Биохимия кафедрасы



бет4/7
Дата25.04.2023
өлшемі87,69 Kb.
#175400
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1сабақ
file-sample 100kB
4 есеп. Алкалоз және ацидоз кезінде қан плазмасындағы кальций иондарының концентрациясы қалай өзгереді?
Шешу алгоритмі:
1.Осы процестегі альбуминдердің ролі.
2.Альбуминдердің қасиеттері, альбуминдердің амин қышқылдық құрамының ерекшеліктері.
5 есеп. Бүйректің созылмалы ауруымен ауыратын және Д витамині жеткіліксіздігі байқалатын науқастардың қан плазмасындағы паратгормонның концентрациясы артуы мүмкін.
Шешу алгоритмі:
1.Кальцитриол синтезі қалай өзгереді? Жауабыңызды негіздеңіз.
2. Қандағы кальций деңгейі қалай өзгереді? Аталған гормонның және витаминнің қандағы кальций деңгейіне әсер ету механизмдерін сипаттаңыз.


6 есеп. 38 жастағы ер адамда Испанияда демалыс кезінде шөлдеу сезімі мен полиурия байқалды, басқа симптомдар байқалмады. Ол еліне оралған соң, отбасылық дәрігермен кеңесті. Несеп анализінде глюкозурия анықталмады.
Зертханалық мәліметтер:
Қан сарысуы: кальций 3,24 ммоль/л (норма 2,2-2,6 ммоль/л)
фосфат 1,20 ммоль/л (норма 0,8-1,4 ммоль/л)
сілтілі фосфатаза 90МЕ/л (норма 30-90 МЕ/л)
мочевина 10,0 ммоль/л (норма 3,3-6,7 ммоль/л)
креатинин 150 мкмоль/л (норма 60-120 мкмоль/л)
Кеуде қуысының рентгенограммасы және анамнез мәліметтері саркоидозды көрсетті. Саркоидоз диагнозы Квейм сынамасының оң болуымен және қан сарысуының ангиотензин айналдырушы ферменттің активтілігінің жоғары болуымен нақтыланды. Сүйек рентгенограммасында ешқандай өзгеріс байқалмады. Гидрокортизонмен 7-күндік ем жүргізілген соң қан сарысуындағы кальций концентрациясы 2,80 ммоль/л-ге дейін төмендеді. Ауруханаға түскен кезде жасалған қан сынамасында ПТГ анықталмады.
Сонымен, пациентте жедел гиперкальциемияның клиникалық белгілері байқалды. Саркаидозға стероидтарға сезімтал гиперкальциемия тән, бұл жаз мерзімінде ультракүлгін сәуленің әсерінен Д витамині синтезінің артуымен күшейеді.
Шешу алгоритмі:
1.Осы пациенттен ПТГ-ды анықтау мүмкін еместігі нені білдіреді?
2.ПТГ-ның нысана-органдарын атаңыз және физиологиялық әсерін сипаттаңыз.
3.Пациенттегі басқа да зертханалық мәліметтер нені білдіреді?
7 есеп. 56 жастағы әйел адам катарактаны алып тастау үшін ауруханаға жіберілді; оның көз көруінің нашарлауынан басқа шағымы болған жоқ. Оған 20 жыл бұрын мультинодулярлы зоб бойынша тиреоидэктомия жасалған. Мұндай науқастарда катаракта жиірек байқалады, бұл организмде мөлшері артқан кальций фосфатының хрусталикте жиналуынан болуы мүмкін. Науқасқа операцияға дейінгі әдеттегі зерттеу жүргізілді.
Зертханалық мәліметтер:
Қан сарысуы: кальций 1,60 ммоль/л (норма 2,2—2,6ммоль/л)
фосфат 2,53 ммоль/л (норма 0,8—1,4ммоль/л)
альбумин 44г/л (норма 35-50 г/л)
сілтілі фосфатаза 76 МЕ/л (норма 30-90 МЕ/л)
Шешу алгоритмі:
1.Осы пациенттің қанындағы кальций мен фосфаттардың мөлшері нені білдіреді?
2.Осы пациентте түзілуі бұзылған гормонның әсер ету механизмі мен физиологиялық әсерін атаңыз.
3.Мұндай науқастарға қандағы кальций деңгейі міндетті түрде бақылана отырып, кальциймен бірге немесе кальцийсіз қандай витамин ұсынылады? Осы витамин организмде қандай өзгерістерге ұшырайды және оның физиологиялық әсері қандай?
4.Неліктен пациенттің қанынан альбумин мен сілтілі фосфатаза деңгейі анықталды?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет