Бiлiм туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi n 319 Заңы


-тарау. БIЛIМ БЕРУ ҚЫЗМЕТIНIҢ СУБЪЕКТIЛЕРI



бет18/35
Дата12.10.2020
өлшемі371,5 Kb.
#66414
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   35
6-тарау. БIЛIМ БЕРУ ҚЫЗМЕТIНIҢ СУБЪЕКТIЛЕРI

      40-бап. Бiлiм беру ұйымдары

      1. Бiр немесе бiрнеше бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын және (немесе) бiлiм алушыларды, тәрбиеленушiлердi асырау мен тәрбиелеудi қамтамасыз ететiн заңды тұлғалар бiлiм беру ұйымдары болып табылады.
      Бiлiм беру ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалар (құрылтайшылар) құрады.
      Бiлiм беру ұйымдарының қызметi тиiстi үлгiдегi бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгiлiк ережелерiмен және солардың негiзiнде әзiрленген жарғылармен реттеледi.

      РҚАО-ның ескертпесi!


      2-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      2. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, бiлiм беру ұйымдарында бiлiм беру қызметiн жүргiзу құқығы лицензия алған кезден бастап туындайды және соттың лицензиядан айыру туралы шешiмi заңды күшiне енген немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен лицензия жарамсыз деп танылған сәттен бастап тоқтатылады.

      3. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, бiлiм беру ұйымының мәртебесiн (үлгiсiн, түрiн) оның құрылтайшылары айқындайды және осы Заңның талаптары, бiлiм беру қызметiн лицензиялау кезiндегi бiлiктiлiк талаптары, тиiстi үлгiдегi бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгiлiк ережелерi ескерiле отырып, оның жарғыларында көрсетiледi.

      4. Бiлiм беру ұйымдары үлгiлерi мен түрлерiнiң номенклатурасын бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.

      5. Медициналық бiлiм беру ұйымдары қаржыландырылуы Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған көздерден жүзеге асырылатын клиникалық базасы бар болған кезде ғана жұмыс iстеуi мүмкiн.


      Клиникалық базалар туралы ереженi денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.
      Ескерту. 40-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2011.01.19 N 395-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      41-бап. Бiлiм беру ұйымының жарғысы

      1. Бiлiм беру ұйымының жарғысы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген талаптардан басқа, мыналарды:

      1) iске асырылатын бiлiм беретiн оқу бағдарламаларының тiзбесiн;

      2) бiлiм беру ұйымдарына қабылдау тәртiбiн;

      3) бiлiм беру процесiн ұйымдастыру тәртiбiн (оның iшiнде оқыту және тәрбиелеу тiлiн (тiлдерiн), бiлiм алушылардың, тәрбиеленушiлердiң сабақ режимiн);

      4) бiлiмдердi ағымдағы бақылау, бiлiм алушыларды аралық және қорытынды аттестаттау жүйесiн, оларды өткiзудiң нысандарын және тәртiбiн;

      5) ақылы қызмет көрсетудiң тiзбесiн және тәртiбiн;

      6) бiлiм беру ұйымының бiлiм алушылармен, тәрбиеленушiлермен және (немесе) олардың ата-аналарымен және өзге де заңды өкiлдерiмен қатынастарын ресiмдеу тәртiбiн қамтуға тиiс.

      2. Бiлiм беру ұйымының жарғысында оның қызметiне қатысты және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де ережелер қамтылуы мүмкiн.

      3. Бiлiм беру ұйымының жарғысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтiледi.

      42-бап. Бiлiм беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет