Білім мен білікті жаңҒыртатын жаңа бағдарлама және жиынтық бағалау мұғалімнің айналысатыны



бет1/4
Дата23.01.2023
өлшемі59,17 Kb.
#166156
  1   2   3   4
Байланысты:
ана бағдарламааааа


БІЛІМ МЕН БІЛІКТІ ЖАҢҒЫРТАТЫН ЖАҢА БАҒДАРЛАМА ЖӘНЕ жиынтық БАҒАЛАУ
«Мұғалімнің айналысатыны –
үнемі қозғалып,
өзгеріп, өсетін,өркендейтін
тірі адам (тұлға) болғандықтан,
біркелкі әдіске табан тіреп
шектеліп қалуға болмайды…»
Ж.Аймауытов
Бүгінгі таңда елімізде білім беру мазмұны жаңа бағытқа бет бұрды. Білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Осы бағдарламаны іске асыру барысында 2016 жылдың сәуір айынан бастап елімізде бастауыш сынып мұғалімдеріне кәсіби біліктілігін арттыру курстары өткізіле бастады. Мен де Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізілуіне байланысты Қарағанды облысындағы«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ұйымдастырған 23 мамыр және 10 маусым аралығында «Жаңартылған бастауыш білім беру мазмұны аясында» атты үш апталық курс тыңдаушысы болдым.
Былтырғы жаңа оқу жылынан бастап осы жүйе, яғни әлемдік тәжірибе еліміздің барлық мектептерінің бірінші сыныптарына енгізілді, биыл мен осы бағдарлама бойынша 2 жыл жұмыс істеудемін. 
Жаңартылған білім мазмұны бойынша оқытудың пирадимасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр.
Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.
Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериальды бағалау жүйесіне көшті. Былтырғы жылы осы критериальды бағалау жүйесін бастаған бетте мен өзіме сенімсіздікпен қарап, қалай, қайдан бастарымды білмей жүргенімде бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулықты (Оқу-әдістемелік құрал) басшылыққа алып, аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен, аудандық білім бөлімінің әдіскері-Шагирова Сая Даулетовна Топар кентіндегі «Корниенко» атындағы мектебінде «Критериалды бағалау арқылы оқушы білімін бағалау» атты семинар өткізілді. Ол семинарда – критериалды бағалау жүйесінің терминдері мен анықтамалары, қағидаларымен танысып, білім алушылардың оқу жетістіктерін,қалыптастырушы, жиынтық бағалаудың үдерістерін жоспарлау,ұйымдастыру кезінде мұғалімге көмек болатындай, тәжірибелік ұсыныстармен тоқсандық, жылдық баға қою механизмдерін көрсетіліп, түсіндірілгеннен бастап- мен өз- өзімді жинақтап өз бойымнан осы жұмысты саралап өткізіп барып түсіндім деп айта аламын және осындай семинар өткізген аудандық білім бөлімінің әдіскері-Шагирова Сая Даулетовнаға алғысым шексіз .
Сонымен критериалды бағалау- оқушының оқу жетістігін бағалау болып есептелінеді. Бұл бүгінгі оқыту жүйесінде өзекті талаптардың бірі болып отыр. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығы мен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсіл мен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Баланың жан-жақты ізденуіне ынталандырады. Критериальды бағалау жүйесі Филиппин, Сингапур, Жапония, Франция сынды дамыған елдер де пайдаланылады. Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылым мен айналысуына ықыласын туғызады.
Ата-ана үшін де бұл бағдарлама бір жағынан қорқыныш тудырса, екінші жағынан қызығушылық та тудырып отыр.Ата-аналар мәжілістерінде әр оқушының бағалау нәтижесін есеп беру бетшесі арқылы таныстырудың өзі ата-ана мен мұғалімдердің арасында ынтымақтаса жұмыс жасауға ықпал ететіндігін көрсетуде.Кері байланыс бетшесінде алған мәліметтерін,жазған ұсыныстарына қарай отырып, ата-ананың бағдарлама мақсатын түсінгендігін байқауға болады.
Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының бөлімдерін (ортақ тақырыптарын және белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі.
Жаңартылған орта білім мазмұны бойынша білім алушылардың үлгеріміне
ағымдық бақылау жүргізудің тәртібі «Өзін-өзі тану», «Көркем еңбек», «Музыка», «Дене шынықтыру» пәндері бойынша жиынтық бағалау жүргізілмейді. Тоқсанның («Дене шынықтыру»), жартыжылдықтың («Өзін-өзі тану», «Көркем еңбек», «Музыка») және оқу жылының соңында аталған пәндерден «есептелінді»/«есептелінген жоқ» деген белгі жазылады.
Жиынтық бағалау тапсырмаларын педагог өзі дайындайды
Тілдік пәндерден жиынтық бағалау сөйлеу әрекетінің төрт түрі бойынша жүргізіледі:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет