ұғымын американ ғалымдары Г. Алмонд пен С. Верба  ғасырдың 60-шы жылдары енгiздi. Бұл кезеңде саяси мәдениеттi зерттеуге деген қызығушылықтың артуы үшiншi әлем елдерiнде, әсiресе Африкада пайда болған тәуелсiз елдердегi (отарлық езгi құлауынан) саяси тәжiрибе ерекшелiктерiне байланысты болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет