Саговниктер қатары (саговники)- Cycadales. Қатарға қазіргі кездерде кездесетін 100 дей түр жатады. Олар Шығыс Азияның, Австралияның, Африканың және Американың тропикалық және субтропикалық облыстарында кеңінен таралған. Саговниктер жай өсетін ағаштар, биіктігі 20 метрге жетеді және 1000 жылға дейін өмір сүреді. Сабағы бұтақталмаған немесе нашар бұтақтанатын колонна тәрізді немесе түйнек тәрізді жуандаған, кейде топыраққа жартылай көмілген болып келеді (геофилия). Өзегінде крахмал жиналады. Сабақтың жоғарғы ұшы вегетативті бүршікпен аяқталады, оны мәңгіжасыл жапырақтардың тобы қоршап тұрады. Бүршікте жапырақтары папоротниктердегі секілді ұлу тәрізді (улитка) бұралып тұрады. Үлкен жапырақтары қауырсынды, ұзындықтары 2м. дейін барады. Саговниктердің ұрықтануы әліде сулы ортамен байланысты. Архегонийлері эндоспермнің ойыстау жерінде- архегониальды камерада орналасқан. Тозаң өскен кезде сперма түзетін клеткадан 2-4 немесе көптеген көпталшықты үлкен сперматозоидтар пайда болады. Олар архегониальды камераның ішіндегі сұйыққа барып түседі де, біраз уақыт жүзіп жүреді, содан соң барып олардың біреуі жұмыртқа клеткасын ұрықтандырады. Саговниктердің практикалық маңызы шамалы. Кейбір түрлерінің, әсіресе иілгіш саговниктің (саговник поникающий- Cycas revoluta) өзегінен саго жармасын дайындайды. Саговниктер тамаша сәндік өсімдіктер, оларды оранжерияларда және ашық грунтта өсіреді.