шартты рефлекстері жойылады. Шартты рефлекстер
пайда болған сыртқы ортаның
жағдайы өзгергенде ол рефлекстер жойылады да, жаңа жағдайда жаңа рефлекстер туады,
яғни олар түрақты емес, өзгеріп отырады. Бұған қоса, қандай да болмасын шартты рефлекс
пайда болуы үшін сыртқы ортаның қосымша бір тұрақты белгілі жағдайлары болуы қажет.
Шартты рефлекстер организмді сыртқы ортаның өзгермелі жағдайларына бейімдейді.
Балалардың шартты рефлекстерін бақылау арқылы олардың миының даму дəрежесін, ақыл-
ойының дамуын бақылауға болады. Барлық балаларда шамамен бір мезгілде пайда болатын
шартты рефлекстерді (түрақты шартты рефлекстерді)
бақылай отырып, бала дəрігерлері
оның жоғары жүйке əрекетінің дамуын біледі.
Достарыңызбен бөлісу: