Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы
«Аққайың» балабақшасы МКҚК тәрбиешісі
Рахат Марал Рахатқызы
Білім саласы: Қатынас
Бөлімдері: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Үй жануарлары»
Мақсаты: Балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейте отырып,әңгіме құрап айтуға баулу.Үй жануарларына қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Мотивациялық-қозғаушы
Тәрбиеші: жылулық шеңберге тұрып жылы сөздер айту. Балалар қуанышымызды бір-бірімізге жеткізейік.
Балалар: Бүгін бізде ерекше күн. Өйткені бізге қонақтар келді.Бәріміз амандасып алайық.
Жайнап өскен гүлдейміз,
Жарқыраған күндейміз.
Біз бақытты баламыз,
Амандасып аламыз.
Сәлеметсіздер ме апайлар, ағайлар!
Балалар: Тақпақты барлығы бірге қуанышты түрде айтып береді.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар. Бір-бірімізге жақсы тілектер арнайықшы.
Балалар:
Еліміз аман болсын!
Деніміз сау болсын!
Апайларымыз аман болсын!
Cабағымыз сәтті болсын!
Тәрбиеші: Балалар бүгін оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы:
«Үй жануарлары» деп аталады.
Тәрбиеші: -Балалар жылдың қай мезгілі
Балалар: Көктем
Тәрбиеші: Көктем мезгілінде неше ай бар?
Балалар: Үшай бар.
Тәрбиеші: Олар қалай аталады?
Балалар: Наурыз, сәуір , мамыр.
Тәрбиеші: -Балалар бүгін аптаның қай күні?
Балалар: Аптаның төртінші күні бейсенбі.
Тәрбиеші: Балалар апта күндеріне тоқталып өтейік. Сергіту сәті.
Балалар:
Біз кішкентай баламыз,
Өсіп-өніп толамыз.
Күнге қарап, табын,
Көкке қолды созамыз.
Қанат қағып ұшамыз,
Қарлығаштай самғаймыз,
Бір отырып,бір тұрып,
Жаттығулар жасаймыз.
Іздену- ұйымдастырушылық
Тәрбиеші: Балалар сендер әдемі , ақ жарқын балалар екенсіңдер. Ендеше көңіл күйімізді қолымызды шапалақтап білдірейік.
Балалар:Біз алдында ала көлікпен қайда барып едік?
-Жайлауға барған болатынбыз.
-Олай болса бейне көрініске карап есімізге түсірейікші.
Балалар: Мынау не?
-Жылқы
-Оның төлін қалай атаймыз?
-Құлыншақ
Балалар: Мынау не?
-Сиыр
-Оның төлін қалай атаймыз?
-Бұзау
Балалар: Мынау не?
-Қой
-Оның төлін қалай атаймыз?
-Қозы
(Осылайша балалар барлық үй жануарларын,төлдерін атайды).
Ойын: «Даусын ажырат».
Шарты:Төрт түліктің даусын тыңдап, ажырату.
Ғажайып сәт:Жылқы кіреді.
-Балалар, қараңдаршы! Бізге қонаққа не келіп қалды?
(Жылқы).
-Дұрыс айтысыңдар.Балалар,бізге жылқы өзінің тапсырмаларын ала келіпіпті.Олай болса барлығымыз тапсырмаларды орындайық. Бірінші тапсырма бойынша төрт түлікке арналған тақпақтар айтайық.
Бекзат:
Шөре-шөре лағым,
Тентек болма лағым.
Секектемей деміңді ал,
Селтеңдемей құлағым.
Нұрдана:
Қара көзің мөлдіреп,
Қызықтырмай қоймайды.
Жібек жүнің үлбіреп,
Қарасаң көз тоймайды.
Рамазан:
Құлыншағым-құндызым,
Құлдырайды- шабады.
Жылтылдаған-жұлдызым,
Құстай қанат қағады.
Маржан:
Кіп-кішкентай момақан,
Қошақанды ұнатам.
Сүйеді анам қозым деп,
Ботақаным өзің деп.
- Ал енді екінші тапсырманы тыңдайық. Мұнда төрт түлікке арналған мақал-мателдер,жаңылтпаш тиым сөздер айтуларыңды сұрапты.
Диас:
Мал өсірсең,Қой өсір
Өнімі оның көл көсір.
Бекнұр
Малды баға біл,
Бабын таба біл.
Жібек:
Малды жақсы баққаның,
Өзіне абырой тапқаның .
Малды жаман баққаның,
Келді бақтың қаққаның.
Жаңылтпаш
Ержан:
Ақ тай ақ па?
Қара тай ақ па?
Қара тай ақ па?
Әй-әй ,айдарбай,
Иір мүйіз сиырыңды
Үйіңе айдай бар
Суда сең келеді
Сегіз серке тең келеді
Тиым сөздер.
Құралай:
Малы теппе,
Ақты төкпе.
Рефлексивті- коррекциялаушы
Ойын: Үй жануарларының адасқан төлдерін тап?
Мақсаты: Балалардың байқампаздық қасиеттерін дамыту.
Сергіту сәті:
Қой маңырайды-мә-мә-мә,
Сиыр мөңірейді- мө-мө-мө,
Жылқы кісінейді-ио-ио-ио,
Түйе боздайды-бө-бө-бө,
Ешкі бақырады-бе-бе-бе.
Балалар үй жануарларына байланысты жұмбақ айтып ,шешуін сұрау.
Бекарыс:
Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.
(Қой)
Айша:
Екі найзасы бар,
Екі айнасы бар,
Төрт сылдырмағы бар,
Бір сыпырғышы бар.
(Сиыр)
Кариман:
Басында екі таяғы бар,
Төрт аяғы бар.
Адам емес бірақ.
(ешкі)
Еркеназ:
Өзі сұлу,өзі жүйрік,
Жарысады желменен.
(жылқы)
Нұрдана:
Кеікті бір жануар,
Үстінде кеі тауы бар.
(түйе)
Балаларды мадақтау өткен тақырыпты балалардан сұрау, жақсы қатыскан балалар.
Нұрдана, Маржан, Диас, Бекарыс бәріңе рахмет сау болыңдар.
Күтілетін нәтиже:
Білу: Балалар үй жануарларын атап, оларды бір-бірінен ажыратып төлдерін атай біледі.
Игеру: Үй жануарлары турала түсінікті игереді.
Меңгеру:Үй жануарларына деген қамқорлақ сезімдері қалыптасады. Төлдер туралы тақпақтарды мәнерлеп айтады.
«Аққайың » балабақшасы мемлекеттік
коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Ашық ұйымдастырылған
оқу іс әрекеті.
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдатырылған оқу іс әрекеті: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Үй жануарлары»
Топ: «Күнім»
Тәрбиеші: Рахат Марал Рахатқызы
2015 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |