Білім мен білікті жаңҒыртатын жаңа бағдарлама және жиынтық бағалау мұғалімнің айналысатыны


(тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым)



бет2/4
Дата23.01.2023
өлшемі59,17 Kb.
#166156
1   2   3   4
Байланысты:
ана бағдарламааааа

(тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым).
Тыңдалым (тыңдау) және айтылым дағдыларын бағалау жиынтық бағалауды өткізу жоспарланған аптаның ішінде сабақтың барысында жүргізіледі.
Білім алушылардың тоқсандағы оқу жетістіктерінің нәтижелері бойынша жазбаша түрде өткізілетін жиынтық бағалауда объективтілік және ашықтықты қамтамасыз ету үшін модерация жүргізіледі.
Модерация қорытындысы бойынша білім алушылардың өзгертуге жататын жиынтық жұмыстарының тоқсандық балы қайта тексеріледі. Модерация қорытындысы бойынша қойылатын жиынтық жұмыс балы жоғарылатып, сол сияқты төмендетіліп те қойылады.
Білім алушы белгілі себептермен екі аптаға дейін болмаған жағдайда (ауырып қалуына байланысты, жақын туыстарының қайтыс болуы, конференцияға, олимпиадалар мен ғылыми жобаларға (ғылыми жарыстарға) қатысу), білім алушы орта білім беру ұйымына қайтып оралғаннан кейінгі екі аптаның ішінде мектеп жасаған жеке кестеге сәйкес жиынтық бағалауды тапсырады.
*** Бөлім (ортақ тақырып) және тоқсан бойынша жиынтық бағалау қорытындысы болмаған жағдайда білім алушы уақытша аттестаттаудан өтпеген болып есептеледі.
*** Балл түріндегі білім алушылардың жиынтық бағалау нәтижелері осы қағидаларға сәйкес балдарды бағаға ауыстыру шәкілі бойынша тоқсандық және жылдық бағаларға ауыстырылады.Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Оқушы білімін бағалауға тоқталар болсам, жаңа білім беру мазмұнында бес балдық бағалау емес, критериалды бағалау арқылы бағалануы – оқушылардың оқу жетістіктерін нақты айқындалған, бірге даярланған, оқу үдерісінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі, бастауыш білім берудің мақсаттары мен мазмұнына сай критерийлермен салыстыруға негізделген бағалау үдерісі. Критериалды бағалау оқыту, тәлім-тәрбие беру және бағалаудың өзара байланысына негізделген.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.Бұл бағалау жүйесінің оқушы үшін ерекше екендігін тәжірибе барысында байқадым.
Топар жалпы білім беретін мектебінің «Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу туралы» 2 – сынып оқушыларының білімін критериалды бағалау жүйесін енгізу үдерісін үйлестіретін жауапты тұлға болып директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Тәуекелова С.Р. тағайындалып, білім алушылардың тоқсандық жиынтық бағалау жұмыстарының нәтижесін талқылау үшін модерация өткізуге төмендегі құрамда комиссия құрылды:

Модерация төрайымы

Дюсенова А.А- мектеп директорының міндетін атқарушы

Модерацияға қатысушылар

Тәуекелова С.Р. -мектеп үйлестірушісі, оқу ісінің меңгерушісі.
Искакова Д.Ж. - бастауыш сыныптардың әдістемелік жетекшісі
Смирнова Л.Г.-бастауыш сынып мұғалімі
Жакенова А.Б.- бастауыш сынып мұғалімі

Модерация – бағалаудың анықтығы мен дәлдігін қамтамасыз ету үшін қойылған балдарды стандарттау мақсатында тоқсандық жиынтық бағалау бойынша білім алушылардың жұмыстарын талқылап қарастыратын үдеріс.

Әрбір мұғалім үшін модерацияға қатысу тиімді болып келеді.


Мүмкіндіктері:
балл қою кестесі ескерілмегендіктен дұрыс жауап қабылданбаған, балл қою кестесінде қате жіберілген, жалпы балл дұрыс есептелмеген,және т.б. жағдайларды анықтау;
әріптестердің бағалауды қалай жүргізгенін көру;
бағалаудағы өз тәжірибесімен бөлісу;
жиынтық бағалаудың дұрыс өтуін, білім алушылардың барлық жауаптарының есептелуін, мұғалімдер арасында бағалаудың айырмашылықтарын талқылау және түсіну;
балл қою кестесіне өзгертулер мен толықтырулардың енгізілуі және білім алушылардың алған балдарын қайта қарау туралы шешімдер қабылд
БЖБ саны оқу бағдарламасына сәйкес анықталады
БЖБ-ды қандай түрде (бақылау, практикалық, шығармашылық жұмыс, проект, ауызша сұрау, эссе және т.б.) және қай сабақта өткізетінін мұғалім өз бетінше анықтайды
БЖБ тапсырмаларын құрастыру кезінде тек өтілген материалдарды ғана қамту керек
БЖБ үшін тапсырмалар мен дескрипторларды мұғалім өз бетінше құрастырады (әдістемелік нұсқаулықта берілген тапсырмаларды қолдануға рұқсат етіледі)
БЖБ-да максималды балды дескрипторларды ескере отырып, мұғалімнің өзі анықтайды

БЖБ өткізу тоқсан аяқталғанға дейін кемінде 1 апта бұрын жоспарланады


Мұғалімге кез келген қолжетімді және қолайлы формада (электрондық күнделік арқылы ақпараттандыру қарастырылуда) БЖБ нәтижелері туралы оқушыны, ата-ананы ақпараттандыру қажет



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет