Теңіздерде, тұщы суларда және топырақта тіршілік ететін 400 түрі белгілі, еркін қозғалатын жыртқыштар немесе жануарлардың қанымен қореқтснстін эктопаразиттер. Сүліктерде сегменттер саны тұрақты, параподиялары, кылтандары болмайды. Бас (простомиум) және аналь (пигидиум) бөлімдері жок. Денесінің алдыңғы және артқы жағында сорғыштары дамыған. Целом қуысы редукцияланып, лакунарлық жүйеге айналған. Ішкі мүшелерінің арасы паренхимаға толы. Көпшілігі гермафродиттер, тікелей (личинкасыз) дамиды.
Құрылысы мен физиологиясы. Сүліктер дене пішіні жағынан жалпақ құрттарға ұксас. Денесі арқа-кұрсақ жағына қарай қысылған, ұзындығы 20 см-ге дейін. Сыртқы жінішке сегменттері ішкі ірі сегменттеріне сәйкес емес. Әдетте бір ішкі сегментіне 3-5-ке дейін сыртқы жіңішке сақина сәйкес келеді. Сүліктердін денесі 33 сегменттен (Асаnthobdella отрядында - 30) түзілген, олардың алдынғы төртеу қосылып алдыңғы сорғыпггы, артқы жетеуі - артқы сорғышты құрайды. Параподиялары, қылтандары, қармалауыштары және желбезектері жоқ, тек Асаnthobdella туысының өкілдерінде алдыңғы 5 сегментінде кылтандары болады, бұл олардың азқылтанды кұрттарға жақындығын көрсетсді.
Денесі тығыз кутикуламен капталған, оның астын кілегейлі без клеткаларға бай эпителий астарлап жатады. Эпителий клеткалардың түбінде көптеген түрлі түсті түйіршіктелген пигментті клеткалары шашыранқы орналасқан. СүлІктердің түсі - осы пигменттердің түсі. Эпителидің астында сақина тәрізді әрі өте күшті дамыған ұзына бойы бұлшықеттер орналасқан. Сонымен катар дорзо-вентральды бұлшықеттері де бар.
Ішкі мүшелерінің арасын паренхима толтырған, целом қуысы нашар дамып, жіңішке түтікшеге, лакунарлык жүйеге айналған, тек қана Асаnthobdellida отрядының өкілдерінде ғана ересек күйінде целом сақталып калған.
Ас қорыту жүйесі - алдыңғы, ортанғы және артқы ішектер. Алдыңғы сорғышының түбіңде орналасқан ауыз тесігі ауыз қуысына, одан жұткыншаққа жалғасқан. Жұтқыншақтың кұрылым ерекшеліктері негізгі систематикалық белгілер. Тұмсықты сүліктерде (Rhynchobdellida) жұткыншақта етті түтік немесе тұмсық болады. Ол ауыздан уақытша шығып, қорегіне қадалуға кабілетті. Жақтылар отрядынын (Gnathobdellida) ауыз қуысыңда үш хитинді тістері болады, біреуі арқа және екеуі бүйір. Олар тісті ара сияқты жақты құрайды. Қоректелу кезінде сүліктер жағымен (тістерімен) иесінің терісін тесіп, сол жерден қанды сорады. Жұткыншаққа бір клеткалы сілекей бездері ашылады. Медициналық сүліктің (Нігado medісіnalis сілекей бездері гирудин (Ніrudin) деп аталатын, қанды ұйытпайтын қасиеті бар ерекше белоктық зат бөліп шығарады. Сүліктер жаралаған жерден канның көп уақытқа дейін тоқтамай ағатыны осы гирудиннің бөлінуінен. Осыған байланысты сүліктін ішегіне түскен қан бірнеше айға дейін ұйымайды.
Жұтқыншақ жіңішке әрі қысқа өңеш арқылы ортаңғы ішекке жалғасады. Ортаңғы ішектен тұйықталған бірнеше бүйірлік қалталары тарайды (медициналық сүлікте 10-11 жұп). Бүйірлік қалталары бар бөліктерді кейде қарын деп те атайды. Осыған сүліктің сорған қаны жиналып, сақталады. Қалталардың артқы жұбы дененің соңына дейін созылып жатады. Ортаңғы ішек артқы ішекке жалғасып, ол артқы сорғыштың үстінде орналасқан аналь тесігімен аяқталады.
Кейбір еркін тіршілік ететін сүліктер ұсақ жануарлармен қоректенеді.
Зәр шығару жүйесі - метанефридиялы. Бір қабатты клеткаларымен қапталған нефридиялық түтіктері дененін бүйір жағында метамерлі орналасқан. Бұл түтіктер нефропора (шығарғыш тесіктер) арқылы сыртқа ашылады. Медициналық сүлікте 17 жұп нефридиялары бар.
Сүліктердің нефридияларының негізгі ерекшелігі - нефростома (кірпікшелі воронка) мен нефридиялық түтігі жалғасқан жерінде екеуінін де ұшы тұтасып бітеліп, нефростомаға жиналған несеп заттар оның кабырғасы арқылы нефридия түтігіне осмостық жолымен сіңіріледі де, сыртқа шығарылады. Нефростома кенейген ұшымен бүйір жағындағы синустың (целомның калдығы) ішіне, жіңішке жағымен тұйықталған резервуарға ашылады.
Целом калдықтарынан қабырғаларында дән тәрізді клеткалар жинақталған. Оларды "ботриодты тканьдер" деп атайды. Азқылтан-дылардағы хлорагогенді клеткаларға ұксас.
Тыныс алу мүшесі дамымаған, бүкіл денесімен, ал теңіздерде тіршілік ететін Вгапсһеіііоп туысының өкілдері дене сегменттерінің бүйіріндегі орналасқан желбезектері арқылы тыныс алады.
Қан айналу жүйесі целомға байланысты әр түрлі кұрылысты. Қылтандылар (Асаnthobdellada отрядының өкілдерінде целом қуысы сақталып, ішіндегі жатқан ұзын арқа және кұрсақ қан тамырлары са-қиналы тамырларымен жалғасып, тұйықталған. Тұмсықты (Rhynchobdellida) сүліктер отрядының өкілдерінде целом қуысы редукция-ланып, оның қалдығы 4 ұзына бойы созылған түтіктер немесе лакуналар (синустар) түрінде болады: арқа, кұрсақ және екі бүйірлі, Олар бір-бірімен көлденең сақиналы өзектер торымен байланысады. Арқа және құрсақ лакунаның ішінде арқа және кұрсақ қан тамырлары бар, ал екі бүйір лацуналары қан тамырларымен қатыспай, кабырғаларының жиырылуының нәтижесінде, целом сұйық затын дене бойымен өткізіп отырады. Сөйтіп тұмсықты сүліктердің қан тамырлары мен лакуналар жүйесі сақталады. Ақырында, жақты (Gnathobdellida) сүліктер отрядының өкілдерінде қан тамырлары түгелімен жойылып, қан айналуды лакунарлық жүйе атқарады . Лакунарлық жүйенің сұйық заты қан сияқты қызыл (еріген гемоглобині болуынан) және ішінде амебоцид клеткалары кездеседі.
Сонымен, сүліктерде қан айналу жүйесі мен целомның арасын-дағы байланыс субституцияға негізделіен (латынша substitutio ауыстыру, алмастыру), Демек, пайда болу жолы әр түрлі, бірақ физиологиялық жағдайы бірдей екі мүшенің алмасуы - бір мүшенін жойылып, оның орнына екінші мүшенің ауысуы.
Нерв жүйесі буылтық құрттарға тән жұп жұтқыншақ үсті, жұтқыншақ асты ганглиядан, екі жұтқыншақ айналасындағы коннективтен және кұрсақ тізбегінен кұралған. Нерв түйіндерінен дене бөліктеріне нервтер таралады. Құрсақ тізбегі 20 және одан да көп ганглиялардан тұрады, әрқайсысы бір сегментке сәйкес. Жұтқыншақ асты ганглиясы 4 ганглияның қосылуынан, ал артқы ганглиясы ірі 7 ганглияныц қосылуынан пайда болған.
Сүліктерде кен тараған сезім мүшелерінің бірі - әрбір сегментінде бір қатар көлденең орналасқан "бокал тәрізді" (кейде сезім бүршігі деп те атайды) мүшелер. Бокал тәрізді мүше - ұзынша келген сезгіш эпителиальды клеткалар, бұларға нерв ұштары жалғасады, денесіне жанасқан әсерді сүлік сол арқылы сезеді. Сезгіш эпителиальды клеткалар тобын сыртынан молдір вакуольдеры бар ірі клеткалар қоршаған. Бокал тәрізді мүшенің қызметі әлі зерттелмеген, бірақ химиялық әсерді сезеді деп болжайды.
Көптеген сүліктерде алдыңғы сегменттерінде болатын бокал тәрізді мүшелерінің біршама бөлігі көзге айнала алады. Көздері 1-5-ке дейін жұп болып, дененің алдыңғы бөлімінде орналасады. Медициналық сүліктің көздері пигментті бокал түрінде болады . Бокалдың ішінде толып жатқан ірі көру клеткалары болады. Терінің астындағы паренхимада орналасқан көздің бокалдары сыртынан қара пигментпен қапталған. Бокалдың ортасынан көру нервтері өтеді, әрбір көру клеткасына нервтің ұшы жалғасады. Осындай құрылысты көздердің көру кызметі жарық пен қараңғыны ғана ажыратады.
Жыныс жүйесі - гермафродитті. Медициналық сүліктің (Hirudo medicinalis) аналық жүйесі ұрық қапшығының ішінде орналасқан, тек бір жұп жұмыртқа безінен тұрады, одан жұмыртқа жолы шығып қысқа жатынға косылады. Жатын кең бұлшықетті кынапқа жалғасады. Жыныс тесігі кұрсақ жағында аталық шағылыс мүшесінің жанында ашылады.
Аталық жыныс жүйесіндегі 9 жұп аталық бездері тұкым капшық-тарының ішінде, денесінің ортаңғы бөлігінде метамерлі орналасқан. ¥рық қапшықтарының әрбіреуінен жіңішке ұрық түтікшелері тарайды, олар оң және сол жақтағы ұрық жолына ашылады. Ұрық жолдары дененің алғашқы үштен бір бөлігіне келіп домалақтанып ұрық қалтасын түзейді. Екі ұрық жолы осы қалтадан шығып, бірігіп тақ ұрық шашатын түтігіне ұласады. Түтік бұлшыкетті шағылыс мүшенің ішінде орналасып жыныс тесігімен аяқталады. Тұқым бүрку түтігіне қосымша бездер ашылады. Сүліктердің кейбір түрлерінде (Наеmеntaria Glossіphonia) шағылыс мүшесі дамымаған. Бұл жағдайда сперматозоидтар безді заттардан түзілген сперматофора деп аталатын сопақша келген калташаның ішіне шығарылады. Аталықтары сперматофораны сүліктің аналық жыныс тесігіне жабыстырады иемесе сүліктің қынабына енгізеді. Сперматофорадан шыққан сперматозоидтар жатынға түсіп. жұмырткаларды іштей ұрықтандырады. Барлық сүліктердің жұмыртқаларының ұрықтануы іштей өтеді. Ұрықтанған жұмыртқаларын сүліктер пілләніц ішіне салады.
Сүліктердің денесінің алдыңғы сегменттері аралығында белдеуше аймағы болады (медициналық сүлікте 9-10-сегментінде). Белдеушенің сілекей тері бездері ісініп шырышты пілләні шығарып тұрады. Медициналық сүліктің ұзындығы 2 см-ге дейін жететін пілләнің ішнде 20-ға жуық жұмыртқалары болады. Пілләлар су түбінде немесе су жағалауларында кездеседі. Helobdella stagnalis, Pratoclepsis tessellata –ның пілләсі құрсағына жабысқан.
Жұмыртқаларының бөлшектенуі олигохеттердікіне өте ұксас спиральды детерминативті жолмен өтеді. Ұрықтарының даму сатысында кірпікшелерінің, целом қуысының болуы байқалады, кейіи олар жойылып кетеді. Ересек формасынын калыптасуына Д бластомераның ұрпағы маңызды қызмет атқарады. Осылардың 5 жұп ірі телобласт клеткаларынан 10 ұзын алқап клеткалары шығады кейін екеуінен мезодермальдық алқап, екеуінен кұрсақ нерв тізбегі, калған алтауынан эктодерма қабаты пайда болады.
Жалпы құрылысымен сүліктер азқылтанды кұрттарға ұксас. Еке-уінде де тұқым бездері тұқым қапшығының ішінде орналасады, жүмыртқаларын пілләнін ішіне салады, дамуы личинкасыз. Ерекшелігі: жұмыртқаның ұрықтануы олигохеттерде сырттай (пілләнін ішінде), ал сүліктерде іштей өтеді.
Классификациясы. Сүліктер класы екі класс тармағына бөлінеді: ежелгі немесе ертедегі сүліктер – Archihirudinea және нағыз сүліктер - Еuһігudіпеа.
ЕЖЕЛГІ СҮЛІКТЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ
Денесінің алдыңғы сегменттерінде қылтандары бар. Целом метамерлі бөлшектерге бөлінген, қан айналу жүйесінің қан тамырлары жақсы жетілген. Бұған бір отряд жатады - қылтанды сүліктер -Аcаnthobdellida.
Қылтанды сүліктер отряды - Аcаnthobdellida.
Албырт (лосось) балықтарының сыртқы паразиттері, солтүстік өлке көлдерінде, Сібір және Камчаткада кездеседі. Бір ғана тұқымдасы (Аcаnthobdellida. ) бар. Денесі 30 сегментті, ұзындығы 30 мм, жуандығы 3 мм. Негізгі түрлері: Аcаnthobdellida. реlеdіnа және Аcаnthobdellida lіvаnоvі.
НАҒЫЗ СҮЛІКТЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ - ЕUHIRUDINEA
Қылтандары жоқ- Целом куысы редукцияланып лакуна, синус түрінде қалған. Қаң жүйесі де редукцияланып, оның кызмстін лакуна жүйесі атқарады. Бүларға скі отряд жатады: түмсықты сүліктер –Rhynchobdellida және жақты сүліктср - Gnahobdellida.
Тұмсықты сүліктер отряды – Rhynchobdellida.
Бұл отрядка еркін жүзетін және паразиттік тіршілік ететіи сүліктер жатады. Тұмсықтарының болуымен ерекше. Ол ауыздан уақытша сыртқа шығып корегіне кадалуға кабілетгі. Вгаnchellion туысының өкілдерінде желбезектері болады. Негізгі тұқымдастары: Ichthyobdellidae, Glossiphonidae.
Балық сүліктері - (Ichthyobdellidae) тұқымдасының өкілдері балық шаруашылығына көп зиян келтіреді. Бұлар теңіздерде, тұщы суларда кең тараған. Негізгі өкілдері: балық сүлігі - Ріsсісоlа geometra, сүйекті балықтардың желбезегіне жабысып қанын сорады. Ұзындығы 20-50 мм, алдыңғы сорғышы жақсы дамыған, диск тәрізді, денесінсн айқын бөлініп тұрады . Көл, өзен, тоспа суларда кездеседі. Pescicola caspica - Каспий теңізінде мекендейтіи, сүйекті және бекіре балықтардың паразиттері, ұзындығы 8 мм шамасында. Сystobranchys fasicatus- жайынның, С. mammillatus - налимнің паразиті. Тrachelobdella turkestanica Орталық Азияда (Іле өзенін-де) кең тараған каяз бен маринканың паразиті.
Жалпак сүліктер (Glossiphonidae) тұқымдасының өкілдері әр түрлі омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың паразиттері. Ргоtосlepsis туысының өкілдері кұстардың жұтқыншағы мен кеңірдегінде паразиттік тіршілік етсді. Haementeria соstata - тасбақалардың, Вatracobdella algira- қосмекенділердің, О - ұлулардыц паразиттері.
Кейбір сүліктер өз ұрпағының дамуына камқорлык жасайды. Жұмыртқаларын денесімен жауып немесе жас ұрпақтарын денесінде алып жүреді. Ондай түрлеріне Glossiphonia және Наеmеntегіа туыстары жатады.
Жақты сүліктер отряды
Ауыз қуысындағы үш хитинді тістері - тісті ара сияқты жақты кұрайды. Еркін тіршілік ететін және паразитті формалар. Негізгі тұқымдастары: Gnathobdellidae, Herpobdellidae
Жақты сүліктер (Gnathobdellidae) тұқымдасының негізгі өкілі медициналық сүлік – Ніrudo medicinalis. Қоғалы көлдерде, өзен қайырларында, тоспаларда, ағын суларда, Сырдария бойларында, Кавказ суларында өте көп. ¥зындығы 120-150 мм, алдыңгы және артқьі сорғыштары жаксы жетілген (98, А-сурет). Омыртқалы жан-уарлардың қанымен коректенеді.
Медицинада кейбір ауруды сүлік салып емдсу әдісі ертеден бар. Мұны бделлотерапия дейді. Сүліктің 15-ке жуык түрі емге пайда-ланылады.
Медициналық сүлікті гипертония, склероч, инсульт, көз, тері ауру-ларын емдеуге қолданады. Сүліктің гирудин затынан дәрі-дәрмек жасайды.
Адамға және малға кауіпті сүліктердің бірі - жылқы сүлігі (Limnatis nilotica). Ол сумен бірге жүтылып жұтқыншаққа, кеңірдекке жабысып, қанның тоқталмай ағуына себепкер болады. Ашхабадта, Самарқандта, Бұқарада кездеседі.
Қан сормайтын сүліктердің ішінде жалған жылқы сүлігі -(Наemopis sanguisuga) барлық тұщы суларда кең тараған. Олар моллюскалармен, құрттармен насекомдардың личинкаларымен қоректенетін жыртқыштар.
Наemadispa туысының өкілдері құрлықта тіршілік етіп, адамның және сүтқоректілердің қанын сорады.
Жұткыншақты сүліктер (Нerpobdellidae) тұқымдасының өкілдері жыртқыштар - ұсақ құрттармен, насекомдардың личинкаларымен қорек-тенеді. Үлкен үшқырлы жұтқыншағы болады. Артқы сорғышы дамымаған. Тұщы суларда жиі кездеседі. Қара теңіз, Каспий жағалауларында да мекендейді.
Лекция 19
Тақырыбы: Буынаяқтылар (Arthropoda) типі
Лекция мәтіні:
Жалпы сипаттама. Буынаяқтылар типі жануарлардың ең көп түрлі болып келетін типі, мұндай алуан түрлілігі, олардың тіршілік жағдайларының түрліше болып келетіндігімен байланысты, жануарлар тіршілік ететін қандай жағдай болса да, ол жерде, сөзсіз, буынаяқтылар кездеседі, атмосфераны, түрлі сулардың беттері мен олардың ішін, топырақ беттері мен оның арасын, қарлы жерлер мен мәңгі тұздарды буынаяқтылар жайлаған. Буынаяқтылардың арасында өз бетінше күн көретіндерімен қатар, жануарлар мен өсімдіктердің паразиттері де бар. Буынаяқтыларға сушаян тәрізділер көпаяқтылар және насекомдар жатады.
Буынаяқтылар екі жақта симметриялы және сегменттелген. Олардың буын-буын болып келетін қол аяқтары да метамериялы орналасқан. Буынаяқтылардың сегменттері үш бөлімге бөлінеді: бас, көкірек және құрсақ. Бұлшық еттері көлденең салалы жолақ. Орталық нерв жүйесі алғашында жұп болып, баспалдақ кейіптес келеді. Қан жүру жүйесі ашық, қан жүректің жиырылуы арқылы жүреді, ал жүректің өзі дорзаль түрде (ішектердің үстінде) орналасады және өзінің жұбынан келген кіру саңлаулары – остиялары болады. Зәр шығару органдары есебінде ішектермен байланысқан Мальпиги тамырлары мен орта ішектің оларға ұқсас қосалқылары бар. Буынаяқтылар дара жыныстылар.
Жалпы құрылысы. Буынаяқтылардың ата-тегі буылтық құрттар болып есептелінеді, олармен буынаяқтыларды байланыстыратындар мыналар: бұлардың екеуініңде денелерін кутикула жауып тұрады, сегменттелген, жүру үшін арнаулы органдары болады және ішкі органдарының жүйелерінің орналасу жағынан да ұқсас келген жеке органдарының құрылысы жағынан да ұқсастығы бар.
Сырт жамылғысы: Буынаяқтылардың сыртқы жамылғысы кутикуладан және оны астарлап жататын гиподермалық клетканың қабатынан тұрады. Кутикула хитин деп аталатын заттан құралады. Буынаяқтылардың кутикуласы тек жамылғы болып қана қоймайды, сонымен бірге сыртқы скелеті ( қаңқасы ) болып та саналадады, оған бұлшықеттер жабысып бекиді.
Денесінің сыртқы бөлшектенуі: Буынаяқтылар денесінің сегменттері әдетте үш бөлім құрайды – бас, көкірек және құрсақ, бірақ денесінің жіктелуі түрліше болуы мүмкін: құрсағы көкірегінен айрықша бөлініп тұрмауы мүмкін (көпаяқтыларда), екінші жағынан, денесінің бөлімдері екінші кезекте бір-бірімен тұтасып кетуі мүмкін.
Аяқ-қолдары. Буынаяқтылардың аяқ-қолдары өз сегментіне қозғалмалы түрде жанасқан және бір-бірімен буын-буындалып мүшеленген, мұндай бөлшектеніп жіктелген аяқ-қолдар күрделірек қозғалыстар жасай алады. Буынаяқтылардың жеке топтарының өздеріне тән пішінде біткен және олардың өздеріне лайық түрде жіктелген аяқ – қолдары болады.
Бұлшық еттері. Бунаяқтылардың бұлшық еттер тек бөлек-бөлек мышица тіндеріне бөлінген. Сонымен бірге бұынаяқтылардың бұлшыеті көлденең салалы жолақ, міне сондықтан ол тез жиырыла алады.
Нерв жүйесі. Буынаяқтыларының орталық нерв жүйесінің құрылысы өзінің алғашқы түрінде ол жұп болып келіп, гиподерманың (сыртқы жамылғының ) ішкі жағындағы дененің құрсағының бойымен бір-бірімен жарыса – паралель жатқан, екі стволдан құралады. Дененің әрбір сегментіне келгенде ствол жуандайды, нерв түйіні пайда болады. Ұзына бойлық стволдың бірінен кейін бірі жатқан екі түйінді жалғастыратын бөлімі коннективалар деп, көлденең жатқан белдеушелер – комиссуралар деп аталады. Коннективалардың алдыңғы жақтағы жұбы өңештің алдыңғы бөлімін екі жағынан бірдей орап алады, сонда түйіндердің бірнеше жұбы жұбы ішектердің ішінде жатады да, орталық нерв жүйесінің басқа қалған бөлімдері – ішектердің астында жатады. Түйіндердің бірінші жұбы жұтқыншақ үсті түйіндері , яки ми деп, ал ішектер астындағы түйіндер - құрсақ тізбегі деп аталады.
Орталық нерв жүйесінен шеттік нервтер кетеді, олар сыртқы теріге, бұлшықеттергежәне сезім органдарына таралады, бұлардың барлығыда сыртқы жамылғыментығыз байланыста жатады. Ал ішкі органдар мысалы: ішек және қосалқылары, қан жүру жүйесі, тыныс алу органдары вицеральдық немесе симпатикалық деп аталатын ерекше нерв жүйесі арқылы нерв қозуын алады. Симпатикалық жүйе нерв түйіндерінен құралады.
Сезім органдары. Буынаяқтылардың сезім органдары тітіркендіруді қабылдайтын гиподермалық клеткадан құралған. Бұл клетка бір жағынан хитиннен пайда болған бір мүшемен байланысты болады да екінші жағынан – нерв талшықтары арқылы орталық нерв жүйесімен байланысты болады. Буынаяқтылардың көру органдарын екі ктигорияға бөледі: күрделі яки фасеткалы көздер ғана өздігінен көре алатын сыртқы заттардың пішіндерін және қозғалысын қабылдай алатын органдар деп есептеледі. Жай көздер тек жарықты сезетін органдар деп қана саналады.
Ас қорыту жүйесі. Буынаяқтылардың ішек каналының пішіні түтік түрінде болады және ілгері жағында жұтқыншақ немесе ауыз тесігі жатады да, артқы жағында – аналь тесігі жатады. Жұтқыншақ тесігі денесінің алдыңғы жағының құрсақ жақ бетінде болады, артқы тесігі денесінің артқы ұшында немесе денесінің артқы ұшының құрсақ жақ бетінде болады. Буынаяқтылардың ішектерінің үш бөлімі болады, алдыңғы ішек пен артқы ішек эктодерманың ішке жиырылып кеткен жері ретінде өседі де, осымен кутикуладан астсры болады. Орта ішек эктодермадан өсіп шығады.
Буынаяқтылырдың орта және артқы ішегі без қызметін атқаратын (мальпиги түтіктері) өсінділер түзеді.
Қан жүру жүйесі. Буынаяқтылардың сөлден (лимфадан) және гемоциттерден (қан клеткаларынан) құралатын қанының біразы, дербес қабырғасы бар, түтіктер арқылы жүреді де, біразы синустармен, яки лакундармен жүреді. Буынаяқтылардың қан жүру жүйесі ашық.
Күштірек дамыған қан жүру жүйесі жүректі құрайтын арқадағы қан тамырларын ан және одан ілгері қарай, кейін қарай сегменттерге бөлініп жан-жаққа кететін артерия қан тамырларынан тұрады. Жүректен шыққан қан артерия бұталары арқылы дененің барлық бөлімдеріне барып, сол жерлерде лакундарға құйылады. Қанның ағысын жүрек қақпашаларының жүйесі бағыттап отырады.
Дененің ішкі қуысы. Буынаяқтыларда дененің екінші кезектегі қуысы, яғни целом алғашқы қуыспен қосылып кетеді де, дененің тұрақты қуысын құрайды.
Тыныс алу органдары. Буынаяқтылар суда немесе құрғақшылықта тіршілік етуіне қарай олардың тыныс алу органдары түрліше болады.Суда тіршілік ететіндерінде тыныс органы ретінде желбезектер болады, желбезек денеден өсіп шыққан жұқа жамылғысы бар беткейі үлкен өсінді жамылғының нәзіктігі және беткейдің үлкендігі қан мен айналадағы судың арасында газ алмасуын жеңілдетеді. Сушаян тәрізділер, семсерқұйрықтылар және насекомдардың судағы личинкалары желбезекпен тыныс алады.
Буынаяқтылардың атмосфера ауасымен дем алуы үшін дененің ішіне қарай жымырылып жатқан жамылғы учаскелері қызмет етеді, бұларға кеңірдектер мен өкпелер жатады, кеңірдектер түтік түрінде болады және әдетте бұтақтанып келеді.
Буынаяқтылардың өкпесінің әдеттегі пішіні – жапырақты өкпе, өкпенің бұл түрдегі құрылысы өрмекші тәрізділерге тән болады.
Зәр шығару органдары. Буынаяқтылардың зәр шығару органдарына мыналар жатады: 1) ортаңғы ішектің не артқы ішектің мальпиги түтігі деп аталатын, түтік тәрізді тұйық өсіндісі; 2)бастың не көкіректің аяқ-қолдарының түп жағы мен байланысты бездері антенналық, максиллярлық және коксальдық.
Өніп-өсу органдары. Буынаяқтылар әдетте дара жынысты болады, тек сушаян тәрізділердің біраздарында ғана гермафродитизм кездеседі. Ішкі жыныс органдары – аталық без, аналық без, аналық және олардың жолдары – аталықтарында да, аналықтарында да дененің ішінде ұқсас орындарда жатады. Жыныс өзектерімен қосалқы мүшелер байланысты. Олар: аталық ұрық түтігі мен простатикалық безі, аналығының ұрық аталық ұрық түтігі мен простатикалық безі, аналығының ұрық қабылдағышы.
Аталықта көбінесе шағылыс аппараты болады, ол кейде өте күрделі келеді және оның құрамына сыртқы жыныс тесігінің айналасына біткен өсімдіктер жүйесімен әдетте, жыныс тесікті болатын есік кіреді. Аналығы жұмыртқаларын қатты жерлерге салатындығына байланысты, кейде оның күрделі құрылған жұмыртқа салғышы болады. Буынаяқтылардың көбінің сыртқы жыныс аппараты жыныс аяқшалары - гоноподалар деп аталады.
Ішкі жыныс аппараты алғашында жұп, егер аталық без немесе аналық без жұп болмаса без жұп болмаса без жұп бездің қосылуынан пайда болады.
Дамуы. Буынаяқтылардың эмбриондық дамуы өте түрліше болып келеді. Әдетте буынаяқтылардың жұмыртқасы сары уызға бай болады, міне осыған байланысты, бөліну беткейлік болады, бөлінуден шыққан бластодерма, сары уызбен толы бластоцельді қоршап жатады.Постэмбриональдық өсу дәуірінде личинкалық фазалардан өтпейтін тікелей өсуді (эпиморфоз) және личинкалық фазалардан өтетін – метаморфозды көруге болады. Эмбриональдық және постэмбриональдық дамудың ұзақтығы өте өзгеріп отырады.
Класқа бөлу
1-тип тармағы. Желбезек тыныстылар (Branchiata)
І класс. Трилобиттер (Trilobita)
ІІ класс. Сушаян тәрізділер (Crustacea)
2-тип тармағы. Хелицералылар (Cheliserata).
І класс. Меростомалылар (Merostomata s. Palaeostraca).
ІІ класс. Өрмекші тәрізділер (Arachnida)
3-тип тармағы. Кеңірдекпен тыныс алушылар (Tracheata)
І класс. Алғашқы кеңірдектілер (Protracheata s. Onychophora)
ІІ класс. Көпаяқтылар (Myriopoda).
ІІІ класс. Насекомдар (Hexapoda s. Insecta)
Лекция 20.
Тақырыбы: 1-тип тармағы. Желбезек – тыныстылар (Branchita)
Лекция мәтіні
Жалпы сипаттама. Бұл тип тармағының өкілдері сушаян тәрізділер және қазба трилобиттер – суда тіршілік ететін организмдер, сушаян тәрізділер құрғақта болса – олар суда жүргенде тыныс алатын органдарын – желбезектерін көбінесе сақтап қалады.
Желбезек тыныстылардың желбезектері, түрліше пішінде келген нәзік өсінділер, әдетте олар дененің қай бөлігінің болса да біріндегі аяқшаларда болады, не дененің бүйір жақ беткейінен өсіп шығады. Бірақ кейбір ұсақ сушаян тәрізділердің желбезектері болмауы да мүмкін.
Трилобиттерде де, сушаян тәрізділерде де аяқ-қолдардың қос бұтақ тәрізділері көп тараған, сушаян тәрізділерде ондай аяқ қолдардың протоподит деп аталатын жалпы негізі болады.
Желбезек – тыныстылардың бәрінің де басында бес жұп аяқ-қолдары болады. Солардың кейінгі үш жұбы жақтың қызметін атқарады. Бірінші жұбы мұрт қызметін атқарады, бастағы аяқ-қолдардың екінші жұбы не ауыздың ілгергі жағында (трилобиттерде) орналасқан. Бірінші жағдайда – ол мұрт қызметін атқарса; екінші жағдайда – жақ қызметін атқарады. Бастың бес жұп аяқ-қолдары бастың артқы бес сегментіне тура келеді, олардың алдыңғы жағында бірінші бөлім, немесе бастың сегменті акрон тұрады, оған көздер бітеді, күрделі көздермен қатар жәй көздер де кездеседі.
Желбезек тыныстылар арасында метаморфоз көп тараған.
Желбезек тыныстылар тип тармағы екі класқа бөлінеді: трилобиттер класы және сушаян тәрізділер класы.
Класқа бөлу
Тип тармағы – Branchiata
І класс. Трилобиттер (Trilobita)
ІІ класс. Сушаян тәрізділер (Crustacea)
1-класс тармағы. Төмендегі сатыдағы сушаяндар (Entomostraca)
1-отряд. Жапырақ – аяқты сушаяндар (Phyllopoda)
отряд тармағы. Желбезек – аяқтылар (Euphyllopoda)
отряд тармағы. Бұтақ мұрттылар (Cladocera)
2-отряд. Жыланбас – бақалшақтар (Ostracoda)
3-отряд. Ескек аяқтылар (Copepoda)
4-отряд. Тұқыбалық биті (Branchiura)
5-отряд. Мұрт аяқтылар (Cirripedia)
отряд тармағы. Нағыз мұрт – аяқтылар (Eucirripedia)
отряд тармағы. Тамыр бастылар (Rhinocephala)
2-класс тармағы. Жоғарғы сатыдағы сушаяндар (Malacostraca)
І жақын отряд. Небалия (Leptostraca)
ІІ жақын отряд. Жоғарғы сатыдағы нағыз шушаяндар
(Eumalacostraca).
Отряд. Амфиподалар (Amphipoda)
Отряд. Бірдей аяқтылар (Isopoda)
Отряд. Мизистдықтар (Mysidacea)
Отряд. Ауыз-аяқтылар (Stomatopoda)
Отряд. Он-аяқтылар (Decapoda)
І класс. Трилобиттер (Trilobita)
Трилобиттер - өліп жоқ болған формалар. Олар палеозой эрасының қабаттарының арасынан табылып, содан қазба формалар ретінде белгілі. Бұлар теңіздерде тіршілік ететін буынаяқтылар болған.
“Трилобит” деген атының өзінен де (үш қалақты ... деген сөзден) денесінің арқалық бөлімі ұзынбойына ортаңғы денесі жерге және жалпақтау келген екі бүйір жақтары – бүйір түктерге ... көрініп тұр. Ал денесі көлденеңінен алғанда біріне ... бөлімге бөлінеді: бас, көкірек, құрсақ.
Көкірек пен құрсақтың сегменттерінің бәріне де қос бұтақты жұп қолдар бітеді. Дорзо – контроль бағытта жалпайған денесінің төменгі қабырғасы жұмсақ хитиннен болады. Басының әрбір жағынан бір күрделі көзден бітеді де, олардың әрқайсысының 14 мыңнан 12 мыңға шейін фасеткасы болады, жәй көздер де болуы мүмкін.
Лекция 21
Тақырыбы: Кеңірдекпен тыныс алушылар (Tracheata).Насекомдар классы.
Лекция жоспары.
1.Кеңірдекпен тыныс алушылар.Класификациясы
2.Көпаяқтылардың (Myriopoda) жалпы сипатамасы.
3. Насекомдардың жалпы сипаттамасы.
4. Қызыл тарақанның биологиясы.
5. Қызыл тарақанның қорегі.
6. Піллә жаралуы, өсіп дамуы.
Лекцияның мақсаты.Студенттерді кеңірдекпен тыныс алушылар тип тармағының систематикасы, құрылыс ерекшілігі, дамуы,табиғатағы маңызы мен таныстыру.
Лекция мәтіні:
Классификациясы.
1-класс. Алғашқы кеңірдектілер (Peotracheata.s. Onychophora).
II- класс. Көпаяқтылар (Myriopoda).
1-класс тармағы. Еркін-аяқтылар (Chilophora).
2-класс тармағы. Қос жұпаяқтылар(Diplopoda).
3-класс тармағы Сколопендреллалар (Symphyla).
III-класс насекомдар (Hexapoda,s. insecta).
1-класс тармағы. Алғашқы қанатсыз насекомдар (Apterygogiena).
1-отряд. Қылшыққұйрықтылар (Thysanura).
2-отряд. Екіқұйрықтылар (Diplura).
3-отряд. Сяжқасыздар (Pritura)
4-отряд. Аяқ құйрықтылар (Collembola).
2-класс тармағы. Қанатты насекомдар (Pterygogiena).
1-отряд. Түзуқанаттылар (Orthoptera,s.Saltatoria).
2-отряд. Тарақандар (Blattodea).
3-отряд. Тәуеттер (Mantodea).
4-отряд.Елестеушілер (Phasmodea).
5-отряд. Термиттер (Isoptera).
6-отряд. Пішенжегіштер (Copeognatha).
7-отряд. Мамықжегіштер (Mallophaga).
8-отряд. Биттер (Anoplura).
9-отряд. Буынтұмсықтылар (Rhynshota).
10-отряд. Инелігтер (Odonata).
11-отряд. Біркүндіктер (Ephemeroptera).
12-отряд. Қатты қанаттылар яки қоңыздар (Coleoptera).
13-отряд. Бүргелер (Aphaniptera).
14-отряд. Қабыршақ қанаттылар, яки көбелектер (Lepidoptera).
15-отряд. Жылғалықтар, яки түбітқанаттылар (Trichoptera).
16-отряд. Жарғаққанаттылар (Humenoptera).
17-отряд. Қос қанаттылар (Diptera).
II-класс. Көпаяқтылар (Myripoda).
Көп аяқтылардың барлығыда – құр тәрізді құрлықта тіршілік ететін буынаяқтылар. Ауыз алдындағы жұп қосалқылары-мұрттары-пішіні жөнінен түрліше келеді. Әдетте мұрттары бір бұтақты және жіп тәріздес немесе түйрегіш тәріздес. Жақ сүйектерінің саныүш жұптан екі жұпқа дейін өзгеріп отырады. Жалпы кеудесінің көкірек пен құрсаққа бөлінген анық белгісі болмайды. Кеудесінің сегменттелуі әдетте гомономды емес: үлкен метамалар мен кішкене метемалар кездесіп келіп отырады. Кеудесінің аяқтары буын – буын болып мүшелікке бөлінген. Кеңірдектерімен тыныс алады.Зәр шығару мүшелері ретінде мальпиги бездері мен төменгі ерін бездері қызмет атқарады. Жалқы болып яки жұп болыпкелетін жыныс тесіктері кеуденің алдынғы төрт сегментінің бірінде немесе екінші сегментінде жатады. Постэмбрионалдық дамуы тікелей (эпиморфоз) немесе метаморфозды (личинкалық фазасы).
III- класс тармағы. Сколопендреллалар (Sяmphyla).
Жалпы сипаттама. Сколопендреллалар – ақшылдау келген, көру мүшелері жоқ, ұсақ көпаяқтылар, өздері дымқыл топырақ арасында, тастардың, жапырақтардың арасында кездеседі.
Мұрттары ұзын жіп тәріздес және көптеген буын-буын болып келеді. Басында мұрттарының артқы жағында нашар дамыған кеңірдек системасының тесіктері болады.Жақ аппараты негізінен, насекомдардың кеміруші жақ аппараттары сияқты құрылған. Кеудесіне он екі жұп жүгіру аяқтары біткен, бірақ бұлардың бірінші жұбы қылшықты бұдырға айналуы, немесе тіпті жоқ болуы мүмкін.Тергиттердің саны қашанда болса жұпаяқтылардың санынан көп болады (15-тен 22-ге дейін болады). Аяқтарының жамбастарының өзінде бөлшектеніп тұрған бір-бір кішкентай өсіктен –сырғашадан және томпайып тұрған дорбашадан болады. Денесінің артқы ұшында кері иіру сырғашасы (грифельки) жатады, бұл сырғашалардың не қызмет атқаратыны әлі белгісіз. Тақ жыныс тесігі үшінші жұпаяқтылар мен төртінші жұпаяқтылардың арасында жатады.
Сырғашасы және томпайып тұрған дорбашасы сколопендрелланы алғашқы қанатсыз насекомдарға жақындатады.
Насекомдардың зеріттелген белгілі түрлерінің саны барлық басқа жануарлардың белгілі түрлерінің санынан көп ¾ миллион шамасында. Көп насикомдар жүздеп, кейде мыңдап жұмыртқа салады. Сонымен бірге, көп насекомдар бір жылдың ішінде бірнеше ұрпақ береді. Насекомдардың денесі әдетте айқын үш бөлімге бөлінеді: басы, көкірегі, құрсағы. Басы кеудесінен анық бунақталып бөлек тұрады және алты сегменттен құралады: Бірінші сегментте (acron, немесе протоцеребральдық сегмент) екі күрделі көзбен үш жай көзі болады: Екінші сегментте бір талды екі мұрт болады (дейтоцеребральдық сегмент): Ал үшінші сегментте қосалқылар (басқа мүшелер) болмайды (тритоцеребральдық сегмент): Төртінші сегментте бір буынды жоғарғы жақ аппараты болады (мандибульарлық сегмент), бесіншіде – төменгі жақ аппаратының бірінші жұбы (макселлярлық сегмент), алтыншыда – төменгі жақ аппаратының, төменгі ерін болып бірігіп кеткен, екінші жұбы жатады (лабиальдық сегмент).
Құрсағы әдетте 10-сегменттен құралады: сегменттерінің саны 11-12 болуы да немесе алтыға дейін азаюы да мүмкін. Құрсақтың үш жағы мен буын-буын болған екі қосалқы – церк байланста жатады. Аналығының жыныс тесігі әдетте құрсағының сегізінші сегментінде, аталығыніңкі – тоғызыншы сегментінде болады. Аналығының жұмыртқа салғышқа айналған жыныстық аяқтары құрсағының сегізінші және тоғызыншы сегментінен шығады. Ал аталығында жыныс қосалқылары тоғызыншы сегментпен байланысты.
Қызыл тарақанның биологиясы (Blattella germanica). Тарақандар тұқымдасының бұл түрі – космополит. Ол ССР Одағында едәуір жиі кездеседі. Қызыл тарақан (Прусақ) ССР Одағында тек үй жәндіктері есебінде ғана кездеседі. Оның шыққан жері Азияның оңтүстік – шығысы шығар деп болжайды. Оның қара тарақаннан айырмашылық белгілері мыналар: имагосының бойының қысқалығы (1,1 сантиметрден 1,5 сантиметрге шейін); түсінің қоңыр – сарылығы, аталығыныңда дәне аналығының да қанаттарының үлкендігі. Қызыл тарақанға температура 200 С, біраз дымқыл орта өте қолайлы. Температура +20С болғанда мұздап қата бастайды, температура +50С болғанда тіршігінің ең ақырғы шегіне жетеді. Қызыл тарақан күндіз жарық және саңлауларда, тасада жүреді. Ымырт түсісімен – ақ олар жатқан жерлерінен шығып тамақ іздейді.
Жүгірген кезде қызыл тарақан бірден бір жағының екі шеткі аяғы мен екінші жағының ортаңғы аяғын басады, сөйтіп, табанның бес бөлік буынын да (бақалшақтарын) басып жүреді. Жүретін жерінің қалай тұрғандығының оған мәні жоқ: қызыл тарақан тік тұрған жерден де, төмен қарай тұрған нәрсенің бетімен де, мысалы үйдің ішкі төбесінің бетімен де, көлденеңінен орналасқан нәрсенің бетімен де оңай жүгіреді. Табанының ұшындағы екі тырнақтың арасында жатқан жабысқақ арасында қызыл тарақан жеңіл жүреді. Көлденеңінен орналасқан нәрсенің бетімен төмен қарай және жоғары қарай қарғығанда 4-10 сантиметрден артық жерге қарғый алмайды. Бірақ аса биік жерден қарғығанда қызыл тарақан қанаттарын да пайдаланады. Қанаттары жүруінің негізгі мүшелері емес, бұлар тек жүгіргенде денеге бағыт беру үшін және жүруді тоқтату үшін ғана қажет мүшелері.
Қорегі. Қызыл тарақан әдетте жемістерді және нанды қорек етеді. Тамақты түн басталған кезде және түн аяғында оқтын – оқтын ішіп жейді, тамақты бір минуттай ішіп, ¼ сағат және одан да көбірек ұзақ үзіліс жасайды. Сонымен қатар каннибализмдер бар, бір – бірін әсіресе нашарларын, түлеп жатқандарын, пілләларын жейді.
Сілекей безінің секреті тек жұтуды ғана оңайлатып қоймайды, сонымен бірге, крахмалды глюкозаға айналдырып, асқорыту секреті ретінде де қызмет атқарады.
Піллә жаралуы. Шағылысқаннан кейін көп ұзамай-ақ аналық тарақанның құрсағының орта шені – аналық бездің тұрған жері – томпая бастайды. Бірнеше күннен піллә кейін салу және піллә құру басталады, бұған бір күн тәуліктен артық уақыт кетпейді.
Өсіп – дамуы. Жас қызыл тарақан пілләдан шығумен бірге, түлей бастайды. Келесі түлеулерінің саны алтау: бұлар жеті жастың арасын алады, олардың алтауы жастық шағындағы жастары да, біреуі – имагокезіндегі жасы. Пілләдан шыққан кезінен имогор дәуіріне жеткенше шекті өсуіне 4 айдан 6 айға шеін, кейде одан да көп уақыт кетеді. Жынысының ұзақтығы әр бір тарақанның жеке басына байланысты түрліше болады.
Түлеуіне 2-3 күн қалғанда жас тарақан қоректенуін тоқтатады. Түлеуіне ыңғайлы орын тауып алып, қызыл тарақан 4-6 сағат сеспестен жатады, 4-6 сағаттан кейін көкірек бастың арқалық жағындағы сызық қақ ортасынан бойлай жарылады. Осы жарықтан жас тарақан сыртқа шығады. Бүкіл түлеу процесі 4 сағаттай уақытқа созылады. Бұрынғы жамылғы қабығының, яғни экзувийден, босап шыққан тарақан аппақ және өте ісіңкі келеді. Ісігі бірнеше сағаттан кейін қайтады, хитіні қоңырқай тартады. Түлеген қызыл тарақанның реңі өңді 10сағаттан кейін түлемеген тарақаннан ажыратуға болмайды.
Төменде насикомдардың екі өкілі сипатталады. Тарақандар (Blattodea) отрядынан қара тарақан (Blatta orientalis) және жарғаққанаттылар (Hymenoptera) отрядынан бал арасы (Apis mellifera).
Насекомдар класының бірінші өкілі.
Қара тарақан – тарақандар (Blattodea) отрядының өкілі. Тарақандар отряды қанатты насекомдар (Pterygogenea) класс тармағының ерте замандардан келе жатқан отрядының қатарына жатады. Осы отрядтың нағыз өкілдері таскөмір дәуірінің шөгінділерінен кездеседі.
Қара тарақанның (Blatta orientalis) шыққан жері тропиктік азия деп саналады. Ол жақтан тобырлармен, керуен жолдармен қара тарақан Жерорта теңізіне келіп содан XVI ғасырдың аяғына таман Батыс Европаға (Англияға, Галландияға) өткен деп болжайды.
Денесінің бөлімдері. Денесінің бөқлінуі жағынан қара тарақан – нағыз насикомдарға жатады. Оның басы мойын бунағы арқылы кеудесіне анық бөлектеніп тұрады. Кеудесінің көкірек бөлімі үш сегменттен құралады, бұларды алдыңғы көкіректік, ортаңғы көкіректік және артқы көкіректік сегмент (pro-mesometathorax) деп атайды, бұл көкірек сегментінің әрқайсысында бір-бір қос аяқтан болады. Сонымен біргеересек аталық тарақанның ортаңғы және артқы көкірек сегментіне жақсы дамыған бір-бір жұп қанат болады. Ал ересек аналық тарақанда бұлардың орнында қанаттардың рудименттері ғана болады. Кеудесінің артқы бөлімі он буыннан құралған құсағында дұрыс дамыған тек бір жұп қана аяқ церки (cerci) болады, бұл аяқтар тарақанның денесінің артқы ұшында аналь тесігінің екі жағында жатады.
Көкірек. Қара тарқанның жұмсақ кеудесі дорзо-бентраль бағытта қабысып жалпайған. Бұлардың қай – қайсысыда тарқанның тар саңылау жерге жасырынуына қолайлы болады. Тарақанның көкірегі үш хитин сақинадан, яки сегменттен құралады. Әрбір сегмент төрт учаскеден құралған: арқа учаскесі (аралық), екі бүйірлі және төменгі учаске (омырау). Үш сегменттің үшеуінде, бүйірмен омырау учаскесі шекарасында, аяқтары болады. Аталық тарақанның көкірегінің екінші және үшінші сегменттеріне, бүйір мен аралық сегмент шекарасында, бір-бір қанаттан бітеді. Көкректің үшсегменттінің үшеуінде де бір-бір жұп аяқтан болады да, солармен қатар ортаңғы көкіректік пен артқы көкіректікте тағыда бір-бір қос қанаттан болады. Тарқанның аяқтарының бәріде жүгіру аяқтары. Аяқтың түп жағынан ұшына қарай мынандай бөлімдері болады: жанбасша (соха ) ортан жіліктің ұршық басы, сан яки ортан жілік, балтыр, яки асық жілік және табан. Негізгі бөлім болып саналатын жамбасша аса үлкен бөлім. Аяқтың ең ұзын бөлімдері – сан мен балтыр – екеуі қосылып барып тізе буынын құрайды. Табан бес буынды болады. Табанның ұшында екі тырнақ болады. Осылардың арқасында тарқанның аяғы жер бетндегі кедір-бұдырға жақсы тіреледі. Тырнақтарының арасында сорғыш болады, осының арқасында тарақан нәрсенің беті қандай болсада жүре алады. Тарақанның қанаттары, қабысып жалпайып жұқа пластинкаға айналып кеткен тері қабаттары. Қанатты ұзына бойына да, көлденеңде кесіп білеуленіп жатқан желкелері, яки нервтері, деп аталатын жуан сызықтар қанатты мықты етеді. Ортаңғы көкіректегі алдыңғы қос қанат дөрекілеу, терісі мықты келеді. Мұны үстіңгі қанат деп атайды. Артқы көкіректің қос қанаты жарғақ қанаттар.
Құрсағы. Қара тарқанның құрсағы 10 сегменттен құралады. Бұларда аяқ болмайды тек соңғы сегменттің екі бүйірінде қысқа, ұсақ бунақты екі аяқ болады. Тарқанның құсағының сегменттері, екінші сегменттінен бастап, 7-ші сегментіне дейін, аса ірі келеді. 10-шы аралықтың артқы жақ жиегінің астында орталық сызықтың бойында аналық тесігі жатады.
Нерв жүйесі. Қара тарқанның орталық нерв жүйесі 11 түйінен құралады: Бұлардың ішінен екі түйін, жұтқыншақ үсті түйінмен жұтқыншақ асты түйін, бастың ішінде жатады да, үшеуі көкірек ішінде және алтауы – құсақ ішінде жатады. Түйіндердің барлығыда коннективалар арқылы біріккен. Нерв тізбегінің түйіндісінің ең ірісі – жұтқыншақ үсті ми, бұл көру мүшелерін (жұп күрделі және жай кездеседі), иіс сезім мүшелерімен және тері сезім мүшелерімен қосып мұрттарды, жоғары ерінді шеткі (перифериялық) нервтермен қамтамассыз етеді. Ал басқа түйіндерден саналатын жұтқыншақ асты түйінмен 3 көкірек түйіні ауыз бөлімдерін, аяқтарды, қанаттарды және бас пен көкіректің мускулатурасына нерв таратады. Құрсақтың 6 түйінінің ішінен ең артқы шеттегі түйін басқаларынан ірілеу келеді, бұл түйін жыныс жүйесін, циркилерді нервтермен қамтамассыз етеді.
Сезім мүшелері. Тарақанның күрделі көздері өзінше ерекше құралған және 1800 шамасы фасеткалары болады. Төменгі жақ аппаратының қалақтары мен олардың қармалағыштары (тері сезім мүшелерімен дәм сезу мүшелері) нерв ұштарына бай болады. Нерв ұштарына мұрттарда бай. Мұрттар тері сезім мүшелерімен иіс сезім мүшелері қызметін атқарады.
Ас қорыту каналы. Қара тарақанның ішектері, негізгі үш бөлімге бөлінеді: алдыңғы, ортаңғы және артқы ішек. Алдыңғы ішек жұтқыншақ тесігінен басталып жоғары көтеріледі де, доғаланып иіліп барып, кейін қарай кетеді, бұл бағытта құрсаққа барғанша созылады. Алдыңғы ішек бес бөлімнен құралған, бірақ бұлардың ілгері жағында жатқан төрт бөлімін ғана сыртынан айыруға болады, ал бесінші болатын болса- жөңгелектеніп жатқан қатпар сияқтанып ортаңғы ішектің бас жағына келіп, бөтелкеге кіргізілген варонка тәрізді болып жатады. Алдыңғы ішектің жұтқыншақ тесігінен басталатын ілгері жақтағы бөлімі – жұтқыншақ - жақ аппарат уақтап, сілекей мен ылғалданған қоректі өз ішіне тартады. Жұтқыншақтың мықты мускулатурасы жұтқыншақты кеңейтіп және тарылтып тұрады. Жұтқыншақ алдыңғы ішектің келесі бөліміне, өңешке өтеді, бұл бірте –бірте кеңейе түсіп жемсауға айналады. Жемсаудың қапшық сияқты артқы бөлімі құрсақтың ішінде жатады. Жұтылған тамақ мұның ішінде біраз кідіріп, біраз қортылады және сіңіріледі. Тамақ жемсаудан аз-аздан бөлініп шығып келесі бөлім күйіс, яки мускулды қарынға түседі, мұнда жатып одан әрі ұсақталып, сүзіледі.Пішіні бакал яки тақия сияқтанып, тесігі ілгері қарап жатқан күйіс қарын қоректі ұсақтайтын ғана аппараты емес, сонымен бірге, ол қоректің ортаңғы ішекке түсуге жеткілікті түрде даялау үшін оны сүзіп жіберетін сүзгі қызметін де атқарады.
Қара тарақанның ортаңғы ішегі яки қарны асқорту каналының ең қысқа және ең тар бөлімі, оның үсті ілмектеніп иректеліп қалған. Ортаңғы ішектің эпителийі түгел безді келеді. Ортаңғы ішек асқорыту сөлін шығаратын бездің қызметін атқару қатар, қорытылған асты сорып бойға сіңіру бөлімі қызметін де атқарады. Ортаңғы ішектің артқы ішектің шекаралығы, сырт жағынан қарағанда, түтік тәріздес мальпиги бездерінің құйылған жері деп белгілейді, бұл бездер тарақанның денесіндегі ыдырау өнімдерін шығару мүшелері болып табылады. Қара тарақанның денесіндегі мальпиги бездерінің саны 100-ге тарта барады, бұлар 6 жұп болып біткен және өздері ішектің өсіндісі сияқтанып тұрады. Бұлардың құйылған жерінің артқы жағынан артқы ішек басталады, бұл барып құрсақтың артқы ұшынан аналь тесігі болып ашылады.
Қан жұру жүйесі. Тарақанның қаны дененің ішкі қуысымен, ішкі мүшелердің аралықтарынан ағады. Тек өте шамалы жерде ғана қан тамырларымен ағады, бұл тамырлардың дербес қабырғалары бар. Бұл сыртқы жамылғынаң астында дененің ішкі қуысында жатқан арқалық қан тамыр деп аталатын тамыр, бұның өзі жүрек қолқадан құралған. Түтік сияқты келген жүрек құрсақтың бүкіл бойына созылады. Көкіректің ішіне жүректің жалғасы ретінде қолқа жатады. Тарақанның жүрегінің артқы жағы бітеу болып бітеді. Қолқаның алдыңғы ұшы жұтқыншақ үсті түйін мен жұтқыншақ арасынан барып дененің ішкі қуысына ашылады.
Зәр шығару мүшелері. Дененің ішінде жатқан мальпиги түтіктері қан шайып өтіп жатады, осы кезде осмос арқылы қаннан ыдырау өнімдерін сорып алады да, оларды артқы ішек арқылы сыртқа шығарады.
Майлы дене. Құрсақтың қабырғасына ішкі бетіне және ішкі мүшелерінің аралықтарында жиналып жатқан ақ затты байқауға болады. Бұл майлы дене – май, гликоген, белок сияқты қоректік заттардың қорын жинап жатқан ткань, мұның ішіндегі қоректік заттарды насекомдардың организмі ашыққан кезде пайдаланады. Майлы дене зәр шығару қызметін де атқарады.
Тыныс мүшелері. Қара тарақан дененің ішіндегі ағаш сияқты бұтақтан кеткен түтіктер, яғни кеңірдек жүйесі арқылы тыныс алады, бұл түтіктер ішкі мүшелердің барлығында қоршап жатады. Тарақанның кеңірдек жүйесінің ішкі сыртқы ортамен 10 жұп сигма арқылы қатынасады. Бұл 10 жұп сигманың 2 жұбы көкірек бөлімінің 2 бүйірінде, қалған 10 жұбы – құрсақтың сегменттерінде жатады.
Жыныс жүйесі. Қара тарақанның аталығы мен аналығының ересек кезінде бір-бірінен оңай ажыратуға болады. Жыныстық айырмасы: біріншіден, қанаттарының түрліше дамуы, екіншіден, құрсақтың сегізінші және тоғызыншы сегменттерінің әр қилы дәрежеде редукциялануы (аталық тарақандікіне қарағанда көбірек редукцияланған және құрсақтың жетінші сегментінің астында көрінбей жатады). Ал аталық тарақанның сыртқы жыныс аппараты хитинденген бірқатар өсіктермен пластинкадан құралады. Аталық тарақанның ішкі жыныс жүйесі мыналардан құралады: құрсақтың бесінші арқалығының астында жатқан қос аталық тұқым безі, қос ұрық өзегі, екі ұрық торсылдағы деп аталатын мүшенің түп жағынан келіп сыртқа ашылатын жалқы ұрық төккіш канал және қос қосалқы без, бірақ бұлардың біреуі жұп болып келеді. Әрбір аталық тұқым безі жалпы бір түйдек болып жиналатын, торсылдақ сияқты 30-40 бөліктен құралады.
Аналық тарақанның ішкі жыныс мүшелері мыналардан құралады: екі аналық без, екі тұқым жолы, қынап (жалқы тұқым жолы), ұрық қабылдағыш және пілләға қабық жасау үшін қажет секрет шығаратын қосалқы жыныс бездері. Әрбір аналық без 8 жұмыртқа түтіктерінен құралады.
Лекция 22
Тақырыбы.Насекомдардың табиғаттағы маңызы.
Лекция мәтіні:
Бал арасы жарғақ қанаттылар (Hymenoptera) отрядындағы аралар (Apidae) тұқымдасының өкілі.
Бал арасы – адам асырап өсіретін аралардың арасындағы ең көп тараған түрі (Европа, Солтүстік Америка, Азияның және Африканың біраз бөлігі). Сыртқы құрылысының ерекшеліктеріне және инстинкт (соқыр сезім) ерекшеліктеріне қарай араның бұл түрінің өзін бірнеше түр тармағына (тұқымға) бөледі.
Бал арасына жататын жарғақ қанаттылар (Hymenoptera) өздерінің дене құрылысының барлық бөлімдерінің арнаулы бір іске бейімделгендігі жағынан үлекен айырмашылығы бар: басы да, көкірек, құрсақ, жақ аппараты, көкірек аяқтары, құрсақ қосалқылары да бәрі бір іске маманданған. Apis тұқымдасы жарғақ қанаттылардың ең жоғарғы дәрежедегі өкілдерінің қатарына жатады, өйіткені бұлардың дене бөлімдерінің бір нәрсеге бейімделуі жоғары сатыға жеткен Жоғары сатыға жеткен жарғақ қанаттыларға жатады: бұлар қауымды формалардың ішіндегі ең бір күрделі формасын құрайды. Бал арасы қауымында яки бал арасы семьясында үш каста (фаза) болады: аналық ара, аталық аралар және жұмысшы аралар (жақсы жетілмеген аналық аралар).
Сыртқы құрылысы. Бал арасының басы, мойныны бунақталып, кеудесіне айқын бөлектеніп тұрады және қай жағына болса да еркін бұрывлады. Жұмысшы араның басын алдыңғы жағынан қарағанда жұмыртқа сиқты сопақтау болып көрінеді, ауызы төмен қарай жатады және ұшында ұзын тұмсығы болады. Басының жоғары жақ екі шекесінде үлкен күрделі көздері жатады, ал жай көздері үшеу болады және тастөбенің нақ ортасына бітеді. Маңдайда күрделі көздердің төменгі шетінің тұсында тұрған қос мұртының негізгі бөлімі өте ұзын бір буын болады, мұртың қысқа 11 буыннан түзілетін қалған жағы мұрттың негізгі бөлімімен жалғасқанда иін (бұрыш) құрайды. Жұмысшы араның басымен салыстырғанда аналық араның басы кішілеу келеді және тұмсығы едәуір қысқа болады. Аталық араның басы аналық араның басынан да, жұмысшы араның басынанда ірілеу келеді. Себебі – орасан үлкен күрделі көздері, жәй көздерді ілгері ысырып жіберіп, бастың төбесін басып кетеді. Жоғарғы жақ аппараттарының атқартын қызметі басқа жұмысшы араларда бұлар – сотылар жасағанда балауыздарға ұя пішінін беретін мүшелер болады, аталық аралармен аналық араларда – бітіліп тұрған ұя көздерін тесіп шығу үшін керек болады. Бал арасының төменгі аппараты сұйық тамақ ішуге арналған аппарат, сондықтан бұның төменгі жақ аппаратымен төменгі еріннің дистальдық бөлімдері бірігіп бітіп, сонан түтік пайда болады.
Бал арасының көкірек бөлімінің екі негізгі ерекшелігі: 1) көкірек бөлімі құрсақтың бірінші сегментімен бірігіп, құрсақтың басқа қалған жағынан анық көрінетін бунақ арқылы бөлектеніп тұрады, міне осының себебінен және бастанда бөлектені тұрғандықтан көкірек бөлімінің пішіні шар тәрізді болады. 2) ортаңғы көкіректік алдыңғы көкіректік пен артқы көкіректікке қарағада едәуір үлкен, мұның себебі – алдыңғы қанаттардың артқы қанаттардан күшті болуына және ұшу мускулатурасы ортаңғы көкіректікте жатқандығына байланысты. Артқы және алдыңғы қанаттар жарғақ қанаттылар болып келеді. Артқы қанаттар алдыңғы қанаттардан едәуір кіші.
Бал арасының аяқтары бүкіл денесінің үстіндегі тозаңдарды жинап алады. Бұл қызметті істеу үшін балтырында және табанының бірінші буынтығында ұзын яки кішкене қылтықтардан құралған аппараты болады. Табандардың бірінші буыны осы жаңа қызметке байланысты аздап жалпайған және ұзарған. Алдыңғы аяқтары тозаңды бас пен кеуденің ілгері аяқ бөлімінен жинайды да, ортаңғы аяқтары – кеудесінің ортаңғы бөлігінен артқы аяқтар – құрсақтан жинайды. Тозаң жиналатын аппарат тек жұмысшы арада ғана бар. Аналық арада бұл аппарат шала дамыған.
Бал арасының – құрсағының құрылысындағы ерекшеліктер бал арасының құрсағының артқы ұшындағы шаншар инесі аппаратының қызметімен тығыз байланысты. Бұл аппарат құрсақтың редукцияланған 8-10 сегментінен құралған, ал инесінің өзі, осы инеге жақын жатқан бөлімдерімен бірге, нақ жұмыртқа салғыштың өзі, бұл тек өзінің бастапқы кездегі атқаратын қызметін өзгертіп, енді қорғану және жауына қарсы қолданатын мүшенің рөлін атқаратын болған. Бұл аппаратың инесі, үш өсік болады, осыв үш өсіктің сыртқы ұзын, кейінгі жағы жіңішкерген, науаша иілген пластинка. Бұл науашаның ілгері жағы күмпейіп жуандап кеткен. Осы жуандаған бөлімге әкеліп екі улы без өздерінің секретін құяды, бұлардың үлкені – қышқыл секрет (құмырсқа қышқылын) шығарады да , кішісі – сілті секрет шығарады.
Асқорыту жүйесі. Асқорыту процесінде төменгі еріндік сілекей безінің үлкен маңызы бар. Сілекей безінің секретінде фенмент – инвертаза болады, бұл фермент тросник қантын бөліп ыдыратады, бұл қанттарды организм бойына оңай сіңіре алады. Cілекейдің әсеріен жүзім қантымен және жеміс қантымен қатар, ішінде тростник қанты бар нектан балға айналады. Бұл балға айналушылық жемсауда өтеді, ал жемсау құрсақтың алдыңғы бөлігінде жатады. Тростник қанты балда оншалықты көп емес. Жемсаудан балды кейін қарай құсып, сотының әрбір көзіне құяды, сілекейдің басқа ферменттерінің ішінен диастаза өте маңызды диастаза крахмалды қантқа айналдырады. Крахмал араның жейтін қатты тамағы гүл тозаңының ішіндегі заттарда болады.
Нерв жүйесі. Қанатты насекомдарда жалпы кездесетін, орталық нерв жүйесінің ең көпшілігі осы бал арасының ұрығында кездеседі, атап айтқанда: екі бас түйіні, екі көкірек түйіні және он бір құрсақ түйіні. Личинка дәуіріндегі өсу кезінде құрсақ түйіндердің саны азаяды, ал личинка дәуірінің аяғында – бастың түйіндері мен көкірек түйіндерінің саны сол күйінде қалады да, құрсақ түйіндерінің саны сегізге шейін кемиді.
Жыныс жүйесі. Піллә дәуірінің кезінде түйіндердің саны бұдан да азаяды, бірақ бұл жолы құрсақ түйіндерінің саны да, сондай-ақ көкірек түйіндерінің саны да азаяды. Жұмысшы аралар әдетте өсіп-өніп ұрпақ бере алмайды. Тек кейбір белгілі жағдайларда ғана жұмысшы аралардың аздаған (әдетте 4-5) жұмыртқа түтікшелері кәдімгідей өсетіндігі байқалады. Мұндай жұмысшы аралар жұмыртқа сала алады, бірақ бұл жұмыртқадан тек аталық аралар ғана ғана өсіп шығады, өйткені ұрықтанбай қалады: аталық аралармен шағылыспайды және жұмыртқа ұрықтанатын аппараты – ұрық-қабылдағышы болмайды.
Ұрық беретін аналық араның әрбір аналық безінде, орта есеппен 150-ге тарта жұмыртқа түтікшелер болады. Аналық ара қай уақытта болса да, 300 жұмыртқа салуға дайын тұрады. Жұп ұрық жолы аналық бездерді қынаппен жалғастырады, бұл қынаптың жіңішкелеу келген үш жағымен жіңішке канал арқылы домаланып жатқан ұрық қабылдағыш байланысчып жатады. Каналдың аппараты бар, сол аппарат арқылы аналық ара жұмыртқаны ұрықтандыра алады, ол үшін ұрық қабылдағыштан бірнеше спермотозойдтарды шығарып жібереді. Міне осында спермотозойдпен кездесіп ұрықтанған жұмыртқадан аналық ара өсіп шығады да, ұрықтанбаған жұмыртқадан аталық ара шығады. Аналық ара 3-4 жыл өмір сүреді.
Биологиясы. Бал арасы семьясының тіршілік әрекеті оқтын – оқтын өзгерістерге ұшырап тұрады. Оның тіршілік әрекеті жыл маусымына байланысты көктемде барынша көп өніп -өсе бастайды. Ал жаздың басталуымен семьяның өніп - өсуі ара ойнағы басталады, міне осыдан кейін аралар бал және гүл тозаңдарын жинай бастайды. Күзге қарай бал аз жинала бастаған кезде, өніп - өсу де кемиді, жұмысшы аралардың едәуір бөлігі өліп қалады, ұядан аталық аралардың барлығын да шығарып жібереді. Қысқа қарсы тек жұмысшы аралардың жастары мен аналық ара ғана қалады, аналық ара жұмыртқа салуды уақытша тоқтатады, бірақ қыстың аяғына таман, ара ұяларын қыстатып қойған үйде тағы бір жұмыртқа сала бастауы мүмкін.
Көне ұяда жас аналық арамен қалған семьяның келешекте өніп - өсуі үшін, ұрпақ бері үшін жас аналық араны ұрықтандыру керек. Ол үшін ара ұядан ұшып шығады, міне сол кезде әуде ұшып жүргенде аталық арамен шағылысады, бұл шағылысуға тек бір ғана аталық ара қатысады.
Маусымдық жұмыстардың қызу кезінде 1-2 айға қана созылатын өзінің өмірінің ішінде жұмысшы аралар бір жұмыстан бір жұмысқа көшіп отырады. Уақытына қарай бірінші болып келетін жұмыс – аналық ара ұя салатын ұяшықтарды тазалау және жас араларды жылыту. Келешекте жас жұмысшы аралар балапан араларды тамақтандырады, мұнда алғашқы кезде ересектеу балапан, араларды тамақтандырады да, кейін сүт беретін жұтқыншақ бездері күшейген кезде, аса жастау балапан араларды тамақтандыратын боладыү. Екінші маусымда жұмысшы аралар бал жинаушы аралардан балды қабылдап алатын болады. Сонымен бірге олар ұядағы керексіз заттарды шығарып отырады, күзетте тұрады және т.с.с. бұл ұшпайтын аралар тап осы кезде ең алғаш ұшуға әрекет жасайды. Бал жинау үшін бірінші рет ұшатын кезінің мерзімі оншалықты дәл белгіленген емес: ол мерзім имаго шықансын 11-34 күннен кейін келуі мүмкін.
Жұмысшы араларға кеңінен жүргізілген тәжірибелер мен байқаулар олардың псехикалық әрекетінің едәуір дамығандығын көрсетеді: мәселен, Фриштың жасаған тәжірибесінен бал арасы нәрсенің реңін, иісін айыра алатындығы және заттардың бейнесін ажырата алатындығы дәлелденді. Жұмысшы араларды түрлі реңге, иіске және пішінге үйретіп, Фриш тәжірибелер жасады. Жұмысшы араның психикалық әрекетін сипаттау үшін, әсіресе, оның бірінші ұшуының ерекше мәні бар, осы алғашқы ұшуы кезінде ол бірте – бірте ұяның айналасындағы жағдайлармен танысады, сірә, мұнда ол заттардың пішіндерін есіне ұстап қалатын болуы керек. Мұндай ұшу жолы сол аймақпен танысуына байланысты ұзара береді.
Бақылау сұрақтары:
1.Кеңірдекпен тыныс алушылар систематикасы.
2.Көпаяқтылардың (Myriopoda) жалпы сипатамасы.
3. Насекомдардың жалпы сипаттамасы.
4. Қызыл тарақанның биологиясы.
5. Қызыл тарақанның қорегі.
6 Насекомның көбеюі, піллә оруы, өсіп дамуы
Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары
Көп аяқтылар классының экологиясы.
Әдебиеттер:
1.К.Э. Дєуітбаева Омыртќасыздар зоологиясы Алматы Ќазаќ университеті 1999.
2. Догель В.А Зоология без позвоночных М. 1981
3.Натальи В.В Зоология без позвоночных М. Просвещение 1975
4.Фролова Э.Н Щербина Т.В. Практикум по зоологий без позвоночных М. Выс.Школа 1962
5.Беи-Биенко Г.Я. Общая энтомология М.Выс. Школа 1980
6.Яхонтов В.В Экология насекомых. М. 1964.
7. Тілменбаев.А. Энтомология.
8.Жизнь животных под ред. З. Зенькевича т.1 1968 т.2 1968 т.3 1964 М. Просвешение.
9.Ажиева Г.И. Досполова С.К. Омыртќасыз зоология пєні бойынша лабараториялыќ сабаќтардыњ методологиялыќ н±сќау
10.К Түсіпова. Омыртќасыздар зоологиясы Алматы 2004.
Лекция 23
Тақырыбы: Хелицералылар (Chelicerata) тип тармағы
Лекция мәтіні:
Жалпы сипаттама. Хелицералылардың жалпы және ерекше белгісі сол, аяқтары біткен бөлімі “баскөкірек” бөлімін құрайтын ауыз бөлімімен тығыз байланысқан. Су шаян тәрізділер мен трилобиттердің бас бөліміне сәйкес “баскөкірек” бөлімінде алты жұп аяқ қолдары болады, бұлардың бірінші жұбы ауыздың алдыңғы жағында жатады және хелицералы деп аталады, осы хелицералылар қашанда жақ сүйектерінің қызметін атқарады, ал соңғы төрт жұбы – үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы жұптары нағыз көкірек аяқ –қолдары болып табылады және өздері, негізіне, хелицералылардың жүретін аяқтары болады. Аяқ –қолдарының екінші жұбы – педипальпалар болатын болса, бұлар әдетте ауыздың арт жағында жатып, кейде аяқтар қызметін атқарады, бірде – жейтін қоректі қысып алушы мүше болып келеді, кейде, тері сезімі органының қызметін атқарады.
Хелицералылар тип тармағы екі класқа бөлінеді: меростомалықтар (merostomata, s. Palaeostraca) класы және өрмекші тәрізділер (Archnida) класы.
Классификациясы.
2- тип тармағы. Хелицералылар (Chelicerata)
I – класс. Меростомалықтар (merostomata, s. Palaeostraca)
отряд. Найза құйрықтылар (Xiphosura)
отряд. Алып қалқандылар (Gigantostraca
II – класс өрмекші тәрізділер (Arachnida)
отряд. Шаяндар (Scorpionida)
отряд. Жалған шаяндар (Pseudoscorpionida)
отряд. Сольпугалар (Solpugida)
отряд. Өрмекшілер. (Araneida)
Отряд. Пішеншілер. (Phalangida)
Отряд. Кенелер (Acarina)
II – класс Өрмекші тәрізділер (Arachnida)
Өрмекші тәрізділердің класына атмосферамен тыныс алатын мүшелері жапырақшалау келген өкпелері мен кеңірдектері бар құрлықта тіршілік ететін хелицералылар жатады. Денесі бас – көкірек пен құрсақтан тұрады, бірақ бұлары жоғары сатыдағы өрмекші тәрізділерде – кенелерде (Acarina) – жалпы бір бөлім бірігіп кетеді.
Бас көкірегі әдетте сегменттенбейді, бірақ өрмекші тәрізділердің кейбір отрядтарында оның кейінгі жағы дербес екі-үш сегментке бөлініп келеді (сольпугалар). Бас – көкіректің алты жұп аяқ-қолдары болады, бұлардың бірінші жұбы ауыздың үстінгі жағында жатады да, қалған бес жұбы ауыздың кейінгі жағында жатады. Аяқ – қолдардың бірінші жұбы хелицералылар (сhelicera) қысқарып, 2-3 мүшелігі ғана қалған. Олардың ұшында қысқыш немесе тырнақ сияқты болып біткен мүшелік (членик) алу, яки ең сезімі мүшесінің жұмысын атқарады. Бұл - пелипальпалар (pedipalpus). Бас көкіректің аяқ-қолдарының қалған басқа төрт жұбы жүру аяқтары.
Өрмекші тәрізділердің денесінің артқы бөлімі – құрсағы - әдетте сегменттелген. Құрсақта аяқ-қолдардың рудименттері де болуы мүмкін. Құрсақтың алдыңғы жағында, екінші сегментте, сыңар жыныс тесігі жатады.
Дамуы әдетте – метаморфозсыз тікелей даму.
Өрмекші тәрізділер класының өкілі – кресті өрмекші
(Caraneus epeira). Кресті өрмекші – жоғарғы сатыдағы өрмекшілердің мекені: аласа бойлы, сирек біткен бұталары бар тоғай алаңдары және тоғайдың шеттері. Ірілігі орман жаңғағындай келген аналығы өзінің өрмегінің ортасында отырады. Аталығы едәуір кішкене келеді. Бұның құрсағы жіңішке және ұзынша, аяқ қатары әжептеуір ұзындау, педипальпалар ұшы қампайып тұрады. Аталықтары, аналықтарына қарағанда, сирек ұшырайды, өйткені бұлар өрмектің өзіне шығып отырмайды, соған жақын жерде, жапырақтың астыңғы жағын мекендейді.
Бас көкірек. Өрмекшінің денесі жұмыртқа пішіндес келген екі бөлімнен құралады. Екі бөлімнің арасындағы байланыстырып тұрған жіңішке сабақша құрсақтың алдыңғы жақтағы ең шеткі ұшы болып табылады: ол құрсақтың бірінші сегментіне сәйкес келеді.
Бас көкіректе алты жұп аяқ-қолдар болады. Аяқ қолдар өспеген бос жері бас көкіректің бетіндегі екі қалқанша болып саналады үлкен аралық қалқанша бас-көкіректі жоғары жағынан, ілгері жағынан бүйірлерінен және аздап артқы жағынан жауып тұрады. Арқалық қалқаншаның алқалық беті мен ілгері жақтағы бетінің шекараларында да көлденең қатар болып сегіз жай көздер жатады. Арқалық қалқанша сегменттелмеген. Бас көкіректің астыңғы жағынан сопақ қалқанша төстабан жауып тұрады. Төстабаны да сегменттелген. Бас – көкіректің алты сегментінің бірігіп тұтасып кеткендігін, тек бірінен соң бірі жатқан аяқтардың алты жұбынан ғана байқауға болады.
Бас көкіректегі аяқ-қолдар. Бастан шығатын екі мүшелікті хелицералар кресті өрмекшіде өзінің негізгі мүшелерінің бағытымен төмен қарай кеткен. Мүшелерінің сайы болады, сол сайға хелицераның ұшындағы тырнақ тәрізді мүшелік жиырылып орналасады. Осы тырнақтың ұшына жақын улы бездің өзегінің тесігі жатады, бұл без хелицераның негізгі мүшелігінде, бас көкіректің алдыңғы жағында болады. Аяқ-қолдардың келесі жұбы аяқ-қармалағыштар (педипальпалар) алты мүшелікті. Аяқ қармалағыштың негізгі мүшелігінің, әдетте өрмекші тәрізділерде болатыны сияқты, жақ тармағы болады. Жақ тармағының екеуінің арасында көлденең ауыз саңлауы жатады, ауызды алдыңғы жағынан етті бұдыр – жоғарғы ерін тежеп тұрады да, артқы жағы мен төменгі жағынан, жоғарыда айтылған, төменгі ерін тежеп тұрады. Жақ тармағының жиегіндегі қылшықтар, өрмекшінің соруына көмектеседі. Аталығында соңғы мүшелік пен жыныстық шағылыс аппараты байланысты болады. Жіңішкерген ұш жағы инеге (embolus) айналатын ұшында тесігі бар нәк тәрізді домалақ кейбір ересек еркек өрмекшіде жыныстық шағылыс аппараты болып саналады. Аталығы мен аналығы шағылысып қосарланған кезде ине аналық өрмекшінің екі тесігінің бірі арқылы ұрық қабылдағышына енеді де, сол кезде резервуарда жатқан шәует (сперма) ерекше бір қысатын тесік арқылы сығылып аналығының ұрық қабылдағышына құйылады.
Сыртқы жамылғысы. Өрмекшінің сыртқы жамылғысы әдетте хитинді кутикуладан және оны астарлап жатқан клеткалар құрылысты гиподермадан тұрады. Сыртқы жамылғының астында бұлшық ет қабаты жатады, бұл қабат түрлі бағытта кеткен ет талшықтарынан құралады.
Кресті өрмекшілердің ішкі құрылысы.
Нерв системасы. Орталық нерв системасы бас – көкірегінің артқы жартысында төстабанның үстіңгі жағында шоғырланып жатады. Осы жерде құрсақ тізбегінің бірігіп кетуінен пайда болған жалпайып келген нерв массасы болады. Бұл жұтқыншақ асты массасының сегменттенуі бүйірдегі нервтердің бес жұбының түп жақтарының жуандап келетіндігінен көрінеді, бұлардың алдыңғы жұбы аяқ қармалағышты қамтамасыз етеді де, келесі төрт жұбы жүру аяқтарына кетеді. Артқа қарай екі нерв тіні кетеді де, олар сабақша арқылы құрсаққа еніп құрсақтың ішкі органын қамтамасыз етеді. Жұтқыншақ үсті түйін (ми) қысқа және жуан коннективалар арқылы жұтқыншақ асты массамен байланысқан, бүкіл орталық нерв жүйесі тар жұтқыншақтың горизанталь иіні тесіп өткен жалпы нерв массасына айналады. Жұтқыншақ үсті түйіннің алдыңғы жақ бетінен жұп негізі бар көз нервтері шығады, бұлар кейін көздің санына сәйкес сегіз бұтаққа бөлінеді. Көз нервтерінің астыңғы жағынан тап сол жұтқыншақ үсті түйіннің алдыңғы жақ бетінің өзінен хелицералардың қос нерві шығады.
Көру органдары. Кресті өрмекшінің сегіз көзінің бәрі де жай көздер.
Ас қорыту органдары. Кресті өрмекшінің ішектерінен үш бөлімді ажыратуға болады: алдыңғы, ортаңғы және артқы ішек бөлімі. Алдыңғы ішектері қысқалау, ал ортаңғы ішек - өте күшті дамыған және өзінің түрлі тармақтарымен іштің көп жерін алып жатады. Алдыңғы ішекті екі бөлімшесі де кутикуламен астарланған және олардың ішкі қуысын керетін радиациальды бұлшық еті бар. Жұтқыншақ орталық нерв жүйесін тесіп өтеді. Сол бағытында артқа кетіп, сорғыш қарынға барып құяды. Сорғыш қарыннан кейін сәл кеңірек ортаңғы ішек басталады – яғни бұның бас көкірекпен қарынға өзінен шығарып тұйық тармақтар жіберетін жері жатады. Бұл тармақтар бас-көкіректің ішімен аяқтарға барып, олардан кейін қарай бұрылып, төс табандағы орталық нерв жүйесінің астыңғы жағынан келіп тұйықталып аяқталады. Сабақша арқылы ортаңғы ішек құрсақ ішіне өтеді. Бұл тармақтар, өздерінің секрет шығару әрекетімен қатар, сору ролін де атқарады, ортаңғы ішектің негізгі каналы тәрізді қызмет атқарады. Құрсақтың артқы бөлімінде өрмек сүйелдерінің үстіңгі жағынан ортаңғы ішек қапшық сияқты кең жерге келіп құйылады – бұл жерді ректальдық қуық деп атайды. Бұған өрмекшінің нәжістері жиналады және мальпигий түтіктері арқылы мүшелерде ыдыраған өнімдер келіп түседі. Ректальдық қуықтан кейін тік ішек келеді, бұл – аналь сүйелінің төменгі жағынан келіп аналь тесігі болып сыртқа ашылады.
Қан айналыс органдары. Кресті өрмекшінің қан жүру системасы, өздерінің меншікті қабырғалары бар, қан тамырларынан және бірнеше қуыстардан – лакундардан, яки синустардан, құралады, бұл қуыстар дененің ішкі қуыстары болып табылады. Барлық қан тамырлары артериялық қан тамырларының жүйесіне жатады: бұлардың барлығы да қанды жүректен алып шығып, дененің барлық жерлеріне тотыққан қанды таратып алып кетеді. Синустар жүйесі вена қан тамырларының орнына жүреді, ақыр аяғында келіп, барлық қан синустар жүйесінің соңғы буыны – жүрек жанындағы синусқа келіп құйылады. Бұл синус жүректі жан-жағынан қоршап тұрады. Жүректің қабырғалары түзетін сақина тәрізді мышицаның жиырылуы қанды алдыңғы жақтағы бұтақтанып жатқан қолқаға да сондай-ақ, артқы артериялардың түйдегіне де бағыттап жіберіп отырады, осылар арқылы қан дененің ішкі қуысына құйылады. Дененің барлық бөлімінен қан өкпелерді қоршап жатқан синустарға жиналады, бұл жерден тотыққан қан жүрек жанындағы синусқа қайтады. Жүрек жанындағы қуыстан қан үш жұп остиялар арқылы жүрекке құйылады.
Тыныс органдары. Кресті өрмекшінің тыныс органдары ретінде жапырақ пішінді келген өкпелері және кеңірдек түтіктерінің жүйесі бар. Кеңірдек түтіктері жалғыз сыңар болып келетін стигма мен өрмекшінің бауыры жағына өрмек сүйелдерінің ілгері жағынан келіп сыртқа ашылады. Құрсақтың алдыңғы жағының төменгі бетінде саңылау тәрізді жұп тесік жатады. Бұл тесіктер тақ жыныс тесігімен бір деңгейде жатады. Осы екі саңылаудың екеуі де жапырақ тәрізді өкпелердің стигмалары. Өкпенің саңылау тәрізді тесігі өкпенің кіреберісіне барып тіреледі. Кіреберістің артқы қабырғасы да, төменгі қабырғасы да тұтас келеді. Алдыңғы жақ қабырғасында бірқатар параллель саңылаулар бар, бұл саңылаулар өздерінің санындай жалпақ қалталарға барып жалғасады, ол қатарлар жалпы бір текше болып жатады. Қалталардың араларында дененің тар қуыстары жатады, сол қуыстарға қалталарды шайып өтетін қан келеді. Олардың жұқа кутикулардан қабығы болады және өздері семіп беттесіп қалмайды. Оларға ауа ешбір кедергісіз кіре алады, өйткені кіреберістің де сондай-ақ қалталардың да қабырғалардың беттерін ағаш сияқты бұтақтанып кеткен өсіктер басып жатады, бұл өсіктер қалтаның қарсы жатқан қабырғасына барып тіреледі. Кеңірдек үймесі бұтақтанбайтын екі жұп түтіктерден тұрады, бұлар негізгі қалтадан шығып ілгері қарай кетеді. Негізгі қалта өрмек сүйелдерінің ілгергі жағынан білінер – білінбес көлденең саңылау болып сыртқа ашылады.
Зәр шығару органдары. Кресті өрмекшінің зәр шығару органдары екі түрлі – мальпиги түтікшелері және коксальдық бездер. Бірінші аталған органдар ересек өрмекшіде ғана қызмет атқарады. Ішектердің әр жағында бұтақтанатын екі түтікшеден болады, бұлар ректалъдік қуыққа құярдың алдында бір-бірімен қосылып кетеді. Малъпиги мүшелерінің бұтақшалары ортаңғы ішектің тұйық тармақтарының барлық жердегі аралықтарын алып жатады. Малъпиги түтікшілерінің ішінде өте көп ұсақ сұр түйіршіктер жиналады, бұлар – түтікшілердің өздерінің бөліп шығаратын заттары. Кресті өрмекшінің коксалъдық қос безі аяқтарының бірінші жұбының түп жағында болады.
Улы бездері. Бас-көкіректің алдыңғы бөлігінде хелицералардың түп жағында ірі екі без жатады, бұл бездер түп жағы жұмырланған, қысқа цилиндр сияқты. Көбнесе бұл бездер хелицералардың негізгі мүшелеріне азды-көпті батыңқырап тұрады. Бездердің сыртқы жамылғысы спиралъ түрде ширатылып келген мышицадан түзіледі. Мышицалардың жиырылуы рақасында у сыртқа қарай ағады, бұл канал кейде хелицераның тырнағының ұшынан келіп те сыртқа ашылады.
Тоқу аппараты екі нәрседен –сыртқы өрмек сүйелдері және ішкі өрмек бездері мүшелерінен құралады. Кресті өрмекшінің үш жұп өрмек сүйелдері бар. Сүйелдің төбесіндкгі жарғақ бетінде ондаған төсіктер болады, міне осы тесіктерден секрет-өрмек шығады. Бұл өрмектер тесіктен шыққан кезінде ауада қатады. Тесіктердің өздері, пішіні де, үлкендігі де түрліше келген ерекше өсіктердің ұшында жатады. Ол өсіктердің біреулкрі – үлкен сопақ пішінді, екінші біреулері –ұсақ цилиндр сияқты немесе, ұшында қылтық тәрізді қосалқысы бар томпақ емшек сияқты. Өрмек бездері аналық өрмекшінің құрсағының ішкі қуысының төменгі жағын толтырып жатады. Өрмек бездерінің пішіні де, үлкендігі де бірдей болмайды. Бірақ мұндай бездер көп емес, ал нәк сияқты ұсақ бездержүздепболады және олар өзара түйдек-түйдек болып бірлеседі. Түйдектердің саны сүйелдердің санына тура келеді. Әрбір без бен әрбір сүйелдің атқаратын қызиеті әр түрлі: мысалы, нәк тәрізді бездер өрмекшінің ұстап алған жемтігін орап тастайтын секрет шығарады, түтік тәрізді без-жұмыртқа пілдесіне керек секрет шығарады, ал ампула тәрізді без-тор құру үшін секрет шығарады, ағаш тәрізді бұтақты без жабысқақ секрет береді, осы секретпен арба дөңгелегі сияқты торының жіпшелерін салып қояды.
Жыныс органдары. Сыртқы жыныс тесігі аталық өрмекшіде де, аналық өрмекшіде де құрсақтың төменгі бетінде, жапырақ тәрізді өкпелердің саңылау екі стигмаларының арасында жатады. Аталық өрмекшінің жыныс тесігімен тікелей байланысты жатқан сыртқы жыныс қосалқысы болмайды: аяқ-қармалақыштарының екуінің де ұшында бір-бір копулятиф мүшеден болады. Ал аналық өрмекшінің жыныс саңылауының нақ алдынғы жағында сыртқы жыныстық жалқы өсік жатады, бұны эпигине деп атайды. Оның қампиған түп жағында екі ұрық қабылдағышы болады. Аталық өрмекшінің ішкі жыныс аппараты ұзынша қапшық тәрізді қос ұрық безінен тұрады. Ілгері қарай олар қос ұрық өзегі түрінде ұласып кетеді, осыдан барып өкпе стигмасының артқы жағынан барған жерде бірігіп сыңар өзекке айналып сыртқа ашылады. Кресті өрмекшінің аналық безі екеу емес, жалқы. Бірақ бұл жағдай барлық өрмекшілерге тән емес. Аналық бездің алғашында жұп болғандығын, оның алдынғы жақ шетінен екеу борлып шығып кейін бірігіп жалқы өзеке айналатын, тұқым жолы көрсетеді. Оның кеңейген бас жағын “жатыр” деп, ал стигмалардың арасындағы көлденең саңылауға келіп ашылатын соңғы жағы “қынап” деп атайды. Эпигиненің түп жағында қосарының жатқан ұрық қабылдағышқа “қынаптан” шығып бір-бір өзектен кетеді, міне осы өзектер арқылы сперматозоидтар қынапқа барып өседі. Әрбір ұрық қабылдағыштың тағы да бір-бір өзегі болады, бұл өзектер эпигиненің түп жағында ерекше бөлек тесіктен ашылады. Осы қос тесікке кресті - өрмекшінің аталығы мен аналығы шағылысқан кезде жыныстық қосу мүшесінің – эмболустың – инесі енгізіледі.
Денесінің бөлімдері. Өрмекші тәрізділердің денесі екі бөлімнен құралады: бас – көкірек және құрсақ. Бұдан тек кенелердің денесінің құрылысы өзгеше келеді, олардың денелері бөлімге бөлімбейді және сегметтенуі де жойылған, немесе бұлардың тек іздері ғана қалған. Алдыңғы бөлімнің –бас-көкіректің - әдетте сегменттенуі анық білінбейді, өйткені үстіңгі жағынан жалпы арқалық қалқан жауып тұрады. Ал екінші бөлім – құрсақ болатын болса, бұл бірнеше сегменттерден құралады. Бірақ кейде соңғы екі-үш сегменттер бөлек- бөлек болып дербес тұратын жағдайлар кездеседі. Мысалы сольпуганың бас көкірегінің сондай дербес тұрған үш сегменті бар. Құрсақтың постанальдық қосалқыны есептемегенде, он екіге шейін сегменті болуы мүмкін.
Аяқ-қолдары. Өрмекші тәрізділердің алты жұп аяқ-қолдары болады және бұл аяқ-қолдарының бәрі де бас көкіректе тұрады, ал құрсақта басқа қызмет атқаратынрудименттері болуы мүмкін. Ересек өрмекші тәрізділердің аяқ-қолдарының бірінші жұбы-хелицералар яки жоғарғы жақ сүйектер – қашанда болса ауыздың алдындағы жағында жатады және әдетте екі-үш мүшеден құралады. Хелицералармен жемтіктерін ұстап алады, көбіне сол тіпті сол жемтіктерін өлтіруге және олардың қатты қабықтарын ұсақтауға жұмсайды. Соңғы мүшелік тырнақ сияқты (өрмекшілерде), немесе соның алдыңғы мүшеліктің тамағымен бірігіп қысқаша айналады. Аяқ-қолдардың екінші жұбы – аяққармалағыштар (педипальпалар), не төменгі жақ сүйектер ауыздың екі жағында жанында жатады.
Аяқ-қармалағыштарын не жемтігін ұстауға жұмсайды, бұл үшін оның ұшындағы бөлімі нағыз яки жалған қысқаша айналған, не сезу мүшесі ретінде пайдаланады. Ал өрмекшілердің аталықтарында ол шағылыс мүшесіне айналған. Аяқтарының қалған басқа төрт жұбының төртеуі де әдетте жүру аяқтары болады.
Нерв жүйесі және сезім органдары. Әсіресе шаяндардың орталық нерв жүйесі күшті бунақталған болып келеді, оның денесінің сырт жағы да көбірек бунақталған. Бірақ шаяндардың да, сондай-ақ басқа өрмекші тәрізділердің де нерв түйіндерінің шоғырлануы өте күшті: аяқ-қармалғыштардың сегменттерінен бастап құрсақтың жақтағы төртінші сегментіне шейін сегменттердің түйіндері бірігіп үлкен массаға айналған, бұл масса дененің бас-көкірек бөліміндегі ішектердің астында жатады. Осы массаға қосарланып жатқан жұтқыншақ үсті түйіндер де қосылып кетеді. Жұтқыншақ үсті жұтқыншақ асты массасы мен байланыстыратын коннективалар өте қысқа және жуан келеді, сондық жұтқыншақ асты түиіндердің жалпы массасының арасында жатқан шамалы тесіктен өңеш бойлап өтеді. Бесінші сегменттен бастап сегменттер өздерінің дербес нерв түйіндерін сақтап қалған. Әсіресе өрмекшілер мен кенелердің нерв жүйесі айрықша көбірек шоғырланып келеді, өйткені бұлардың бүкіл орталық нерв жүйесі бірігіп бір массаға айналған.
Өрмекші тәрізділердің көздері екеуден бастап он екіге дейін баруы мүмкін. Бұл көздері бас-көкіректің алдыңғы бөлігінде жатады. Көздерінің бәрі де жәй көздер түріне жатады.
Асқорту жүйесі. Ішектердің үш бөлімінен алдыңғы ішек өт жіңішке канал түрінде болады бұл әдетте шамалы кеңейіп келеді, ол сұйық ас қоректерін сорып алады,өрмекші тәрізділердің ауқаты міне осы сұйық қоректер болады, ішегінің осындай кеңейген жері өрмекші тәрізділерде ортаңғы ішекпен шекаралықта жатады. Ортаңғы ішекте әдетте тұйықталып жатқан көптеген тармақтары болады. Ортаңғы ішектің ось каналындағыдай осы тармақтарда да, ас қорытылып, бойға тарайды.
Артқы ішектен көбіне ректальдық қуық пайда болады, өрмекшілердің осындай қуығына бұтақтанған түтікшелер сияқтанып мальпигий бездері қос өзекпен келіп ашылады.
Қан айналу жүйесі. Өрмекші тәрізділердің қан айналу жүйесі түрлі дәрежеде кездеседі, мысалы, шаяндардағы және өрмекшілердегі күрделі қан жүру жүйесін бастап кенелердің екі өстиялы қарапайым қапшық тәрізді жүрегіне шейін кездеседі. Қан айналу жүйесі кенлерде тіпті болмауыда мүмкін.
Қан айналу жүйесінің қанадай дәрежеде дамығандығы тыныс алуға қаншалықты шек қойылғандығын, өрмекші тәрізділердің үлкен-кішілігіне және оның денесінің бөлшектенуіне байланысты екендігі айқын көрінеді. Егер, мысалы, жапырақ тәрізді өкпелілердегі сияқты тыныс алуға аса қатаң шек қойылған болса, онда қан айналу жүйесі тұйық болмағанымен де, жақсы дамыған. Кеңірдекпен тыныс алған жағдайда қан айналу жүйесі аз бұтақтанады.
Тыныс органдары. Өрмекші тәрізділердің тыныс органдары екі түрлі болады: жапырақ тәрізді өкпелер және кеңірдектер. Өкпенің немесе кеңірдектің ішкі қуысы сыртқы ортамен стигма деп аталатын, тесік арқылы қатынасады. Егер өкпе болса, стигма кіре беріске (vestbulum) болып жалғасады, бұдан ілгері қарай қатарласып жарыса жатқан бірнеше тесіктер кетеді. Әрбір саңлау ерекше қалтаға барып тіреледі, қатарлардың қабырғалары арқылы газ алмасады. Қалталардың ішкі бетін түрлі скульптуралар басып жатуы мүмкін, скульптуралар қалтаның қабырғаларының бір-бірімен қабысып қалмауына себеп болады. Жапырақ тәрізді өкпенің әрбір екі қалтасының аралығына қан жүріп жатады. Ал осы жапырақ тәрізді өкпелілердің өздері, желбезек жапырақшаларының дененің ішіне қарап батып кеткендігіне желбезектерден пайда болған шығар деп болжайды. Кеңірдектер бұтақтанған не бұтақтанбаған түтіктер түрінде болады. Әдетте өрмекші тәрізділердің не жапырақ тәрізді өкпелері, не кеңірдектері болады. Тек қос өкпелер өрмекшілерде ғана өкпелер, сондай-ақ кеңірдектер де кездеседі.
Зәр шығару органдары. Өрмекші тәрізділердің зәр шығару органдары ретінде мальпигий түтіктері де сондай-ақ коксальдық бездері де қызмет етеді. Әдетте коксальды бездер бір жұп қана болады, бұл бездер жұбынан жатқан аяқтардың бірінің түбінен барып ашылады. Коксальдық ебз орталық қапшықтан (sacculus), әкетуші өзектен—лабиринттен, резервуардан және сыртта тесігі бар сыртқа шығарушы өзектен құралады.
Өзінің дамуында орталық ішекпен байланысты екінші зәр шығару органы мальпигий түтіктері болады. Өрмекші тәрізділерде бұлар бір немесе екі жұп болып кездеседі.
Өніп - өсу және даму органдары. Өрмекші тәрізділер дара жынысты болады. Аналық без де, сондай-ақ аталық без де жұбынан болуы да немесе тақ болуы да мүмкін. Егер тақ болса бастапқы кезде жұп түрінде болған екі бездің қосылуынан барып жалпы болып кетеді. Тұқым жолдары мен ұрық жолдары қосарланып келеді, бірақ сыртқы сыңар тесік болып ашылады. Жыныс жүйесі құрсақ ішінде жатады да, сыртқы құрсақтың екінші сегментінен барып ашылады.
Өрмекші тәрізділердің көпшілігі жұмыртқа салады, бірақ баласын тірілей туатындары да бар (шаяндар). Жұмыртқаларының әдетте сары уызы біразы ғана майдаланылады.
Постэмбрионалдық дамуы тікелей. Бірақ кенелердің метаморфозбен де дамуы мүмкін.
Лекция 24
Тақырыбы. Өрмекші тәрізділердің экологиясы.
Лекция мәтіні:
Өрмекші тәрізділердің көбіне жердің, үйдің жарылған жерлері, саңылауы, заттардың арасындағы тар қуыстар мекен болады, осындай баспаларға бейімделу нәтижесінде өрмекші тәрізділердің денесі азды көпті болса да, жалпайыңқырап кетеді. Ал жерде, түтік сияқтанған індерде тұратын өрмекші тәрізділердің (сольпугалардың) құрсағы ұзарып кеткен саңылау, жарықтарды паналамайтын өрмекші тәрізділердің денесін жүн басып кетеді: мысалы, Argyroneta деп аталатын су өрмекшісінің құрсағын қалың қылшық басып кетеді, өрмекші суға сүңгіген кезде сол қылшықтарының арасымен су астына ауа алып кетеді.
Өрмекші тәрізділердің паразит түрлерінің паразиттік өмір сүруге мынадай бейімдіктер бар: басқа жануарларға қадалып тұра алатын сорғыш, тырнақша ілмектері және басқа жабысу мүшелері жақсы дамыған, аяқтары редукцияға ұшыраған, денесі қабысқан және денесі ұзарып кеткен.
Паразит өрмекші тәрізділердің қадалу мүшелері олардың уақытша паразит кезінде-ақ пайда болады, мұны, мысалы, личинкалық жасында құстарға (тауықтарға) жабысып паразиттік өмір сүретін Argas reflexus пен A.Persisus кенелерінен көруге болады. Басқа жануарларға (қожайынына) жабысып жүру үшін қажет мүшелерге Tyroglyphidae тыныштық (гипопус) фазасында бай болады, олардың денесінің төменгі бетінде сорғыштары жатады, қысқарған аяқтары ілмешекке айналады. Шын мағынасында алғанда, гипопустар паразит емес, өйткені олар қожайындарын тек басқа жаққа орын ауыстыру үшін ғана пайдаланады. Сүтқоректілердің терісінің эпидерма қабатының арасынан өзіне жол салатын қотыр кенелерінің де денесі дорзо-вентраль түрде қабысып келеді. Сонымен қатар, қотыр кенелерінің денесінің бетін ұштары кейін қарай қисайып шыққан тікенектер басып тұрады.
Табиғи сұрыптау табиғатта денесінің пішіні мен реңі жөнінен айналасындағы заттарға ұқсас келетін түрлердің таралуына әкеп соқтырады. Айналасындағы заттармен ұқсастығы олардың көзге аз түсуіне себеп болады. Өрмекші тәрізділердегі сақтаныш яки қорғаныш рең деп аталатын құбылыс жөнінде бірнеше мысал келтіріп кетелік. Балтық теңізінің құмайт жағалауында өрмекшілердің бірнеше түрлері кездеседі, бұлар түрлі тұқымдастарға жатады және өздері қайыршық құмнан тіпті айнымайды. Құм жоқ жерде бұл өрмекшілер кездеспейді. Cyclosa conica жасырыну үшін өзінің өрмегіне, өлтіріп сорып тастаған насекомдарының өлімтіктерінен, өсімдік ұнтақтарынан және басқа материалдардан жолақ салады. Шапшық өрмекші күн жарығы жақсы түсетін тастың үстінде көп жүреді, өйткені ондай жерлерге шыбындар қонғыш болады, ол осы шыбындарды ұстап қорек қылады. Осы өрмекшілердің сыртқы реңі отырған тасының реңінен айнымайды. Ағаштардың аяғында, жалаңаш және қына жерде жапырақтарда гүлдерде тұратын өрмекшілердің бірі бүйірімен жүруші Misunena colycina – дан көруге болады. Ол бал араларын аңдып жүріп, ақ гүлдерге қонғанда ақ болып кетеді де, сары гүлге барғанда сары болып кетеді.
Өрмекшілерде бұтақтарға және басқаларға еліктеу де кездееді. Біздің өрмекшілеріміздің арасында өте ұзын құрсағымен ұзын аяғы бар Tehragnatha туысының бір өкілі, аяқтарының алдыңғы екі жұбын алға қарай, артқы екі жұбын кейін қарап созып жібергенде жіңішке қу бұтаққа айнымай қалады. Құрсақ жағы өте ұзарып сорайып кеткен жіп сияқты өрмекшілер мимикрия (мимитизм), яғни сырт пішіні мен реңін басқа жәндіктердікіне ұқсатуға бұл жағдайда буын – аяқтылардікіне еліктеуі, тамаша жағдай. Құмырсқаларға еліктеушілік жөнінде де бір қатар мысалдар кезедеседі, мұндайда өрмекшінің құмырсқалардың белгілі бір туысынан айнымай қалу өте таңырқарлық.
Лекция 25
Таќырыбы: Моллюскалар типінің жалпы сипаттамасы.
Жоспар:
1. Моллюскалар типінің жалпы сипаттамасы.
2. Ќосжаќтаулылар класы
3. Жануарлардыњ µзара жєне басќа тірі аѓзалармен байланысы,
жануарларды ќорѓау.
Лекция мәтіні:
Лекция мазмұны:Былќылдаќденелілер – кейбіреулері ѓана болмаса, кµпшілігі баќалшаќты, ж±мсаќ денесі бас, т±лѓа, аяќќа бµлініп, наѓыз суда мекендейтін жєндіктер. Олардыњ ќ±рлыќта тіршілік ететін де т‰рлері бар. Денесі буылтыќсыз жєне µте ж±мсаќ болѓандыќтан, б±л топтаѓы жєндіктер былќылдаќденелілер д.а. Жер ж‰зінде былќылдаќденелілердіњ 130 мыњѓа жуыќ т‰рлері бар. Бауыраяќтылар класы - тењіздерде, кейбіреуі тоѓандар мен ќ±рлыќта тіршілік ететін, ж±мсаќ денесін баќалшаќ ќаптаѓан, т±лѓасы б‰кіл ауыр жаѓын ќамтитын жєндіктер бауыраяќтылар немесе ±лулар класына жатады. Аяќ бµлігі баќалшаќтыњ астыњѓы бµлігін толтырып, дененіњ сол бµлігімен ж‰ретін болѓандыќтан, б±лар бауыраяќтылар д.а. Б±лардыњ 90 мыњѓа жуыќ т‰рлері белгілі. ‡лкен тоспа±лу тіршілігі жєне сыртќы ќ±рылысы – суы т±щы тоѓандарда т±рќы – 70 млм дейін жететін ‰лкен ±лудыњ су т‰бінде жайлап жылжып бара жатќанын кµруге болады. Оныњ денесініњ алдыњѓы бµлігінде 2 ќармалауышы жєне бір ж±п кµзі болады. Тоспа±лудыњ т±лѓасын баќалшаќ ќаптайды, баќалшаќтыњ кењ аузынан б‰кіл бауырын алып жататын аяѓы байќалады. Баќалшаќ тµрт-бес б±ратылып, ±шы ‰шкірленіп бітеді. Тоспа±лудыњ баќалшаѓы м‰йіз тектес заттан т‰зіледі. ‡лкен ±лудыњ денесі бас, т±лѓа жєне аяќтан ќ±ралады да, бірінен-бірі айќын бµлінбейді. Аяѓы б‰кіл ќ±рсаќ бµлігін ќамтитындыќтан, ‰лкен тоспа±лу бауыраяќты былќылдаќденелі жєндік д.а. ¦лудыњ басындаѓы ќармалауыштардыњ т‰бін ала екі кµзі болады жєне бас пен жалѓасќан т±лѓаныњ алдыњѓы жаѓында ерекше ќатпар-шапанша т±лѓаны ќаптап жатады. Ал ±лудыњ денесі мен шапанша аралыѓындаѓы бос орын шапанша ќуысы д.а. Бастыњ астыњѓы жаѓынан ±лудыњ аузы кµрінеді. Тоспа±лулар - µте ќомаѓай жєндіктер, олар негізінен алѓанда µсімдіктекті азыќпен ќоректенеді. ‡лкен тоспа±лудыњ асќорыту м‰шесі ауыздан басталып, ж±тќыншаќќа, µњешке жєне ќарынѓа жалѓасады. Ќорегін ќорытуда бауырдыњ атќаратын ыќпалы зор, одан ќарынѓа асќорыту сµлі бµлінеді. Ќарын ішекке жалѓасады да ќоректіњ ќорытылуы ішекте аяќталып, ќорытылмаѓан ќалдыѓы аналь тесігі арќылы сыртќа шыѓарылады. ¦лудыњ ж±тќыншаѓында, тіл д.а. астыњѓы бµлігін ала ±саќ тісшелер - ‰ккі болады. Тоспа±лу ‰ккілері арќылы су µсімдіктерініњ сабаќтарындаѓы ж±мсаќ ±лпаларды ќырып жейді. ‡лкен тоспа±лу µкпемен тыныс алады, сондыќтан єлсін-єлі су бетіне шыѓып, тыныс тесігі арќылы µкпесіне ауа толтырып алады. ‡лкен тоспа±лудыњ ж‰регі екі бµліктен т±рады, олар ќ±лаќша, ќарынша д.а. Ж‰рек екі бµлігін кезек-кезек жиыру арќылы ірі ќантамырлар мен ќанды айдайды да, одан соњ ќылтамырларѓа бµлініп, м‰шелер аралыѓына таралады. Б±л ќанайналымныњ ашыќ ж‰йесі д.а. ‡лкен ±лудыњ едєуір к‰рделі ќ±рылысты б‰йрегі бар, сол б‰йрек арќылы µткен ќан улы заттардан арылып, б‰йректегі с‰зінді аналь тесігініњ жанындаѓы тесік арќылы сыртќа шыѓарылады. ‡лкен тоспа±лу – гермафродит жєндік, жыныс жасушасынан ж±мыртќа жасушасы мен сперматозоид бµледі де, айќаспалы тєсілмен ±рыќтанады. Тоспа±лу су µсімдіктерініњ сабаѓына ж±мыртќалап, ж±мыртќадан жетілген жас тоспа±лушалар µрбиді.
Лекция 28
Тақырыбы: Қосжақтаулылар Классы
Жоспар
1.Қосжақтаулылардың жалпы сипаттамасы
2.Айқұлақтың құрылысы.
Лекция мәтіні:
Ќосжаќтаулылар класы – кµпшілігі тењіздер мен м±хиттарда, біразы т±щы суда тіршілік ететін, екі жаќтаулы, жалпаќ баќалшаќтары бар, ќ±рлыќта кездеспейтін, таќташа желбезекті былќылдаќденелі жєндіктер ќосжаќтаулылар немесе таќташа желбезектілер класына жатады. Жер ж‰зінде ќосжаќтаулы жєндіктердіњ 20 000 – ѓа тарта т‰рлері мекендейді. ¤кілі – айќ±лаќ – тоспа±лу мекендейтін тоѓандарда да кезігеді. Ол тек судыњ т‰бінде ѓана мекендеп, су т‰біндегі ќ±мѓа денесініњ доѓалданѓан алдыњѓы бµлігін кµміп жатады. Оныњ дене т±рќы 10 см-ден аспайды, жотасынан майысќаќ сіњірмен байланысќан екі жаќтауы бауыр жаѓынан ашылып-жабылатын баќалшаѓы болады. Баќалшаќтардыњ арасынан ай немесе ќ±лаќ пішіндес аяѓы кµрінетіндіктен, б±л жєндік айќ±лаќ д.а. Айќ±лаќтыњ екі жаќтаулы баќалшаѓыныњ ішінде былќылдаќ денесі болады, басы жойылып кететіндіктен, денесі т±лѓа мен аяќтан ќ±ралады. Аяѓыныњ ќасында айќ±лаќтыњ аузы кµрінеді, ауыздыњ екі жаѓында ќармалауыштары жєне тіл тєрізді аяѓыныњ екі ќапталында таќташалы желбезектер болады. Желбезектерді кірпікшелер ќаптап жатады. Сол кірпікшелер ќимылдаѓанда су кіріс сифонынан сіңіп, шыѓару сифонынан сыртќа шыѓады. Су астыњѓы кіріс сифонымен енгенде, онымен ќоса ±саќ жєндіктер де айќ±лаќтыњ баќалшаѓына енеді де, судыњ аѓынымен аяќтыњ ‰стіњгі жаѓындаѓы ауызѓа барып, ‰лкен тоспа±луѓа ±ќсас-асќорыту ж‰йесіне т‰седі. Айќ±лаќта бас болмаѓандыќтан, оныњ тілі де, ж±тќыншаѓы да жоќ, сондыќтан ќорек алдымен µњешке, одан ќарынѓа жєне ішекке µтеді. Айќ±лаќтыњ бауыры жаќсы жетілген, оныњ µзегі ќарынѓа ашылады. Айќ±лаќтыњ астыњѓы сифоны желбезек сифоны деп те а., µйткені сырттан енген су шапаншадан желбезек арќылы с‰зіліп, айќ±лаќтыњ т.а. ќызметін атќарады. Жєндіктіњ желбезегінде газ алмасады. Айќ±лаќ б‰йрегі арќылы зєр шыѓарады. Айќ±лаќ – дара жынысты жєндік, біраќ оныњ аталыѓын аналыѓынан айыру оњай емес. Аталыќ айќ±лаќ сперматозоидтарын тікелей суѓа шашады да, су арќылы сперматозоидтар аналыќтыњ ‰стіњгі кіріс сифонымен аналыќтыњ денесіне енеді. Осы арада олар ±рыќтанып, ж±мыртќадан дернєсіл дамиды. Дернєсілдер шыѓару сифоны арќылы сыртќа шыѓады. Олар балыќтыњ денесіне немесе желбезегіне жабысып, сµлімен ќоректенеді де жетіле береді. Сµйтіп, барлыќ дернєсілдердіњ иесіне айналады. Біраз уаќыттан соњ дернєсілдер жас былќылдаќденелі жєндікке айналып, иесін тастап, су т‰біне т‰седі. Ќ±рлыќта мекендеп, µкпе арќылы т.а. былќылдаќденелілер де бар, солардыњ бірі- ж‰зім ±луы. Ж‰зім ±луыныњ ж‰зімдікке зиянды екені алдыњѓы сабаќтарда сµз болды, оны таѓамѓа пайдаланатын да елдер (Франция) бар. Ж‰зім ±луы µкпемен тыныс алады, кµздері ќармалауыштардыњ ±шында болады. Жазѓы ыстыќта денесін баќалшаќтыњ ішіне тартып алып, ќатќыл ќаќпаќ т‰зетін шырыш бµледі де, ќаќпаќпен баќалшаќтыњ кењ ауызын жауып, жазѓы ±йќыѓа кетеді. Б±л – ќосжынысты, аналыѓы ж±мыртќасын топыраќќа салады. Жалањаш шырышта- µкпе арќылы тыныс алатын ±лу. Басќа ±лулардан м±ныњ айырмашылыѓы: баќалшаѓы болмайды, шапаншасы да µте нашар дамыѓан, оныњ біраз бµлігі тынысалу ќуысын астарлап жатады. Жалањаш шырыш ќысќа ќармалауыштармен заттарды сипап сезеді. Баќалшаѓыныњ жоќтыѓы болмаса, денесініњ ќ±рылысы басќа ±луларѓа ±ќсас. Жалањаш шырыштыњ денесін шырыш ќаптап т±рады, сондыќтан шырыш деген атауѓа ие болѓан. Олар ќорегін кешкілікті жєне т‰нгі салќында аулайды, к‰нніњ ќызуына шыдай алмайды, к‰зде дымќыл топыраќќа үйме-‰йме ж±мыртќа салады.
Жасыл µсімдіктердіњ тамыры арќылы топыраќтан ќоректеніп, к‰н сєулесін пайдалану арќылы денесіне органикалыќ заттар жинайтыны естеріњде болар. Біраќ бірде µсімдік ќорегін іздеп бір жерден екінші жерге сапар шекпейді жєне бірі-бірін жемейді. Ал µткен сабаќтарда оќыѓан ењ ќарапайым амебаныњ пішінсіз денесін онде-солы созып, жалѓан аяќ шыѓарып, соныњ жєрдемімен біржасушалы балдырларды ќармаѓанын, оны денесіне ќорытып сіњіргенін пайымдадыќ. Сол сияќты талшыќтылар-талшыѓымен, кірпікшелілер-кірпікшелерімен, ќ±рттар – ќылтандарымен, былќылдаќденелілер “аяќтарымен” бір жерден екінші жерге ќозѓалып, екінші бір тірі аѓзаны ќорегіне жарататыны да бізге т‰сінікті болды. Олай болса, жануарлардыњ ењ негізгі ерекшелігі-басќа аѓзаларды немесе солардан п.б. дайын органикалыќ µнімдерді ќорегіне пайдалану. Тірі аѓза ќашанда тіршілігін жалѓастыру ‰шін к‰н жарыѓын немесе химиялыќ ќ±былыстар нєтижесін пайдаланып, µлі табиѓаттаѓы бейорганикалыќ заттарды органикалыќ заттарѓа айналдыру арќылы к‰рделі єрекеттер жасайды. Сонымен, мынадай ќоректік тізбек п.б.: бейорганикалыќ зат- µсімдіктер немесе бактериялар – жануарлар – жыртќыш жануарлар. Тірі аѓзалар ќоректенуіне байланысты ‰ш топќа бµлінеді:
µлі табиѓаттаѓы бейорганикалыќ затты к‰н энергиясы жєне химиялыќ єрекет арќылы органикалыќ затќа айналдыратын жасыл µсімдіктер;
денесін ќ±райтын заттарды даяр к‰йінде екінші тірі аѓзалардан алатын, яѓни басќа тірі аѓза ќорегіне пайдаланатын µсімдік коректі немесе ет ќоректі жануарлар;
органикалыќ заттарды бейорганикалыќ заттарѓа дейін ыдырататын сањырауќ±лаќ жєне бактерия тєрізді тірі аѓзалар.
Біздіњ к‰ні б‰гінге дейін танысќан жануарларымызда омыртќа жотасы болмаѓандыќтан жєндіктер д.а. “Жєндєктер-омыртќа жотасыздар” деген сµз ењ алѓаш ХІХ ѓасырда єйгілі зоолог Жан Батист Ламарктыњ айтуы бойынша ќалыптасќан. Омыртќа жотасы жоќ жануарлар, яѓни жєндіктер таѓамѓа (кальмар, ж‰зім ±луы) пайдаланылады, топыраќ т‰зетіндері (ш±балшањ) ќаншама, тіпті жануарлар µлексесін ыдыратып, табиѓат тазалыѓын саќтайтын да т‰рлері кµп. Б±рынѓы КСРО-ныњ Ќызыл кітабына буылтыќ ќ±рттардыњ 11 т‰рі, былќылдаќденелілердіњ 19 т‰рі тіркелді.
Лекция 29
Лекция мәтіні:
Тақырыбы: Халық шаруашылығындағы омыртқасыз жануарлардың маңызы
Омырқасыздардың бірқатары пайдалы жануарлар болып табылады, оларды адам баласы пайдаланады, кейде тіпті асырып, өсіреді (бал арасы, жібек құрты, устрица және бір қатары).
Омыртқасыздардың енді біреулері зиян келтіреді, сондықтан олармен үнемі қатал күрес жүргізуге тура келеді.
Омыртқасыздың пайдалы жақтары мыналар:
Азық-түлік есебінде пайдаланылатын омыртқасыздар, немесе олардың беретін өнімдері.
Бұларға алдымен бал арасы жатады. Бал арасын асырау, ең бірінші бағалы тамақ боларлық бал берумен қатар, балауыз сияқты техникалық құнды затты да береді. Адам баласына тамақ боларлық омыртқасыздар қатарына тағы да толып жатқан моллюскілер де, әсіресе қос жақтаулы моллюскілер, толып жатқан сушаян тәрізділерде, кейбір тікентерілер де және басқаларда жатады, сонымен бірге кейбір моллюскілерді, мысалы, устрицаны,сондай-ақ кейбір сушаян тәрізділерді аулап қана қоймайды, тіпті асырап өсіреді де.
Техникалық шикізат есебінде пайдаланылатын омыртқасыздар немесе бұлардың беретін өнімдері.
Бұларға ең алдымен кейбір көбелектер жатады, бұлардың жұлдыз құрттары қуыршақтануы үшін жіп шығарады. Бұларға тағыда толып жатқан молллюскілер де жатады, олардың бақалшақтарын сәдеп(перламутр) бұйымдарын жасауға немесе маржан шығаруға өндірісте шикізат есебінде пайдаланылады. Губкалар (туалет губкасы), қызыл маржан кейбір насекомдар да жатады. Медициналық сүлікті де осыларға жатқызуға боолады, өйткені қазір сүлікті табиғаттағы бар жерінен алып қана қоймай, медицинада пайдалану үшін асырап та өсіретін болады.
Омыртқасыздар- ауыл шаруашылық дақылдарын, огород пен бау-бақша дақылдарын тозаңдатушылар.
Бұларға көптеген насекомдар жатады, тозаңдатушылар ретінде бұлардың маңызы өте зор. Тек акйта кететін бір жағдай сол, кейбір ауыл шаруашылық өсімдіктерін, мысалы, қызыл жоңышқаны, тозаңдатуда бал арасының да үлкен маңызы бар.
Омыртқасыздар – ауланатын балықтарға және құстар мен аңдарға азық қоры.
Бұларға балық үшін тамақ болатын сушаян тәрізділер, моллюскілер, еркімен жүретін құрттар, кейбір тікен терілер, насекомдардың лечинкалары, алжер бетіндегі формалар үшін – көбінесе түрлі насекомдар, олардың лечинкалары және біраз жер құрттары жатады.
Омыртқасыздар – зиянды омыртқасыздарды құртушы және олардың паразиті.
Бұларға көбіне шаршарлар (наездниктер) сияқты кейбір насекомдар жатады, өйткені бұлар өздерінің жұмыртқаларын зиянды көбелектердің жұлдыз құрттарының ішіне салып, ондай зиянды жәндік түрлерінің өніп өсуіне кесел болып, санын азайтады. Зиянды насекомдарды жоюда жыртқыш көп аяқтылардың да, сондай-ақ паразит жұмыр құрттардың да, біраз маңызы бар.
6. Омыртқасыздар – топырақ түзетушілер.
Бұларға, әсіресе, жер құрттары яки жаңбыр құрттары жатады,өйткені бұлар топырақты қобсытып, топыраққа органикалық қалдықтар қосады. Топырақ тіршілігінде топырақтағы бір клеткалардың да, (амеба, талшықтар, инфузориялар ) елеулі маңызы бар.
Сонымен омыртқасыздардың адам баласына пайдалы жақтары орасан екендігін және бәрінен бұрын түрліше екендігін көреміз.
Омыртқасыздардың – адам баласына және оның шарушылығынакелтіретін зияны мына түрде:
Омыртқасыздар – Адам баласының бірқатар аурулартуғызатын, тікелей паразиттері.
Бұларға кейбір бір клеткалылар жатады, бұлардың ішінде адымен, жер шарында жыл сайын 200 000 000 шамасындай адамды ауруға шалдықтыратын,безгек ауруын туғызатын безгек масасы болады. Бұдан басқа кенелердің арасынан және әсіресе насекомдардың арасынан шығатын (биттер, бүргелер, қандалалар) сыртқы паразитттер жатады.
2. Үй жануарлардың және кәсіптік маңызы бар жануарлардың паразиті болып саналатын омыртқасыздар.
Бұларға бірқатар бір клеткалылар, көптеген жалпақ және жұмыр құрттар, аздап сүліктер, сушаян тәрізділер (кәсіптік маңызы бар балықтар үшін), кенелер және көптеген насекомдар жатады.
3. Ауылшаруашылығының дақылдарының паразиті болып саналатын омыртқасыздар.
Бұларға бірқатар жұмыр құрттар, мысалы, қызылша нематодасы, бидай нематодасы және кейбір басқа құрттар, кенелер және насекомдар жатады.
4. Омыртқасыздар – адамның, үй жануарларының және ауылшаруашылық өсімдіктерінің ауруларын таратушылар.
Мұнда өздері паразит болғанымен, бірқатар аурулардың онда да тіпті түрліше аурулардың қоздырғыштарын тасып, басқаларға жұқтырушы болып табылады. Бұларға құрсақ аяқты моллюскілер,аздап сушаян тәрізділер, көптеген кенелер мен насекомдардың көбісі (мысалы, шыбындар т.с.с) кіреді.
5. Омыртқасыздар – Ауылшаруашылығы мен орман шаруашылығының зиянкестері.
Бұларға түрлі насекомдардың толып жатқан түрлері, кенелер, кейбір бауыраяқта моллюскілер, мысалы, жалаңаш шырыш жатады.
Омыртқасыздар – түрлі қорлардың зиянкестері.
Бұларға – дәндер мен ұндарды бүлдіретін түрлі насекомдар мен кенелер (бізтұмсық, ұн-дән қоңызы, ұн-дән кенелері) жатады. Жұлдыз құрттары Жүнді және жүннен істелген бұйымдарды құртатын кәдімгі күйе көбелегі көпке белгілі.
7. Түрлі құрылыстарды ластайтын және зияндайтын омыртқасыздар.
Бұларға бір жерде орнығып отыратын бір қатар омыртқасыздар (губкалар, мшнкалар және т.б) жатады, Мұндайлар водопроводтардың және басқа гидротехникалық құрылыстардың ішіне жиналып, орнығып алып, өздерінің коллониялары арақылы суды ластайды, ал кейде тіпті ондаай құрылыстарды біреп тастауы мүмкін.
Теңіздегі ағаш құрылыстарды, ағаш кемелері нағыз бүлдірушілер кеме”құрты” деп аталатын өте өзгеріп кеткен, қосжақтаулы моллюска және кейбір сушаян тәрізділер. Құрлықтағы ағаш құрылыстарды, ағаштан жасалған кейбір бұйымдарды зияндайтын насекомдар, әсіресе қоңыздар.
Улы омыртқасыздар.
Бұларға бір қатар өрмекші тәрізділер (шаяндар, өрмекшілер ), көпаяқтылар және насекомдар жатады. Бұл жәндіктер шаққанда, өздерінің уымен тіпті адамды да, және үй жануарларын да өлтіріп жібереді (әсіресе тропиктегі ірі формалардың улылығы осындай болады) немесе қатты улайды.
Ал техникалық шикізат ретінде ауланатын омыртқасыздарға келсек, мұнда ең көбірек маңыз алатыны қосжақтаулы моллюскілер, өйткені бұлардың бақалшақтары түрлі сәндік бұйымдары (перламутрлар)жасауға шикізат ретінде пайдаланылады. Бұл жөніндәе бізде көбірек пайдаланылатыны тұщы сулық ракушкалар.
Лекция 30
Тақырыбы. Тікентерілілер типі. (Echiodermata)
1.Жалпы сипаттама.
2.Классификациясы
3.Тікентерілілердің шаруашылық маңызы
4.Кәдімгі теңіз жұлдызы (Asterias rubens) класс өкілі
Лекция мәтіні:
Сипаттама. Теңізде ғана тіршілік ететін жануарлар ересек күйінде құрылысы, көбінесе, сәулелі семметриялы болады. Личинка кезінде екі жақты симметрия айқын көрінеді, сондықтан ересектердің сәулелі семметриясы, қозғалыссыз не аз қозғалыс жасау тіршілік жағдайына көшуге байланысты, екіншірет пайда болған симметрия деп саналуы керек. Көп формаларда ішкі мезодермалық скелет жақсы жетілген, бұл жеке известі элементтерден құралған, кейде бұл элементтер тұтас сауытқа айналады. Дене қуысы екінші рет пайда болған – целомдық жақсы жетілген қуыс. Көбінесе қозғалыс қызметін атқаратын ерекше сутамыр яки амбулчкральді жүйесі болады.
Қазіргі уақытта тікентерілілердің 5 мың шамалы түрлері белгілі. Тікентерілілер өте ертеден келе жатқан жануарлар тобы, скелеті (қаңқасы) жақсы жетілгендіктен қазба күйінде көп табылады.
Тікентерілілердің шаруашылық маңызы шамалы. Олардың кейбіреулері тамақ – ас үшін пайдаланылады, көбі кейбір кәсіптік маңызы бар балықтарға, мысалы камбала сияқты балықтарға тамақ болады.
Классификациясы. Қазіргі уақытта тіршілік ететін тікентерілілер 5 класқа бөлінеді.
I – класс. Теңіз жұлдыздары. (Asteroidea)
II – класс. Жыланқұйрықтылар яғни офиуралар (Orhiuroidea)
III – класс. Теңіз лилиясы. (Crinoidea)
IV - класс. Теңіз кірпілері. (Echinoidea).
V – класс. Теңіз қиярлары яғни голотуриялар. (Holothuroidea)
Сипаттамасы. Тікентерілілер типінің барлық белгілерін өте жақсы көрсететін негізгі класс. Бұл жануарлардың ересектерінің сыртынан қарағанда да және ішкі органдарының орналасу тәртібінде де сәулелі семметрия, ал, личинкаларында бипинарлы – екі жақты семметрия айқын көрінеді. Скелет известі таяқшалардан құралған, олар көбінесе жануарлардың төменгі жағында болады. Абулякральді жүйесі жақсы жетілген, бұл көбінесе қозғалу үшін керек
Кәдімгі теңіз жұлдызы (Asterias rubens) класс өкілі.
Сыртқы түрі. Жануардың денесі орталық бөлімі не диск және одан тарайтын бес сәуледен құралады. Төменгі яғни оральді жағынан жоғары не аборальді жағынан оңай айыруға болады. Оральді жағының ортасында ауыз тесігі, ал сәулелерді бойлап өтетін қуыстарда амбулякральді жүйенің ақырғы жағы болып саналатын ұшында сорғыштары бар амбулякральді кішкене аяқтар болады. Аборальді жағында амбурякральді жүйенің бас жағы - мадрепоралық пластинка, артқы тесік және жыныс бездерінің тесігі бар.
Ішкі құрылысы. Скелет известі пластинкалардан құралған пластинкалар бірнеше қатарлар болып ораль жағында және біразы сәулелердің бойында орналасқан. Сәуленің ортаңғы сызығы бойында амбулякральді пластинканың қос қатарлы қабаты келеді. Бұлар ойық сызат құрады. Бұл пластинкалардың арасында амбулякральды аяқшалар шығады.
Мускулатура едәуір жақсы жетілген, мұның себебі скелеттің жөнді жетілмеуінен жұлдыздың сәулелері жоғары қарй да төмен қарай да иіле алады.
Сәулелілерді иетін әрбір сәулені бойлай жүретін және аборальді жағының ортасынан барып қосылатын үш бұлшық ет таспалары. Мұнан басқа бір жұптың, бір тізбектің амбулякральді пластинкаларын сәйкес пластинкаларды алды – артынан байланыстыратын және амбулякральді пластинкаларды амбулякральді пластинкалармен байланыстыратын бұлшықеттер бар. Бұлшық еттердің мұндай жүйесі теңіз жұлдыздарының сәулелі қозғалмалы өтеді.
Дене қуысы не целом. Терінің, скелет элементтерінің және мускулатураның астында сәулелілерге кіретін кең дене қуысы болады. Дене қуысы алдымен бастапқы ішектің екі жағында бір жұп бастама сияқты болып, құрыла бастайды.
Мұнай былай өсу кезінде бұлардың әрқайсысы үшке бөлінеді. Артқы екі участкесінен целом, сол жақ ортадағы участкеден (гидроцель) амбулякральді жүйе құрылады. Оң жақ орта участке редукцияға ұшырайды, алдыңғы екеуінен псевдогемльді жүйенің бір бөлімі ось комплексі құрылады. Дене қуысында амеба тәрізді көптеген клеткалары бар сұйық зат болады және дене қуысының ішін кірпікті эпителялар жауып жатады.
Амбулякральді не су тамырлы жүйенің құрылысы сәуле симметриялы және оның денесі орталық бөлім мен сәулелерде жатқан радиальді тармақтардан құралады. Денесінің ортасында өңешті қоршап жатқан дөңгелек канал бар. Осы каналдан әрбір сәулеге радиальді каналдар және тасты каналдар тарайды
Амбулякральді жүйенің негізгі қызметі қозғалыс әрекеті, мұны ол амбулякральді аяқшалар арқылы жүзеге асырады. Мадрепоралық пластинка арқылы амбулякральді жүйеге су толады. Аяқшалар созылып барып өзінің сорғыштармен бір нәрсеге жабысады, соннан соң жиырылып жұлдыздың денесін соған қарай жылжытады.
Псевдогемальді жүйе де амбулякральді жүйе сиқты целомның бір бөлшегі. Ол амбулякральді жүйенің дөңгелек каналынан сыртқа өтетін өңештің айналасындағы қос дөңгелектен, олардан сәулелерге таралатын радиальді каналдардан және дененің ауыз жағынан артқы жағына қарай түтік сияқты болып жыныс бездеріне бұтақ бертін осьтік комплектерінен құралады. Осьтік комплекстің ішінде тас канал және қан айналыс жүйесінің осьтік органы болады.
Қан айналыс жүйесі де сәуле симетриялы псевдогемальді жүйенің қоршауларының ішінде. Дөңгелек канал дененің аборальді жағындағы сол сиқты каналдарымен осьтік органыен жалғасады. Ол осьтік комплекстің ішінене өтетін көптеген қан тамырлары бар қосу ұлпадан (ткань) құралған . Қан айналыс жүйесін толтыратын сұйық затта ешқандай пегмент болмайды және ол тыныс әрекеттерін атқармайды.
Асқорту жүйесі. Бұл жүйе табылған ірі қоректерді ішіне қарай тартуға қабілетті өте созылғыш дөңгелек ауыздан басталады. Қысқа өңеш дененің орталық жағын түгел алып жатқан көлемді жұқа қабырғалы қарынға барып қосылады. Қарын ауыз арқылы сыртқа айналып шығып өзінің демін басып алады.
Бақылау сұрақтары:
1.Тікентерілердің жалпы сипаттамасы.
2 Тікентерілердің классификациясы
3.Тікентерілілердің шаруашылық маңызы
4.Кәдімгі теңіз жұлдызы (Asterias rubens) класс өкілі
5. Тікентерілілердің зәр шығару жүйесі.
Әдебиеттер:
Достарыңызбен бөлісу: |