конвергенция
(лат. конвергенс - түйісу) дейді. Айталық, дыбыс, көру, тері рецепторларынан
келген қозулар бір нейронда түйісу мүмкін. Жалпы алғанда,
балалардың жасына қарай
ұшырайтын үйлесімділіктің кейбір кемшіліктері жасы ұлғайған сайын бəсендеп, 18-20
жаста толық жойылады да, үйлестіру қабілеті толық қалыптасады.
Жоғары жүйке əрекетіне ми сыңарлары мен оның қыртысының қызметі жатады. Жоғары
жүйке əрекеті адам организмінің сыртқы ортамен қарым-қатынасының тиімді қалыптасуын
зерттейді. Жоғары дəрежедегі қызметтер: ес, сана, ойлау, көңіл-күйі, ұйқы, түс көру, гипноз
ми сыңарлары мен олардың қыртысының негізгі қызметі болып есептелінеді
.Мұғалімдері жоғары жүйке əрекетін жете түсіну арқылы балалардың мінез-құлықтарын
біліп, оқыту, үйрету, тəрбиелеу жүмыстарын жөнге келтіріп,
жан-жақты білімді, дұрыс
дамыған жастарды тəрбелей алады.
Адамның мінез-құлқы мен мидың арасындағы байланысты ең алғаш Платон,
Гиппократ
секілді алдыңғы қатарлы ғалымдар болжап айтқан болатын. Ал ғылыми негізде жазылған
еңбек, ол орыстың ұлы ғалымы физиолог И. М. Сеченовтың "Ми рефлекстері" (1863) атты
кітабы. Осы еңбегінде ол психикалық əрекеттердің рефлекторлы табиғатын алғаш рет
дəлелдеген. Еш əрекет өзінен-өзі пайда болмайды, тітіркендіргіштің əсерінен туады.
Қобалжу, сезім, адамның ойы белгілі бір жауапты тудырады, мұның барлығы да бұлшық
еттердің қызметімен аяқталады. Ғалым мидың қызметі рефлекторлы түрде іске асады, - деп
түсіндіреді
И. М. Сеченовтың бұл ілімін И. П. Павлов шартты рефлекстер тұрғысынан дəлелдеген жəне
дамытқан. Ол жоғары жүйке əрекетін шартты рефлекстерді тудыру арқылы зерттеп, адам
мен жануарлардың психологиясының заңдылықтарын алғаш рет түсіндірген.
Шартты
рефлекстердің пайда болуы ми қыртысының нервтік байланыс іздерінің қалыптасып,
нығайып, күшеюіне негізделгендігі туралы ғалымның ілімі жоғары жүйке əрекеті туралы
көзқарастың қалыптасуында маңызды орын алды. Уақытпен шындалған бұл ілімнің
маңызы
осы кезге дейін төмендеген жоқ, қайта көптеген ғалымдардың зерттеуі арқылы
кеңейіп, шындалып отыр. Жаңа зерттеу əдістері пайда болысымен-ақ психикалық
əрекеттердің шартты рефлекторлы механизмдері одан да тереңірек зерттеліп жатыр. Ол
зерттеулер мидың жоғары дəрежедегі қызметіне жаңа көзқарастардың пайда болуына себеп
болып
отыр.
Достарыңызбен бөлісу: