Білім мен білікті жаңҒыртатын жаңа бағдарлама және жиынтық бағалау мұғалімнің айналысатыны


Бөлім бойынша жиынтық бағалау қай кезде өткізіледі?



бет3/4
Дата23.01.2023
өлшемі59,17 Kb.
#166156
1   2   3   4
Байланысты:
ана бағдарламааааа

Бөлім бойынша жиынтық бағалау қай кезде өткізіледі?
ББЖБ оқу бағдарламасындағы бөлімді аяқтаған кезде яғни, сабақ үстінде 10-15 минут аралығында өткізіледі.
Тоқсандық жиынтық бағалау тоқсан соңында барлық тоқсан бойынша өтілген бөлімдерді қамти отырып, 40 минут аралығында өткізіледі.
Жиынтық бағалау алған кезде тек өтілген тақырыптарды қамту қажет.
Жиынтық бағалауды мұғалімдер өзіміз құрастыруға да болады немесе әдістемелік ұсыныста берілген тапсырмаларды қолдануға да болады.
ТЖБ спецификацияға сәйкес болу керек. Спецификация және тапсырма үлгілері әдістемелік ұсыныста берілген.

Тоқсандық бағалау жұмыстарын және балдарды қою кестесін әзірлеу бір параллельдегі барлық сыныптар үшін біркелкі Тест спецификациясы негізінде жүзеге асырылады


-Тоқсандық жиынтық жұмыстар әр түрлі болуы мүмкін (тест, сынақтар, бақылау жұмысы және т.б.)
-Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу кестесі мектеп директорының бұйрығымен бекітіліп, тоқсан басында ата-аналар мен оқушылардың назарына жеткізіледі.
-Тоқсандық жиынтық жұмыс бір параллель үшін бірдей жағдайда өткізіледі
-Тоқсандық жиынтық бағалауды қайтадан орындауға (көшіруге) болмайды
-Егер оқушы тоқсандық жиынтық бағалауға белгілі бір себептермен қатыса алмаған жағдайда (ауырып қалуы, конференцияға, олимпиадаға және басқа да ғылыми жарыстарға қатысқан жағдайда), пән бойынша орындай алмаған тоқсандық жиынтық жұмысын мектепке келгеннен кейінгі екі апта ішінде орындауы тиіс; бұл жағдайда тоқсандық жиынтық бағалау жұмысының қосымша нұсқасы қолданылады
Тақырыптық күнтізбелік жоспарда бөлім бойынша сабақ қарастырылмаған. Себебі бөлім бойынша жиынтық бағалау сабақ үстінде өткізіледі.
Тоқсандық жиынтық бағалау өткізу үшін тақырыптық күнтізбелік жоспарға тоқсан соңында арнайы сағат бөлуді қамту қажет, яғни 1 сағат.
Сондықтан жыл басында тақырыптық күнтізбелік жоспарыма әр пәнге бөлім бойынша жиынтық бағалау мен тоқсандық жиынтық бағалауды енгіздім да, жиынтық бағалауға арналған кесте құрдым.
Бекітемін:
Мектеп директоры м.а:_________Дюсенова А.А.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет