Бiлiм туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi n 319 Заңы



бет17/35
Дата12.10.2020
өлшемі371,5 Kb.
#66414
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35
             бiлiм беру

      1. 1-сыныпқа оқуға балалар алты жастан қабылданады.

      2. Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын орта бiлiм беретiн ұйымдардың негiзгi түрлерi мектеп, гимназия, лицей, бейiндiк мектеп болып табылады.

      3. Он алты жасқа дейiнгi балаларды орта бiлiм беретiн мемлекеттiк ұйымдардан шығаруға құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны, бiлiм беру ұйымдарының жарғысын өрескел және бiрнеше рет бұзғаны үшiн бiлiм беру ұйымы мемлекеттiк басқару органының шешiмi бойынша ерекше жағдайларда рұқсат етiледi.


      Жетiм балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды шығару туралы шешiм қорғаншы және қамқоршы ұйымдардың келiсiмiмен қабылданады.

      32-бап. Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру

      1. Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру негiзгi орта және (немесе) жалпы орта бiлiм беру базасында кәсiптiк лицейлерде, училищелерде, колледждерде және жоғары техникалық мектептерде жүзеге асырылады.
      Техникалық және кәсiптiк бiлiм беретiн ұйымдардағы оқу процесi оқу-өндiрiстiк шеберханаларында, оқу шаруашылықтары мен оқу полигондарында өндiрiстiк оқыту шеберiнiң басшылығымен орындалатын теориялық сабақтарды және өндiрiстiк оқытуды қамтиды.

      2. Кәсiптiк оқыту тiкелей өндiрiсте, оқу-өндiрiстiк комбинаттарында, оқу орталықтарында, курстарда, бiлiм беру қызметiн жүзеге асыру құқығына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен берiлген лицензиясы бар болған кезде және жұмысшылар даярлауды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың оқу-өндiрiстiк құрылымдарында жүзеге асырылуы мүмкiн.

      33-бап. Орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру

      Орта бiлiмнен кейiнгi кәсiптiк оқу бағдарламалары негiзгi түрi колледж болып табылатын бiлiм беру ұйымдарында iске асырылады.


      Орта бiлiмнен кейiнгi кәсiптiк оқу бағдарламалары бойынша мамандарды даярлау, тiзбесiн бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган бекiтетiн гуманитарлық мамандықтар бойынша жүзеге асырылады.

      34-бап. Жоғары техникалық мектептер

      Жоғары техникалық мектептер техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi интеграцияланған бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асырады.

      35-бап. Жоғары бiлiм беру

      1. Жоғары бiлiмдi жалпы орта немесе техникалық және кәсiптiк немесе орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмi бар азаматтар алады. Азаматтың конкурстық негiзде тегiн жоғары бiлiм алуға құқығы бар.

      РҚАО-ның ескертпесi!


      2-тармаққа өзгерту енгiзу көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      2. Жоғары бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламалары негiзгi түрлерi университет, академия, институт және оларға теңестiрiлгендер
(консерватория, жоғары мектеп, жоғары училище) болып табылатын жоғары оқу орындарында iске асырылады.
      Инновациялық бiлiм беру бағдарламаларын енгiзетiн университеттер инновациялық университеттер болып табылады.
      Жоғары оқу орындарының филиалдары, лицензиялануға жататын бiлiм беру қызметiнiң кiшi түрлерiн қоспағанда, бiлiм беру қызметiн жүзеге асыруға құқылы.

      3. Жоғары бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын меңгеру бойынша қорытынды аттестаттаудан табысты өткен бiлiм алушыға бiлiктiлiк және (немесе) "бакалавр" академиялық дәрежесi берiледi.

      4. Бiлiм беру бағдарламаларын iске асыру және ғылыми-қолданбалы зерттеулердi жүргiзу үшiн жоғары оқу орындары инновациялық-бiлiм беру консорциумын құруға және (немесе) оған кiруге құқылы.

      36-бап. Жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру

      1. Жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмдi жоғары бiлiмi бар азаматтар алады.

      2. Ғылыми және педагог кадрларды даярлау жоғары оқу орындарының және ғылыми ұйымдардың магистратурасы мен докторантурасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жыл сайын бекiтiлетiн мамандықтар тiзбесiне сәйкес күндiзгi оқыту нысаны бойынша шет елдердiң жоғары оқу орындарына "Болашақ" халықаралық стипендиясының стипендиаттарын оқуға жiберу арқылы жүзеге асырылады.


      Әскери мамандықтар бойынша магистратураның кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыру әскери жоғары оқу орындарының адъюнктурасында жүзеге асырылады.

      3. Кадрларды магистратурада даярлау жоғары бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламалары негiзiнде:

      1) екi жылдық оқу мерзiмiмен ғылыми және педагогтiк;

      2) кемiнде бiр жыл оқыту мерзiмiмен бейiндiк болып екi бағытта жүзеге асырылады.


      Мемлекеттiк қорытынды аттестаттаудан табысты өткен және магистрлiк диссертациясын көпшiлiк алдында қорғаған бiлiм алушыға тиiстi мамандығы бойынша магистр академиялық дәрежесi берiледi.

      4. Докторантурада магистратураның кәсiптiк оқу бағдарламалары негiзiнде кемiнде үш жыл оқу мерзiмiмен философия докторлары (РhD) мен бейiнi бойынша докторлар даярлау жүзеге асырылады.

      5. Жоғары оқу орнынан кейiнгi медициналық және фармацевтiк бiлiм беру резидентураны, магистратура мен докторантураны қамтиды.
      Резидентурада мамандануына қарай оқыту ұзақтығы екi жылдан төрт жылға дейiн клиникалық мамандықтар бойынша тереңдетiле даярлау жүзеге асырылады. Резидентура туралы ереженi денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.

      37-бап. Қосымша бiлiм беру

      1. Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлерге қосымша бiлiм беру, түрлерiн бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган айқындайтын қосымша бiлiм беру ұйымдарында жүзеге асырылады.
      Қосымша бiлiм берудiң бiлiм беретiн оқу бағдарламалары бойынша бiлiм алушыларға бiлiм беру қызметтерiн көрсетудi бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдары шарттық негiзде бередi.

      2. Кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау қосымша бiлiм берудiң бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарында, ғылыми ұйымдарда, өндiрiсте және мемлекеттiк ғылым ұйымдары мен жоғары оқу орындарының ғылыми қызметкерлерiнiң "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша әлемнiң жетекшi жоғары оқу орындарында, ғылыми орталықтары мен зертханаларында ғылыми тағылымдамадан өтуi кезiнде жүзеге асырылады.

      3. Бiлiм беру ұйымдарының педагог және ғылыми қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру бес жылда кемiнде бiр рет жүзеге асырылады.

      38-бап. Бiлiм алушылардың кәсiптiк практикасы

      1. Бiлiм алушылардың кәсiптiк практикасы мамандар даярлайтын кәсiптiк оқу бағдарламаларының құрамдас бөлiгi болып табылады.
      Кәсiптiк практика тиiстi ұйымдарда жүргiзiледi және оқыту процесiнде алған бiлiмдердi бекiтуге, практикалық дағдыларды игеруге және озық тәжiрибенi меңгеруге бағытталған.

      2. Кәсiптiк практиканың түрлерi, мерзiмдерi мен мазмұны жұмыстық оқу бағдарламаларымен және жұмыстық оқу жоспарларымен айқындалады.

      3. Кәсiптiк практиканы өткiзу үшiн бiлiм беру ұйымдары шарттық негiзде практиканың базасы ретiнде ұйымдары айқындайды, олармен практиканы өткiзудiң келiсiлген бағдарламалары мен күнтiзбелiк кестелерiн бекiтедi.
      Шарттарда бiлiм беру ұйымының, практиканың базасы болып табылатын ұйымдардың және бiлiм алушылардың мiндеттерi мен жауаптылықтары айқындалады.

      4. Кәсiптiк практикаға кететiн шығындар бiлiм беру ұйымдарында және практиканың базасы болып табылатын ұйымдарда көзделедi және жасасылған шарттармен айқындалады.

      5. Практиканың базалары болып табылатын ұйымдармен шарттар бiлiм алушылардың кәсiптiк практикасын өткiзуге арналған шарттардың үлгiлiк нысаны негiзiнде жасасылады.

      39-бап. Бiлiм беру туралы құжаттар

      1. Лицензиясы бар, мемлекеттiк аттестаттаудан өткен және негiзгi орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары, жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм берудiң бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдары қорытынды аттестаттаудан өткен азаматтарға бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттар бередi.
      Бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттарды толтыруға қойылатын талаптарды бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.
      Дербес бiлiм беру ұйымдарының бiлiм туралы құжаттары бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттарға теңестiрiледi.

      2. Бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттың болуы келесi деңгейдегi бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алуды жалғастыру үшiн қажеттi талап болып табылады.

      3. Бiлiм алуды аяқтамаған не қорытынды аттестаттаудан өтпеген азаматтарға белгiленген үлгiдегi анықтама берiледi.

      4. Шетелдiк бiлiм беру ұйымдары берген бiлiм туралы құжаттар Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық шарттар (келiсiмдер) негiзiнде танылады.


      Халықаралық шарттар (келiсiмдер) болмаған кезде азаматтардың шетелдiк бiлiм беру ұйымдарында алған бiлiмi туралы құжаттарын нострификациялау және оларға тиiстi куәлiктердi беру бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 39-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2011.01.19 N 395-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет