2. Жоғары жүйке əрекеті оның жас ерекшеліктері. Жоғарғы нерв əрекеті туралы түсінік.
пішіні əртүрлі: сопақша, ұршық тəрізді, жұлдыз тəрізді жəне т.б. Денесінен ұзынды-
қысқалы өсінділері – нерв талшықтары шығады.Ұзын талшығын аксон (грек тіліннен- тірек
деген мағынаны білдіреді), қысқа талшықтарын дендриттер деп атайды (дендрон-ағаш).
Аксон арқылы нерв жасушасының
денесінен басқа нейрондарға, жұмысшы мүшеге нерв
импульстері тасылады. Дендриттер-тармақталған қысқа өсінділер. Олардың ұштары сəл
жуандап бұдырланады. Бұл – нейрондардың басқа жасушалармен ұштасу ауданын
үлкейтеді. Дендриттердің бүртіктері бала тұғаннан кейін көбейе түседі. Нейрондардың бір-
бірімен байланысы синапс деп аталатын арнайы ерекше құрылым арқылы іске асады. Нерв
талшықтары ағзада топтасып дəнекер ұлпадан тұратын
қабықпен қапталып нервтерге
айналады. Бір нервтің құрамында қозуды ОЖЖ өткізетін жəне орталықтан жұмысшы
мүшеге əкелетін талшықтар болады. Қозуды орталыққа
өткізетін нервтерді
орталыққы
тепкіш
немесе
афференттік
нервтер деп атайды, ал қозуды орталықтан жұмысшы мүшеге
таситын нервтерді
орталықтан тепкіш
немесе
эфференттік
нерв дейді. Нервтердің
көпшілігі аралас нервтер. Олардың құрамында афференттік жəне
эфференттік нервтер
болады.
Адам денесіндегі көпшілік тірі жасушалардың тітіркену қасиеті бар.
Тітіркену
деп
сыртқы жəне ішкі орталардың түрлі əсерлеріне жауап беру қабілетін айтады.Сыртқы жəне
ішкі орталардың əсерлерін
тітіркендіргіш
деп атайды. Олардың əсерінен ағза, оның жеке
ұлпалары физиологиялық тыныштықтан белсенділікке ауысады.
Жалпы алғанда, жүйке жүйесінің қызметі екі нерв қызметіне – нейрондағы
қозу мен
тежелуге
негізделген. Қозу мен тежелу екеуі де нейрондардың белсенді қызмет қабілеті.
Тек қозу кезінде ғана нейрондардың қызметі пайда болады, ал бұрын жасап жатқан қызметі
күшейеді.
Тежелу кезінде, керісінше,
нейронның қозуы төмендеп, сосын мүлде тоқтап
қалады да оның қызметі өшеді. Қозу мен тежелудің пайда болуы нейрондарда жүріп
жататын зат алмасуының өзгеруіне байланысты. Қазіргі кезде қозу мен тежелудің барлық
жағы жақсы зерттелген. Дегенмен балалардың жүйке жүйесінің ерекшеліктерін түсіну
үшін, қозу мен тежелудің пайда болуына байланысты ағзаның
қызметі басталып немесе
күшейіп жəне нашарлап, не тоқталатынын білсек жеткілікті.
Нерв жүйесінің қызметінің негізі – рефлекс.
Рефлекс
деп сыртқы ортаның
тітіркендіргіштерінің əсеріне нерв жүйесінің қатысуымен ағзаның берген жауабын айтады.
И.П.Павлов барлық рефлекстерді
шартты және шартсыз рефлекстер
деп бөлген. Рефлекс
кезінде қозудың жүретін
жолын
Достарыңызбен бөлісу: